Жаңа жылдық ертегі “Күлше қыздың жаңа жылдық сауық-кешіне баруы”

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Жаңа жылдық ертегі “Күлше қыздың жаңа жылдық сауық-кешіне баруы”

Материал туралы қысқаша түсінік
Балабақшадағы мектепалды топтарына арналған жаңа жылдық мерекелік іс-шара
Материалдың қысқаша нұсқасы

ЖАҢА ЖЫЛДЫҚ ЕРТЕГІ  

«КҮЛШЕ ҚЫЗДЫҢ САУЫҚ КЕШІНЕ БАРУЫ»

Балалар көңілді әуенмен, қолдарында жарық шамдарымен залға кіреді «Жаңа жыл!» әнімен

Жүргізуші: Жаңа жылдың таңы неткен арайлы

Ақ мамыққа бөлеп алды маңайды

Жаңа жылмен құттықтаймын деген үн

Қанаттана кең алқапқа тарайды.       

Келді тағы жаңа жыл       

Қуантумен біздерді       

Құтты болсын қуаныш       

Құттықтаймыз сіздерді.

Жаңа – жылдық тақпақтар

_________: Алатаудың шыршасы,

Ортада тұр нұрланып

Ән-күйіңді шырқашы

Баста биді ырғалып



_________:Жасыл желек жамылған

Асыл моншақ тағынған

Міне сұлу шыршамыз

Көптен күтіп сағынған



__________: Жаңа жылым жол болсын

Басқан қадам оң болсын

Төрлет-2рет Жаңа жыл

Бізге құтты жыл болсын!



__________: Әдейілеп біз ілген,

Ойыншықтар тізілген

Қандай әсем шыршамыз

Кел шырқайық баршамыз.



__________: Аспан жерге төгеді

Ақ күмісін уыстап

Жаңа жыл да келеді

Бізге қарай жылыстап.



__________: Алақай, алақай

Сәнді сарай залында

Жасыл шырша жанында

Жаңа жылды қарсы алып,

Би билейік ән салып



__________: Жасыл шырша жанында

Көңілдіміз бәріміз

Ән салуға, би билеуге

Біз қашанда дайынбыз.

Ән: «Шырша жыры»

(Балалар орындарына отырады, Ортаға екі Ергежейлі шығады)

1 ергежейлі: Біз сүйкімді ергежейлі,

Орманда біз тұрамыз,

Біз сүйкімді ергежейлі

Ертегіні бастаймыз.  

2 ергежейлі:  Сыйқырлы біз әлемненбіз

Ертегіні айтамыз біз

Мейірімді ханымыз жар салады

Баршаңызға, жар іздеуге ханзадаға

(Ергежейлілер шығып кетіп, ортаға күлшеқыз кіреді.

Күлшеқыз қолында сыпырғысымен айналаны сыпырып жүреді.

(Өгей шешесі кіреді.)

Өгей шешесі:  Күлшеқыз бері кел!  (аяғымен жерді ұрып, қатал дауыспен)

(Әуен естіліп есіктен қолында қағазы бар ергежейлі кіреді.)

Ергежейлі (оқиды) : Қайырлы күн!

-Жаңа жылдық ойын - сауық кешіне шақырамыз.

Барлық қыздар қауымын.

Ханымыз солай бұйырды. (Ергежейлі хатты тапсырып, басын иіп кетеді)

Ө.Ш: Рахмет, өте қуаныштымыз.  Міндетті түрде барамыз.

Күлше қыз киім дайында, ойын сауық кешіне үшеуіміз бірге барамыз. (Екі қызы ортаға шығып)

Күлше қыз: Ооо, мен де кешке барамын!

1 қыз: Патшамыз сені күтіп отыр дейсің бе? !

2 қыз: Сендей кір қожалақтарды шақырған жоқ! (Күлше қызды мазақтап Өгей шешемен залдан шығып кетеді)

Күлше қыз:  (Мұңайып отырып)

Онда қандай көңілді

Шам шырықтар жағылған,

Барлық қыздар билейді

Ханзадамен қызықтап.

(Ө.Ш. қолында екі шелегі бар ортаға шығады, (екі шелекте екі түрлі зат болады))

Ө.Ш:   Мен саған тапсырма ойлап таптым, біз кештен келгенше мыналарды жинақта! (Еденге шелектегіні төгіп тастайды.)

Күлше қыз: (басын ұстап): Не істеймін енді, мынаны қалай жинап үлгерем? Жүргізуші:  Балалар, күлше қызға біз көмектесеміз бе?

Балалар:  Иә, әрине!

Жұмыстан біз қашпаймыз,

Бәрін жинап тастаймыз!

Ойын:  "Бұршақтарды жинақтау".

(балалар ойнап жатқанда Күлше қыз орындыққа отырады, Ө.Ш ортаға шығады)

Ө.Ш: Қыздарым менің әдемі!

Сұлулықтың әлемі  

Ойын сауық кешінде

Боласыңдар сендер әдемі (Ортаға екі қыздары шығып шешелерінің қолынан ұстап шырша артына кетеді)  

Ортаға патша мен ханзада шығады

Ханзада:  Ойын сауық кештерің

Көңілсіз болды мен үшін (есінеп)

Патша: Ұлым жан – жағыңа қарашы,

Бәрі  қандай тамаша.

Көңіл көтер жараса.

Би: «Ергежейлілер»  (Ұлдар)

Ханзада:  Қызықты нәрсе табыңдар!

Білмеймін мен ештеңе-

Ортаға Өгей шеше мен қыздары кіреді

Ө.Ш: Мәртебелі патшамыз,

қонақтарды қарсы алып,

ортаға бері шығыңыз,

Би билейік, ән салып.

Ән: «Қоян, қасқыр, түлкіміз!»

Барлығы орындарына жайғасады

(Күлше қыз ортаға шығып жылайды) көңілсіз әуен ойнап тұрады.

(Ортаға  фея шығады қолында сыйқырлы таяғы бар)

Күлше қыз: Сәлем бердім сізге мен

Келгеніңе қуанып

Фея:  Жылама қызым  жылыма,

Жақсылықтың бәрі алда

Орындалып арманың

Сенде кешке барарсың.  

Күлше қыз: Бәрінде сіз білесіз.

Фея: Қолымнан келеріде көп!

Күлше қыз: Қандай ғажапсыз, бірақ мен ойын-сауық кешіне кір көйлекпен қалай барамын?

Фея: Аймен жұлдыз жарығы

Жол көрсетер сендерге

Құпия сиқыр таяғы

Көмекке келер біздерге (сиқырлы таяғымен сермейді, жарық өшіп, қолдарына сиқырлы таяқшаларын ұстаған феялар шығып күлше қызды ортаға алып айналдырып, қолынан ұстап, шырша артына алып кетедіде, әдемі киіндіріп алып шығады.)

Күлшеқыз киімін ауыстырып жатқанда, фея: қандай әдемі балалар, қандай мереке болып жатыр екен мұнда?

Жүргізуші: Мұнда жаңа жыл мерекесін тойлап жатыр балалар, бізге шыршамыздығ шамдарын жағуға көмектесесізбе?

Фея: Әрине, Менің сиқырлы таяғыммен жағып көрейік барлығымыз иә, балалар!

Олай болса барлығымыз бірге мына сөзді айтайық:

Жаңа жылым таңырқат,

Шамдарыңды жарқырат – 2 рет

Шырша шамдары жанады, ортаға Күлше қызды 2 фея алып шығады

Фея: Тыңда қызым бері қара

Айтар сөзім бар саған

Сағат тілі он екіні соққанда

Сиқыр күші жоғалар!

Күлше қыз: Рахмет сізге, бәрінде түсіндім. (Фея мен күлше қыз қоштасып шырша артына кетеді. )

Дауыс: Аттың дүбірі естіледі

(Күлше қыз кіреді)

Патша: Бұл недеген бейбастық

Тағы қонақ келгенбе?

Танымайтын ханшайым

Қайдан келдің қайжақтан.?

Қандай өнерің бар?

Күлше қыз: Мен құрбыларыммен бірге осы кешті қызықтау үшін алыстан келдім, және біз жаңа жыл мерекесіне арнайы ән дайындап келдік, орындап берейік сол әнімізді.

Ән: «Құтты болсын, Жаңа жыл!» (Айша,Назым,Амира)

Ханзада: Келгеніңе қуанып

Көтерілді көңілім.

Бейтаныс қыз қолыңды бер

Кел бейлейік танысып. (Ханзада мен күлше қыз билейді, жеңіл қимылдармен)

Ханзада: Мен сіздің осы сарайда қалғаныңызды қалаймын.

Күлше қыз: Бұл кешті мен ұмытпаймын,

Бірақ мұнда қала алмаймын. (әуенмен сағат тілі он екіні соғады)

Күлше қыз: Ханзада қош болыңыз!

(Күлше қыз кетіп бара жатқанда оны аяз ата мен ақшақар  тоқтатып алады)

Әуенмен Аяз ата мен Ақшақар кіріп келеді ортаға

Аяз ата: Тоқта, ботам, асықпа

Бүгінгі кеш ерекше,

Бәріміз қарысы алайық 

Жаңа  жылды ерекше!

Ақша қар: Айтқан тілек жаңа жылда,

Орындалар әрқашан

Тілек тілеп әрқайсымыз

Жаңа жылды тойлайық

Күлше қыз: Жаңа жыл да келіп қалды,

Тілек тілер уақыт болды.  

Аяз ата: Армысыңдар жарандар

Атқан таңға қараңдар

Шуағын шашып алтын күн

Жаңа жылмен құттықтап

Келіп жеттім алыстан

Қуаныштымын мен бүгін.

Бұл жерде не айқай шу болып жатыр? Не болды? Кім ренжіткен Күлше қызды?

Өгей шешесі мен қыздары: Аяз ата бізді кешіріңіз! Енді біз адал, мейірімді боламыз. (Деп жалбарынып, кешірім сұрайды)

Ақша қар:  Балалар, кешіреміз бе?

Балалар: Ия, кешірейік!  

1 ергежейлі: Біздің ойын сауық кешімізді татулықпен жалғастырайық

2 ергежейлі: Аяз ата Ақшақар бізге қонақ болыңыздар!

Аяз ата: Қызық дәурен тез өтуде қарасам

Қыза берсін жаңа жылдық тамаша

Қаршақыз: Билейміз деп бұралып

Қыздар тұр міне сұранып

Би: «Ертегі ханшайымдары» (Феялар)

Тақпақтар: (Аяз ата туралы)

___________: Әлде қарлы боранды

Тау басынан түсті ме?

Аяз ата оралды

Ақ тон киіп үстіне

__________: Ақ қырауға малынған

Сақалы да мұрты да

Аяз ата сағынған

Сәлем берді жұртына!

____________: Тамаша, тамаша!

Шыршамыз тұр жараса

Басында әсем жұлдызы

Көз тоймайды қараса

__________: Кел, кел, Жаңа жыл

Шырқап, щырқап бала жүр

___________: Жаңа жыл-2рет

Жаңа жылда жаңа жыр

Жасыл шырша жанында

Жадырап бар бала жүр

Жүргізуші: Балаларымыздың орындауындағы әнді қабыл алыңыздар Аяз ата, Ақшақар! Олай болса, балалар, көптен күтіп, айтуға асыққан әнімізді аяз атамен ақшақарға  арнап шырқап берейік.

Ән: «Қош келдіңіз Аяз Ата, Ақшақар!»

Ақшақар:  Балалар сендердің білімдеріңді тексерейін, жұмбақ жасырсам шеше аласыңдарма?

Балалар:  Иә

Жұмбақтар:

1.Пісте, пісте көп пісте

Қысы  жазы бір түсте.   (Шырша)

2.Қыста жер бетін басады  

Көктемде сайға қашады. (Қар)

3. Бетіңді шымшып алады   

Терезеге өрнек салады. (Аяз)

Жүргізуші: Аяз ата, біздің балаларымыз сондай ақылды, әрі өнерлі;

Сізге өздерінің өнерлерін би арқылы паш етпек, келесі кезекте бүлдіршіндеріміздің орындауында «Merry Christmas!» биін қабыл алыңыздар!

Би: «Merry Christmas!» барлығы

Аяз ата: Ой жарайсыңдар балалар, өркендерің өссін, өнерлеріңді тамашаладым, бізді басқа да балабақшада сендер секілді балалар күтіп отыр. Оларды да қуантып, өнерлерін тамашалайық! Жаңа жылды жақсылап қарсы алыңыздар, сау болыңыздар.

Қаршақыз: Тыңдаңызшы  ата, сіз нені ұмыттыңыз?

Аяз ата: О,қызым есіме салғаныңа рахмет

Күлшеқыз бүгін достасты

Араздықпен қоштасты

Жаңа жыл келіп ортаға

Бәрімізбен қауышты

Сыйлығым дайын меніңде

Бөліп берем бәріңе.

Ортаға Асқабаққа салынған, Аяз атаның шанасымен сыйлықтарды әкеліп, Фея мен Аяз ата сыйқырлы сөзімен ашып, таратып береді.

Балалар ақшақар екеуіміз кетейік, жаңа жылды жақсылап қарсы алдық, бір –біріңмен тату болыңдар, бір-біріңді ренжітпеңдер,  қош сау болыңыздар.

Балалар: Сау бол аяз ата, сау бол ақшақар.

Жүргізуші: Қандай жақсы біздің аяз атамыз

Ол кеткенде терең ойға батамыз.

Ақшақар болып қалықтаймыз аспанда

Құс жолымен ән сап бара жатамыз.

Picture 4















Жаңа жылға арналған мерекелік іс-шара

Тақырыбы:

МShape1

«Күлше қыздың жаңа жылдық сауық кешіне баруы»

ектепалды «Сенім» тобы







Музыка жетекшісі: Жусипбекова М.

Тәрбиешілер:________________

__________________





Астана 2025 жыл

Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
27.12.2025
0
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі