жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
Жаңа жылда жаңа жыр
Мақсаты: балаларға мерекелік көңіл күй сыйлау; көңілді ойын ойнату; достық қарым қатынас орнату;
Қатысушылар: Жүргізуші, балалар, ата аналар, Аяз ата-Алма, Ақшақар-Жансая,
Барысы:
Музыка ойнап тұрады.
Жүргізуші: (Жүргізушінің дауысы тыс жерден шығады)
Тезірек, тезірек мында жиналыңдар,
Басталады Жаңа Жылдық карнавал.
Маска да бар, би де бар,
Асығыңдар...
Шырша жанында қонақтарды қарсы алыңдар!
Аяз Ата шақырғанның бәрі дағы қалмайды,
Басталады, басталады
Жаңа Жылдық карнавал!
Карнавалдың иелерін қарсы алыңдар!
Жүргізуші: Армысыздар, аяулы ұстаздар, ата аналар! Сәлеметсіңдер ме, балалар! Сендер бүгін сәнді киініп, әдемі болып кетіпсіңдер. Ал, бүгін, балалар, қандай мереке?
Балалар:
Жаңа жыл, жаңа жыл,
Жаңа жылда жаңа жыр.
Жасыл шырша жанында
Жадырап бар бала жүр.
Тамаша, тамаша,
Шыршамыз тұр жараса.
Басында әсем жұлдызы,
Көз тоймайды қараса.
Кел, балалар, келіңдер,
Тамашаны көріңдер.
Қала да нұр, дала нұр,
Құтты болсын Жаңа Жыл!
Жүргізуші: Жаңа жылдық ертеңгілігімізді ашудағы құттықтау сөзін меңгеруші Бибігүл Досанқызына беріледі.
Жүргізуші: Балалар, бүгін біз Жаңа жылды қарсы алуға жиналдық. Келіңдер, сән құрап тұрып, қол ұстасып жүріп ән салайық.
Ән: Аппақ, аппақ, жапалақтап
Балалар әнді айтып болған соң, музыка ойналып, балалар орындықтарына отырады.
Жүргізуші: Балалар, бізге Аяз Ата сыйлық қалдырып кетіпті. Ішінде не барын көрейікші. Ой, бұл сыйлық емес, сайқымазақ қой
Қораптың ішінен сайқымазақ шығады.
Жүргізуші: Сайқымазақ, сен мұнда қайдан жүрсің?
Сайқымазақ: Сәлеметсіңдер ме, достар! Сәлеметсіздер ме,
қымбатты ата - аналар!
Жүргізуші: Сәлеметсің бе, Сайқымазақ!
Сайқымазақ: Менің атым Тили Вили. Мен сендерді сонау Америкадан
кұттықтауға келдім. Хелоу! Хелоу! Хелоу! (балалардың қолынан ұстап
амандасады).
Сайқымазақ: Мен бүгін мереке бойы сендерді күлдіртіп, көңіл
күйлеріңді көтеремін. Ал сендер отшашу көргілерің келеме? Мені қуып
жетіп, мына шарларды жарыңдар.
(Балалар сайқымазақтың артынан жүгіріп шарларды жарады)
Сайқымазақ: Мына балалар өздері қандай пысық. Кәне орындарына отыра
қойыңдар. Балалар қандай мерекені тойлап жатырсыңдар?
Жүргізуші: Жаңа жыл мейрамы
Сайқымазақ: Ендеше қызық болсын, ойындар ойнайық.
Сайқымазақ: Ал мен биді жақсы билеймін, моэстро музыку.
(музыка ойнайды, сайқымазақ ырғағына қарамай билей бастайды)
Жүргізуші: Тили Вили сен босқа шаршама. Біздің тобымызда билейтін
балалар бар.
Би:
«Часики»
Жүргізуші: Бізге мейрамға Аяз ата келемін деп уәде беріп еді. Бірақ кешігіп жатыр. Бізді ұмытып кетпеді ме екен? Балалар бәріміз бірігіп ол кісіге хат жолдайық. Хатты конверке салдық, ал мұны Аяз атаға кім апарады?
Сайқымазақ: Мен! Мен! Сендер Аяз атаны таба алмайсындар. Бірақ сендермен бір ойын ойнағым келіп тұр. Егер мені ұстап алсаңдар, мен сендерге көмектесемін.
Ойын: «Сайқымазақты қуу»
Балалар сайқымазақты ұстап алады. Сайқымазақ хатты алып шығып кетеді.
Жүргізуші: Түлкі Аяз атаны ертіп келгенше ортаға Қасиет, Асылжан, Нұрай, Дарынды шақырайық.
Ән: Шырша жыры.
Ән аяқтала бере, есік қағылалы. Есіктен көптен күткен Аяз ата кіреді.
