400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Жаңа жылда- жаңа жыр

Материал туралы қысқаша түсінік
жаңа жылдық сценарий тәрбиешілерге көмегі болады деген ойдамын
Материалдың қысқаша нұсқасы

Зал мерекеге сай безендірілген. Ортада әсем шырша. Балаларға жаңа жыл ертеңгілігін қызықты өткізу үшін, ғажайып сәттер мен кейіпкерлер енгізілді.

2- жүргізуші, Ханзада мен Ханшайым бірінші болып залға кіреді.

1-жүргізуші- Ханзада (Мейірбек)

2-жүргізуші- Ханшайым (Аружан)

1- жүргізуші:

Құрметті ата-аналар,бүлдіршіндер балабақша ұжымы.Сіздерді жаңа жыл мерекесімен шын жүректен құттықтаймыз! Бүгін «Көгершін» тобында өткелі отырған «Жаңа жылда жаңа жыр» атты ертеңгілігіне қош келдіңіздер!

2- жүргізуші:

Бүгін келді жарқырап ,

«Көгершін» тобы тағы да.

Би билейді, ән салады,

Жасыл шырша жанында!-деп «Көгершін» тобын қарсы алыңыздар!

1- жүргізуші:

Сәлем бізден баршаға

Құттықтаймыз жар сала.

Бүгін –бізде Жаңа жыл

Қош келіпсіз шыршаға !-деп балалардың орындауында хор,«Келді міне жаңа жыл».

2- жүргізуші:

Қолды соғып аянбай,

Құр отырма қонақтар.

Көрсетер сонда өнерді,

Өнерлі біздің балғындар!-деп балаларымыздың тақпақтарына кезек берейік!





Әбілқайыр :

Жаңа жылды қарсы алып,

Жасаймыз той жылда біз.

Жарқын-жарқын ін салып

Жалғасады жылға жыл.

Міне тағы келіп тұр,

Жаңа бір жыл балалар

Жадыратып жер үстін

Төрімізге сол шықсын.

Ерсұлтан :

Кел балалар шырша дайын,

Қол ұстасып ән салайық.

Жаңа жылдың жарқын айын

Ән мен билеп қарсы алайық.

Ясмин:

Аспан жерге төгеді,

Ақ күмісін уыстап.

Жаңа жылда келеді

Бізге қарай жылыстап

Берсін біздей балғынды,

Көңілденсін ол енді.

Шырқатайық ән- жырды,

Шырқатайық өлеңді.

Әліхан :

Жасыл желек жамылған,

Асыл моншақ тағылған.

Міне сұлу шыршамыз,

Көптен күтіп сағынған.

Кел жас достар,келіңдер,

Жаңа жылды көріңдер!

Алуа :

Тілеймін мен бар әлемге,

Дос көп болсын жанашыр.

Ата –әже, ата-әже

Құтты болсын Жаңа жыл!

Жаңа бақыт,жаңа жыр

Әке-шеше,әке-шеше

Құтты болсын Жаңа жыл!

Бексұлтан :

Өткен жылға ризамыз,

Өсе түсті бойымыз,

Өсе түсті ойымыз.

Шырқатады ойымыз

Жақсы жаңа жыл келді

Асқар таумен тұлғалас

Біз осылай жылды енді

Қарсы алайық бәріміз.

Алан:

Кел Жаңа жыл,Жаңа жыл,

Қарсы аламыз біз сені.

Ақ көңілмен,ақ пейілмен

Баршамыздың төрінде.

Дінмұхаммед:

Жаңа жыл,Жаңа жыл,

Сені күтіп елеңдеп.

Өзіңменен ілесіп,

Аязата келер деп,

Келді міне Жаңа жыл!

Тартуларын арқалап.

Алимхан:

Сақалы аппақ күмістей

Тістері аппақ күріштей.

Қызыл ала шапаны,

Сағындым Аязатаны.

Оралама ол енді,

Айтар едік өлеңді,

Жылдамырақ келсе екен

Бізге ойыншық берсе екен!

1- жүргізуші:

Жаңа жылда көңілді,

Шырқалады әніміз.

Ата-аналар сіздерді,

Құттықтаймыз бәріміз!- деп кезекті қыздарымызды «Испан» биіне берейік.

2- жүргізуші:

-Балалар,біздің мерекемізге кімдер жетіспей тұр?

Балалар: -Аязата мен Ақшақар!

1-жүргізуші: -Қане олай болса барлығымыз бірге Аязата мен Ақшақарды ортамызға шақырайық!

Барлығы бірге шақырады.

Аязата мен Ақшақар кіріп амандасады, шыршаны жағады.

Аязата : - Ақшақар-ау біздің Жаңа жылымыз қайда?

Ақшақар: -Иә келе жатқан, бірақ ол жаңа бірдеме іздеп жүргендей көрінді!

Әуен қойылып ортаға Жаңа жыл Тауық билеп кіреді. Жанында балапаны ( Алуа) бар. Балапаны ортаға шығып « Балапан» биін орындап береді.

Жаңа жыл амандасады .

Тауық : -Маған кім көмектесе алады?

Ақшақар: -Не болды, айтсаң көмектесеміз әрине!

Тауық: - Мен балапанымның біреуісінен адасып қалдым. Соны тауып беруге көмектесіңіздерші!

Ақшақар : -Мен білем сізге қалай көмектесу керектігін! Ата, сиқыршыны шақырып берсеңіз қалай болады?

Аязата: -Шақырып берейін қарағым!

Сиқыршы келеді. Өз сиқырларын көрсетіп, балапанды тауып береді.

Тауық балапанының табылғанына қуанып,рақметін айтады.

Сиқыршы қош айтысып ғайып болады.

Тауық :- Рақмет барлықтарыңа! Менің балапаным сендерге «Ақшақар» әнін орындап берсін!

1- жүргізуші:

Жаңа жылға жаттап келген балаларымыздың кезекті тақпақтарына берейік.

С.Кәусар:

Ақ қар жапты даланы,

Қар жамылды айнала.

Жарқырайды шамдары,

Шырша келді ортаға.

Айлин :

Жасыл шырша орманнан

Бізге арнап келіпті.

Ойыншығын балалар,

Шыршаға әсем келіпті.

Мансұр :

Қош келдің, қарсы алдық Жаңа жыл!

Өзіңді сағына, сағына

Бақытты жылдарың жаңа бір

Күндері басталды тағы бір!

Әлімжан :

Тауда туып,тауда өскен,

Шырша келді ортаға.

Бәріміз бір дауыспен,

Дейміз енді шыршаға,

Әдемілеп біз ілген,

Ойыншықтар тізілген,

Қандай жақсы шыршамыз,

Ән шырқайық баршамыз.

С. Зере :

Аппақ бүгін қыр далам,

Ақ дастархан жапқандай,

Халық біткен қарбалаң.

Қонақ күтіп жатқандай,

Көңілде көп қуаныш.

Әр көңілде жақсылық,

Кетер жылға мың алғыс

Әкелген көп жақсылық.

Арайлым :

Аппақ тонға оранып,

Базарлықты мол алып.

Келді алыс сапардан,

Аязата оралып.

Абай :

Жылдың әнін бастайын,

Аязата кеп қалды.

Майысады жас қайың,

Көтере алмай көп қарды.

Аяла :

Жаңа жылда тойда біз,

Көрсетейік өнер біз.

Тақпақ айтсақ,ән салсақ,

Риза болар ескі жыл.

Келді тағы жаңа жыл.

Қуантумен біздерді.

Құтты болсын қуаныш,

Құттықтаймыз сіздерді!



2- жүргізуші:

Келесі кезек, балалардың латын биі «Көңілді би»

1- жүргізуші:

Хор, «Шырша жыры!»

2- жүргізуші:

Қолды соғып аянбай,

Құр отырма қонақтар.

Көрсетер сонда өнерді,

Өнерлі біздің балғындар!-деп балаларымыздың тақпақтарына кезек берейік!

Азат:

Ақша қарға малынып,

Аппақ тонын жамылып.

Сақалы мен мұртына

Күміс моншақ тағылып,

Аязата келеді балаларды сағынтып.

Әмір :

Өлең де әзір,ән де әзір,

Ойын да әзір,бәрі әзір.

Кел Жаңа жыл біздерге

Кел Жаңа жыл! Жаңа жыл!

Дәулет:

Жаңа жылда барлық үйге,

Аязата келеді.

Жаңа жылда балаларға

Сыйлық әкеп береді.

А. Зере :

Жасыл желек жамылған,

Асыл моншақ тағылған.

Міне сұлу шыршамыз,

Көптен күтіп сағынған.

Кел балалар,келіңдер,

Тамашаны көріңдер!

М.Кәусар :

Жаңа жылға сәніміз,

Біздің айтар әніміз.

Келдің бе, аман алыстан,

Сәлем, Аязатамыз!

Бауыржан :

Қуанатын шақ болсын,

Достарымыз ақ болсын.

Бізге келген Жаңа жыл,

Құт береке, бақ болсын!

Руслан :

Ақ таяғын таянып,

Таңмен бірге оянып.

Аязата келіп тұр,

Ақ күпіге оранып.

1- жүргізуші:Әліхан ұлдарыңыз сіздерге «Қазақ жастары» өлеңін ұсынады! Қабыл алыңыздар!

2- жүргізуші:

Ұлдарыызды көңілді «Чунга-чанга» биімен ортаға шақырамыз!

1- жүргізуші:

Хор «Жаңа жыл!» қабыл алыңыздар!

2- жүргізуші:

-Кел ,төрлет,Жаңа жылым, құтты жылым!

Өзіңді бүкіл елім күтті бүгін,

Қарсы алдық,сені еселі еңбекпенен

Жарқырап, әне алдымнан шықты күнім!

1- жүргізуші:

Жаңа жылым шаттығым,

Арайланып атты күн.

Тілейікші елімізге сәтті күн!- деп,құрметті қонақтар,ата-аналар бүгінгі мерекеміз аяқталды. Құттықтау сөз кезегі балабақша меңгерушісі Роза Майданқызына берілсін

























Келісемін: Бекітемін:

Әдіскер Абжанова Ж № 166 б/б меңгерушісі Ималова Р.М













«Жаңа жылда жаңа жыр»

М.д «Көгершін» тобы













Тәрбиеші: Нұрбаева Б

Тәрбиеші: Асанова Г

Ән жетекші: Дәулетбаева Қ

Би жетекші: Әсіл Г

2016 ж



1 -Хор

2-Тақпақтар

3-«Испан» биі

4-Алуа мен Кәусарды шығару киіндіру

5-Аязата мен Ақшақар кіреді

6-Тауық бірге балапандары мен кіреді

Екі жүргізушіні шығарып киіндіру.

7-Сиқыршы кіреді,шығады

8-Балапандарды шығару,киіндіру

9-Тақпақтар

10-латын биі

11-Хор

12-Тақпақтар

13- Әліхан әні «Қазақ жастары»

14-би «Чунга-чанга»

15- Хор

16-Аяқтау сөз









Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
16 қараша
363
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі