жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
Жаңа жылдық ценари
Жүргізуші : Барлық жандар бір білекке қосқан үн
Бақытты боп бастады жыл дастанын
Қуанышпен келді той боп жаңа жыл
Құтты болсын жаңа бақыт достарым
Құрметті балалар, ата – аналар, ұстаздар, қонақтар. Жаңа жыл мерекесіне арналған «Қош келдің, Жаңа жыл!» атты кешімізді бастауға рұқсат етіңіздер.
Кәне балалар бәріміз шыршаны айнала тұрып бір жақсы ән шырқайық
Осы кезде залға қарақшылар кіріп .бәрі айқайлап-шулап келедіде шыршаны бір айналып
1-қарақшы
-ооо қараңдар қандай ағаш өсіп тұр.Жақсы болды,осы ағаштың көлеңкесінде демалайық. (төсеніштерін төсеп-төсеп бәрі жата қалады.сосын біреуі басын көтеріп)Түу мынаалар неғып жүрген балалар.Бізге кедергі жасап.Біз демалатын жер іздеп жүрміз.Көп күннен бері адамдарды тонаймыз деп ұйықтаған жоқпыз.Барыңдар үйлеріңе кетіңдер.
Жүргізуші:
-Құрметті қарақшылар.Сіздер бұл жерде демала алмайсыңдар,өйткені бізде мереке болып жатыр.Сіздер басқа жаққа барып демалыңыздар.
Қарақшы (ашуланып,атып тұрып)
-Сен кімсің өзі маған қарсы шығатын.Қайдағы мереке? –Айтыңдаршы бұл қайдағы мереке?Қайдағы мереке?
(деп балаларды жұлқып-жұлқып сұрайды,олар жауап береді)
-Жаңа жыл дейді ха-ха-ха .Қайдағы жаңа жыл Сендерге бүгін жана жыл тұрмақ ескі жылда болмайды.Мен қазір үлкееен қаруымды алып келіп барлықтарыңды қырып саламын.Әй жүріңдер қару алып келейік.Бұларға көрсетейік .Қарашы өздерін,бізге ұйқы бермей.(ААА деп есінейді) Тезірек ұйықтаса ғой шіркін!
Бір оқушы ортаға шығып:
-Қарақшы ағай ! Бізге тимеші.Біз шуламай ақырын ғана жүреміз.Мереке болсыншы.Бұл мерекені біз 1 жыл күттік қой,ия балалар.Біз қазір сізге өлең айтайық. Сіздер ұйықтап алыңыздар.Сосын мерекемізде болыңыздар.Аяз ата келеді көп кәмпит әкеледі.Біз сіздерге де береміз.Береміз бе балалар!
Қарақшы:
-ООО кәмпит дегенді біз жақсы көреміз.Жарайды келістік.Сендер бір әдемі өлең айтыңдар.Біз ұйықтап алайық.
(Бәрі жатып ән айтылғанда қорылдап ұйықтап кетеді.)
Балалар шыршаны айналып өлең айтады ақырын сыбырлап.
Жүргізуші:
Балалар енді біздің мерекемізде кім жоқ
-Аяз ата мен Ақша қар
-Ия Дұрыс Оларды қалай шақырамыз.Айқаласақ мына қарақшылар оянып кетеді ғой. Қап енді не істесеке екен а. Аяз Атаны айқайлап шақырмасақ келмейді ғой.Балалар не істейміз?
Залға сиқыршы келеді.
-Сәлеметсіңдер ме балалар. Сиқырлы сандығыма қарасам осы жақта мереке болып жатыр екен. Мерекелерің қалай өтіп жатыр?Жақсы ма?
Бала: Жоқ.Мерекеміз көңілді өтпей жатыр.Мына қарақшылар келіп шыршамыздың түбіне жатып алды.Енді аяз атаны шақыра алмай жатырмыз.Сиқыршы бізге көмектесіңізші.
Осы кезде бір қарақшы оянып кетеді:
-Бұл не айқай шу?Түу түк ұйқым қанбады ғой.Неге шулайсыңдар А. Мынау кім өзі ааа Аяз ата ма? Әй Әкел кәмпитіңнен.Сенде көп кәмпит бар деп айтқан
Жүргізуші: Жоқ, қарақшы ағай бұл аяз ата емес.Аяз ата келу үшін біз қатты айқайлау керекпіз.Біз сіздеден қорқып айғайлай алмай тұрмыз
Қарақшы
-Дұрыс-дұрыс бізден қорқу керек. Сонда мынау кім?
-Бұл сиқыршы
Қарақшы:-Өй осындай сиқыршы бола ма екен (күледі)-Әй сен рас сиқыршысың ба?Кәне сиқыршы болсаң маған 1 шелек алтын,күміс берші.Жоқ бір қап. Жоқ-жоқ бір бір машина толтырып алтын берші. ООО мен бай болушы едім. Кәне тезірек бер әйтпесе мына қылышты көріп тұрсың ба?
Сиқыршы:
-қарақшылар мен сендерге ештеңе де бере алмаймын.Өйткені мен қайырымды сиқыршымын.Менің сиқырым тек жақсы жандарға арналады. Кәне, оданда мына балалардың тілегін орындайын.
Қарақшы:
-Қайдағы балалардың тілегі.Сен тек біздің тілегімізді орындайсың (1-2 қарақшы сиқыршыны ұстап алады.Қолын артына қайырып )
Қарақшылар:
-тез тілегімізді орында
Сиқыршы:
-Босатыңыздар қалтамнан сиқырлы таяқшамды алып сіздердің тілектеріңді орындайын (балаларға қарап көзін қысады)
Қарақшы босатады.
Сиқыршы:
абра –кадабра сим салабим ( 2рет)
Мына қарақшылар мейірімді әрі көңілді болсын!
Осы кезде қарақшылар күлімдеп :
-ООО қандай сүйкімді балалар!
Қандай әдемі балалар!
Киімдері сондай керемет екен!
Барып баларды құшақтап, кей балалардың арқаларынан қағып мақтайды
Сосын бір-біріне қарап:
-Біз не осы мейірімді болып кеттік пе не?Ой қызық ә? Мейірімді қарақшылар бола ма екен О ғажап.Бірақ маған осындай мейірімді болған ұнайды.Сендерге ше балалар?
ӘЙ біз бір би билеп жіберейікші кәне!
Қарақшылардың биі
Жүргізуші:
-қарақшыларымыз қайырымды болды сізге рақмет сиқыршы.Ал енді балалар Аяз атаны шақырайық ия!
Балалар:Аяз ата ! Аяз ата!
Залға мыстан кемпір кіреді қолында аяз атаның қолғабы, басында аяз атаның бас киімі және таяғы бар
Мыстан кемпір:
Асау желмен алысқан
Аяз әжелерің асығып
Шаршап келді алыстан
Төрге мені отырғыз!
Уф белім-ай
Жүргізуші
-балалар мынау кім?
-Мыстан кемпір
Жүргізуші:
-Мыстан әже! Сіз неге Аяз атаның қолғабын, бас киімін киіп алғансыз?Неге өзіңізді Аяз әже дейсіз! Аяз әже болушы ма еді.
Мыстан кемпір:Неге осы, сол бір кәрі шалды жыл сайын барлықтарыңыз құрметтеп осындай тамаша мерекеге шақырасыз.Ол келсе қуанасыңдар.Оны 1 жыл бойы күтесіздер а! Неге бір рет болсын мені шақырмайсыңдар! Мен де ол сияқты кәрімін,жасым үлкен міне биыл240-қа келем, мен де сыйлы, құрметті болғым келеді. Мерекеге келгім келеді.Сендер мені шақырмасаңдар да мен өзім келдім. Көрдіңдер ме менің ол сияқты таяғым да, қолғабым да, тымағым да бар. Енді бұдан былай менің атым Аяз әже болады.Ал кәне , менің сол жаман шалдан қай жерім кем.Мен одан әлдеқайда артықпын.кәне балақан айтшы мені Аяз әже
деп (осылай бірнеше балаға жақындап айтқызады)
Мыстан кемпір:
-О. Енді бұл менің мерекем.Жылда өзім келем.
Жүргізуші:
-Мыстан әже Сізде Аяз атаның барлық заты бар екен.Сіз оларды қайдан алдыңыз?Ал Аяз атаның кәмпитке толы қапшығы қайда?
Осы кезде залға жылап Ақша қар келеді.
Мыстан кемпір тығылып қалады.
Жүргізуші:
-Ой мынау біздің Ақша қар ғой!Ақша қар салеметсіз бе.Сізге не болды?
Ақша қар:Менің Атам осы мерекеге келе жатқан.Жолда мыстан кемпір мен оның жаман достары ұстап алып жолда байлап оның заттарын тартып алды.
Енді ол өзінің қабынсыз, таяқсыз келе алмай отыр.Мені іздеуге жіберді.Мен барлық жерді іздеп таппадым. Ой енді не болар екен? Енді сіздерге Аяз ата келе алмай ма?! (жылайды)
Жүргізуші:Жылама ақша қар Аяз атаның заттары осында.Тек қапшығы жоқ.
Ақшақар:Қалайша жоқ.Заттары кәне?
Жүргізуші.:
-Мыстан әже! Кәне бері келіңізші?
Мыстан әже: Жоқ-жоқ.Мен ештеңе бермеймін.Мен енді осы мерекенің басты кейіпкері болам Мен Аяз Әже болам
Жүргізуші:
-Енді не істейміз
Ақша қар тағы жылайды.
Осы кезде қарақшылардың біреуі:
-Жылама Ақша қар.Қазір мен мына достарыммен ол мыстан кемпірді ұстап алып бәрін алып береміз.
Барлығы мыстан әжені қуады. Ол қашады.
Сосын ұстап алады да бәрі жабылып мыстан кемпірді алып келеді
Сиқыршы:
-Кәне мыстан кемпір мына қызға Аяз атаның заттарын қайтар.Әйтпесе мен сені мұзға айналдырып жіберем.Мәңгілік қатып тұрасың.
Мыстан к:
Ойбай жоқ мұзға айналдырма,Мә-мә алшы осыны
(Ашуланып бәрін шешіп бере салады.)
Ақша қар:Ал кәмпиттері бар қапшық қайда?
Мыстан кемпір :
-Ол менде жоқ,-деп тағы қашады.
-Ұстаңдар Ол өтірік айтады Көмектесіңдер балалар.–деп қарақшылар тағы қуады
Барлық балалар көмектеседі.Ұстап әкеледі.
Сиқыршы:Мыстан кемпір сен не қалған өміріңде мұз қалпыңда болғың келе ме?Тез айт Аяз атаның қабы қайда?
Мыстан к:
-Түу жарайды.Болмадыңдар ғой Мен оы бір жерге тығып кеткем Мерекеден соң шай ішіп, кәмпитке бір тояйыншы деп едім.
Сиқыршы: Қазір сендерАқша қармен бірге барыңдар. Мына мыстан кемпірмен тыққан жерін көрсетсін де қапшықты берсін.Ал кәне тезірек.
Мен оған дейін мына балалардың көңілдерін көтере тұрайын.
Шыршаны айналып тағы бір ән айтылады.
Ж:
-Ал енді кәне аяз атаны шақырайық.
-Аяз ата.Аяз ата.
Аяз ата мен Ақша қар келеді. Артында Қарақшылар
Аяз ата:
Аяулы
аналарға, ардақты ұл-қыздарға
Бүлдіршін
балаларға бip сәлем!
Қандай жарқын
жүздерін,
Қандай әсем жырларың
Асулармен
алысқан,
Асау желмен жарысқан
Аталарың
сендерге
Келіп жетті алыстан
Ақша қар:
Аяз
ата қарашы, балалардың киімi қандай
әдемі. Шырша да әсем безендірілген екен.
Бәрі де сұлуланып кетіпті.
Шырша
шамын жағайық,
Жаңа жыл тойын ашайық.
Барлығымыз бірге
Кәне шырша таңырқат
Шамдарыңды жарқырат
деп айтайық.
(барлығы айқайлайды, шырша шамдары жағылады).Шыршаны жағатын бала дайындау
Аяз ата:
Бәрекелді балалар! Шыршамыз жарқырап, айналаға қуаныш сыйлауда. Шыршаның құрметіне , шыршаны айналып ән шырқайық.
Шырша жанында ән.
Аяз ата:
-Ал енді ескі жыл өз орнын жаңа жылға берсін.
Жылан (ескі жыл):
Жасампаз заман бұл заман,
Бүгіннен ертең ғаламат.
Алдыңғы сапта боларсың,
Келер жыл саған аманат.
(Қол алысып құшақтасады.)
Жылқы жылы: Аман болсын халқымыз,
Арта берсін даңқымыз.
Дами берсін үздіксіз,
Жаңа дәстүр – салтымыз.
Жылан жылы: Аяз ата, Ақшақар, балалар мен енді барайын. 12-
жылдан кейін қайта кездесерміз. Хош сау болыңдар, балалар!
Шығып кетеді.
(2,3,4 сыныптарды костюмдерге байланысты жарыстыру.Арнайы Аяз атаның мақтау қағаздарын беру.Ол үшін 2А сыныпты ортаға шығару керек.әділ қазылар қарап бағалап алады.Сосын 3Асынып.Сосын4Асынып )
Ақшақар:
Кәне, балалар енді бар өнерлерінді ортаға салындар, Аяз ата шаршағанын бассын.
Аяз ата: Әкелген базарлығым бар, сендердің өнерлеріңді тамашалап, бір дем алайын. Уф, шаршағаным-ай!
2 жүргізуші: Иә, иә, демалыңыз, ортаға отырып, балаларыңыздың өнерін көріп, базарлығыңызды да дайындап қойыңыз. Ал балалар, егер сендердің ән мен билерің болса, көрсетіңдер.
Әндер билер.
0-сынып-
1-сынып-
Аяз ата:
Ақша қар: өнерлерің керемет екен.
Мен балалармен ойын өткізгім келіп тұр.балар менімен ойнайсыңдар ма
Қазір менің артымнан қайталайсыңдар
-Біз көңілді балақаймыз
Ойынға да біз тоймаймыз.
Шапалақ та ұрамыз
Аяқпен де соғамыз.
Құлақты да қалқитып,
Басымызды шайқаймыз.
Ұртымызды үрлейміз
Ұялуды білмейміз.
Он, жиырма ,қырық
Түріміз біздің қызық-дегенде бәріміз қызықты түрге еніп қатып қалуларың керек.
Ең қызықты түрге енген баланы таңдап оған Аяз ата кәмпит береді.
Бірнеше рет ойнау.
Аяз Ата:
-Мына балалар тамаша ойнайды екен.Менің шаршағаным басылып өзімнің ойнағым кеп кетті.Кәне менімен ойнайсыңдар ма? Менің ойынымның шарты былай .Менің немерем Ақша қар қазір осы залға мынадай қағаздар тастайды.Мұнда әртүрлі суреттер салынған.Сендер тез-тез тек кәмпиттің суреті бар қағаздарды жинап алуларың керек.кім қанша кәмпиттің суретін жинаса, мен сонша кәмпит беремін
Ойын ойналады.
Сиқыршы:
Құрметті Аяз ата.Сіздердің Ойындарыңызға қарап мен қызығып кеттім.Мен де балалармен бір ойын ойнайыншы.
Аяз Ата:
-әрине ойна.
Сиқыршы:
-Ол үшін барлықтарың сапқа тұруларың керек..Сосын мен «Жер» десем сендер бір рет алға секіресіңдер, «Су» десем артқа секіресіңдер.кім шатасып калады ол бала ойыннан шығып отырады. Ең соңын тез әрі шатаспай секірген балаларАяз атадан кәмпит алады. Ал кәне ойнайық.
Аяз ата:
-Ал енді маған арнап дайындаған өлеңдерің мен тақпақтарың бар шығар. Мен тыңдап, кәмпитімнен берейін.
Балалар тақпақтарын айтады.
Аяз ата: Ал енді бүгінгі мерекеге баршаңыз тамаша киіммен келіпсіңдер.Сол үшін беретін сыйлығым барҚазір әрқайсысың жеке-жеке ортаға шығып не боп киінгендеріңді айтыңдар,ал мен сендерге сыйлық беремін.
Аяз ата бәрекелді, жарайсың, ой тамаша екен,қандай керемет киім сияқты марапаттау сөздерін айтып тұруы керек.
Ата-аналар дайындаған қорап кәмпиттерді тарату.
Аяз Ата:
-Қазіргі мына жаңа заманда енді әрине бәріміз фотоға түспейміз бе.Кәне менің жаныма жиналып естелікке суретке түсейік ия қызым. – деп немересіне бұрылады.
Ақша қар:
-Ия ата Бұл балалармен суретке түсіп қалайық.
Аяз ата: Балалар, өнерлерің тамаша екен, Бәрің бір-бір талант иесі екенсіңдер.Өнерлерің әрі қарай шыңдала берсін. Менің әлі баратын жерім көп, басқа да ауылдар мен қалаларда сендер сияқты балалар тосып отыр. Ақшақар екеуіміз қайтайық. Келесі жаңа жылда жолыққанша сау болыңдар!
Ақшақар: Сау болыңдар, балалар,
Аман – есен болыңдар.
Әр таңды қуанышпен
Қарсы алып тұрыңдар!
1 жүргізуші: Балалар Аяз ата мен Ақшақарды бәріміз хормен шығарып салайық!
Балалар: Сау бол Аяз ата, Сау бол Ақшақар!
(Аяз ата мен Ақшақар шығып, кетеді)
Жүргізуші:
Ән тындап, би биледік бүгін тойда,
Қалады
бүгінгі күн ойымызда.
Демалып Жаңа
жылға қадам бастық,
Жаңа жыл құтты
болсын баршамызға!
Выб
Басымызды шайқаймыз. Ұртымызды үрлейміз Ұялуды білмейміз. Он, жиырма ,қырық Түріміз біздің қызық-дегенде бәріміз қызықты түрге еніп қатып қалуларың керек. Ең қызықты түрге енген баланы таңдап оған Аяз ата кәмпит береді. Бірнеше рет ойнау. Аяз Ата: -Мына балалар тамаша ойнайды екен.Менің шаршағаным басылып өзімнің ойнағым кеп кетті.Кәне менімен ойнайсыңдар ма? Менің ойынымның шарты былай .Менің немерем Ақша қар қазір осы залға мынадай қағаздар тастайды.Мұнда әртүрлі суреттер салынған.Сендер тез-тез тек кәмпиттің суреті бар қағаздарды жинап алуларың керек.кім қанша кәмпиттің суретін жинаса, мен сонша кәмпит беремін Ойын ойналады. Сиқыршы: Құрметті Аяз ата.Сіздердің Ойындарыңызға қарап мен қызығып кеттім.Мен де балалармен бір ойын ойнайыншы. Аяз Ата: -әрине ойна. Сиқыршы: -Ол үшін барлықтарың сапқа тұруларың керек..Сосын мен «Жер» десем сендер бір рет алға секіресіңдер, «Су» десем артқа секіресіңдер.кім шатасып калады ол бала ойыннан шығып отырады. Ең соңын тез әрі шатаспай секірген балаларАяз атадан кәмпит алады. Ал кәне ойнайық. Аяз ата: -Ал енді маған арнап дайындаған өлеңдерің мен тақпақтарың бар шығар. Мен тыңдап, кәмпитімнен берейін. Балалар тақпақтарын айтады. Аяз ата: Ал енді бүгінгі мерекеге баршаңыз тамаша киіммен келіпсіңдер.Сол үшін беретін сыйлығым барҚазір әрқайсысың жеке-жеке ортаға шығып не боп киінгендеріңді айтыңдар,ал мен сендерге сыйлық беремін. Аяз ата бәрекелді, жарайсың, ой тамаша екен,қандай керемет киім сияқты марапаттау сөздерін айтып тұруы керек. Ата-аналар дайындаған қорап кәмпиттерді тарату. Аяз Ата: -Қазіргі мына жаңа заманда енді әрине бәріміз фотоға түспейміз бе.Кәне менің жаныма жиналып естелікке суретке түсейік ия қызым. – деп немересіне бұрылады. Ақша қар: -Ия ата Бұл балалармен суретке түсіп қалайық. Аяз ата: Балалар, өнерлерің тамаша екен, Бәрің бір-бір талант иесі екенсіңдер.Өнерлерің әрі қарай шыңдала берсін. Менің әлі баратын жерім көп, басқа да ауылдар мен қалаларда сендер сияқты балалар тосып отыр. Ақшақар екеуіміз қайтайық. Келесі жаңа жылда жолыққанша сау болыңдар! Ақшақар: Сау болыңдар, балалар, Аман – есен болыңдар. Әр таңды қуанышпен Қарсы алып тұрыңдар! 1 жүргізуші: Балалар Аяз ата мен Ақшақарды бәріміз хормен шығарып салайық! Балалар: Сау бол Аяз ата, Сау бол Ақшақар! (Аяз ата мен Ақшақар шығып, кетеді) Жүргізуші: Ән тындап, би биледік бүгін тойда, Қалады бүгінгі күн ойымызда. Демалып Жаңа жылға қадам бастық, Жаңа жыл құтты болсын баршамызға!
аңа
жылды қарсы
алу кешінің
жүрісі
Дауыс:
– Армысыздар, ханымдар мен мырзалар!
Көңіліміздің
керегесін кеңейтіп,
баршамызға
береке сыйлар, мерекелі кешіміздің
шымылдығын
ашуға
рұқсат
етіңіздер!
–
Ұстаз
деген құдіреттен
нәр
алған,
Әлдилеген
әрқашанда
ақ
арман.
Білімімен
озық
үлгі
көрсетіп
Бұл
балалар, келеді 3 «А» сыныптан.
–
Қошемет,
құрметті
халайық!
– Өзгелерден
бөлек
екен мәнері,
Білімі
мен ерекше екен өнері.
Думандата
шырша тойды қыздыртқан,
Бұл
жұлдыздар
келеді 3 «Б» сыныптан.
«Қуыршақтар
театрынан» көрініс
Қоян:
– Мен, қоянмын,
қоянмын,
Қорқақ
емес, ноянмын,
Шырша
тойын көруге
Ұйқымнан
ерте ояндым.
Аю:
– Мен аюмын қорбаңдаған,
Қарсы
келмес ешкім маған,
Қысқы
ұйқымды
қиып
бүгін
Ортаңызға
келіп тұрмын.
Қоян:
– Ал, аю аға,
бастайық,
Асықпайық,
саспайық!
Аю:
– Ендеше, қоян,
тұрмайық,
Шырша
жырын жырлайық!
Ән:
«Шырша жыры» (хор)
Қоян:
– Аюжан, сен қалай
ойлайсың,
бүгінгі
мереке думанымызға
жылдағыдай
мыстан
кемпір келіп, тойдың
шырқын
бұзбай
ма екен?
Аю:
– Қоянжан,
мыстаннан қорқатын
біз емес. Оның
түріне
де, сөзіне
де әбден
тойдық.
Қазір
заман өзгерді
дегендей…
Қоян:
– Я десейш-ау, сыпырғышын
сүйретеді
де жүреді,
ұша
алмайды да. Жұрт
сыпырғышын
тастап, шаңсорғыш
пайдаланғалы
қашан?!
Аю:
– Ия, түрін
айтсаңшы
оның,
шашы жалбыраған,
беті-аузы мыжырайған,
көзі
сығырайған,
тістері кетік-кетік, киімі алба-жұлба…
ха-ха (күледі).
Қоян:
– Хи-хи (күледі).
Сол
кезде мыстан кемпір келеді де, екеуін
сиқырлайды:
–
1,2,3,
Сиқырлы
күш,
Мына
екеуін лезде,
Өзгертші
тез! – дейді де, балалардың
арасына отырып алады.
Қоян:
– Туу, не айтып жатыр едім. Басым ауырып
кетті ғой…
Аю:
– Не, не, алжыған
неме,
Жасыңа
жетпей адасып,
Қалыпсың
ғой
шатасып.
Қоян:
– Аю отыр еді партада
Екі
қолы
қалтада.
«А»
дейді, «б» дейді,
«Р»-ға
тілі келмейді.
–
Ой, ой, мен не деп кеттім..
Аю: –
Жетер, енді, қоян,
Ашуыма тиме! Одан да
айт, қандай
сыйды Аяз атаға
тарту етеміз?
Қоян:
– Мен білем, не беру керектігін. Сәбіз!
Сәбізді
сыйлайық!
Өзі
дәмді,
өзі
тәтті,
өзі
пайдалы, өзі
шипалы.
Аю:
– Жоқ,
болмайды. Бал береміз. Бұл
әлемде
балдан асқан
тәтті
де дәмдісі
де жоқ.
Бал сыйлаймыз!
Қоян:
– Жоқ,
сәбіз!
Аю:
– Жоқ,
бал береміз!
Екеуі
таласып төбелеседі.
Сол кезде Ақшақар
келеді де екеуін сиқырлап
тастайды.
Ақшақар:
Ақшақар
келді міне, жеріңізге,
Тыныш
өмір
тілейді еліңізге,
Шаттық
пен нұрға
бөлеп
үйіңізді
Жайғастым
келіп міне, төріңізге.
–
Ал, балалар,жаңа
жыл құтты
болсын! Маған
дайындаған
қандай
сыйларыңыз
бар?
Ән:
Би:
Ақшақар:
– Жаңа
жылда мереке
Ойын
күлкі
асқақ
ән.
Жаңа
жылға
жаңа
кеп
Мерекені
бастаған,
Қоян
мен аюға
не болған?
–
Шырша тойында ренжісіп төбелескендері
несі? Жаңа
жылды жақсы
көңілмен
қарсы
алу керек.
Жылды
қалай
қарсы
алсаң,
сол жыл сондай көңілмен
өтеді
деген сөз
бар емес пе? (балалар мыстан кемпірдің
сиқырлағаны
туралы айтады).
Мыстан
кемпір: – Ешкімге зиянымды тигізбейін
деп өзіммен-өзім
отырғанмын.
Жылда келіп шырша тойының
шырқын
бұзудан
шаршадым. Болмайды тара
десем де, бәрібір
ешкім тыңдамайды.
Әрі
сақалды
бір шал келіп қатырып
тастайды.
Ақшақар:
– Ендеше қоян
мен аюға
неге тидіңіз?
Мыстан
кемпір: – Балалар, айтыңдаршы,
өздері
ғой
мені мазақтаған,
солай ма?
Балалар:
– Ия.Солай.
Мыстан кемпір: – Ашуыма
тиді, кешірмеймін оларды.
Ақшақар:
– Балалар, бүгін
ешкімнің
ренжуіне жол бермейміз. Солай ма?
Балалар:
-Иә.
Солай.
Ақшақар:
– Балалар, мынау не? Смайликтер. Алдағы
жаңа
жылды қандай
көңілмен
қарсы
алмақпыз?
Ендеше, осы смайликтердің
ішінен таңдап
алайық!
Бұл
бірінші
тапсырма.
Мыстан кемпір: Оо, мыналарың
керемет екен, маған
ұнады.
Менің
де осындай көңіл-күйде
болғым
келеді.
Ақшақар:
– Мыстан кемпір, енді аю мен қоянды
ретке келтіріп, ормандарына жіберсек
қалай
болады?
Мыстан
кемпір: – Ол үшін
мына қоянның
қолындағы
«Сәбіз»
сөзінен
4 сөз
кім құрап
береді? (сіз, біз, іс, із)
Мыстан
кемпір: – Ал, енді, аюдың
қолындағы
«бал» сөзін
пайдаланып ары қарай
жалғастырып
жаңа
сөздер
жасау керек. Қане,
кімдер,тез-тез құраймыз.
Мысалы: бала, балшық
т.с.с (балапан, балақай,
балақан,
балтыр, балдыр, Балқаш,
Балтық,
балғын)
Мыстан
кемпір : – Балалар, сендер, өз
білімдеріңнің
арқасында
достарыңа
көмек
бердіңдер.
Мен де сөзімде
тұрып,
мына екеуін сиқырдан
босатайын:
1,2,3
Сиқырлы
күш,
Екеуін
қайтадан,
Қалпына
келтір тез!
Қоян:
– Алақай,
алақай!
Балалар, үлкен
рахмет сендерге!
Думанды
жалғастырайық!
Ортаға
ескі жылды шақырайық!
Аю:
– Тыңдаңыздар,
тыңдаңыздар!
Өткен
жылға
ешкімнің
өкпесі
жоқ
шығар,
“Ескі жыл есіркесін, жаңа
жыл – жарылқасын”
демей ме?! Ортамызға
тарихтан өтер
“Ұлу”
жылы
келе жатқан
көрінеді.
Ескі жылымызды есімізге түсіріп,
еңсемізді
көтеріп
қарсы
алсақ,
қалай
қарайсыздар?
Ұлу
жылы: – Ассалаумағалейкум,
ағайын!
Армысыз, Ақшақар!
–
Жақсылы,
жаманды жыл болдым. Қолымнан
келген біраз шаруаны атқардым
білем. Елге олимпиадада
жеңіс
сыйладым, ЕХРО-2017 Астанамызда өтетін
болды. Мына тұрған
халық
куә,
содан сұрарсыңдар.
Әлі
де болса атқарылар
істер көп.
Соның
бәрін
жаңа
2013 жылға
аманат қылып
қалдырамын.
Ақшақар:
– Ескі жылға
арналған
әсем
әніміз
бен биіміз бар. Қабыл
алыңыз!
Ән:
Би:
Ескі
жыл: – Рахмет,балалар! Ата-ана, ұстаздарыңды
ренжітпеңіздер!
Менің
жаңа
жыл досым қайда
екен, әлі
келмей жатыр ғо.
Телефон соғып
көрейінші.
–
Алло, Жылан жылы! Қайдасың?
Дауыс:
– Бармын, бауырым, бармын!
Ескі жыл:
– Балалар, Аяз ата екеуіңізді
көп
күтіп
қалды
ғой.
Дауыс:
– Ертіп аяз атаны
Жорғалап
келем жорғалап,
Баршаңызға
арналған
Сыйлықтарды
дорбалап.
(Ескі
жыл кетіп қалады.)
Ақшақар:
– Құрметті
халайық!
Бүгінгі
Жаңа
жыл кешіне сәйгүліктерін
желдіріп, алтындатқан
шанасымен Аяз ата мен жорғалап
жылан жылымыз да келе жатыр деген хабар
алып тұрмыз.
Қоян:
– Қуаныңдар,
ағайын,
тамсаныңдар,
Сүйіншімен
маңайға
жар салыңдар.
Аю:
– Аяз ата келеді жаңа
жылмен,
Қол
соғып
қошеметпен
қарсы
алыңдар!
Хормен:
– Аяз ата, жаңа
жыл! Аяз ата! Жаңа
жыл!
Аяз
ата: – Ассалаумағалейкум,
Жыр кешкен ел,
Нарына
нарық
заман мінгескен ел.
Дәуірдің
дүрмегіне
үндескен
ел,
Тәңірдің
тылсымымен бірлескен ел.
Жаңа
жыл: – Жыл иесі жылан болам ,
Мың
шырайлы нұрға
толам.
Ырыс,
дәулет,
несібенің,
Бақ
– бастауы өзім
болам.
Қоян:
– Қанекей,
балалар, араларыңда
әнші,
биші өнерпаз
болса, Аяз Атамыз бен Жаңа
жылымыз өнерлеріңді
тамашалағысы
келіп отыр.
Ақшақар:
Аяз – Ата! Балаларға
сыйлық
әкелдіңіз
бе?
Аяз
– Ата: Әрине,
бір қап
әкелдім.
Қане,
жаңа
жыл шыршасы туралы тақпақтарды
кімдер айтып береді?
Тақпақтар.
Би:
Ән:
Қоян:-
Балалар, жаңа
жылға
қандай
тілектерің
бар?
13-оқушы:
– Қойнауы
мұнай
мен газға
толы, Боранқұл
елді мекені
көркейсін.
14-оқушы:
– Жаңа
жылда бүкіл
адамзат атаулы бақытты
болсын.
15-оқушы:
– Жас достар, қазір
ғана
табалдырығымызды
аттаған
Жаңа
жылдың
бауы берік болсын. Бұл
жылы да елімізде тыныштық
болып ырыс-құтымыз
азаймасын!
16-оқушы:
–
Жаңа
жыл әрбіріңіздің
отбасыңызға
жаңа
нұр,
жаңа
шуақ,
табыс пен береке, қуаныш
пен мереке алып келсін. Әрдайым
қажырлы
қайратыңыздан
күш,
жылы жүздеріңізден
нұр
кетпесін. Жаңа
жыл баршамыз үшін
берекелі, мерекелі жыл болсын.
17-оқушы:
– Жаңа
жыл Сіздер үшін
зор жетістіктерге қол
жететін, ой-мақсаттар
жүзеге
асатын, арман-үміттер
ақталатын
жыл болсын. Сіздерге зор денсаулық,
молшылық
пен бақыт
тілеймін.
18-оқушы:
– Жаңа
жыл құтты
болсын! Бақ-береке,
мол ырыс-дәулет
әкелсін!
Ертегіге елітер
осы ғажайып
кезеңде
барлық
асыл армандарыңыз
орындалсын! Жаңа
жыл түні
өзінің
сиқырлы
әсерімен
Сізді қуанышқа
бөлеп,
алдағы
жылыңызға
шат-шадыман сәттер,
жаңа
мүмкіндіктер
сыйласын!
19-оқушы:
– Жаңа
жыл – жаңа
қадам,
жаңа
бағыт,
Болашақ
сыйлайтындай
жаңа
бақыт.
Жақсылықтың
белгісі, жаңа
уақыт,
Келіп,
міне, жатырмыз, қауқылдасып…
Бірге соғып
бар әлемнің
сағаттары,
Он
екіні күтер,
қалмай,
тағаттары,-
Ғасырдың
он екінші жылы келді,
Құстай
ұшып,
қырау
шалған
қанаттары!
Құтты
болсын Жаңа
жыл,
барша қауым,
Құтқа
орансын кең
байтақ
дархан елім.
Қазақтың
пейіліне тарту етсін,
Табиғат
ашық
аспан, таң
шапағын!
20-оқушы:
– Өкпе
жоқ
ескі жылға
денсаулықпен,
Жеткізген
жаңа
жылға
аман-есен.
Ескі
жыл алып қал!
– деп ауырлықты,
Тілейік
жаңа
жылдан жақсылықты.
Жаңа
жыл алып келсін бәрімізге,
Алдымен
бірінші боп денсаулықты.
Содан
соң
бірлік, тату, тәттілікті,
Қайғысыз
жақсы
іс пен сәттілікті.
21-оқушы:
– Бұрқылдап
шығып
жатқан
жақсылықтың,
Жаңа
жыл қайнар
бұлақ
көзі
болсын.
Көрсетпей
ешбір бетін жамандықтың,
Ұялап
әрбір
үйге
бақыт
қонсын.
Ел
тыныш, бала-шаға
аман болып,
Дос-жаран,
ағайынмен
орта толсын.
Қуаныш
әкелетін
әрбір
жанға,
Жаңа
жыл, ағайындар,
ҚҰТТЫ
БОЛСЫН!!!
Жаңа
жыл: – Балалар, менің
әкелген
үш
жұмбағым
бар. Шеше аласыңдар
ма?
– Қысы-жазы
суға
толы. Ол не?
Жалмауыз
кемпір алдына шығып:
– Мен білемін. Ол горшок !
Бәрі
күледі.
Жаңа
жыл: – Таппадың,
ол құдық.
–
Қыста
ақ,
жазда сұр,
Бұл
не?
Балалар:
– Қоян.
Жаңа
жыл: – Қыс
бойына жатады,
Тәтті
ұйқыға
батады.
Бұл
не?
Балалар:
– Аю.
Ақшақар:
– Ендеше, бүгінгі
кешімізді жүргізуге
көмектескен
аю мен қоянға,
мыстан кемпірге үлкен
рахмет айтамыз! Келесі жылы бұдан
да қызықты
думанда кездескенше сау-саламатта
болайық!
Осымен
шырша тойы аяқталды.
Басқада жаңа жылдық сценарийлер:
Жаңа жыл сценарий бастауыш сынып 2014-2015
Жаңа жыл сценарий балабақша 2013-2014
Жаңа жыл сценарий қазақша 2014-2015(Жасыл шырша жанында!!!)
Жаңа жыл ертеңгілігі балабақшада сценарий
Жаңа жылдық сценарий қазақша 2014-2015(Қош келдің,жаңа жыл)
Жаңа жылға арналған сценарий 2013-2014

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген