«Жаңа жылдың таңғажайып оқиғалары»
( Балалар музыка әуенімен залға кіреді.)
Жүргізуші: Құрметті ата аналар, қонақтар, №4 «Ақбота» тобының «Жаңа жылдың таңғажайып оқиғалары» атты мерекелік ертеңгілігін тамашалауға қош келдіңіздер!
Жаңа жылдың таңы неткен
арайлы,
Ақ мамыққа бөлеп алды маңайды.
Бақыт, шаттық, молшылық алып келсін
Бәрімізге мына жылымыз арайлы!
Айбар: Уа,халайық,жарандар,
Айналаға қараңдар.
Жаңа жылдың бұл тойын
Салтанатқа санаңдар.
Қызық көріп,шат болып,
Шалқып,күліп ,тараңдар.
Үміт: Жаңа жылым мол болсын,
Сәт қадамың оң болсын.
Төрлет,төрлет,Жаңа жыл,
Бізге құтты жыл болсын!
Ән: «Шырша жыры»
Періште: Сәлеметсіңдер ме, балалар! Мен ертегі әлеміндегі періштемін. Сендермен жаңа жылдық мерекені көңілді өткізуге келдім. Ал, балалар, мерекені бастауға асығып тұрсыңдар ма? Онда мерекені тезірек бастайық.
Диана: Жасыл желек жамылған,
Асыл моншақ тағылған.
Міне сұлу шыршамыз
Көптен күтіп сағынған.
Кел, балалар келіңдер
Тақпақ айтып беріңдер.
Ажар: Келді тағы Жаңа жыл,
Қуантумен біздерді.
Құтты болсын қуаныш,
Құттықтаймын сіздерді.
Нұржас: Шыршамыз да жарқырап
Әсем әнмен тербелсін.
Барлық бала ән салып
Мерекеде билесін.
Іліяс: Келді міне, Жаңа жыл
Қарсы алайық бәріміз.
Күліп-ойнап,би билеп,
Ән салайық бәріміз.
Нұрмұхаммед: Әдемілеп біз ілген,
Ойыншықтары тізілген.
Қандай жақсы шыршамыз,
Ән салайық баршамыз.
Диляфруз: Тамаша тамаша
Шыршамыз тұр жараса
Басында әдемі жұлдызы
Көз тоймайды қараса
Еркежан: Жүзімізде күлкі ойнаған
Қанаттанды жанымыз,
Жаңа жылды біз тойлап
Шаттанамыз бәріміз.
Періште: Рахмет, балалар! Бірақ біздің шыршамыз неге жанбай тұр? Мерекеміздің сәнін келтіретін шыршамыздың шамын жағып алайық:
Бір, екі, үш,
Мінекей жасыл шырша,
Қуаныш жалпыға.
Құлпырған сүйікті шырша,
Жарқыра, жарқыра!
Жүргізуші: Қараңдаршы,балалар! Жасыл шыршамыз шамдарын жарқыратты. Қане, қол соғып, бәріміз ризашылығымызды білдірейік.
(Балалар қол шапалақтайды.)
Періште: Балалар, мерекемізді жалғастыру үшін кімді қонаққа шақырамыз?
Балалар: Аяз Атаны.
Періште: Ал, олай болса, қане дауыстап шақырайық.
Балалар: Аяз Ата, Аяз Ата, Аяз Ата.
Жүргізуші: Аяз Атамыз естімей жатқан сияқты ғой.
Періште: Олай болса, Аяз Атаға хат жіберейік.Ал хатты Аяз Атаға кім жеткізеді?
Балалар, мен сиқырыммен аққаланы шақырайын.
Аққала: Здравствуйте, дети! (Аққала орыс тілінде амандасады.)
Жүргізуші: Періште, біздің аққаламыз орысша сөйлеп кетті ғой. Сен оны қандай қардан жасадың?
Періште: Мен оны № 23 «Жеңіс» бөбекжай-бақшасының қарынан жасадым ғой, онда орыс тілі сабағы болады ғой.
Жүргізуші: Ия, дұрыс айтасың, біздің балалар орыс тілін де біледі.Олай болса балалардың орыс тіліндегі тақпақтарын қабыл алыңыздар.
Айлин: Елочку зеленую
В гости мы позвали
До чего нарядная
Елка в нашем зале.
Ибрахим: Всё вокруг сияет,
Всё вокруг блестит,
Новый год шагает,
В гости к нам спешит.
Раяна: Мы украсим нашу елку
Позовем к себе гостей,
Запоем мы песню звонко
Сразу станет веселей.
Али: Без дедушки Мороза
Снежинки не летят
Без дедушки Мороза
Узоры не блестят.
Жүргізуші: Ал, періште, біздің аққаламызды қазақ тілінде сөйлейтін етіп сиқырлап бер.
(Періште аққаланы сиқырлайды.)
Ән: «Аққала»
Періште: Аққала, аққала, мына хатты жедел Аяз Атаға жеткіз.Саған орманда аңдар көмектеседі.
Аққала: Жарайды.
(Аққала орманға қарай жолға шығады. Залды бір айналып келеді.Алдынан аңдар шығады.)
Қасқыр: Бұл орманда бізден сақ,
Бізден батыр ешкім жоқ.
Жедел хатты атаға,
Тапсырамыз сақтықта.
(Музыкамен қояндар шығады.)
Қоян: Аяз Ата бізді жақсы көреді.
Біз апарайық хатты.
(Музыкамен тиіндер шығады.)
Тиін: Біз тиінбіз, тиінбіз,
Келіспейміз біз оған.
Орманда жолдар жаман,
Жолбарыс шығар алдыңнан.
Бұтадан-бұтаға секіріп,
Жеткіземіз хатты біз,
Аяз Ата үйіне.
(Музыкамен аю шығады.)
Аю: Тұрса да келіп ұйықтағым,
Көмекке мен дайынмын.
Жедел хатты атаға
Апарудан қашпаймын.
Аққала: Аю, саған сенейін,
Жедел хатты берейін.
Жеткізерсің атаға,
Балалардың тілегін.
Аю: Тек аз ғана мызғып алайын.
(Шыршаның түбіне жатады.Сол кезде музыкамен түлкі шығады.Түлкің хатты алып қояды. Қасқырды көріп, хатты жасырады.)
Қасқыр: Әй, тоқта, сен, қу түлкі,
Қулығыңды асырма!
Байқап тұрмын бәрін мен,
Жедел хатты алдың сен!
Түлкі: Қателесесіңдер, достарым,
Жоқ арамдық ойымда.
Хат тасушы қызметін,
Атқарайын деп едім.
Жедел хатты атаға
Жеткізейін деп едім.
Аю: Жоқ, бұлай болмайды. Бұл істі біз бір жылда да шеше алмаймыз.
Қоян: Мүмкін үкіден сұрармыз.
Ақыл берер ол бізге.
Қасқыр: Әй, үкі, тез кел мұнда!
Сенен көмек күтеміз!
Үкі: Мен естідім бәрін де,
Дауласпаңдар бекерге.
Мен ойланып болғанша,
Аязда тоңып қалмандар,
Бірге билеп алыңдар.
Би: «Аңдар»
Аю: Қане, үкі, не шештің?
Шешіміңді айт бізге.
Үкі: Менің шешімім мынадай:
Жолға бірге шығайық,
Атаны тез табайық.
Тиін: Біріксек біз бәріміз,
Қиындықты жеңеміз.
(Аңдар жолға шығады. Залды бір айналып келеді.Санта Клаустар шығады.)
Үкі: Міне, келдік Аяз Ата еліне,
Көмек берер Аяз Ата немерелері енді бізге.
Санта Клаус: Қош келдіңдер, аңдарым,
Орындалар тілек-армандарың.
Аязда тоңып қалмаңдар,
Оралыңдар бақшаға.
Көп кешікпей Аяз Ата,
Балаларға барады.
Жаңа жылды балалармен,
Көңілді қарсы алады.
Би: «Санта клаустар»
Ойын: «Қар үрлеу»
Жүргізуші: Қараңдаршы, балалар! Бұл аққала ғой. Аққала, жедел хатты атаға жеткізе алдың ба?
Аққала: Тапсырманы орындадым.
Аяз ата келе жатыр.
Күтіп оны алыңдар.
Жүргізуші: Рахмет, саған. Бізбен бірге қалып мерекені тойла.
Аққала: Осындай үлкен қалада Аяз ата біздің балабақшаны тауып келуі қиын. Сол үшін қатты дауыстап шақырайық.
Балалар: Аяз Ата, Аяз Ата, Аяз Ата.
Жүргізуші: Балалар, Аяз ата таппай жүрген сияқты.Даусымызды одан да қатты шығарып шақырайық.
(Аяз Ата киімімен мыстан кемпір кіреді.)
Мыстан кемпір: Келе жатырмын, келе жатырмын. Сәлеметсіңдер ме, балалар!
(Жеке-жеке амандасады. Посухпен қорқытады. )
Қане, маған қаттырақ қол соғып, маған арнап ән айтыңдар, би билеңдер.
Періште: Бұл кім өзі? Бұл біздің Аяз Атаға ұқсамайды ғой.
Мыстан кемпір: Сен не, періште? Есіңнен адастың ба? Мені танымай тұрсың ба? Міне мұртым, міне сақалым. Тез, менің көңілімді көтеріңдер.
Періште: Қалай ойлайсыңдар, балалар, бұл біздің шын Аяз Ата ма?
Мыстан кемпір: Балалар, періштені тыңдамаңдар. Мен Аяз Атамын.
Періште: Балалар, өзіміздің шын Аяз Ата келсін десеңдер, бәріміз қатты дауыстап тағы да Аяз Атаны шақырайық.
Балалар: Аяз Ата, Аяз Ата, Аяз Ата.
(Музыкамен Аяз Ата мен Қаршақыз кіреді.)
Аяз Ата: Амансың ба, ұлдарым,
Амансың ба, қыздарым,
Қандай жарқын жүздерің,
Қандай әсем жырларың,
Асулармен алысып,
Асау желмен жарысып,
Аталарың асығып
Келіп қалды- ау алыстан.
-Балалар, мен сендер жіберген хатты алдым. Асығып әрең дегенде жеттім.
(Мыстан балаларды қорқытып, шыршаны айналып орнына келіп отырып, ойланып отырады.)
Қаршақыз: Ал, келіңдер, келіңдер,
Тақпақ айтып беріңдер.
Жомарт Аяз Атадан,
Сыйлық алып көріңдер.
Аяз Ата: Ой,астапыралла, мынау кім тағы?
Мыстан кемпір: Ал, сен, кімсің?
Аяз Ата: Мен Аяз Атамын.
Мыстан кемпір: Жоқ, мен Аяз атамын.
Аяз Ата: Мен Аяз атамын.
Мыстан кемпір: Ал, онда, дәлелде.
Аяз ата: Міне сақалым, міне мұртым.
Мыстан кемпір: Міне, менің сақалым, міне, менің мұртым.
Аяз Ата: Міне таяғым.
Мыстан кемпір: Ал, менікі сиқырлы таяқ.
Аяз Ата: Ал, менің жеке куәлігім бар.
Мыстан кемпір: Қане, қане, әкелші суреті, мөрі бар ма?
(Артқа айналып барып, куәлікті жыртып тастайды, күлген кезде қалпағы ұшып кетеді.)
Аяз Ата: Әп, бәлем, бұл мыстан ғой!
Мыстан кемпір: Ия,ия, мен Мыстанмын, ал қайтесің? Мен де көңіл көтергім келеді.
Аяз Ата: Қане, тез бұл жерден кет, балалардың мерекесін бұзба, болмаса қазір қатырып тастаймын.
Мыстан кемпір: Қатігез екенсің, кетемін, кетемін, бірақ өкініп қалмаңдар.
(Сыпырғысына мініп кетеді, кетерінде ойыншық салынған қапты ұрлап кетеді.)
Аяз Ата: Енді бізге ешкім кедергі жасамайды.
Қаршақыз: Біз Аяз Ата екеуміз сендердің мерекелеріңе жеткенше асықтық.
Жүргізуші: Аяз Ата, Қаршақыз, сіздер отырып дем алыңыздар, біздің балалардың тақпақтарын қабыл алыңыздар.
Жаннұр: Аппақ тонға оранып
Базарлықты мол алып
Келді алыс сапардан
Аяз ата оранып.
Руслан: Аяз ата бізбенен
Тоғайменен келеді.
Арқасында дорбасы
Сыйлық әкеп береді.
Шохан: Сақалының ұзын – ай
Саудыраған мұзын- ай
Жарқыраған оттары
Жаңа жылдың қызығы- ай.
Арай: Аққырауға малынған,
Ақша қардай сақалы.
Көптен күтіп сағынған,
Көрдік Аяз атаны.
Айзере: Базарлықты баршаға
Әкеліпті ол тағы.
Қарасын деп тамсана,
Безендірдік шыршаны.
Рамазан: Бүгін бізбен ойнайды,
Жаңа жылды тойлайды.
Барлық бала бақытты,
Болса екен деп ойлайды.
Ернұр: Бар баланың қонағы,
Төрлет,Ата,жоғары.
Жұрттың бәрі атадай,
Қашан мырза болады.
Хамза: Аяз ата, Ақшақар,
Ортамызда балалар.
Қол ұстасып, би билеп,
Ән шырқасаң жөн болар.
Ән: «Дед Мороз»
Ойын: «Кім жылдам?» (балалармен)
Ойын: «Кім епті?» (ата-аналармен)
Аяз Ата: Жарайсыңдар, балалар! Өте жылдам, шапшаң екенсіңдер. Сендерге жетемін деп шаршап, ыстықтап кеттім ғой.
Жүргізуші: Аяз ата, шырша жанына отырып, демалып алыңыз. Ал біздің қыздарымыз сізге би билеп береді.
Би: «Шыршалар»
Қаршақыз: Ата, сіз балаларға сыйлық беруді ұмытып кетпедіңіз бе?
Аяз Ата(басын ұстап): Ой, ақымақ басым-ай, сыйлық беруді ұмытып кетіппін ғой. Ал, менің сыйлыққа толы мандығым қайда? ( сандықты ашады )
Сандықтың іші бос қой. Ә-ә, бәлем, бұл Мыстан кемпірдің ісі. Ол бекер жүрмей, сыйлықтарды алып кетіпті ғой.
Қаршақыз: Енді Мыстан кемпірді қайдан табамыз?
Періште: Мыстан кемпірді шақыру керек. Қане, балалар, бәріміз дауыстап шақырайық.
Балалар: Мыстан кемпір, Мыстан кемпір, Мыстан кемпір.
Періште: Ол естімей жатқан сияқты.Қане, ысқырып шақырайық. Ата- аналар, сіздер де бізге көмектесіңіздерші.
Қаршақыз: Естімейді, естімейді.
( Жарық өшеді, сыпырғысына мініп, қолында фонаригі бар мыстан кемпір кіреді.)
Мыстан кемпір: Ал, енді неге шақырдыңдар, біресе кел дейсіңдер, біресе кет дейсіңдер. Мен сендерге айттым ғой өкінесіңдер деп. Не болды? Неге шақырдыңдар?
Аяз Ата: Мыстан кемпір, мойында, сыйлықты сен алып кеттің бе?
Мыстан кемпір (таңырқап): Сыйлыық,а-а, сыйлық па? Ия, сендер мені мерекеге шақырмағандарың үшін сыйлықтарды тығып қойдым. Мен кәрі орман тұрғынымын, мен жалғызбын. Менің де көңіл көтергім келеді.
Жүргізуші: Жарайды, Мыстан кемпір, сенің қолыңнан не келеді?
Мыстан кемпір: Менің қолымнан бәрі келеді.Ән де айтамын, би де билеймін. Қане, менімен кім билейді?
Жүргізуші: Ал, қане, ата-аналар, мыстан кемпірмен билемесек, бізге сыйлықты бермейтін сияқты.
Ойын: «Кім биші?»
Мыстан кемпір: Керемет! Көңілім бір сергіп қалды. Енді бір ән тыңдағым келіп отыр.
Жүргізуші: Мыстан кемпір, саған ән керек пе? Олай болса, біздің Раяана қызымыздың әнін қабыл ал, саған арналады.
Ән: «Жаңа жыл»
Мыстан кемпір: Не деген керемет өнерлі едіңдер!
Қаршақыз: Әжем менің, әжетайым, сен бүгін қандай сұлусың! Биің де тамаша. Енді сыйлықты қайтаршы балаларға.
Мыстан кемпір: Ах, менің сүйікті қызым, сені жеп қояйын ба? Жарайды, мен шыншылмын ғой. Уәде бердім бе, қайтарамын. Бірақ, ол сыйлық менің үйімде. Ол үшін үйімді шақыру керек.
Періште: Қалай шақырамыз сонда?
Мыста кемпір(3рет шапалақтап, 3 рет аяғын тоқылдатады.): Ку-ка-ре-ку!
(Музыкамен үйшік кіреді.)
Мыстан кемпір: Цып,цып, цып, қане, үйшігім, менің алдыма тұр. Қане, оңға бұрыл. Қане, солға бұрыл. Жұмыртқаны бер, жай жұмыртқа емес, сиқырлы жұмыртқа.
(Үйшік отырып, бір сыйлықты жерге қояды.)
Аяз Ата: Балаларым, міне сендерге арналған сыйлықтарым. Қабыл алыңдар.
( Балаларға сыйлықтар таратылады.)
Қаршақыз: Балалар, жаңа жылдарың құтты болсын!
Періште: Ескі жыл, қош бол, кездескенше!
Аяз Ата: Ал, балалар, келген Жаңа жылдарың тағы да құтты болсын! Біз енді қайтайық. Бізді басқа балабақшада өздеріңдей балалар күтіп отыр.Сау болыңдар!
Балалар: Сау болыңыздар!
(Музыка әуенімен Аяз Ата, Қаршақыз, Мыстан кемпір шығып кетеді.)
Жүргізуші: Ал, құрметті ата-аналар, қонақтар, осымен біздің мерекелік ертеңгілігіміз аяқталды. Жаңа жыл барлықтарыңызға құтты болсын. Жаңа жыл тек жақсылығымен келсін.
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
Жаңа жылдың таңғажайып оқиғалары

шағым қалдыра аласыз