№11 Ы.Алтынсарин атындағы
орта мектеп
Жаңа жыл
кеші
Дайындаған: 7 «а», 7 «ә», 7
«б» сыныптар
2017-2018 оқу
жыл
Кештің ашылуы: «Жаңа жыл»
биі
1
Жүргізуші:
Барлық жандар бір білікке
қосқан үн,
Бақытты боп бастады жыл
дастанын.
Қуанышпен келді той деп жаңа
жыл,
Құтты болсын жаңа бақыт
достарым.
2
Жүргізуші:
Құрметті ата аналар, оқушылар,
ұстаздар, қонақтар Жаңа жыл мерекесіне арналған «Қош келдің, Жаңа
2018 жыл» атты кешімізді бастауға рұқсат
етіңіздер
1
Жүргізуші: Құрметті жамағат жүрекке
жылылық ұялатар алғашқы жаңа жылдық құттықтау сөзді білім ұясының
білікті басшысы
Имашова Шынар Балғабайқызына
береміз.
2
Жүргізуші:
Құтты болсын жаңа жыл, барша
халық,
Қуанышқа, шаттыққа
тамсанайық.
Бірімізге шынайы тілек
тілеп,
Бар әлемге бақытпен жар
салайық!
1
Жүргізуші:
Жаңа күнде ән
қылып,
Тек жүрмеңіз сән
құрып.
Көңілдердей
қартаймай,
Шырша тұрар
мәңгілік.
« Жаңа жыл» әні. Орындайтын
Дильназ
2
Жүргізуші:
Әнші де құс үні
бар,
Кірсең кештің сәні
бар.
Салайықшы
шарықтап.
Жаңа жылдың
әніне
Ал ағайын
тұрмайық
Жаңа жылды
жырлайық.
7 «а» сынып оқушыларының
орындауында ән. Қарсы алыңыздар.
2
Жүргізуші:
Қараңыздар мынау
шыршаға.
Неткен сұлу, неткен көрікті
еді.
Жаңа жылдық шыршамызға барлығы
келіпті. Енді аяз атамыз да келіп қалар. Қане барлығымыз Аяз ата,
ақша қар, жаңа жылым кел деп шақырайық. Сонда біздің дауысымызды
естіп тез келер.
1
Жүргізуші:
Келді жылым
бақытым,
Кемелденді
уақытым.
Сәлем саған аяз ата, жаңа
жыл,
Жаңа бақыт, жаңа думан, жаңа
жыр.
Аяз ата: Ардақты ұстаздар,
оқушылар бір сәлем!
Қандай жарқын
жүздерің,
Қандай әсем
жырларың.
Асулармен
алысқан,
Аталарың
сендерге
Шаршап келді
алыстан.
2
Жүргізуші:
Сыңғырлашы
сырнайым,
Жаңа жылды
жырлайын.
Шашбаулы қыз
сырғалы,
Ақша қарды
тыңдайық.
Ақша қар:
Амансыздар ма балалар,
ұстаздар, ата аналар! Өздеріңді сағынып келдік, Жаңа жылдарыңыз
құтты болсын. Өтіп кеткен жылымызға аман есен саулық тілеп, келер
жылымыз жылға табыс жыл, береке, бірлік әкелсін деп, тарих жыл
болсын деймін.
1
Жүргізуші:
Аяз ата, ақша қар, жаңа
жылымыздың құрметіне 7 «ә» сыныбының орындауында вальс
биі.
2
Жүргізуші:
Дөңгеленіп
тұрайық,
Ойын сауық
құрайық.
Ән шашуы
шашылсын,
Жаңа жылға
ылайық!
Ән дуэт: Аружан мен Айшагүлді
қарсы алыңыздар!
1
Жүргізуші:
Қандай тату өздері
Күлімдеп көздері
Кәне, кәне , келіңдер
Бір би билеп беріңдер.
Ендігі кезекте 7 «б» сыныбының
флэшмобын тамашалайық.
2-жүргізуші: Кешіміз әрі қарай көңілді
болуы үшін, ойын ойнайық.
«Кемпірқосақ құрастыр». Ортаға әр сыныптан 7 оқушыдан шығады. Ойын
шарты: 5 минут ішінде әр оқушы кемпірқосақтың 7 түсін білдіретіндей
әр түске байланысты бір зат тауып, кемпірқосақ құрастыру керек. Қай
команда тез тапса сол жеңімпаз атанады.
Аяз ата: Ал қарақтарым мені
күтіп отырған қаншама ел мен жер бар. Сонда барайын. Сендерге көп
рахмет. Өнерлерің өрге жүзсін. Биік шыңдардан
көрініңдер!
Жаңа жыл жаңа бақыт, әкелсін
далама құт.
Өнерлерің көп болсын, елде
уайым жоқ болсын.
Тілектерің ақ болсын,
бастарыңа бақ қонсын.
Келер жылы келермін, өнер тағы
көрермін.
Сыйлық әкеп сендерге, көптеп -
көптеп берермін.
Жақсылыққа толыңдар, тек
биікке қоныңдар.
Келесі жылы көргенше,
амандықта болыңдар.
1
Жүргізуші: Ал құрметті достар! Бәріміз
бірге Аяз атаны шығарып салайық.
2
Жүргізуші:Аяз ата, келесі кездескенше
аман болыңыз. Біз сізді асыға күтеміз.
1
Жүргізуші:Құрметті
достар!
2
Жүргізуші: Қадірлі ұстаздар,
қонақтар!
1
Жүргізуші: Жаңа жыл! Осы жыл барлық
отбасыларымызға бақыт пен шаттық әкелсін. Еңбектеріңіз жемісті
болсын.
2
Жүргізуші: Жаңа жыл құтты болсын! Келесі
кездескенше сау – саламатта болыңдар!