Жаңа жыл мерекесіне арналған ертеңгілік
Мақсаты: Балалардың өнер көрсетуге деген қызығушылықтарын оятып, ертеңгілік барысында өздерін дұрыс ұстай білуге дағдыландыру. Тақпақ, ән айтқызу арқылы сөйлеу мәнерін қалыптастыру, көңілді ортаға баулу.
/көңілді әуен қосылып, балалар бір қатармен залға кіріп, шыршаны айналып орындарына тұрады/
Тәрбиеші: Қош келдіңдер шыршаға,
Көңіл сыйлап баршаға.
Сүп-сүйкімді балалар,
Ардақты ата-аналар.
Асыға күткен жаңа жыл.
Төрімізге келеді.
Жаңа жылмен әр үйге,
Береке , бақыт енеді.
Ал ендеше балалар, өзіміздің қандай көңіл-күйде екенімізді көрсетіп, бәріміз қол шапалақтайықшы! (Балалар көңіл-күйлерін білдіріп, қол шапалақтайды)
/Қол шапалақтап жатқан дауыс қосылып, ортаға асыға жүгіріп доңыз келеді/
Доңыз: Ой, бұл не шу өзі? Сендер демде қалай жиналып алғансыңдар? Мен үлгермей қалдымғой! (басын ұстап мұңайып қалады)
Тәрбиеші: Сәлем, Доңыз! Сен дәл уақытында келдің, біз мерекемізді енді ғана бастайық деп жатырмыз. Кел, барлығымыз бірге ән шырқап, көңілімізді көтеріп алайық.
Ән: «___________________________»
Доңыз: балалар, менің қандай күшті, қандай мықты екенімді ұмытпайсыңдарғой иә!?
Қане, бәріміз орынымыздан тұрып қайталайықшы. «Доңыз күшті – екі қолды алдыға созып бас бармақ көрсету», «Доңыз мықты- екі білекпен күш көрсету», « Доңыз ақылды – бір қолдың сұқ саусағымен бас шекесін көрсету»
Доңыз: Ой балақайлар, сендерге көп рахмет! Көп мақтанып қойған сияқтымын. Оданда сендердің бір өнерлеріңді тамашалап сендермен қоштасайын.
№1 Ескі жылға арналған тақпақтар /5 бала/
Тәрбиеші: Жарайсыңдар балалар! Ендеше, барлығымыз орнымыздан тұрып. Көңілді, күшті, ақылды, сәнқой доңыз жылымен қоштасайық.
/Баяу ән қосылып, балалар қол бұлғап Доңызды шығарып салады/
Тәрбиеші: Міне балалар, ескі жылменде қоштастық, енді жаңа Тышқан жылы келеді.
/Осы кезде ұрылардың әуені қосылып, ортаға орманнан шырша ұрлап бара жатқан аю шығады/
Тәрбиеші: Тоқташы Аю жан, сен не бүлдіріп жүрсің мұнда? Қолыңдағы шыршаны қайдан алдың?
Аю: Ой, ұсталып қалдымғой. Балалар, түсініңдерші маған бұл шырша өте қажет болып тұр. Мен оны орманнан жұлып алдым. Мен шыршаны өте жақсы көремін.
Тәрбиеші: Шыршаны жақсы көргенің дұрыс, бірақ оны жұлуға болмайдығой, ол солып, өліп қаладығой. Біз саған бір кеңес айтайық, шыршаны жақсы көрсең оны өзіңнің үйіңнің алдына жерге егіп қой, сонда сен оны жыл сайын мерекеде қалағаныңша безендіріп тұрасың. Ал қазір сен бізбен бірге қалып «Шырша» биін тамашала, сонда қатеңді түсінерсің бәлкім.
Би: «Шыршалар»
Аю: Қандай көңілді шыршалар, сүйкімді шыршалар! Менің қолымдағы шырша енді олай билей алмайтын болды, себебі мен оны өскен жерінен жұлып алдым. Мен, үлкен қателік жасаппын, ұялып тұрмын. (бетін басып ұялады)
№2 Шыршаға арналған тақпақтар /6-бала/
1.Шырша, шырша қандайсың,
Жарық берген шамдайсың.
Жалт-жұлт етіп әрқашан,
Қуантудан талмайсың.
2.Шырша шамын жағады,
Әй-әй моншақ тағады.
Бар бала оны айналып,
Әсем әнге салады.
3. Шыршаны шыр айналып,
Мерекеге сайланып.
Би билеп, ән жаттадық,
Жалқауланып жатпадық.
4. Жасыл түске боялған,
Шамын жағып оянған.
Шыршамыз бар көрікті,
Ортаға сән беріпті.
5.Жаңа жылды сағынған,
Қыста ақ қар жамылған.
Шыршамыз бар тамаша,
Сәнденеді жаңаша.
6. Шыршаға арнап ән салдық,
Көркіне қарап тамсандық.
Жаңа жыл келді алақай
Деп баршаға жар салдық.
Тәрбиеші: жарайды аю, ең бастысы қатеңді түсініп, енді олай жасамасаң болды.
Аю: Түсіндім, енді қайталамаймын. Ендеше мен қайтайын, сау болыңдар!
/Аюдың жүрісіне сай әуен қосылып, қорбаңдап шығып кетеді/
Тәрбиеші: Балалар, бізге Аяз ата келіп тұр екен! Қане, бәріміз тез-тез орынымыздан тұрып, «Аяз ата» деп үш рет шақырайықшы.
Бәрі бірге: АЯЗ АТА, АЯЗ АТА, АЯЗ АТА.
/Көңілді әуен қосылып, Аяз ата мен Ақшақар келеді/
Аяз ата: Аманба батыр ұлдарым,
Аманба ерке қыздарым.
Құтты болсын балалар,
Келген жаңа жылдарың!
Өткен жылы келіп ем,
Бәріңді де көріп ем.
Жыл өткізіп келем деп,
Уәдемді де беріп ем.
Ақшақар: Ойларың мен бойларың да,
Бірдей өсіп қалғандай.
Ән салып би билегенде,
Кете алмаймыз таңқалмай.
Тәрбиеші: Қош келдіңіз аяз ата, қош келдіңіз ақша қар! Балаларға сыйлық арқалап алыстан келдіңіздер. Балақайларда бар өнерлерін көрсетуге әзір отыр.
Ақшақар: ата, мына шырша, шамдарын неге жақпай тұр?
Аяз ата: Қазір қызым, қазір. Ол үшін менің сиқырлы сөзімді барлығың қайталаңдар.
Қуант, бізді таңырқат,
Шамдарыңды жарқырат! /3рет қайталап, сыйқырлы таяқпен түртіп қалады/
Тәрбиеші: Аяз ата, енді сіздер жайғасып отырып, балалардың өнерін тамашалаңыздар.
№3 Аяз ата мен ақшақарға арналған тақпақтар /6-бала/
Би: «Аяз ата»
Ақшақар: балалар, біз қалған өнерімізді жаңа жыл иесі тышқан келген соң көрсетейік. Қане, барлығымыз қол соғып, қуанып Тышқан жылын қарсы алайық!
/ Көңілді «жаңа жыл» әні қосылып, ортаға Тышқан жылы келеді/
Тышқан: Жаңа жылмын, жаңа жылмын!
Айтылар жаңа жырмын.
Ақылды тышқан болғансоң,
Жыл басында тұрмын.
Армысыңдар алтындарым!
Тәрбиеші: армысың, жыл басы! Сені сондай асыға күттік, қош келдің, Жаңа жыл!
Тышқан: Қош көрдік! Менде бар күшімді жинап, асыға келдім. Мына жер қандай әдемі, балалар қандай сүйкімді!
Тәрбиеші: ал ендеше, не тұрыс, балаларымыздың өнерін тамашалайық!
№4 Жаңа жыл иесіне арналған тақпақтар /5-бала/
1.Жаңа жыл, жаңа жыл,
Жаңалық ізде сен.
Жаңа ән, жаңа жыр,
Жазғыздың бізге сен.
2.Жаңа жылды біз тойлап,
Шаттанамыз бәріміз.
Өлең де әзір, ән әзір,
Ойында әзір, бәрі әзір.
3.Күтіп жаңа жылды,
Бастап жаңа жырды.
Көп қуаныш күтеміз,
Сәнденіп келдік міне біз.
4. Тышқан жылы келіпті,
Ортамызға еніпті.
Көңілді жыл болам деп,
Уәдесін беріпті.
5. Тышқанмен дос боламыз,
Есейіп бір жас толамыз.
Күнде қызық, күнде той,
Бақытты бала боламыз
Би: «Ақша қар»
Тышқан: Балалар, шыршаларың қандай әдемі! Осындай әдемі шыршаны қалай безендірдіңдер а? Менің қолымнан келмейтін секілді.
Тәрбиеші: Иә, шыршамыз сондай әдемі болып тұр. Біздің балаларда шыршаны әдемі безендіруді біледі. Көргің келедіме? Ендеше қазір «шырша безендіру» ойынын ойнайық.
Ойын: «Шырша безендіру»
Мақсаты: балаларды ұқыптылыққа үйретіп, әдемілікке баулу.
Ойын шарты: Ортаға екі шырша әкелінеді. Екі топқа бөлінген балалар шырша безендіруден жарысады. Ойын көңілді әуеннің сүйемелдеуімен басталады.
№5 тақпақтар /5 бала/
Тәрбиеші: мерекелік ертеңгілігіміз көңілді өтіп жатқан секілді, қане бәріміз шырша жанына жиналып, Аяз атамыз бен Ақша қарды және Жаңа жылымызды ортаға алып әсем ән шырқайықшы.
Ән: «___________________________________________»
Аяз ата: өнерлі, сүйкімді балаларым менің, мен сендердің өнерлеріңе, тәртіптеріңе риза болдым. Сендерге сонау алыстан алып келген сыйлықтарымды таратып, сендермен қоштасайын. Мені сендер секілді қаншама балақайлар күтіп отыр, бәріне барып үлгеруім керек. Келген тышқан жылы құтты жыл болсын!
/көңілді әуен қосылып, Ақшақар мен тышқан балаларға сыйлықтарын үлестіріп береді/
Ақшақар: Келесі жылы кездескенше сау болыңдар балалалар! Тышқан жылы берекелі, мерекелі жыл болсын!
/Балалар орындарынан тұрып Аяз атамен Ақшақарды шығарып салады/
Тәрбиеші: Міне, құрметті ата-аналар, жаңа жылдан жаңа жылға жетіп, балаларыңыздың қаншалықты есейіп қалғанын байқадыңыздар. Өнерлері өрге жүзсін, балалар мұңаймасын! Балаларға көңіл-күй сыйлайық деген ниетпен ұйымдастырған ертеңгілігіміз өз мәресіне жетті!
Жаңа жыл құтты болсын!
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
Новогодний утренник

шағым қалдыра аласыз