400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 20 материал табылды

«Жаңа жылда - Жаңа нұр» ертенгілік

Материал туралы қысқаша түсінік
«Жаңа жылда - Жаңа нұр» атты ертенгілік II кіші «Бұлақ» тобына арналған
Материалдың қысқаша нұсқасы



«Балауса» бөбекжай балалар бақшасы МКҚК









«Жаңа жылда - Жаңа нұр»

атты ертенгілік II кіші «Бұлақ» тобына арналған









Тәрбиеші: Есенкельдина К.С





















«Жаңа жылда жаңа нұр»

Балалар әуенмен ішке кіріп, шыршаның алдында тұрып би билеп, ән айтады.

Жүргізуші:

Қандай жақсы шыршамыз,

Ән шырқайық баршамыз.

Тақпақ айтып, би билеп

Жаңа жылды бастайық.

Құрметті қонақтар, әріптестер келе жатқан Жаңа жыл құтты болсын, баршамызға тек қана жақсылық пен бақыт әкелсін. Бүгінгі мерекемізге қош келдіңіздер!

-Балаларыңыздың тақпақтарын қабыл алыңыздар.

Аспан жерге төгеді Ал балалар, тұрайық

Ақ күмісін уыстап. Би билейік ойнайық

Жаңа жылда келеді Аяз ата қуансын

Бізге қарай жылыстап Дөңгеленіп зырлайық



Жасыл желен жамылған Жаңа жыл Жаңа жыл

Асыл моншақ тағылған Жаңа жылға жаңа жыр

Міне, сұлу шыршамыз Жасыл шырша жанында

Көптен күтіп сағынған Билеп барлық бала жүр



Жүргізуші: -Балалар қарандаршы, біздің шыршамыз қандай әдемі, әсем, бірақ шамдары жанбай тұр, қанекей шыршамызға ән айтып берейікші.

Ән:

Жүргізуші: Ал енді сыйқырлы сөздерді айтайық 1,2,3 шырша жайнай түс (бірнеше рет айтады, шырша жанады)

-Балалар, біреу келе жатқан сияқты, көрейікші. (музыка әуен естіліп залға Аққала келеді)

Жүргізуші: -Сәлеметсіңбе Аққала, біздің мерекемізге қош келдің, неге сен көңілсізсін.

Аққала: -Сәлеметсіңбе, балалар (күрсініп қояды). Мені кеше балалар жасап қойып өздері менімен ойнамай, тастап кетті (жылайды)

Жүргізуші: -Аққала жылама, біздің балалар сенімен ойнайды. Алдымен біздің балалардың дайындаған әнін тында.

Ән: «Аққала»

Аққала: Әндерін қандай керемет, ал енді ойнайықшы.

Ойын: «Қарлар»

Ойынның шарты: Балалар бір-біріне қарды лақтырып ойнайды, қарларды қаптың ішіне жинайды.

Аққала: -Рахмет балалар, бір көңілім көтеріліп қалды.

Жүргізуші: -Аққала саған бір өтінішім бар еді, біздің балалар Аяз ата мен Ақшақарды күтіп отыр, сен оларды шақырып келші.

Аққала: -Жарайды, Аяз ата мен Ақшақарды іздеп көрейін, оларға жол көрсетейін адасып қалған шығар.

Жүргізуші: -Ал, біз мерекемізді жалғастырайық. Бізге тағы кім кележатыр екен?(музыка әуені естіліп залға Ақшақар кіреді)

Ақшақар: Амансыңдарма балаларым, құрметті қонақтарым. Өздерінді сағынып келді. Жаңа жылдарыңыз құтты болсын!

Жүргізуші: - Сәлеметсінбе Ақшақар, мерекемізге қош келдің.

Балалар: -Сәлеметсізбе Ақшақар?!

Ақшақар: Қанекей, менің көмекшілерім, ұлпаларым қайда

Би:

Жүргізуші: -Ақшақар ал Аяз ата қайда, біз күте- куте шаршадық, балаларда сыйлықтарын алғысы келеді.

Ақшақар: -Балалар Аяз атаның таяғын біреу ұрлап алыпты. Ол өз таяғын іздеп жүр. (музыка әуені естіліп залға Түлкі кіреді, өзімен бірге таяғы, қапшығы бар)

Түлкі: Так, так, так! Қандай ғажап!

Қандай сұлу шыршамыз (иіскейді)

Менің мұрным сыйлықтардың иісін сезіп тұр.

Жүргізуші: -Түлкі

Түлкі: Иә, иә мен Түлкімін, Түлкімін!

Тұнып тұрған күлкімін.



Қонаққа келдім сендерге

Өзім келмесем қонаққа шақыратын түрлерін жоққой.

Өзіме жаңа тон сатып алдым

Жаңа аяқ киім киіп алдым

Мен туралы өлең айтып беріңдер.

Жүргізуші: -Түлкішек сен ренжіме, біз түлкі туралы өлең білмейміз.

Түлкі: -Қалайша білмейсіңдер, (таңғалады) жарайды өзім айтайын (жөтеледі)

  1. Орманда түлкі туыпты, орманда өсіпті

Және ол сүп сұлу орманда болыпты 2-рет



  1. Орманда қыдыруды мен өте жақсы көрем

Қояндар өте көпқой оларды мен аулаймын 2-рет

Жүргізуші: Түлкішек сен өлеңді жақсы айтасын, бірақ сен Жаңа жыл мерекесінде негізгі кейіпкер емессін. Олар шырша, Аяз ата, Ақшақар. Біздің әнімізді тыңдап көрші.

Ән:

Жүргізуші: -Қарашы біздің балалар қалай жақсы ән айтады. Біз Аяз атаны күтіп отырмыз.

Түлкі: -Жоқ мен, мен осында бастықпын, мен сендерге ренжідім, сондықтан Аяз атаның таяғын да ұрлап алдым. Шыршаның шамдарын да ұрлап аламын. (шыршаның шамдарын қапқа салады). 1,2,3 қанекей шыршаның шамдары қарақтарым қапшықтын ішіне кіріндер. (шыршаның шамдары сөнеді).

Жүргізуші: -Қанекей, Түлкішек шыршаның шамдарын қайтар.

Түлкі: -Жоқ қайтармаймын, өзіме керек.

Ақшақар: -Түлкішек сен шамдарды қайтар, Аяз ата келсе сені ондырмайды.

Түлкі: Мен өте қумын, іздерді шатастырып жіберемін. Сені де өзіммен бірге ұрлап аламын. (матаны үстіне жауып, Ақшақарды алып кетеді).

Жүргізуші: -Ал енді не істейміз, қалай шамдармен, Ақшақарды құтқарамыз. Аяз атаны шақырайық.

Балалар: -Аяз ата, Аяз ата, Аяз ата

Жүргізуші: -Естімей жатыр, қатты айтайықшы.

Аяз ата: -Армысыңдар, қарақтарым,

Армысыңдар, құлындарым?!

Жаңа жылды алып келдім,





Ақ шырақты жағып келдім!

Сендерге мына балаларым,

Тәтті сыйлық алып келдім!

-Қандай ғажап шыршамыз, сұлу, әдемі. Бірақ шамдары неге жамбай тұр? Немерем Ақшақар баяғыда сендерге кеткен, ол қайда екен балалар?

(балалардың жауаптары)

Жүргізуші: -Сәлеметсіңбе Аяз ата, Түлкі келіп, шыршаның шамдары мен Ақшақарды ұрлап кетті, енді не істейміз, сізден ұрлап алған таяқты тастап кетіпті, есі шығып.

Аяз ата: -Ай, ай, ай Түлкішек, өзін не істеп жатқанынды түсінбейсінғой. Мен сиқыршымынғой қазір шырша шамын жағамын. (сиқырлы сөздерді айтып, шыршаны айналады).

Шырша шамын жағайық,

Жаңа жыл тойын ашайық.

Шыршамыз, шыршамыз жаңа ғой

Бақыт, береке сыйлайғой.

Неше түрлі шамдары жағылсын

Барлық балалар қуансын....

(шырша жанады)

Жүргізуші: -Жақсы болдығой, керемет.

Аяз ата: -Ал енді Ақшақарды құтқарайық. Жел боран, аяз тезірек Түлкішекті маған алып келіндер. (таяғымен тарсылдатады)

Түлкішек:-Ой-ей-ей Аяз ата енді мені кешір, айналдырмашы

Мен шамдарды қайтарып беремін,

Ақшақарды алып келемін.

Аяз ата: -Әй Түлкішек қулығына нанбаймын

1-2-3 дегенде бәрін қайтарып бер.

(Түлкішек қашып кетіп, өзімен бірге қапшық пен Ақшақарды алып келеді)

Түлкі: -Қайтарамын, қайтарамын енді мен жақсы боламын.

Ақшақар: -Рақмет, достарым мені құтқарғандарына.





Түлкі: (қапшықтың ішіне қарайды) – Ешнарсе түсінбедім, менің шамдарым неменеге айналды, (тістеп көреді) ай – ай – ай тісімді ауыртып алдым , қарға айналды, тьфу дәмі қалай жаман екен, тістерімді үстіріп алдым.

Аяз ата: -Міне саған, енді балаларды алдамайтын боласын.

Ақшақар: -Ұятын қайда, шырша шамдарын ұрлауға болама екен Жаңа жыл қарсанында.

Түлкі: -Қатты ұялып тұрмын. Кешіріндерші мені, мен енді ешнарсені ұрламаймын.

Аяз ата: -Ал, балалар кешіреміз бе Түлкіні? (балалардың жауаптары)

Түлкі: -Мен енді сендерді алдамаймын,

Әдепті, жақсы боламын.

Уәде беремін, мен өзгердім

Ал енді орманға достарыма барайын

Бірақ мен тағы келемін

Аяз ата:

Амансың ба халайық?

Жаңа жылды тойлайық

Ән салайық тойлайық

Көңілімізді көтерейік

Аяз ата: Балаларым ал сендер ойын ойнауды жақсы көресіңдерме (балалардың жауаптары)

Ойын:

Аяз ата: Аталарын шаршап қалды, уф

Жүргізуші: Ата, сіз жағасып отырыңыз, балалар дайындап әкелген тақпақтарын тыңдаңыз

Тақпақтар

Аппақ тонға оранып Жаңа жылым мол болсын

Базарлықты мол алып Басқан қадам он болсын

Келді алыс сапардан Төрле, төрле жаңа жыл

Аяз ата оралып Бізге құтты жыл болсын.









Тамаша, тамаша! Аяз ата келіп тұр

Шыршамыз тұр жараса Бізге сәлем беріп тұр

Басында әсем жұлдызы Қалтасында кәмпит бар

Көз тоймайды қараса Соны бізге беріп тұр



Тілеймін мен бар әлемге Тамаша, тамаша

Дос көп болсын жаңа жыл Аяз ата келеді

Ата-әже, әке – шеше Әнімізге қосылып

Құтты болсын жаңа жыл! Бізге сыйлық береді



Аяз ата: -Керемет, тамаша екен, өнерлері бар балалар екенсіңдер

-Қанеки бәріміз шыршаның қасына тұрағалып, ән айтайық

Ән:

Аяз ата: Немерем Ақшақарым, сыйлықтарымды бері әкелші балаларымызға берейік.

(сыйлықтарды таратады)

Ақшақар: Ата, сыйлықтарды Сіз қайда қойдыңыз, қанеки балалар сыйлықтарды бәріміз іздеп көрейікші (шыршаның жаның қарайды жоқ, ата-аналардың жаның қарайды жоқ, омбы қардың жаның қарап тосын сый болып тауып алады)

Аяз ата:Ой, бәрекелді, балаларым. Әсем ән шырқап, би билеп аталарынды бір қуантып тастадыңдар. Көп-көп рахмет, өркендерін өссін. Енді Ақшақар екеуміз аттанайық. Баршаңызбен қоштасамыз, сау болыңдар.

Ақшақар: Сау болыңдар, балалар, келесі жаңа жылда кездескенше.

Барлығы: Сау болыңыз Аяз ата, сау болыңыз Ақшақар!

Жүргізуші: -Ал, енді міне ертенгілігіміз өз мәресіне жетіп отыр, келе жатқан Жаңа жыл баршамызға берекелі, мерекелі жыл болсын. Келесі жаңа жылда кездескенше аман-сау болайық.







Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
3 қараша
451
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі