400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Жаңа жылдық ертенгілік

Материал туралы қысқаша түсінік
Бұл материал балабақшадағы балаларға арналған ертенгілік және кез келген тәрбиешіге қажетті қосымша.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Балалар әуен ырғағымен, бірінің соңынан, бірі кіріп әсем шыршаны жағалай тұрады.

Жүргізуші: Бүгін бізде жаңа жыл,

Қош келіпсіз шыршаға.

Жаңа жылда көңілді,

Шырқалады әніміз.

Ата ана сіздерді,

Құттықтаймыз бәріміз!


Жүргізуші: Қараңдаршы қандай әсем безендірілген шырша, қандай әдемі, көрікті. Ойыншықтары көп екен, ал ендеше сұлуда, көрікті шыршамызға арнап әнімізді айтайық.


Шырша әні орындалады.

Балалар орындарына отырады.


Жүргізуші: Балалардың тақпақтарына кезек берейік.


Тақпақтар айтылады.


  1. Тамаша, тамаша

Шыршамыз тұр жараса.

Басында әсем жұлдызы,

Көз тоймайды қараса.


  1. Қуантып елді

Жаңа-жыл келді

Өсетін болдым

Бір жасқа енді


  1. Жаңадан тақпақ

Аламыз жаттап

Жаңа жыл келді

Жаңа жыл аппақ


Жүргізуші: Ой балалар мынау не?

Балалар: Қолғап

Жүргізуші: Неше қолғап болу керек?

Балалар: Екі қолғап болу керек.

Жүргізуші: Бір қолғап жоғалып қалыпты. Қане іздейік!

Жүргізуші: Ой балалар, қолғап мында екен. Өзі өте үлкен екен және жылы екен.

Біркүні орманда қоян секіріп келе жатып қолғапқа кездеседі, қолғаптың ішінде кім тұрады? – деп сұрады да секіріп қолғап ішіне кіріп кетеді.

  • Мен енді осында тұрамын!

Сәлден соң секеңдеп бақа келеді де:

  • Мына қолғаптың ішінде кім тұрады? – деп сұрады.

  • Мен зымырауық қоянмын. Ал сен кім боласың?

  • Ал мен секек бақамын. Мені де кіргізші!

Сөйтіп олар екеу болады.

Бір кезде түлкі бике бара жатып қолғапты көреді: ол қолғапқа жақындап:

  • Қолғаптың ішінде кім тұрады? – деп сұрады.

Мұнда зымырауық қоян мен секек бақа тұрады. Ал сен кімсің?


  • Мен түлкі бике боламын.

  • Мені де кіргізіңдерші!

Сөйтіп олар үшеу болып тұрады.

Бір кезде орманда сұр қасқыр келе жатып қолғапқа кездеседі.

  • Қолғапта кім тұрады? – деп сұрады.

  • Мен зымырауық қоянмын, мен секек бақамын, мен түлкі бикемін.

  • Ал сен кімсің? – Мен. Сұр қасқырмын.

  • Мені де кіргізіңдерші, - деді.

  • Жарайды кір.

Сөйтіп олар төртеу болады.

Бір кезде ағаш бұтақтарының арасынан аю шыға келе жатып қолғапты көреді, қолғапқа жақындап:

  • Мұнда кім тұрады? – деп ақырды.

  • Қоян, бақа, түлкі, қасқыр. Ал сен кімсің?

  • Сендер өте көп екенсіңдер. Мен аю аталарыңмын. Мені де кіргізіңдер!

  • Жарайды, кел кіре беріңіз.

Сөйтіп қолғапта: қоян, бақа, түлкі, қасқыр және аю болып бәрі бірге дос болып тұрды.


Жүргізуші: Қандай мейірімді ақылды жануарлар бір-бірімен тату дос екен, біздің де сендер сияқты кішкентай жануарларымыз бар. Олар сендермен бірге би-белеп мерекеге арнап өз өнерлерін көрсетсін.


Жануарлар биі (ұлдар) орындалады.

Мерекені жалғастырып, Жасыл шырша әнін айтамыз.


Жасыл шырша әні орындалады.

Балалар орындарына отырады.


Жүргізуші: Аяз –ата жылына,

Бір-ақ рет келеді.

Балғын біздің балаларға,

Сыйлық алып келеді.


Жүргізуші: Балалар мерекемізге Аяз-атаны шақырамызба?


Балалар: Ия.


Жүргізуші: Аяз-ата алыстан келеді, сондықтан бәріміз бірге бір дауыспен Аяз-атаны шақырайық.


Балалар: Аяз-ата!

Аяз-ата!

Аяз-ата!


Музыка әуенімен Аяз-ата келеді.


Аяз-ата: Амансыңдарма, балапандарым! Орман тоғайды, үскірік аязды артқа тастап әйтеуір жеттім-ау сендерге. Жаңа-жылдарың құтты болсын!


Жүргізуші: Рахмет Аяз-ата келгеніңіз қандай жақсы болды. Өзіңізбен мерекені тойлап би-билейік. Қане балалар орнымыздан тұрып, Аяз-атамен бірге ән айтайық.


«Аяз-ата» әні орындалады.


Жүргізуші: Аяз-ата сіз алыс жолдан шаршап келген боларсыз, отырып дем алыңыз, біздің балаларымыз өте жақсы, өнерлі, әнде айтады, биде билейді.

Біздің кішкентай ұлпақарларымыз сізге билеп берсін.

«Ұлпақарлар биі» орындалады.


Аяз ата: Рахмет балалар! Сендердің өнерлеріңе риза болдым! Енді менің қайтатын уақытым келді.


Жүргізуші: Жоқ! Аяз ата кетпеңіз, балалардың өнерін тамашаладыңыз, ал енді балалардың асыға күткен сыйлағы қайда?!


Аяз ата: Менің сиқырлы қолғабым бар еді, соны сендерге келе жатқанда түсіріп алдым. Қайда түсіп қалды екен? Қане бәріміз бірге іздейік!


Жүргізуші: Аяз ата қолғабыңыз табылды, ол мында шырша астына түсіп қалыпты. Қандай үлкен және ауыр екен, ішінде не бар екен?! Қолғап ішінде Аяз атаның сыйлықтары бар екен. Оны сендерге топқа барғасын таратып беремін.


Аяз ата: Ал менің кететін кезім келді. Басқа балабақшаның балалары күтіп отыр. Келесі жылда кездескенше! Аман-сау болыңдар!


Жүргізуші: Құрметті қонақтар! Біздің Жаңа жыл мерекесіне арналған ертеңгілігіміз аяқталды. Тамашалағандарыңызға көп рахмет! Жаңа жылда жаңа табысқа жете берейік!

Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
6 ақпан
389
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі