Материалдар / Жаңа жылдық ертегі Мектепке даярлық сыныбы
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Жаңа жылдық ертегі Мектепке даярлық сыныбы

Материал туралы қысқаша түсінік
Мектепалды даярлық сыныбының Жаңа жылдық кешіне «Күлше қыздың сауық кешіне баруы» ертегісінде балаларға мерекелік көңіл күй тудыру; шыршаның қалай әдемі де сәнді безендірілгеніне, балалардың Аязатаның, Ақшақардың, Қоянның карнавалдық киімдеріне назар аударту; көңілді ойындар ойнату, достық қарым - қатынас ояту, бірлескен ойындар ойнату.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
06 Қазан 2021
404
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Жаңа жылдық ертегі

«Күлше қыздың сауық кешіне баруы»

Күлше қыз, Ханзада, Өгей шешесі, Екі сіңілісі, Солдаттар, Фея, Патша, Аяз ата, Ақшақар, Ит,Әтеш,  Сантоклаустар, Сұлтандар мен сұлтаншалар

қоңыраулармен ән әуенімен кіріп билейді.

Шыршаны айнала тұрады (шырша шамдары жанбайды).

Жүргізуші:

Айнала қоршап шыршаны

Шашылар шашу жыр әні

Мынау әсем шыршаға

Қош келдіңдер балалар - дей отырып ортаға жаңа жылдық шыршаға келіп отырған балаларды шақырайық.

Балалар кіреді:

Жаңа жылдың таңы неткен арайлы

Ақмамыққа бөлеп алды маңайды

Жаңа жылмен құттықтаймын деген үн

Қанаттана кең алқапқа тарайды.

Келді тағы жаңа жыл

Қуантумен біздерді

Құтты болсын қуаныш

Құттықтаймыз сіздерді.

1 бала:

Армысыздар халайық!

Бармысыздар халайық!

Жаңа жылды жұп жазбай

Бірге қарсы алайық!

Өлеңде әзір әнде әзір

Ойында әзір бәрі әзір

Кел жаңа жыл біздерге

Кел жаңа жыл, жаңа жыл

2 бала:

Жаңа жыл – туындаған жаңа армандар

Жаңа жыл – шуылдаған жаңа ормандар

Ал мынау мәңгі бақи жаңа дүние

О, сәлем жаңа жылда жаңарғандар

Жаңа жыл қайсарлық пен жүректілік

Баратын болашаққа білек түріп

Жаңа жылда жылдарға қол соғамыз

Әлемге жақсылықтар тілеп тұрып.

3 бала:

Құтты болсын жаңа жыл барша қауым

Құтқа оранған кең байтақ дархан елім

Қазақтың пейіліне тарту етсін

Табиғат ашық аспан таң шапағын


Ертегі әлемі, неткен әдемі!

4-бала:

Жасыл шырша жанында барлық достар жиналды

Қане балақай байқашы, мән беріп қарашы

Достардың барлығы, үлгердіме санашы.

Асыға басып, қол ұстасып

Келді әне барлығы!

5 бала:

Жасыл желек жамылған

Асыл моншақ тағынған

Міне сұлу шыршамыз

Көптен күтіп сағынған

Тілеймін мен бар әлемге

Дос көп болсын жаңа жыл

Ата – әже, әке – шеше

Құтты болсын жаңа жыл

6 бала:

Жаңа жылды қарсы алып

Жасаймыз той жылда біз

Жарқын-жарқын ән салып

Жалғасады жырға –жыр.

Мінекей жасыл шырша

Қуаныш жалпыға

Құлпырған сүйікті шырша

Жарқыра-жарқыра! (барлығы айтады, шырша шамы жанады)

Хормен ән: Жақында қыс келді!

(Балалар орындарына отырады. )

Әтеш жылы туғандар

Өсті жылда бойларың

Көп ойларды игеріп

Шарықтады ойларың.

(әтеш кіріп жаңа жыл туралы тақпақ айтады. )

 Ескі жыл Әтеш

Көңілде көп қуаныш

Әр көңілде жақсылық

Қоштасамыз біз бүгін

Жасадық көп жақсылық

балаларым балғындарым

Алғысым көп айтар менің

Дәл осылай көңілдірек

Қарсы алыңдар ит жылын.

Ит:Сәлеметсіңдер ме балалар? Сендер ескі әтеш жылымен қоштасып жатырсыңдар ма? Онда биылғы кіретін жаңа Ит жылы мен боламын. Мен өзіммен бірге сендерге бақыт пен қуаныш алып келдім.

Сақ төбетпін жолдыаяқ,

Саңқылдаймын қоймай ақ

Бөріге қой бермеймін,

Ұрыға жол бермеймін.

Ерасыл:

Ал,балалар тұрмайық

Жаңа жылдай итіміз бар

Оны ортаға алып біз

Қоштаса билеп алайық

(әтеш пен итпен барлығы билейді)

Жүргізуші: Әр бір жерде, әр бір мемлекетте жылына бір рет жаңа жылды қарсы алады. Оған ешкімде таңғалмайды, себебі ол жылдың басы. Біздің бала бақшамызға жаңа жылды қарсы алуға ертегі әлемінен қонақтар келеді. Барлығымыз соны тамашалайық.

Сиқыршы есіктен кіреді.

Сиқыршы: Мен бәрін естідім. Келе жатырмын. Сендерге ертегі алып келдім.(сиқыршы таяқпен жаттығу жасайды, осы кезде ертегі әлемінің сахнасы қойылады)

Жүргізуші: Күн әлі шықпаған еді, күлше қыз ұйқысынан тұрып, күнделікті өз жұмысына кіріседі.

Күлше қыз: Мені барлығы күлше қыз дейді. Себебі мен ертемен тұрып, үйді сыпырып , барлық ыдысты жуып, тазалаймын. Үйде ешкім ренжімесін деп, түскі асқа бәліш пісіремін. (әуенмен ән айтады)

Өгей шеше: Сен неге мұнда ән айтып жүрсің? Сенің істейтін жұмысың аз ба? (осы кезде қыздар кіреді)

Ой менің алтындарым! Сендердің киімдеріңді түзеп берейін.

1-қыз: менің шашымды тара.

2-қыз: Қане бол тез менікінде. Біздің тамақ ішкіміз келеді.

Өгей шеше: Тездетіп ботқа пісір, су ағаштарды кептір. Тез, тез жүріп түскі асты әзірле!

Күлше қыз: барлығына қалай үлгеруге болады?

Өгей шеше мен қыздары: Болады егер тез істесең.(қыздар стүлге отырады, күлше қыз үйді сыпырады )

Жүргізуші: Сонымен Күлше қыз таң атқанан кеш батқанға дейін жұмыс істейді. Ал, әпкелері болса, қыдырып дем алады. Бір күні барлығыда өзгеріп шыға келді.

(ортаға солдаттар шығады)

Солдаттар биі:

Солдаттар: Бәріңе! Бәріңе! Бәріңе!

Біз сыйқырлы әлемненбіз

Ертегіні бастаймыз біз

Мейірімді ханымыз жар салады

Ханзадаға жар іздеуге шақырады.

2. Қайырлы күн! Осы қала тұрғындарын ханымыз тамаша үлкен мерекеге шақырады. Патшамыз солай бұйырды. (Солдат хатты тапсырып, басын иіп кетеді)

(Өгей шеше мен қыздары көйлектерін киіп, моншақтарын тағып кіреді)

Ө.Ш:

Рахмет, өте қуаныштымыз.

Міндетті түрде барамыз

Күлше қыз киім дайында

Ойын сауық кешіне

үшеуміз бірге барамыз.

Өгей шеше: Тез, тез әйтпесе кешігеміз.

(Екі қызы ортаға шығып)

1-қыз: Қандай жақсы болды.

2-қыз: Ой, қандай көңілді болатын болды.

( ортаға күлшеқыз кіреді. )

Күлше қыз: Менің де сізбен сауық кешіне барғым келеді.

Өгей шешесі: Саған кім рұқсат берді?

1 қыз: Патшамыз сені күтіп отыр дейсің бе? !

2 қыз: Сендей кір қожалақтарды шақырған жоқ!

(Күлше қызды мазақтап Өгей шешемен залдан шығып кетеді)

Күлше қыз:

Онда қандай көңілді

Шам шырықтар жағылған,

Барлық қыздар билейді

Ханзадамен қызықтап. (әндетіп айтады)

(Ө.Ш. қолында екі шелегі бар ортаға шығады, (біреуінде горох, екіншіде – фасоль)) .

Ө.Ш: Күлшеқыз бері кел!

(аяғымен жерді ұрып)

Тапсырма мен ойлап таптым,

Көңіліңді сен босатпа,

Біз келгенше кешімізден

Мыналарды жинақта!

(Еденге шелектегіні төгіп тастайды.)

Қыздарым менің әдемі!

Сұлулықтың әлемі

Ойын сауық кешінде

Боласыңдар сендер әдемі.

(Ортаға екі қыздары шығып шешелерінің қолынан ұстап шырша артына кетеді)

Күлше қыз:(басын ұстап) :

Не істеймін енді мынаны

Қалай жинап үлгерем?

Балалар:

Жұмыстан біз қашпаймыз,

Бәрін жинап тастаймыз!

Ойын: «Бұршақтарды жинақтау» (2-3 бала шығады) .

(балалар ойнап жатқанда К.Қ орындыққа отырады, Ө.Ш ортаға шығады)

(Ортаға патша мен ханзада шығады)

Ханзада:

Ойын сауық кештерің

Көңілсіз болды мен үшін (есінеп)

Патша:

Ұлым жан – жағыңа қарашы,

Бәрі қандай тамаша.

Көңіл көтер жараса

Әніміз қандай тамаша.

Ән: Қыздар әні

Ханзада: Шаршатты бұл қыздар,

Қызықты нәрсе табыңдар!

Жүргізуші 

Қане босқа тұрмайық

Бар өнерді сынайық

Көтеруге көңілді

Қандай өнер сыйлайық.

Ө.Ш:

Мәртебелі патшамыз,

қонақтарды қарсы алып,

 Би билейік ән салып.

Би: Сантоклоус биі

(к. қыз ортаға шығып жылайды) күлшеқыз әуені ойнап тұрады.

(Ортаға фея шығады қолында сыйқырлы таяғы бар)

Күлше қыз:

Сәлем бердім сізге мен

Келгеніңе қуанып.

Бәрінде сіз білесіз.

Фея: жылама қызым жылыма

Жақсылықтың бәрі алда

Орындалып арманың

Сенде кешке барарсың.

К.қыз:

Қандай ғажап адамсыз,

Ризамын мен өмірге,

Ойын сауық кешіне,

Кір көйлекпен қалай барамын.

Фея:

Құпия сиқыр таяғымен

Киерсің сенде әдемі көйлекті.

(сиқырлы таяғымен сермейді, жарық өшіп, қолдарына фанарик ұстаған ергежейлілер шығып к.қызды ортаға алып билеп шыршы артына алып кетедіде ,әдемі киіндіріп алып шығады.)

Фея: тыңда қызым бері қара

Айтар сөзім бар саған

Сағат тілі он екіні соққанда

Сиқыр күші жоғалар!

аймен жұлдыз жарығы

Жол көрсетер сендерге

К.қыз: Рахмет сізге, бәрінде мен түсіндім.

(Фея мен к.қыз қоштасып шырша артына кетеді. Аттың дүбірі естіледі)

(К.қыз кіреді)

Патша:

Бұл недеген бейбастық

Тағы қонақ келгенбе?

Танымайтын ханшайым

Қайдан келдің қайжақтан.?

Ханзада:

Келгеніңе қуанып

Көтерілді көңілім.

Бейтаныс қыз қолыңды бер

Кел бейлейік танысып.

(Ханзада мен күлше қыз билейді)

Ханзада: Мен сіздің осы сарайда қалағаныңызды қалаймын.

К.қыз: Бұл кешті мен ұмытпаймын,

Бірақ та мен қала алмаймын.

(сағат тілі он екіні соғады)

К.қыз: Ханзада қош болыныз!

(К.қыз кетіп бара жатқанда оны аяз ата мен ақшақар тоқтатып алады)

Аяз ата:

Тоқта, ботам, асықпа

Бүгінгі кеш ерекше,

Бәріміз қарсы алайық

Жаңа жылды ерекше!

Ақша қар:

Айтқан тілек жаңа жылда,

Орындалар әрқашан

Тілек тілеп әрқайсымыз

Жаңа жылды тойлайық

К.қыз: Жаңа жыл да келіп қалды,

Тілек тілер уақыт болды.

Аяз ата: Армысыңдар жарандар

Атқан таңға қараңдар

Шуағын шашып алтын күн

Жаңа жылмен құттықтап

Келіп жеттім алыстан

Қуаныштымын мен бүгін. Бұл жерде не айқай шу болып жатыр? Не болды? Кім ренжіткен Күлше қызды?

Ө. шешесі мен қыздары:

Аяз ата бізді кешіріңіз!

Енді біз адал, мейірімді боламыз.

Ақша қар: Балалар, кешіреміз бе?

Балалар: Ия

Жүргізуші: Біздің ойын сауық кешімізді татулықпен жалғастырайық

 Аяз ата Ақшақар бізге қонақ болыңыздар!

1.бала:

Қош келдіңіз Аяз Ата,

Қарсы аламыз орын беріп.

Ән салыңыз бізбен бірге,

Би билеңіз бізге еріп.

1а-бала:

Аяз-ата аманба?

Аман болғың әмәнда

Алыс-алыс жерден келдің

Отырағой деміңдң ал

Өңкей бала төңірегің

Бізбен бірге әнге сал

2.бала:

Жаңа жыл жаңа қадам жаңа бағыт

Болашақ сыйлайтындай жаңа бақыт

Жақсылықтың белгісі жаңа уақыт

Келіп міне жатырмыз аңқылдасып

Бірге соғып бар әлемнің сағаттары

Он екіні күтер, қалмай тағаттары

Ғасырдың он сегізінші жылы келді

Құстай ұшып қырау шалған қанаттары

3бала:

Аяз келді қаһарлы

Айналаны қар жапты

Ақ тон киіп орман тұр

Дәл атамдай салмақты

Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!