400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Жаңа жылдық ертеңгілік сценарийі

Материал туралы қысқаша түсінік
Бұл материал балабақша тәрбиешілеріне жаңа жыл ертеңгілігінде қажет болады
Материалдың қысқаша нұсқасы

ҚАРАҚИЯ АУДАНЫ ӘКІМДІГІНІҢ МКҚҚ «ҒАРЫШКЕР» БАЛАБАҚШАСЫ МЕМЛЕКЕТТІК КОММУНАЛДЫҚ ҚАЗЫНАЛЫҚ КӘСІПОРНЫ







«Құтты болсын жаңа жыл, Азаймасын ән мен жыр»


Дайындаған: Айбергенова Ы






Жетібай ауылы

2018 жыл

Қош келіпсің, Жаңа жыл,

Азаймасын ән мен жыр!


Мақсаты: Қыс мезгілі туралы білімдерін тиянақтау. Балаларға жаңа жылдық көңіл күй сыйлай отырып, шығармашылықтарын шыңдау. Тілін, ой-өрісін, сөйлеу мәнерін дамыту. Әдемілікке, әсемдікке тәрбиелеу.

Көрнекілігі: Әсем безендірілген шырша.

Тәрбиеші: Құрметті ата-аналар міне, көптен күткен жаңа жыл да келіп жетті. Жаңа жыл әр шаңыраққа денсаулық, шаттық, бақыт, табыс әкелсін. Жаңа доңыз жылы құтты болсын! «Жұлдыз» тобы бүлдіршіндерінің дайындаған «Қош келіпсің, Жаңа жыл, Азаймасын ән мен жыр!» атты ертеңгілігіне қош келдіңіздер!

«Жұлдыз» тобы қыздарының орындауында «Ақ қырау» биін тамашалаңыздар!


Би: «Ақ қырау»


Тәрбиеші: Құтты болсын ағайын,

Жаңа жылым тағы да.

Қол соғып қарсы алайық,

Шақырайық ортаға,

Ертеңгілік бастасын,

«Жұлдыз»ортаңғы тобы да.

(музыка әуенімен балалар залға кіреді)

Келеді деп жаңа жыл, жаңа жылда жаңа жыр-деп біз мерекені жаңа жылға арналған жыр-шашуымызбен бастаймыз. Ортаға: Аяжан, Әбілқайыр, Омар, Нәби Нұрхан,

Аяжан: Келді міне жаңа жыл,

Жаңа жылым төрлеші.

Жасыл шырша жанында,

Ойыншықтар көрмесі.


Әбілхайыр: Ақ тілектен нәр алып,

Көңілденіп бағалық.

Жасыл шырша жанында

Жыр төгіп ән салалық.


Омар: Тамаша,тамаша,

Шыршамыз тұр жараса.

Басында әсем жұлдызы,

Көз тоймайды қараса.


Н.Нұрхан: Жаңа жыл, жаңа жыл,

Жаңа жылға жаңа нұр.

Жасыл шырша жанында

Билеп барлық бала жүр.

Тәрбиеші: Ақ тілектен нәр алып,

Көңілденіп бағалық.

Жасыл шырша жанында,

Жыр төгіп ән салалық-кішкентай қызымыз Ақжарқынның орындауында «Жаңа жыл» әнін тамашалаңыздар.

Ән: «Жаңа жыл»

Жүргізуші:-Ой балалар шыршаның артында біреу бар сияқты

Қоян: Мен шыршаның артында тығылып отырып, қызығып тамашалап қалай көрініп қалғанымды байқамай қалдым.

-Ой балалар сәлеметсіздер ме?

-Балалар сендер қандай әсем болып кеткенсіңдер?

-Шыршаларың қандай әдемі

-Балалар менде сендермен мерекені тойлайыншы?


Жүргізуші:Біздің бұл мерекемізге Аяз атамен Ақшақар жетіспей тұрған сияқты, олай болса Аяз атамен Ақшақарды шақырайық.

Балалар: Аяз Ата! Ақшақар!-деп айғайлап шақырады.

Жүргізуші: Ой балалар бізді Аяз атамен Ақшақар естімей жатқан сияқты, балалар мынау неғылған үлкен сыйлық, мүмкін Аяз атамен Ақшақардың беріп жіберген сыйлығы шығар, кәне көрейікші.

Түлкі: Ой балалар мені қараңғы жерден шығарғандарыңызға көп рахмет, сіздердің Аяз Атамен Ақшақарды күтіп отырғаныңызды естідім, мен мана қулығымды асырып Аяз Атамен Ақшақарды жолдан адастырып жібердім, сендерге алып келе жатқан тәттілерді өзім жегім келіп, айналғанда қораптан шыға алмай қалдым.

-Балалар мен енді мұндай әрекетке бармаймын, ешкімді алдамаймын, мейірімді боламын, менде сендермен мерекені тойлағым келеді.

Жүргізуші: Жақсы, ендеше қоян екеуің біздің балаларымыздың бойын сергітіп ойын ойнатыңыз.

Ойын: «Аққала құрастыру»

Ойын аяқталған кезде музыкамен мыстан кіреді.

Мыстан:Пай - пай! Мен қайда келдім өзі.Бұл не мереке,сендер не тойлап мәз -мейрам болып жатсыңдар? Мен бұл мерекені тойлатпаймын. Мына шыршаның кереметін - ай! Үйге алып кетсем бе екен?

Жүргізуші: Біз «Жаңа жыл» мейрамын тойлап жатырмыз, тимеңіз біздің шыршамызға! (Осы кезде аяздың дауысы естіліп Мыстан тоңа бастайды, сықырлаған қардың дауысымен Қасқыр мен Аю келеді.)

Қасқыр: Аю досым мына жерде балалар мереке тойлап жатыр екен, біз айқай шу дауысын естіп, біреу көмекке шақырып жатырма деп келе жатыр едік. Бұл жерде кішкентай орман аңдарыда бар екен. Мыстан сен ба мерекенің шырқын бұзып жатқан?

Мыстан:Бұлар менсіз мереке тойлап жатқасын, менің ашуым келіп,шыршаларын алып кеткім келді.

Қасқыр:Неге сен балалардың шыршасын алып кетіп көңіл-күйлерін түсірмекшісің бе? Олар Аяз атамен Ақшақарды күтіп отыр, сен мейірімді болсаң Аяз атамен Ақшақардан сыйлық аласың, сен олардың келуіне көмектес,жол көрсет.

Мыстан:Cыйлық алам ба? Қандай тамаша,мен өмірімде сыйлық алып көрмеппін. Онда мен мейірімді болам,балаларға Аяз Атамен Ақшақарды алып келем,жол көрсетем оларға.(шығып кетеді)

Жүргізуші:Рахмет сіздерге орман аңдары,



Жүргізуші: бүлдіршіндеріміздің жыр-шашулары бар соны тыңдаңыз.(Ақдидар, Анель, Абдурахман, Айя, Мадияр)

Ақдидар: Қыс келді,қыс келді

Ақтарып ақ қарды.

Қызыл ала шапанды,

Сағындым аяз атаны.


Анель: Ақ қырауға малынған,

Сақалы да, мұрты да

Аяз ата сағынған,

Сәлем берді жұртына.


Абдурахман: Тілеймін мен бар әлемге,

Дос көп болсын жаңа жыл.

Ата-әже, әке-ана

Құтты болсын жаңа жыл.


Айя: Жаңа жылым мол болсын

Басқан қадам оң болсын

Төрле төрле жаңа жыл

Бізге құтты жыл болсын!


Мадияр: Жаңа жыл келгенде,

Қуанып қарсы аламыз.

Аяз ата келгенде

Билейміз,ән саламыз.


Жүргізуші: Балалар, слайдқа қарайықшы міне, көптен күткен Аяз Ата мен Ақшақар да келді.


Аяз ата: Амансың ба, ұлдарым,

Амансың ба,қыздарым.

Қандай жарқын жүздерің,

Қандай әсем жырларың.

Асулар мен алысқан ,

Асау жолмен жарысқан.

Аталарың сендерге,

Шаршап келді-ау алыстан.

Балаларым балғыным,

Өмір гүлі, шалғыным.

Тілегенім жыл бойы,

Сендердің амандығың!

Жүргіуші: Қош келдің, Аяз ата,

Қарсы аламын орын беріп.

Ән салыңыз бізбен бірге

Би билеңіз бізге еріп.


Жүргізуші: Ендігі кезекті балаларымыздың Аяз Ата мен Ақшақарға арнаған тақпақтарына береміз. Ортаға:Шыңғысхан, Фатима, Іңкар, Ақбаян,Сындар, Марғұлан.



Шыңғысхан: Аяз ата келіп тұр,

Бізге сәлем беріп тұр.

Тақпақ айтқан балаға,

Сыйлықтарын беріп тұр.

Фатима: Аяз ата, аяз ата,

Сені күтіп жүрдік біз.

Томпаң қағып арқаланып,

Келеріңе сендік біз.


Іңкар: Жер сыпырып етегі,

Аяз ата жетеді.

Екі-үш сағат қонақ боп,

Көңілденіп кетеді.


Ақбаян: Аяз ата ақ сақалды,

Ақ таяқты паң ата.

Асып өтіп, асқар тауды,

Жеттің бізге таң ата.


Сындар: Аппақ тонға оранып,

Базарлықты мол алып.

Келді алыс сапардан,

Аяз ата оралып.


Марғұлан: Соңынан біз ерейік,

Әнде салып берейік.

Аяз ата қапшығын,

Көтерісіп келейік.


Жүргізуші: Көңілді өскен балалар,

Күлім қағып тұрады.

Тойымызға сән беріп,

Шырқатып әнге салады.


Ән: «Шыршаға бардық»


Жүргізуші: Мың бұралып би-билеп,

Шығамыз біз ортаға.

Бүгінгі той тамаша,

Қуанамыз балаша.


Би:Аққала биі


Жүргізуші: Аяз ата біздің бүлдіршіндеріміз орыс тілінде де тақпақтар біледі. (Сезім, Жаннұр, Ибраһим, Ақжарқын)


Сезім: Новый год, Новый год,

Скоро новый год.

Дед Мороз,Дед Мороз,

В гости к нам придет.


Жаннұр: Новый год, Новый год,

Скоро новый год.

Мы о нём, мы о нём,

Песенку поём.


Ибраһим: Снег идет, снег идет,

Значит скоро Новый год.

Дед Мороз к нам придёт

Всем подарки принесет.


Ақжарқын: Маленькой ёлочке

Холодно зимой

Из лесу ёлочкой

Взяли мы домой.

Жүргізуші: Ән: «Слышен звон»


Жүргізуші: Жүзімізге күлкі ойнап,

Қанаттанар жанымыз,

Жаңа жылды біз тойлап,

Би-билейміз бәріміз.


Би: «Шырша биі»


Аяз ата: Жарайсыңдар балаларым! Аталарыңды бір қуантып тастадыңдар! Барлықтарыңда ақылды, білімді, өнерлі екенсіңдер! Киген киімдерің қандай әдемі! Солай емес пе қызым? Біздің сыйлығымызға риза болыңдар. Ал енді біз жолға шығайық. Басқа да балалардың өнерін тамашалайық. Ал, балаларым, сендер өсе беріңдер, өркендей беріңдер. Аспандарың ашық болсын! Қош болыңдар! (қолдарын бұлғап шығып кетеді.)

Балалар: Сау болыңыздар!


Жүргізуші: Жақсылықтың шырағы.

Жылдар солай алмасып,

Жылжып, жылжып тұрады.

Бар баланың бойы өссін,

Боймен бірге ойы өссін.

Береке, бірлік, ырыс-құт,

Болсын елде тыныштық!-дей келе, Жаңа доңыз жылы құтты болсын! Жаңа жылда тек жақсылық болсын! Осыменен «Жұлдыз»тобы бүлдіршіндерінің дайындаған «Қош келіпсің, Жаңа жыл, Азаймасын ән мен жыр!» атты ертеңгілігін аяқтаймыз.





Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
23 қаңтар
372
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі