Жаңа жылдық ертегі

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Жаңа жылдық ертегі

Материал туралы қысқаша түсінік
Балабақша педагогтарына
Материалдың қысқаша нұсқасы

«Жаңа жылдық ертегі»


Мақсаты: балаларға мерекелік көңіл күй сыйлау, ертегі желісі арқылы ойлау, сөйлеу, қиялдау, қабылдау қабілеттерін дамыту, шығармашылыққа баулу. Ата анамен бірлесе отырып балаларды араласу, емін еркін сөйлеу, би өнерін жаңғырту.
Мерекеге сай әсем безендірілген зал. Ортада жаңа жылдық шырша. Залда тек ата

аналар. Балалар мерекелік киімдерімен басқа топта отырады. Сыртқы есіктен таласа тармаса Бим және Бом атты сайқымазақтар кіреді.

Бим: Мен үлкенмін, мен кіруім керек алдымен

Бом: Сен дәусің бірінші кішіні жіберу керек

Клоундар музыкасы ойналады. Кіре берісте тұрып арпалысып, топқа кіреді.

Бом: Бим мына жерге дұрыс келдікпе? Ешқандай мерекенің иісі де жоқ қой

Бим: Шырша тұр, жылтырақтар бар не керек енді?

Бом: Еееей хатты оқы дұрыстап бізді үлкендер емес балалар шақырған

Бим: Қазір оқиын. Құлан ауылы, Жанерке балабақшасы осы ма?

Ата аналар: Ия

Бим: Міне дұрыс. Ал, балалар қайда?

(Ата аналар күледі)

Бом: Менің ойымша олар жасырынып қалды Кеттік іздейміз (Клоундар музыкасы қойылады Бим мен Бом шкавтар мен сөрелерді ашып қарап келесі топқа барады

Бом: Ура таптық.

Бим: Мен қазір саған қалай амандасу керектігін көрсетемін Сен қайтала.

Бом: Жарайды

Бим: Бұл өте оңай Сәлеметсіздерме балалар! (Қатты басын иеді)

Бом: Бұл өте оңай Сәлеметсіздерме балалар! (Қатты басын иеді)

Бим жаймен құлағына сыбырлайды: Бұл өте оңайды айтудың қажеті жоқ Тек қана Сәлеметсіңдерме балалар!

Бом: Бұл өте оңайды айтудың қажеті жоқ Тек қана Сәлеметсіздерме балалар!

Бим ашуланып: Сен түсінбейсіңбе? Жай ғана амандас. Сәлеметсіңдерме балалар!

Бом: Сен маған дұрыс үйретпейсің, ұрысасың. Жылайды

Бим: Жарайды, екеуміз бірге амандасайық Сәлеметсіңдерме балалар!

Бом: Жаңа жылдарыңмен. Балалар мерекені бастаймызба?

Балалар: Ия

Бим мен Бом: Олай болса жүріңдер!

Шырша жыры ойналады. Балалар қол ұстасып безендірілген залға кіреді. Қосылып шырша жырын айтады.

Бом: Балалар бүгін бізді не үшін шақырдыңдар,

Бим: Ал келе жатқан жылдың қай жыл екенін кім біледі?

Бом: Қараңдаршы қандай әсем шыршамыз. Қанша ойыншықтар, әдемі жарқыраған шамдар ілінген. Бірақ шамдарымыз жанбай тұр. Неге екен.

Бим: Кәне бәріміз тақпақ айтып берейік.

Бәрі: Қуант, бізді, таңырқат
Шамдарыңды жарқырат! 3 рет
(Шырша шамы жанады, «Алақайлап» қол соғады)

Телефон шырылдайды

Бом: Мен аламын

Бим:Жоқ мен аламын

Бом: Мен аламын

Бим: Ия бұл кім екен, Ооо сәлеметсізбе тауық ханым, келіп қалдыңыздарма? Жарайды күтеміз.

Шөжелерім биі

Тауық ханым: Міне балалар бүгін сіздермен қоштасуға келдік. Ақылды балалар болып жүріңдер. Енді сендермен мектеп қабырғасында кездесеміз. Сау болыңдар!

«Аңдар биі»

Бим: Керметін ай, Сендер қайдан келесіңде?

Аңдар: Бізді Аяз ата жіберген Шырша әкеле жатқанбыз,

Бом: Сосын?

Бим: Шырша қайда? Қайда жасырып қойдыңдар? Қане Қане? (Балдарды тінтіп шығады)

Аңдар: Біз оны жолда жоғалтып алдық, Аяз ата ренжитін болды.

Бом: Тоқтаңдар біз қазір аяз атаны шақырып алайық.Ол өзі де бізге түсіндірсін.

Барлығы: Аяз ата!

Аяз ата келіп амандасып қарша қызды жоғалтып алғанын айтады. Балалар енді қаршақызды шақырады. Топқа қарша қызбын деп Мыстанның қызы келеді.

Бим: Сен Қаршақыз болсаң дәлелде Ақшақар биін билеп көрсет.

Өтірік қарша қыз билеп бастап құлайды жылап сыртқа шығып кетеді.

Санта клаус биі

Шырша биі

Бим: Аяз ата неге көңіл күйіңіз жоқ

Бом: Біздің кеш ұнамай жатырма?

Аяз ата: Бәрі жақсы тек қызымды сағынып отырмын.

Бим: Ой Аяз ата ұмытып кетіппін. Ақшақар қызды көңілді аңдар тауып алыпты. Қазір келіп қалу керек. Біз қазір сізге керемет ән айтамыз, ал сіз бізге сыйлықтарыңызды берсеңіз болады. (күледі)

Бом: Менде айтамын мағанда сыйлық керек

Бим: Тух жағаласпашы

Бом: Сен жағаласпа, Мағанда сыйлық керек.

Аяз ата: Барлығыңа да жетеді

Ән «Шырша жыры»

Барлығы: Ақшақар, АқшақарАқшақар

Көңілді музыкамен ақшақарлар кіреді.

Ақшақарлар биі

Ақшақар: Сәлеметсіңдерме балалар! Мен сендерге де жеттім ау.

Жолда Мыстан мені ұстап алып, мерекеге жібермеймін деді. Көңілді аңдарға көп рахмет. Мыстаннан құтқарды.

Жел дауыл тұрады Топқа мыстан кемпір мен қызы келеді

Мыстан : Кане қызым, кім саған тиіскен

Қызы: Мыналар

Бим мен Бом Аяз атаның артына тығылады.

Аяз ата: Әй жалмауыз сен әлі ұрсудан адамдарды ренжітуден шаршамадыңба? Мерекенің шырқын бұзба

Мыстан: Мен қазір бар ғой барлғыңды сиқырлап құрбақаға айналдырамын.

Телефон шырылдайды

Бим мен Бом тағы телефонға таласады.

Бом: Алло бұл кім екен (біраз тыңдап болып тұтқаны қояды) Балалар, Аяз ата, жаңа жыл келе жатыр Естисіңдерме Олар жақындап қалды (Иттердің дауысы шығады)

Мыстан: Ойбай мынау ит қой келе жатқан Қаштық (Қызының қолынан жетектеп қашады Топқа кірген күшіктер оларды шыршаны айналдыра қуып би билейді)

Күшіктер биі

Мыстан мен қызы топтың есігінен сығалап тұрады

Аяз ата: Балалар билерің керемет екен, енді араларыңда тақпақ өлең айтатын балалар барма?

Тақпақтар

Аяулым:

Тамаша, тамаша,

Шыршамыз тұр жараса.

Басында әсем жұлдызы,

Көз тоймайды қараса.


Аруна:

Жасыл шырша орманнан,

Бізге арнайы келіпті.

Ойыншығын балалар,

Шыршаға әсем іліпті.

Аружан:

 Жүзімізде күлкі ойнап

Қанаттанды жанымыз

Жаңа жылды біз тойлап

Шаттананамыз бәріміз.

Қанат: 

Жүрекке нұрлы жыр құйып

Жаңа жыл тағы келдіңбе?

Жеткендей шыңға бір биік

Қуанғанымды көрдіңбе

Айсель:

 Жаңа жыл,жаңа жыл

Жаңа жылда жаңа жыр

Жасыл шырша жанында

Билеп барлық бала жүр.

Бекнұр:

Тамаша,тамаша

Шыршамыз тұр жараса

Басында әсем жұлдызы

Көз тоймайды қараса

Мыстан мен қызы Аяз атадан кешірім сұрап, өнерін көрсетеді.

Бим: Құрметті балалар, енді жаңа жылдың ең қызықты сәті келіп жетті.

Бом: Мен білемін Ол сыйлықтар. Бірінші маған

Бим: Тоқта. Бірінші балаларға беріп алайықта

Бом: Маған жетпей қалмайма?

Аяз ата: Барлығыңа жетеді.

Сыйлықтар тарату Қоштасу

Бим: Құрметті қонақтар, балалар! Міне мерекемізде аяқталуға жақындады. Бірақ бұл соңы емес. Сздерді әлі талай ертегі күтеді.

Осындай керемет өтуге ат салысып жүрген ата - аналар, әріптестер сіздерге де мың алғыс! Көріп тамашалағандарыңа рахмет. Жаңа жыл құтты болсын, отбастарыңызға тек бақыт пен қуаныш әкелсін!!!



Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
22.12.2017
612
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі