Жаңа жылдық ертеңгілік.

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Жаңа жылдық ертеңгілік.

Материал туралы қысқаша түсінік
Балаларға мерекелік көңіл күй тудыру, шыршаның қалай әдемі де сәнді безендірілгеніне балалардың, Аяз атаның, ақшақардың, жалмауыз кемпірдің карнавалдық киімдеріне назар аударту, көңілді ойындар ойнату, достық қарым-қатынас ояту, аудиторияға мерекелік көңіл күй жасау.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Жаңа жылдық ертеңгілік.

Жүргізуші: Құрметті: ата-аналар,қонақтар,балалар жаңа жылдарыңыз құтты

болсын.

Жаңа жылдың таңы неткен арайлы,

Ақ мамыққа бөлеп алды маңайды.

Жаңа жылмен құттықтаймын сіздерді,

Жаңа жылдарыңыз құтты болсын ағайын.

Жаңа жылдық мерекеге арналған құттықтау сөзді балабақша

меңгерушісі: Олдай Алтынқази қызына береміз.

Жүргізуші: Ерте-ерте, ертеде

Болыпты бір Ақшақар.

Ертегілер елінде.

Міне ұйқыдан оянып,

Біздің «Қысқы ертегімізге»

Қонаққа келіпті.

Өз өте әдемі,сәнді киінген Ақшақарымызды қонаққа шақырайық.

Барлығы: Ақшақар,Ақшақар.

Ақшақар: Жаңа жылдың алдында қыс шаһарынан Аяз ата екеуміз,сіздерге

асығып келеміз.Барлығыңызда мені мерекеге күтіп отырсыңдар

ма?

Амансыңдарма балалар!

Ұлдар мен қыздар!Сендерді жаңа жылмен құттықтаймын.

Жаңа жыл барлығыңа қуаныш әкелсін.Жаңа жылда әр түрлі

сиқырлар болады.Бүгін бізді «Қысқы ертегілер» қонаққа

шақырады.Ерте-ерте ертеде қарақшы мен мыстан кемпір

болыпты.

Мыстан: (Айнаға қарап)

Мен қандай әдемімін,

Мені бәріде таныйды.

Менен сұлу жер жүзінде ешкімде жоқ.

Қарақшы: Шай ішіп алдық,картопты жеп алдық,соңғы отында пеште

жанып болды.Не істейміз?

Мыстан: Не істейміз,не істейміз?

Ештеңеде істемейміз.Біздің жұмыс істегіміз келмейді.Оданда

ұрлыққа барайық. Жүр дайындалайық(кетеді)

Ақшақар: Балалар, бұлар жоқта біз сендермен мерекемізді жалғастырайық.

Ән: «Шырша»

Би: «Бум-бум»

(Мыстан кемпір мен қарақшы мылтықпен,жіппен кіреді)

Мыстан: Бәрі жиналған сияқты.Ал қай кезде қорқытып ұрлық жасаймыз?

Қарақшы: Қәзір бастаймыз!Әйтпесе қарным ашып тұр!Кеттік!

Мыстан: Кеттік.(айғайлап жүгіреді)

Ақшақар: Балалар, Олар біздің мерекемізді бүлдіре алмайды.Қәнекей бала-

лар сендермен біздің Аяз атамыз туралы сөйлесейік. Ақшақар: Аяз атаны бәрі біледі.Шынба? (Ия)

Ол тек жетіде келеді.Шынба? (жоқ)

Жүргізуші: Аяз ата жақсы ата.Шынба? (Ия)

Бөрікпенен етік киеді.Шынба? (Жоқ)

Ақшақар: Балаларға шырша әкеледі.Шынба? (Ия)

Қасқырмен бірге келеді.Шынба? (Жоқ)

Жүргізуші: Аяз ата суықтан қорқады.Шынба? (Жоқ)

Ақшақармен болады дос.Шынба? (Ия)

Ақшақар: Берілген сұрақтарға дұрыс жауап бердіңдер.Аяз ата туралы

бәрін біледі екенсіңдер.Ал енді, Аяз атаны барлығымыз

шақырайық.

Барлығы: Аяз ата! Аяз ата! Аяз ата!

(Аяз ата кіреді)

Аяз ата: Амансың ба,ұлдарым!

Амансың ба,Қыздарым!

Аталарың сендерге

Шаршап келді алыстан.

Керемет бір ән тыңдап,

Келіп тұр-ау демалғым.

Ақшақар: Аяз ата біз сізді күтіп отырмыз.Өйткені біздің шыршамыздың

шамы әлі жанған жоқ.

Аяз ата: Неліктен олай болды.Біз қазір оны дұрыстаймыз.Қәнекей,

балалар барлығымыз қосылып мына сиқырлы сөзді айтайық.

Қуант бізді таңырқат.

Шамдарыңды жарқырат! (3 рет)

Ақшақар: Енжарлықты тастайық,

Шырша тойын бастайық.

Жаңа жылға арналған,

Өлеңдерді бастайық.

Ән: «Аяз ата»

Би: «Хи-хи-хи, ха-ха-ха.»

Жүргізуші: Аяз ата қанекей біз сізбен ойын ойнайық.

Ойын: «Қатыру»

Аяз ата : Қызым, сыйлық арды дайындадың ба?

Ақшақар: Дайындадым.

Аяз ата: Өзенге көпірді қойдыңдар ма?

Ақшақар: Қойдық.

Аяз ата: Жұлдыздарды ілдіңдер ме?

Ақшақар: Ай,ата жұлдыздарды санаған жоқпыз ғой!Мүмкін жоғалғаны

бар шығар!

Аяз ата: Ия, дұрыс болмаған екен.Сен мына жақтан сана,мен мына жақтан

санайын.

(Шыршаны айналып кетеді.Қарақшы мен мыстан келеді)

Қарақшы: Атаны қара! Мыстан: Онымен бірге немересі мен қапшығы.

Қарақшы: Нені ұрлаймыз?

Мыстан: Немересін ұрлайық!

Қарақшы: Жоқ,қапшықты !Саған қыздың керегіне?

Мыстан: Сенде немере бар ма?

Қарақшы: Жоқ.

Мыстан: Мендеде жоқ.Егерде біз оны ұрласақ ол бізге бәрін істейді.

Ал біз болсақ тек ұрлыққа барып,пештің үстінде жатамыз.

Қарақшы: Ал маған қапшық ұнап тұр!

Мыстан: Қапшықты көтеру керек,а,қыз болса өз аяғымен жүреді.

Қарақшы: Ия,Дұрыс айтасың!Қызды ұрлайық!

Мыстан: Әй,қыз!

Ақшақар: (қарап) не?

Мыстан: Кәмпит жисің бе?(қолындағы үлкен кәмпитті көрсетеді)

Ақшақар: Сондай үлкен бе?

Қарақшы: Ия,үлкен,өте үлкен!

(Ақшақарды ұрлап кетеді)

Аяз ата: Ақшақар!Қайда кеттің?Қардың астына түсіп кеткен жоқсың ба?

Ойнайтын уақыт жоқ.Бізді балалар күтіп отыр!

Жүргізуші: Не болды,Аяз ата?Кімді іздедіңіз?

Аяз ата: Ақшақарды жоғалтып алдым!Жаңа ғана осы жерде болатын.

Қарасам жоқ.

Жүргізуші: Балалар,сендер көргенжоқсыңдар ма?Ақшақарды кімдер ұрлап

кетті.(балалар айтады)

Аяз ата: А,онда түсіндім.Сендер қорықпаңдар менің қызымның мінезі бар!

Ол ешкімнен қорықпайды.Ал,көмек керек болса біз бармыз.Ия,

балалар!Ал,қәнекей біз сендермен шыршаны айналып ән айтайық.

Ән: «Маленькая елочка»

Ойын: «Қолғапты қуып жет.»

Қарақшы: Қане,оны қармен сүйре! Өзі жүреді-деп айтып едің ғой!Қәне!

Сенің атың кім?

Ақшақар: Ақшақар!

Мыстан: Сен жұмысқа жақсысың ба?

Ақшақар: Мен бе? Өте!Әйнекке сурет сала аламын,жұлдыздарды санай

аламын!

Қарақшы: Әйнекке суретті өзімізде салаламыз.Ал,мысалы сен щи пісіре

білесің бе?

Ақшақар: Щи,Қырыққабаттан ба?

Қарақшы: Қырыққабаттан,қырыққабаттан!

Ақшақар: Жоқ,істей алмаймын.Біз атамыз екеуміз балмұздақты жегенді

ұнатамыз.

Мыстан: Басымызға сор болды ғой,щиді де жасау білмейді.

Қарақшы: Айтым ғой саған,қапшықты алайық-деп.Ал,сен болсаң қызды-

дедің. Мыстан: Сонымен былай,Ақшақар сен енді бізге қыз боласың.

Ақшақар: Ал,сендер кімсіңдер?

Бірге: Қарақшылармыз!

Ақшақар: Шынындада қарақшыларсыңдар ма?

Мыстан: Ия, біз сол қарақшылармыз!Бізде бәріде бар,мылтық та,пышақта,жіпте!

Ақшақар: Бұл қалай,Жаңа жыл болса келіп қалды,ал сендерде не шырша

да,не мерекеде жоқ.

Қарақшы: Қалай жоқ?Әне,орманда қаншама шырша!

Ақшақар: Мен сендерге безендірілген мерекелік шырша туралы айтып

тұрмын.Балалардың өздеріде біледі.

(Шыршаның артынан аяз ата шығады)

Аяз ата: А,қарақшылар сендер мында екенсіңдер ғой.Менің Ақшақарымды

жіберіңдер.Әйтпесе сендерді шырша бүршіктеріне айналдырамын

Бірге: Бізге тиіспеңіз,біз қорқамыз!Қызыңызды жібереміз.

(Қашып кетеді,қапшықты ұрлап кетеді)

Аяз ата: Біз бұл бұзықтардан,қарақшылардан құтылған сияқтымыз!

Ал,енді сәл демалып балалардың тақпақтарын тыңдағым келіп тұр.

Тақпақтар:

Би: «Три хлопка»

Ақшақар: Аяз ата сіз қалай ойлайсыз,біздің ұлдар ма әлде қыздар ма көңілді?

Аяз ата: Ал,ендеше тексеріп көрейік.Ол үшін екіге бөлінеміз.Ұлдар-Аяз

болады! Олар ха-ха-ха-деп күледі

Ақшақар: Ал,қыздар-Ақшақар болады!Олар хи-хи-хи –деп күледі.

Аяз ата: Қәне, Аяздар ха-ха-ха!

Ақшақар: Қәне,Ақшақарлар хи-хи-хи! (2-3 рет)

Аяяз ат: Күлдік,ойнадық,

Барлығыңда жарайсыңдар.Ұлдар да,қыздар да,барлығыңда жақсы

ойнадыңдар!

Ақшақар: Өте балалар көңілдісіңдер.Сендер бір-біріңмен доссыңдар ма?

(Ия) Барлығымыз шыршаны айналып ән айтайық.

Ән: «Аппақ,аппақ»

Ойын: «Аққала құрау»

Ақшақар: Барлығыңда білесіңдер Жаңа жылда барлығыңда сыйлық күтесің-

дер.Бүгінде сендерге Аяз ата сыйлық әкелді.Аяз ата қәне

сыйлығыңызды үлестірейік.

Аяз ата: (қапшығын іздейді)Не болды? Қапшығым жоқ қызым?

Ақшақар: Мүмкін сіз орманда қалдырып кеткен шығарсыз?

Аяз ата: Жоқ, мен білемін қапшықты осы жерге қойдым.Ал қай жерге

қойғанымды білмеймін!(барлығы іздейді)

Ақшақар: Жоқ, қапшық бұл жерде көрінбейді!Ата қалай болды?

Қалайша балалар мерекеден сыйлықсыз кетеме?

Аяз ата: Қалай кетеді,олай болмайды? Мен сыйлықты іздеймін!

Күтіңдер балалар,біз келеміз.Сыйлықты біз әкелеміз.(Олар кетеді,мыстан мен қарақшы келеді.Қапшықты арқалап әкеледі)

Мыстан: Тез кел мында! Қапшықты дұрыстап арқала.

Қарақшы: Ух, қапшықты зорға көтеріп әкелдім ғой.Неге ауыр екен?

Мыстан: Әкел,әкел тезірек.Қалай бөлеміз?

Қарақшы: Былай! Мен қапшықты көтеріп әкелдім! Сондықтан жартысынан

көбін мен аламын.

Мыстан: Ия, саған! Бұндай іске бару керектігін кім айтты.(Олар келіспей

қалады)

(Ақшақар кіреді)

Ақшақар: Тағыда сендер ме?Мынау не? Қане,қане қапшық!(екеуі қапшықты кес-кестеп тұрады)

Мыстан: Біз ағаш түбінен сыйлық таптық.Бұл қапшық біздікі.Ешкімгеде

бермейміз.

Ақшақар: Бұл қапшық Аяз атаныкі ғой!

Қарақшы: Ештеңені білмейміз!Бұл біздің қапшық!

Ақшақар: Жарайды! Қәзір Аяз ата келсін көреміз.Сол кезде басқаша сөйлерсіңдер.Балалар,Аяз атаны шақырайық.

Балалар: Шақырады.

Аяз ата: Не болды?

Ақшақар: Ата,таптық,таптық.Міне сіздің қапшығыңыз сыйлықтарымен.

Бірге: Біз қапшықты бермейміз,

Ішіндегіні біз жейміз.

Аяз ата: Онда алыңдар!(Олар бірін-бірі итеріп қапшықтың ішіндегі заттарды алады,жыртық киімдер)

Мыстан: Бізге ондай сыйлық керек емес.

Қарақшы: Ылғи,жыртықтар!

Аяз ата: Не бұйырды,соны аласыңдар!Кімдер менің қапшығымды қозғаса,

соған ылғи жыртық ,киілген киімдер келеді.

Мыстан: Шыныменде жаңа жылымыз сыйлықсыз өтеме?

Аяз ата: Жаңа жылда әртүрлі қызықтар болады.Мен сендердің сыйлық-

Тарыңды балалар топта жастықтың астына қойдым.Содан табасыңдар!

Бірге: Біз ше?

Қарақшы: Бізде сыйлықты ұнатамыз.

Біз сендерден кешірім сұраймыз.

Аяз ата,Ақшақар кешіріңіздерші.

Бізге сыйлық беріңдерші?

Мыстан: Біз түзелеміз,жаңадан өмір бастаймыз.

Көңілді де,жақсы боламыз.

Кешіріңіздер шынайтамыз!

Аяз ата: Ал,балалар, кешіреміз бе? (ИЯ)Жарайды! Сендерде менің

Сыйлығымды өздеріңнің үйлеріңнен табасыңдар!

Жүргізуші: Аяз ата,Ақшақар,қарақшы,мыстан сендер кетпес бұрын біздің балалармен шыршаны айналып би билеңдер. Би: «Утята»

Ақшақар: Ал,енді балалар қоштасуға кез келді.Сендер өте жақсы балалар

екенсіңдер.Сендерді тағыда Жаңа жыл мерекесімен құттықтаймын!Көңілді де,ақжарқын болып жүріңдер.

Аяз ата: Балалар! Сендерді Жаңа жылмен құттықтаймын.Әрқашанда жүздеріңнен күлкі кетпесін.Келесі жылға дейін қош сау болыңдар!Келесі

Жылда бізді күтіңдер,біз келеміз!


Жүргізуші: Жаңа жыл құтты болсын!

Денсаулық мықты болсын!

Келер жылда молшылық болсын!

Әр үйде қуаныш,бақыт болсын!

Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
doc
05.11.2018
1009
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі