Материалдарды шектеусіз жүктеңіз ҚМЖ, ашық сабақтар, презентациялар, көрнекіліктер, дидактикалық материалдар, авторлық бағдарламалар және тағы басқа 400 000-астам материалды шексіз жүктеп алғыңыз келе ме?
Толығырақ
Толығырақ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Жаңа жылдық ертеңгіліктің сценарийі

Материал туралы қысқаша түсінік
Жаңа жылға арналған ертеңгіліктің сценарийі
Материалдың қысқаша нұсқасы

Қош келдің Жаңа жыл!

Мақсаты: бүлдіршіндерге эстетикалық-этикалық тәрбие беру, мерекелік көңіл күй сыйлау, қазақша жыл санау жайында түсінік беру.


Кейіпкерлер: Аяз Ата, Ақшақар, Жылан, Ұлу, Лол, Сайқымазақ, Мыстан


Керекті құрал-жабдықтар: безендірілген муз.залы, балалардың сыйлықтары бар сандық, оның кілті, Ақшақардың сиқырлы таяғы.


Өту барысы:

  1. Балалар билеп залға кіреді

  2. Тәрбиешінің сөзі

  3. Ән «Келді міне Жаңа жыл»

  4. Мыстанның кіруі

  5. Мыстанның шығуы

  6. Аяз ата мен Ақшақардың кіруі

  7. Қыздар Биі «Ақшақар биі»

  8. Лол мен Сайқымазақтың кіруі

  9. Шырша шамдарын жағу

  10. Ән «Шырша жыры»

  11. Тақпақтар

  12. Ойын

  13. Аспапта ойнау «Жаңа жыл әндерінен попурри»

  14. Ұлу кіреді

  15. Ұлудың қоштасуы

  16. Жылан кіреді

  17. Ойын «Іс-қимылды қайтала»

  18. Ән «Жаңа жылдық попурри»

  19. Ұлдар Биі «Заманауи Эльфтер»

  20. Аяз ата мен Мыстан кемпірдің көрінісі

  21. Ойын: «Бұғылар жарысы»

  22. Балалармен қоштасу сәті, сыйлықтарды табыстау

  23. Қонақтармен қоштасу



















Жаңа жыл мерекесіне орай безендірілген залға музыка ырғағымен сәнді киінген балалар залға кіреді.

Тәрбиеші:
Жаңа жылдың таңы неткен арайлы,
Ақ мамыққа бөлеп алды маңайды.
Бақыт, шаттық, молшылық пен тыныштық,
Бәрімізге әкелсін мына арай жыл.


Хор: «Келді, міне Жаңа жыл»


Тәрбиеші: Жарайсыңдар, балалар!
Келіңдер жас ұландар,
Ертегімді тыңдаңдар.
Ертегімді сан қилы
Қызық – қызық сырлар бар.
Жаңа жылдың кешінде
Аңдар келіп бір шешімге
Достаспақшы ниетпен
Жиналыпты келісімге.
Соныменен, балалар
Жаңа жылға арналған
Ертегіні көріңдер
(Мерекелік музыка ойналады)


Тәрбиеші: Балалар мен сендерге жұмбақ жасырайын.
Соны шешесіңдер ме?
Балалар: Иә.
Жұмбақ:
Ақсақалды шал жылына
Бір - ақ рет келіп кетеді
Қызы мен ұлына
Сыйлық алып келеді. (Аяз Ата)
Тәрбиеші: Балалар, енді жаңа жылдық мерекемізге Аяз атаны шақырайық. Ол орманда жүріп адасып кеткен болар.
Балалар: Аяз Ата! Аяз Ата! – деп айғайлап шақырады.


Аяз Атаның орнына мыстан кемпір ұшып кіреді де шыршаны бір айналып барып, қонақтардың алдына келіп тұра қалады.


Мыстан: Пай - пай! Мен қайда келдім өзі. Мына шыршаның кереметін - ай! Үйге алып кетпесем бе екен? (Осы кезде мыстан төменге еңкейіп, шыршаның түбімен жұлып алғысы келеді.)
Тәрбиеші Мыстанға жақындап, иығын түртіп: Мыстан кемпір! Мыстан оған мән бермейді де шыршаны жұлуын тоқтатпайды. Біз «Жаңа жыл» мейрамын тойлап жатырмыз, тимеңіз біздің шыршамызға! (Мыстан сөзге мән бермей, тәрбиешінің қолынан итереді)

Мыстан маңдайдағы терін сүртіп, тұрып: Мына шыршаның тамырының терең отырғызылғанын - ай, жұлынбайды ғой. Сол кезде шыршадағы жылтыраған кілтті көріп қалады да: Мынау қандай қызық кілт өзі, осы кілт бағанағы менің ұшып келе жатып көрген, сандықтың кілті болар. Сол сандықтан бір керемет дәмнің иісі шығып еді мүмкін ақша да бар шығар. Мен шыршаға тимей - ак, осы кілтті алып барып сандықты ашайын, мүмкін тамағына тойып, ақшасына бір байып қалармын!


Мыстан Кемпір кетіп қалады


Тәрбиеші: Ойбууй, Балалар, Мыстан кемпір сыйлықтар тұратын сандықтың кілтін алып кетті. Енді қайтеміз.... Оны жеңетін тек Аяз Атамыз, Кәне, Аяз атамызды көмекке шақырып, Мыстан кемпірден кілтімізді қайтарып алайық! Аяз Ата... Аяз Ата... Аяз ата


Есіктің сыртынан дауыстар естіліп, іле - шала залға Аяз - ата мен ақшақар кіреді. Аяз - ата Ақшақарды қолынан тартып, жетелейді, ол кіргісі келмейді.


Ақшақар: Ата жіберіңізші мені! Кірмеймін мында, үйге кетемін.
Аяз - ата: Айналайыным - ау, не болып қалған саған, ауырып қалған жоқсың ба?
Ақшақар: Жоқ, жоқ. Ауырып тұрған жоқпын. Ешқайда барғым келмейді, үйге қайтамын.
Аяз - ата: Қызым - ау, не айтып тұрсың!
Қарашы біз тойға келдік!
Қане балалармен амандасайық.
Аяулы аналарға, ардақты ұл - қыздарға
Бүлдіршін балаларға бір сәлем!
Қандай жарқын жүздерің
Қандай әсем жырларың
Асаулармен алысқан,
Асау желмен жарысқан
Аталарың сендерге
Шаршап келді алыстан
(Балалар амандасады.)
Аяз - ата: Рахмет, балаларым! Қанекей қызым! Қонақтардан ұят болады, басыңды көтер. (Ақшақар басын көтермейді)
Аяз - ата: Қарашы балалардың киімі қандай әдемі. Шыршада әсем безендірілген екен. Бәрі де тым сұлуланып кетіпті.
Тәрбиеші: Сәлеметсіздер ме, Аяз Ата, Ақшақар! Балалар бүгін Ақшақарымыздың көңіл-күйі жоқ екен, мүмкін біздің қыздарымыздың биінен кейін тамаша болатын шығар, кәне қыздарым келіп әдемі билеп беріңдер.


«Ақшақар» биі


Тәрбиеші: Ал, Ақшақар, енді көңіл-күйін көтерілді ме? Біздің қыздар керемет биледі иә?
Сол кезде Ақшақар жылап тұрып:
Бәрі керемет, қыздар сендер өте жақсы биледіңдер! Біраааақ, Мен шырша шамын жағатын сиқырлы таяғымды жоғалтып алдым.

Осы кезде Аяз – ата оны жұбатып тұрып: ОООй, қызым-ау, сол да қиын болыпты ма, қазір мен - ақ өзімнің таяғыммен жағамын – дейді.
Ақшақар: Қойыңыз Аяз - ата! Сіз бұл таяғыңызбен бүкіл шыршаны қатырып тастайсыз.
Тәрбиеші: Ақшақар, сиқырлы таяғың қандай еді?
Ақшақар: Менің таяғым жылтырауық, пішіні жүрекке ұқсайды. Сіздер оны көрмедіңіздер ме? Маған оны табуға көмектесіп жіберіңіздерші.


Бәрі іздестіріп жатқанда залға ЛОЛ қуыршағы мен Сайқымазақ кіріп келеді


Лол: Сәлем, достар, аман ба?
Нұр берді шырша алаңға
Кәне, шашу шашайық,
Тойлап, көніл ашайық.
Бәрі билеп жатқанда,
Босқа қарап тұрмайық
Өнерін жұрт көреді
Тауып өз сыңарымды
Тайсалмай, биге түсіп,
Тарқатам құмарымды.

Сайқымазақ: Тра - ля - ляй! Тра - ля - ляй!
Жаңа жылға әнім бар
Қол ұстасып, биге басып,
Жыл әніне салыңдар
... ой(таңданып), мұнда не болып жатыр, біз ерте кіріп келдік па?- деп ЛОЛға қарайды.

Ақшақар: Сәлеметсіңдер ме(ренішті)! Жоқ, сендер дәл уақытында келдіңдер, мен сендерді балаларға жақсы көңіл-күй беру үшін шақырғанмын, бірақ, мен шырша шамын жағатын сиқырлы таяқшамды жоғалттым, соны бәріміз жабылып іздестіріп жатырмыз.

Сайқымазақ: Біз Лол екеуіміз келе жатқан жолда жүрекке ұқсайтын жылтыр таяқ тауып алғанбыз, мынау емес па?...
Ақшақар: Алақааай, табылды, табылды, көп рақмет сендерге достарым, енді Жаңа жылды қарсалу мерекесін жалғастыра береміз, себебі мен қазір шырша шамын жағамын.

Тәрбиеші: Қане, шырша жағуға көмектесейік, балалар! Үшке дейін санайық: 1 - 2 - 3

«Шырша жыры» әнін шыршаны айналып орындау.


Тақпақтар:


Тәрбиеші: Балалар, қараңдаршы шыршамыз қандай әдемі, бәріміздің көңіл-күйіміз көтеріліп қалды. Кәне, жаңа танысқан достарымызбен көңілді ойын ойнап жіберейікші.


Ойын: Кім жылдам? (Сайқымазақ пен Лол ойнатады)

Шарты: Екі топқа бөлінеді, барлығы қолдарына киімқыстырғыш алып, сол арқылы ұлпаны себетке жинайды, қай топ көп ұлпа жинаса, сол топ жеңіске жетеді


Топ балаларынан құралған ұрмалы аспаптар ансамблінің орындауында «Жаңа жыл әндерінен попурри»


Осы сәтте Ұлу залға кіреді.


Ұлу: Сәлеметсіңдер ме, балалар! Көңіл-күйлерің қалай? Мені таныдыңдар ма? Мен сендермен бір бірге жүрген жыл басымын. Сендермен қоштасып, жаңа жыл басына орнымды табыстау үшін келдім.

Мен ұлумын, ұлумын

Өзім сондай сұлумын

Жаңа жыл кілтін табыстап,

Жыланға сеніп берейін... Жылан менен тез қимылдап демде келіп қалған болар....

Тәрбиеші: Сәлеметсіз бе, Ұлужан! Иә, дұрыс айтасыз, жаңа жылдың келетін уақыты да таяп қалыпты ғой, балалармен қоштасу үшін уақыт бөлгенің үшін рақмет. Балалармен бірге бір жыл болып, осы жылды тыныш өткізгеніңіз үшін рақмет. Ал, балалар Ұлу жылымен қоштасып, шығарып салайық.


Көңілді әуенмен Ұлу залдан шығып кетеді


Тәрбиеші: Кәне, балалар Жаңа жылымыз да келіп қалыпты, ұзақ күттірмей Жаңа жылды қарсы алайық..

Хормен: Жаңа жыл , жаңа жыл....


Көңілді әуенмен Жылан залға кіреді


Жылан: Сәлеметсіздер ме, балалар

Мен тұрмын қуанып

Шаттыққа бөленіп

Бір жыл бойы сіздермен

Дос болайық шаттанып

Тәрбиеші: Сәлеметсіз бе, Жаңа жыл басы – Жылан! Қалай жеттіңіз? Сізді көргенімізге бәріміз қуаныштымыз, сізді балалар да қатты күтті. Қараңыз сізді қарсы алу үшін балалар қалай дайындалды.

Жылан: Балалар, мен де сендерді сағынып, 12 жылда әрең дегенде өздеріне жеттім, сен де сендерді көргеніме қатты қуаныштымын.

Сайқымазақ: Кәне, онда достар тұрмайық, жаңа жылды тойлайық. Көңілді ойын ойнайық, Менің артымнан іс-қимылдарды қайталаңдар.


Ойын: Іс-қимылды қайтала (Ди Биллионс, чики-чача, бум-бум, ляля)

Лол: Ал, қош келдің Жаңа жыл! Жаңа жыл, кәне кел Алинұр, Ұлбике, Бисұлтан, Бота және Жасмина атты балаларымыздың әдемі әнін бірге тамашалайық!

Тәрбиеші: иә, Жаңа жыл, біздің балалар сізді асыға күтті, сізге арнап тіпті әнде дайындап қойды.

Ән, Жаңа жылдық попурри!

Ақшақар: Жаңа сиқырлы таяғымды таба алмай көңілім түсіп кетіп еді, қазір көңіл-күйім балалар сендердің арқаларында керемет болып тұр.

Тәрбиеші: Аяз ата, қарашы біздің ортамызда кішкентай эльфтер бар екен, кәне сол балалардың өнерін тамашалайықшы.

Би: «заманауи эльфтер»

Тәрбиеші: Аяз Ата Сіз біздің балалардың өнерін тамашаладыңыз, Сізге ұнады ма? Сыйлық әкелдіңіз бе?
Аяз Ата: Әрине, барлық сыйлық мына сандықтың ішінде! Ақшақар мына сандықтың кілті қайда? (Ақшақар иығымен білмеймін дегендей шара жасайды.)
Тәрбиеші: Аяз Ата, ол кілтті мыстан алып кетті. Ол тіпті шыршамызды алып кеткісі келген.
Аяз Ата: Қап, әттеген - ай! Қане біз Ақшақар екеуміз оны іздеп келейік.
(Осы кезде залға мыстан кіріп келеді.)
Мыстан: А - а бәлем! Таптым, сандық мында тұр екен ғой!
Аяз Ата: Мына ұрлықшы мында жүр ғой! Қане кілтті маған бер, балалар сыйлықтарын күтіп қалды.
Мыстан: Ойбай - тағы, не дейді? Сыйлық өзіме де керек.
Аяз Ата: Аһ, бәлем! Олай болса өзіңнен көр. Мен сені қатырып тастайын.

Аяз ата: «Кәне таяғым мына Мыстанды қатырып таста»
(Мыстан кемпір тұрған бойында қатып қалады.)
Мыстан: Әй, Аяз шал! Керегі жоқ, қалпыма келтір! Ой, не істесем екен?
Аяз Ата: Бересің ба сандықтың кілтін?
Мыстан: Жоқ, бермеймін!
Аяз Ата: А - а, онда осылай тұра бер! Мен кеттім!
Мыстан: Жоқ, Аяз - ата! Кетпеші, беремін кілтіңді, тек балалар менің қояр тілегімді орындасын, жұмбақтарымды шешсін!
(осы кезде мыстан кемпір қалпына келеді, балаларға жұмбақ жасырады.)

ойын: Бұғылар жарысы


Мыстан: Жоооқ, мен жеңуім керек, әділетсіздік, мен жеңуім керек.

Аяз Ата: Әділетсіз дейсің бе, онда тағы бір көріңдер, осыдан жеңілсен, мойындайсың. (Тағы ойнайды)
Аяз Ата: Ал, Мыстан көзің жетті ме, біздің балалар сондай ақылды, әрі шапшаң, жылдам, көрдің бе?

Мыстан: Жарайды, жеңілісімді мойындаймын, сендер жеңдіңдер, алыңдар кілттеріңді...

Аяз Ата: Жарайсыңдар балаларым! Мені бүгін бір қуантып, алыс жерден шаршап келгенде көңілімді көтердіңдер. Барлықтарың да ақылды, білімді де өнерлі екенсіңдер. Киген киімдерін қандай әдемі! Солай емес пе қызым? Біздің сыйымызға риза болыңдар.

Жылан: Ал,балақайлар, мен сендердің өнерлеріңе тәнті болып тұрмын. Қуанып тұрмын, сендер секілді ақылды, өнерлі, білімді балалармен жылды бастап жатқаныма. Бірге биік шыңдарды бағындырайық, дендерің сау болып, ойлаған армандарың менің жылымда орындалсын.

Аяз Ата: Айналайын, Жаңа Жылан жылымыз! Келген қадамыңа нұр бітсін. Мынау ұлдарым, қыздарым! Мынау халық бір өзіңе аманат. Жыл 12 ай бағып,қақ. Жақсы жыл бол, Жаңа жыл. Ал енді біз жолға шығайық. Басқа да балалардың өнерін тамашалайық. Ал, балаларым, сендер өсе беріңдер, Аспандарын ашық болсын! Қош болыңдар! (қолдарын бұлғап шығып кетеді..........)

Тәрбиеші: Осымен біздің Жаңа жыл мерекесіне арналған мерекелік іс-шарамыз аяқталды. Жаңа жыл құтты болсын!


Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
22.01.2025
102
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курс саны 12