400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 19 материал табылды

Жаңа жылдық ертегі. Бастауыш сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
Жаңа жылдық мерекені қызықты, рольдік ойындар арқылы сомдап өткізу оқушылардың қызығушылықтарын оятады.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Жаңа Жылдық ертегі

Мақсаты: Балалардың қыс туралы түсініктерін қеңейтіп,жыл мезгілдерінің ерекшелігін аңықтауға,көргендерін дұрыс баяндауға,байланыстырып сөйлеуге баулу,көркемділік талғамын,ой қиялын дамыту.



Жүргізуші: Балалар,қараңдаршы ортада әсем шырша,сендерде әдемі киінгенсіңдер, қоңақтарда жиналған,айтыңдаршы балалар бүгін бізде қандай мереке?

Балалар: Жаңа жыл!

Жүргізуші: Дұрыс айтасыңдар балалар,олай болса, Жаңа жылды қарсы алуға бәрің дайынсыңдар ма?

Балалар: Иә! :

Жүргізуші: Құрметті достар! Бізге жақсылықтарымен толы болған. Доңыз жылын шығарып салайық.


О, халайық, жараңдар.

Қилы-қилы заман бар.

Доңыз жылы әне жылыстап,

Кетіп барады қараңдар.

О, халайық, халайық.

Қош айтысып қалайық!

Доңыз: Сәлеметсіңдер ме қонақтар

Мен сендермен бір жыл бірге болдым. Жақсылықтар көрдім, марқайдым. Жеңістер көріп, шаттандым. Ырзамын бәріне.


.Қуанышты ортамыз сазға ұласқан

Тілегім болсын мәңгі ашық аспан

2020 жылы қадам басқан

Гүлденіп көркейе бер, Қазақстан.!

Келесі жыл бастауын Тышқанға беремін.


Жүргізуші: Мінеки балалар, табалдырығымызды тышқан жылы аттағалы отыр. Жаңа жылдан бәріміз көп қуаныш, жақсылық күтеміз. Жаңа жылды ортаға алып, Аяз Ата мен Ақшақар келеді. Ендеше, жаңа жылымыз тышқанды және Аяз Ата мен Ақшақарды қарсы алайық.

( музыкамен Жаңа жыл келеді)

Тышқан: Сәлеметсіздер ме? Кешіккен жоқпын ба? Мен сондай асықтым, сондай жүгірдім. Кешігем деп қатты қорықтым.Менің ең жақсы қасиетім – шапшаңдығым.

Мен келген жаңа жылмын

Жаңа бақыт, жаңа нұрмын

Сендерді мерекемен

Құттықтауға келіп тұрмын

Мен дағы бір қонақпын

Он екі жылда оралар

Үлкендерге ақ ниет

Сіздерге де ақ ниет.

Сіздерге мың рахмет.


Жүргізуші: Ар бол, Жаңа жыл!

Бар бол, Жаңа жыл.

Қадамың құтты болсын, Жаңа жыл.

Бейбітшілік жылы бол, Жаңа жыл.


Жаңа жыл, келген қадамыңа нұр бітсін! Жақсы жыл бол, дария нұр бол, Жаңа жыл! Құт-береке жылы бол, Жаңа жыл.


Аяз: Балаларым, балғыным

Өмір гүлім шалғыным

Тілейтінім-жыл бойы

Сендердің денсаулығың!

Жаңа жылдарың құтты болсын, қарақтарым. Асу-асу бел асып, асқар-асқар тау асып, өздеріңе әрең жеттім-ау!

Жүргізуші: Аяз ата, ақшақар! Жаңа жылымызға қош келдіңіз, біздің балаларымыздың өнерін тамашалаңыздар. Біздің балалар сіздерді сағына күтіп отыр. Ой, балалар, сендердің шыршаларыңның шамы жанбапты ғой, кәне шыршамыздың шамын жағайық. Ол үшін бәріміз сиқырлы сөзді айтайық.

1-2-3, шырша шамы жана түс! (Бәрі айтады)

Аяз: Мінеки шыршамыздың шамы жанып, көңілі көтерілді.

Жүргізуші: Ендеше, әсем шыршамызға арнап ән шырқайық.

Ән «Шырша әнге қосылшы »

Жүргізуші: Аяз ата! Сіз алыс жолдан шаршаған боларсыз, сәл тынығып, жайғасып отырыңыз.

Ақшақар:

Жаңа жылдың таңы неткен арайлы,

Ақ мамық орап алды маңайды.

Армысыңдар, халайық,

Бармысыңдар, халайық,

Жаңа жылды жұп жазбай,

Бірге қарсы алайық!

Ән «Жаңа жыл» 2-сынып



Жүргізуші: Қош келдің жаңа жыл! Төрімізден орын ал. Енді жыл бойы біз сенімен бірге боламыз. Өзіңе арнаған жаңа жылдық тақпақтарымызды қабыл ал.

Мансұр:

Жүрекке нұрлы жыр құйып

Жаңа жыл тағы келдің бе

Жеткендей шынға бір биік

Қуанғанымды көрдің бе?

Шаттыққа тағы бөленіп.

Шырқайық бейбіт күн әнін

Шыршаны қоршай айнала.

Жағайық бейбіт шырағын.

Бейбарыс:

Жаңа жыл,Жаңа жыл!

Қош келдің тағы да,

Дайындап жаңа жыр

Біз күттік сағына

Шыңғыс

Жаңа жыл – жаңа қадам, жаңа бағыт,

Болашақ сыйлайтындай жаңа бақыт.

Жақсылықтың белгісі, жаңа уақыт,

Келіп, міне, жатырмыз, қауқылдасып...

Анар

Бірге соғып бар әлемнің сағаттары,

Он екіні күтер, қалмай, тағаттары,-

Ғасырдың жиырмасыншы жылы келді,

Құстай ұшып, қырау шалған қанаттары!

Керей

Құтты болсын Жаңа жыл, барша қауым,

Құтқа орансын кең байтақ дархан елім.

Қазақтың пейіліне тарту етсін,

Табиғат ашық аспан, таң шапағын!


Сымбат

Тілеймін мен бар әлемге

Дос коп болсын жана жыл.

Ата-әже,Әке-шеше

Құтты болсын Жаңа жыл.

Жаңа жылым мол болсын

Басқан қадам оң болсын

Төрле,төрле Жаңа жыл

Бізге құтты жыл болсын!

Самал

Жаңа жыл да келді міне!


Кең байтақ менің жеріме.


Шаттыққа бөлеп әр үйді,


Шыға ғой менің төріме.

Беклан

Бүгін бізде Жаңа жыл,

Қош келіпсіз шыршаға,

Жаңа жылда көңілді,

Шырқалады әніміз.

Ата-аналар сіздерді,

Құттықтаймыз бәріміз!

Би «Микки Мааус»

!! «Ертегілер әлемі

Жүргізуші: Ендеше, балалар, бауырсақ ертегісін айтып бастайық. Бір күні ата мен әже болыпты. Ата мен әже Жаңа жыл мерекесіне арнап бауырсақ пісіріпті. Бауырсақты суыту үшін оны терезе алдына қойыпты. Бауырсақ домалап жаңа жыл мерекесін тойлауға достар іздеп кетіпті.

Ата: Қымбатты балалар менің тентек немеремді көрмедіңдер ме? Тағы үйден кетіп қалыпты . Қайдан тапсақ екен?

Әже:

Әй, томпағым ай!

Қайда кеттің екен домалап?

Қызық көрем деп бәрін аралап.

Ән Қайда? / Ерке Есмахан «Қайда» әнінің әуеніне салып/

Бауырсақ

Мен Бауырсақпын бауырсақпын

Жаңа түскен майға піскен

Ақылды атам бар

Данагөй әжем бар

Мерекеге барамын

Жаңа жылды қарсы аламын

Бауырсақ әні

Қоян:

Салем достар!

Мен қоянмын бауырмал

Көріп мені танып ал

Ақша қардай тоным бар

Маған қарап таңданар

-Бауырсақ, бауырсақ, қайда бара жатырсың?

Бауырсақ: Жаңа жыл мерекесін қарсы алуға дос іздеп келе жатырмын.

Қоян: Ендеше, біздерді жаңа жыл мерекесіне ала кетші, дос болайық.

Бауырсақ: Сенің қандай өнерің бар?

Қоян: Менің өнерлі көжектерім « Ақ қоян » биін билеп берсін.

Жүргізуші: Бауырсақ тағы да жолға шығады. Домалап, домалап, қасқырға кездеседі.

Қасқыр:

Мен қасқырмын қасқырмын

Елгезек те тапқырмын

Жаманға еш баспаймын

Жақсы істі бастаймын

Қасқыр: Бауырсақ, бауырсақ, қайда бара жатырсың?

Бауырсақ: Жаңа жыл мерекесін қарсы алуға дос іздеп келе жатырмын.

Қасқыр: Ендеше, біздерді жаңа жыл мерекесіне ала кетші, дос болайық.

Бауырсақ: Сенің қандай өнерің бар?

Қасқыр: Менің кішкентай достарым бар, солардың әнін тыңлдайық.

Ән 1-сынып

Жүргізуші: Бауырсақ тағы да жолға шығады. Домалап, домалап, бір үйге кездеседі.

Жүргізуші: Қоянжан, сізге не болды? Соншама неге шошып кеттіңіз?

Қоян: Мына үйшіктен бір дауыс естіледі. Тыңдаңдаршы.

Жүргізуші: Иә, расымен де біреу қорылдап жатқан сияқты. Бұл өзі кімнің үйі болды екен ә? Кірген-шыққан із көрінбейді.

Қоян: Онда жақынырақ барып көрейік, бұл үйде кім тұрады екен? (екеуі тыңдайды, қорылдаған дыбыс естіледі, олар есікті қағады)

(Үйшіктен ұйқылы-ояу аю шығады)

Ее, бұл аюдың үйі екен ғой.

Аю: Бұл не қылған тыпыр-тыпыр, не шу? Мені ұйқымнан ояттыңдар ғой.

Жүргізуші: Сені ұйқыңнан оятып жіберсек ренжіме. Біз шырша тойын тойлатып отырмыз. Бізге жаңа жылымыз тышқан да келеді. Енді Аяз ата мен Ақшақарды сағына күтіп отырмыз.

Аю: Жаңа жыл дейсіңдер ме, жаңа жыл деген не? Аяз ата деген кім?

Қоян: Балалар, аю жаңа жылдың не екенін білмейді екен.

Жүргізуші: Әрине, ол қайдан білсін? Үнемі қыста тәтті ұйқыда жатады ғой.

Онда мен айтып түсіндірейін. Аю аға! Жаңа жылда балалар бір жасқа өседі, ал біз ортамызға сәнді шырша құрып оны безендіреміз. Осы шырша мерекесіне Аяз ата мен Ақшақар келеді. Өнер көрсеткен балаларға сыйлық береді. Жаңа жыл деген осы Аюжан.

Аю: Мен қысқы ұйқыда жатқанда сендер керемет мерекені тойлайды екенсіңдер ғой.

Жүргізуші: Аю ағасы! Сен оған ренжіме. Аюлар қыстың ұзақ күндерін ұйқыда өткізеді емес пе, ақыры оянып кеткен екенсің, кел мерекені бірге тойлайық.

Аю: Мен әлі ұйқымды аша алмай тұрмын.

Жүргізуші: Кәне, балалар аюдың ұйқысын ашып «Жаңа жыл» биін тамашалайық.

Би Жаңа жыл 1-4-сынып

Аю: Ооо, міне енді ұйқым шайдай ашылды. Аяз ата деген өзі қандай болады? Жаңа жыл деген керемет мереке екен ғой. Балалардың өнерін көріп өте риза болдым..

Жүргізуші: Бірге тойлайық мерекені Аюжан .Сонда көре жатырсың .

Бауырсақ домалап әрі кетеді. Алдынан Түлкі кездеседі.

Бауырсақ: Тимеші маған, Түлкіжан,Жемеші мені, Мерекеге барайық Менімен дос болшы

Түлкі: Мен Түлкімін,Түлкімін

Қоянжанға түрпімін.

Жаңа жылға барамын.

Асыр салып, би билеп,

Қошеметке қаламын.

Түлкі: Не деген том-томпақсың.Сені жеп қойсам ба екен?

Бауырсақ: Жемеші,Түлкі.Мен сені достарыммен бірге Мерекені тойлауға шақырамын.

Жүргізуші: Иә,Түлкі, жаңа жыл шыршасына барайық, кел бірге тойлайық, одан да көңіл көтерейік.

Жүргізуші: Бауырсақ осылайша достарымен Жаңа жыл мерекесіне келеді.

Өзбек биі Айшанұр

Жаңа жылдарыңмен достар!

Шанамызға мінейік Ақшақар.Алда барар ауыл бар, Жыл қуантсын баршаны.

Ақшақар: Жаңа жылда сіздердің барлығыңызға жақсылық тілеймін.

Барлығы: Қош бол, Аяз ата, Ақшақар! Аяз ата, Ақшақар!

Ән «Аяз Ата»

Би «Мадагаскар»



Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
2 ұстаз жүктеп алған
16 ақпан
717
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі