«Жаңа жылдың жарқырасын
шамдары...»
мерекелік музыкалық
қойылым
Жүргізуші:
Бүгін сізге жырдан алқа
тағайын,
Шат
күлкіге толы болсын маңайын.
Көргендер де, көрмеген де
арманда.
Жаңа жылын құтты болсын,
ағайын!
Зеңгір көкте жұлдыз болып
жанайын,
Ай
жүзіндей айшықтанып арайын.
Жанға шуақ, бойға қуат әкелген,
Жаңа жылын құтты болсын,
ағайын!
2-жүргізуші
Аппақ бүгін қыр, далам,
Ақ
дастарқан жапқандай
Халық біткен қарбалап
Қонақ күтіп жатқандай
Көңілде көп қуаныш
Әр
көңілде-жақсылық
Кетер жылға мың алғыс
Әкелген көп жақсылық.
1-жүргізуші : Құрметті қонақтар,ұстаздар мен оқушылар!.Келе
жатқан ұлу жылы мерекесімен құтықтаймыз. Жаңа жыл тек қана бақыт,
қуаныш акелсін. Кешімізді әнмен сүймелдей отырып, бәріміз ортаға
шығып би билеп, көңілімізді бір сергітіп
алайық. (шырша әні
)
1 –
жүргізуші: Байқаймысың, бұл кеште
достарымыз көрінбейді ғой.
Мына шырша жанындағы қаптағы
не болды екен?
2 –
жүргізуші Мүмкін бізге достарымыздың
жасаған сыйы, жаңа жылдық тартуы болар.
Қане ашып көрелік., қане сен
ашып көр.
2
жүргізуші: – мынау тағы не болды
екен?Мүмкін мыстан болар деп мен қорқып
тұрмын.
1 –
жүргізуші: Жарайды, ашсам ашайын. Былай
келісейік. Екеуміз 1.. 2.. 3 дегенде қаптың аузын бірге
ашайық.
2 –
жүргізуші: Жарайды, мен келістім. Ендеше
бастасақ, бастайық.
Клоун1: Сәлем саған, туған
ел!
Клоун2: Сәлем, сәлем
достар!
Клоун1: Жаңа жыл құтты болсын!
Сіздермен көңілді мереке кешін өткізуге келдік. Қалай
қарайсыңдар!
Клоун1: Кешті көңілді өткізу
өз қолымызда ғой. Солай ғой достар!
1-жүргізуші: Мінекей біздің көптен күткен қонақтарымызда
келеді. Олай болса орнымыздан тұрып , қонақтарымызды қошеметпен
қарсы алайық.
2-жүргізуші: Бәріміз бірге «Аяз ата, Ақшақар» деп оларды
ортамызға шақырайық.
Аяз атамен Ақшақарды
шақырайық:
Аяз ата, Ақшақар. Аяз ата,
Ақшақар
Аяз ата: Уа,
жұртым, жиналған.
Көңілдерің дүр маржан
Айналайын ұлдардан
Айналайын қыздардан
Аяз
ата, Ақшақар
Жетті жолдан қиналған
Ештеңе емес барлығы,
Алдымыздан күлді арман
Мықтылығым мәлім ғой.
Өтіп кеткен жылдардан
Ақшақар: Амансыздар ма,балалар, ұстаздар, ата-аналар!
Өздеріңді сағынып келдік. Жаңа жылдарың құтты болсын.Тышқан жылы
табыс жылы, береке, бірлік әкелсін.Тарихи жыл
болсын.
Аяз ата:
Бәрі үшін бақытты да қуанышты кезең болсын.
Ақшақар: Мен
сендермен Жаңа жылды қарсы алғаныма өте
қуаныштымын.
Жүргізуші: Балалар, сендердің шыршаларыңның шамы жанбапты
ғой, кәне шыршамыздың шамын жағайық. Ол үшін бәріміз сиқырлы сөзді
айтайық.
1-2-3, шырша шамы жана түс!
(Бәрі айтады)
(Би биленеді.)
Аяз ата: Жаңа жылдық мерекеңізге қанша балалар келген.Кім
тақпақ айтса, кім өлең айтса, ал кім билесе, бәріне де сыйлығым
бар.Қане, қайдасыңдар?
(Би, тақпақ
айтылады.)
1- жүргізуші: О,
халайық, жараңдар.
Қилы-қилы заман бар.
Итжылы әне жылыстап,
Кетіп барады қараңдар.
О,
халайық, халайық.
Қош
айтысып қалайық!
2-жүргізуші: Құрметті достар!Бізге жақсылықтарымен толы
болған. Ит
жылын шығарып салайық.
Ит: Қуанышты ортамыз сазға ұласқан
Тілегім болсын мәңгі ашық аспан
Құтты
болсын 2019 жылы қадам басқан
Гүлденіп көркейе бер,
Қазақстан.!
Келесі жыл бастауын Доңызға
беремін.(Сахнаға доңыз шығады.)
2-жүргізуші:
Ар бол, Жаңа жыл!
Бар
бол, Жаңа жыл.
Қадамың құтты болсын, Жаңа жыл.
Бейбітшілік жылы бол, Жаңа жыл.
Құт-береке жылы бол, Жаңа жыл.
Доңыз:
Сәлеметсіздер ме? Кешіккен жоқпын ба? Мен сондай
асықтым, сондай жүгірдім.Кешігем деп қатты
қорықтым.
Доңыз:
Мен дағы бір қонақпын
Он
екі жылда оралар
Үлкендерге ақ ниет
Сіздерге де ақ ниет.
Сіздерге мың рахмет.
Ит: Ал, доңыз досым! Кімдер
даттап, кімдер мақтайды, өзі білсін.
Жақсылы, жаманды жыл болдым.
Қолымнан келген біраз шаруаны атқардым білем. Мына тұрған халық
куә, содан сұрарсың. Әлі де болса атқарылар істер көп. Соның бәрін
саған аманат қылып қалдырам, қарағым.
Доңыз: - Аманатқа адал болуға,
халыққа жайлы, ел тілегіне сайлы болуға ант
етемін.
Ит: - Ал, мен жылжиын, ағайын!
Келген жылдарың құт береке сыйласын!
Барлығы: Қош бол, Ит жылы, Қош
бол!
Ақшақар: Қош келдің Жаңа
жыл.
Аяз ата: -
Ал, айналайын Жаңа жыл, келген қадамыңа нұр бітсін! Мынау менің
ұлдарым мен қыздарым, мынау халайық бір өзіңе аманат.Он екі ай
бойы
бағып-қақ.Жақсы жыл бол, дария нұр бол, Жаңа
жыл!
-
Ал енді Ақшақар біз кетпестен бұрын бүлдіршіндеріміз бізге тағы не
әзірледі екен соны көрейік.
(би кетеді)
(Хормен шыршаны айнала « Шырша жыры » әні
орындалады )
Аяз ата: -
Жаңа жылдарыңмен достар! Шанамызға мінейік Ақшақар.Алда барар ауыл
бар, Жыл қуантсын баршаны.
Ақшақар: Жаңа жылда сіздердің барлығыңызға жақсылық
тілеймін.
Барлығы: Қош
бол, Аяз ата, Ақшақар! Аяз ата, Ақшақар!
(Хормен шыршаны айнала «Шыршаға бардық»
әнін
орындалады )
1-жүргізуші: Міне, Қымбатты балалар, бірлесіп, достасып
өткізген мереке
қашанда қуанышты өтеді.Достық, бірлік бәріне де
жеңеді.Аспанымыз
бұлт торламасын, аспанымыздағы күніміз
сөнбесін!
Барлық жандар бір тілекке қосқан
үн
Бақытты боп бастады жыл
дастанын
Қуанышпен келді той боп Жаңа
жыл
Құтты болсын Жаңа Бақыт
достарым!...