Аяз ата:
Балаларым, балғыным,
Өмір гүлім, шалғыным.
Тілегенім жыл бойы
Сендердің денсаулығың.
Сәлеметсіңдер ме, балаларым? Міне мен де жеттім ғой сендерге. Орман, тоғайдан, үскірік аяздан сендерге келе жатып, маған жазған хаттарыңды алдым. Сендердің орталарына Жаңа жылды бірге қарсы алуға келдім. Уһ, шаршағаным ай.
Тәрбиеші:
Ақ таяғын таянып, таңмен бірге оянып,
Аяз ата келіп тұр, ақ күпіге оранып.
Көрдің бе, Аяз атаны,
Аппақ екен сақалы.
Аппақ екен мұрты да,
Аппақ екен шапаны.
Осы кезде тәрбиеші Аяз атаға орындық ұсынады. Аяз ата шыршаның жанына отырады.
Жүргізуші: Аяз ата біздің топтың қыздарының Жаңа жылдық мерекеге дайындаған әсем биін тамашала
Би: «Қуыршақтар»
Жүргізуші: Балалар қарандаршы, қандай әсем, биік шырша. Ойыншықтары қандай әдемі және көп екен. Кәне олай болса, бәріміз бірге шыршаның шамын жағайық.
Барлығы бірге:
Ата, шырша шамын жағайық,
Қуанып бір қалайық.
Қуант бізді, таңырқат,
Жасыл щырша
Шамдарыңды жарқырат.
Шыршаның шамдары жағылады.
Аяз ата: Қандай тамаша шыршамызда әртүрлі шамдар жанып тұр, балаларымыз өте көңілді. Ал сонда Ақшақар қайда? Ол әлі бізге келмеді ме? Міне қызық, сонда ол қайда жүр екен?
Жүргізуші: Ақшақар әлі бізге келмеді. Сайқымазақ, Ақшақар жақындап қалды ма екен, жолды қарап келші.
Сайқымазақ шығып кетеді.
Жүргізуші: Балалар, шыршамызды әнмен оятып, әсем шамдарын жағып алдық. Енді щыршамызға арнап ән айтайық.
Ән: Орманда шырша туыпты.
Ақшақар кіріп: Сәлеметсіңдер ме менің сүйікті достарым. Жаңа жылдарың құтты болсын.
Аяз ата қасына,
Мен де жеттім әйтеуір.
Сендердей балғын достарға,
Иіліп сәлем беремін!
Жүргізуші: Ой, Ақшақар, неткен көркем сұлу едің. Біздің топта да саған ұқсайтын сұлу ақшақарларымыз бар. Сен жолдан шаршаған шығарсың, Атаңның қасына отыра ғой, қыздарымыздың биін көре ғой.
Музыкамен ырғалып, аппақ ұлпақарлар шығады
Би: «Ақшақарлар»
Ақшақар: Балалар, мен де жалғыз емеспін, менімен бірге сіңілім келді. Ол сіздерге әсем ән айтып беремін дейді.
Ән: Ақшақар
Жүргізуші:
Келіңдер жас ұландар,
Ертегімді тыңдандар.
Ертегімде сан қилы,
Қызық- Қызық сырлар бар.
Жаңа жылдың кешінде,
Аңдар келіп бip шешімге.
Достаспақшы ниетпен,
Жиналыпты келісімге.
Соныменен, балалар Жаңа жылға арналған
Ертегіні көріңдер
Шын бағасын беріңдер.
Мерекелік музыка ойналады. Шыршаның артынан қояндар ceкірin шығады:
Қояндар: (Жания, Қасиет)
Ау, жарандар, ал қараңдар,
Жауып тұр қар себелеп.
Көкке толды, жерге қонды,
Сансыз аппақ көбелек.
Тым алыстан, Марстан,
Келіп Аяз атамыз
Жылды тойлап,
Билеп-ойнап,
Көп қызыққа батамыз!
Ceкipin билеп жүрген қоянның алдынан аюлар шығады. Қояндар сасқалақтап қалады.
Қояндар: Амансыз ба, аю паң!
Аюлар: (Дарын, Нұрдидар)
Жаңа жылдың алдында,
Тойды еске алдым да.
Ұйқымды ашып, сергідім,
Ұйықтамаймын мен бүгін!
Жылды қарсы алайық
Би билеп, ән салайық.
Бәрі қол ұстасып, билейді. Сол кезде қуана кутындап тулкі келеді.
Түлкі: Қоянжанға бір сәлем! Аю паңға мың сәлем!
Аю, қоян: Аман ба, тулкі, кел мұнда!
Түлкі: (Нұршат, Нұрай)
Достарым, жыл келеді,
Сыйлығын ол береді.
Жұмбақ шешкіш тулкінің,
Өнерін жұрт көреді.
Тауып өз сыңарымды,
Тайсалмай, биге түcin,
Тарқатам құмарымды.
Аю, қоян: Рахмет, түлкіжан Жүрген жерің күлкілі ән! Аю,қоян,түлкі 6ipre билей,жөнеледі. Осы кезде орталарына кipni келеді
Kipпi: (Алуа)
Сәлем,достар,аман ба?
Нұр берді шырша алаңға
Жылға шашу шашайық,
Тойлап, көңіл ашайық.
Қоян Келші биге басайық!
Бәрі билеп жатқанда, маймыл келеді.
Маймыл: (Мәнсүр)
Тра-ля-ляй!Тра-ля-ляй!
Өнершіл аңдар-ай
Өңкей паңдар тыңдаңдар,
Жаңа жылға әнім бар.
Қол ұстасып, биге басып,
Жыл әніне салыңдар!
Бәріңізге 6ip сәлем.
Бәpi: Сәлем, маймыл! Жақсы-ақ биі! Бәpi қосылып, билейді. Енді орталарына қасқыр қосылады.
Қасқыр: (Асылжан)
Армысыңдар!
Бармысыңдар,ағайын!
Кәне құшақ ашайық,
Достық тойын жасайық
Бәpi: Жаңа жыл қүтты болсын ! Достығымыз мықты болсын!
Ортаға Орман Ханшайымы шығады:
Ән: «Ертегілер әлемі»
Жүргізуші: Балалар, биыл қандай жыл?
Балалар: Тауық жылы
Жүргізуші: Балалар, біз биыл көп жетістіктерге жеттік, көп әндер мен билер үйрендік. Бір жылға ұлғайдық. Мешін жылымызға алғысымызды білдіру үшін ортаға шақырайық.
Музыкамен мешін кіреді.
Мешін:
Бір жыл бойы сендермен,
Бірге жүрдім, ойнадым.
Енді міне балалар,
Кезек келді қоштасар.
Бірақ қоштаспас бұрын осы жылы балабақшамен белсене араласқан ата аналарымызға алғысымды білдіріп, Алғыс хат бергім келіп тұр.
Алғыс хаттарды табыстау.
Жүргізуші: Рахмет, тауық жылы. Ата аналарымызға қошеметтеріңіз. Балалар, бүгін біз сендермен ескі жылмен, сүйікті тауық жылымен қоштасамыз. Тауық жылы халқымыз үшін қолайлы өтті. Көңіліміз көк, еліміз тоқ болды. Білім әлемінде жеңісіміз көп болды. Тауық жылы, біз саған ризамыз!
Қошеметтеп ескі жылды шығарып салады.
Жүргізуші: Аяз Ата! Манадан бері біздің балалар аянбай өз өнерлерін көрсетіп жатыр, Сіз сыйлық әкелдім деп бағана құлағыма сыбырлап едіңіз, қашан бересіз, шыдамымыз таусылды. Ұмытып кеттіңіз ау деймін, сол айтқан сыйлығыңыз қайда?
Аяз ата: ия, дұрыс айтасың, әкелгенде қандай! (Жан жағына қарап сасқалақтай бастайды, қарайды, таппайды.)
Ит кіреді, арқасында арқалаған сыйлығы бар.
Ит: Жаңа жылдарың құтты болсын!
Мен жаңа жылмын,
Мен жаңа нұрмын.
Нұрымды мен себейін,
Жырымды да себейін.
Балалар араларыңда Аяз ата бар ма?
Жүргізуші мен балалар: Әрине, бар.
Аяз атаның шыршаның түбінен абдырап сыйлығын іздеп жатқанын Ит байқап:
Ит: Ата, сыйлықты жолға тастап кетіпсіз. Сіздің ізіңізбен келе жатыр едім, тура осы бақшаның кіре беріс есігінің алдында жатыр.
Аяз ата (қатты қуанып): Апырмай, балаларымның даусын естігенде қуанғаннан тастап кетіппін.
Ит: Балалар, сендер мен жайлы өлең білесіңдер ме?
Балалар: ия
Ит: ендеше бәріміз бірге ән шырқайықшы
Ән: «Келді міне Жаңа жыл»
Келіңідер , келіңдер,
Тақпақ айтып беріңдер.
Жомарт Аяз атадан,
Сыйлық алып көріңдер.
Балалардың тақпақтары.
Аяз ата балаларға қоржынынан сыйлық үлестіреді.
Аяз ата көңілденіп сыйлықтарын таратады.
Ортаға торт кіргізіп, ата аналар жылы лебіздерін, тілектерін айтады.
Аяз ата балалармен қош айтысып, кетеді. Балалар өз топтарына музыканың ырғағымен шығып кетеді.

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген