Материалдар / Жаңа жылдық іс-шараға жоспар
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Жаңа жылдық іс-шараға жоспар

Материал туралы қысқаша түсінік
Педагог ұйымдастырушыға жаңа-жыл кешіне мектептегі 5-8 сынып оқушыларына арналған сценари
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
20 Желтоқсан 2020
1865
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

1-жүргізуші: Армысыздар құрметті қонақтар мен оқушылар! 
Бүгін сәні мен салтанаты жарасқан жаңа жыл шыршасына қош келдіңіздер! 
2-жүргізуші : Здравствуйте, дорогие дамы и господа! Здравствуйте , самые дорогие гости нашего балмаскарада. Всего несколько часов остается до Нового года - самого доброго и прекрасного праздника.

1-жүргізуші: Кел жаңа жыл, қош келдің, қошеметпен қарсы алам,
Арманыма жеткізе кел, ғұмыр бойы аңсаған
Мен тәуелсіз Қазақстан, егеменді елмін,
Мен осылай, жаңа жыл, бар әлемге жар салам,
2-жүргізуші : Құрметті қонақтар,ұстаздар мен оқушылар!.Келе жатқан Тышқан жылы мерекесімен құтықтаймыз. Жаңа жыл тек қана бақыт, қуаныш акелсін.

1-жүргізуші:  Ал, халайық, тұрмайық 
Әндетейік, жырлайық 
Ортамызды ашайық 
Ырыс тілеп бұл жылға 
Жырдан шашу шашайық!
ӘН:
2-жүргізуші: Қанекей, достар! Бүгінгі Жаңа жылымыздың құрметті қонақтарымызды қошеметпен қарсы алайық.
1-жүргізуші: Бәріміз бірге «Аяз ата, Ақшақар» деп оларды ортамызға шақырайық.
Аяз ата: Амансың ба ұлдарым,
              амансың ба қыздарым!
              Қандай жарқын жүздерің, 
              Қандай әсем жырларың.
(Аяз ата балалармен амандасады.)

2-жүргізуші: Қош келдің Аяз ата! Биылғы келіп жатқан жаңа жылы, берекелі Елімізге құтымен,шаттығымен, жақсылығымен келгей.

1-Жүргізуші: Қош келдіңіздер. Біз сіздерді мерекемізде көргенімізге шын жүректен қуаныштымыз.

Аяз ата:Рахмет балаларым,мен сонау алыстан келгенше біраз ел кештім ,сондай-ақ сендер сияқты басқа да балалардың мерекесіне қатысып келе жатырмын. Жолда шаршап келе жатырмын балаларым

 Ақшақар: Қалайсыңдар балалар?!О-о-о қандай керемет сарай, қандай әсем шыршамыз тұр, қандай сүйкімді балалар! қандай керемет мереке өтіп жатыр.

Аяз ата: Иә, өте керемет мереке екен.

2-жүргізуші: Аяз ата, біздің оқушылар сізді көру үшін осыншама дайындалып келді. Сіздің балаларға дайындаған мерекелік тосын сыйларыңыз көп шығар?

Аяз ата: Әрине, қарақтарым аяз аталарыңның сендерге арнаған тосын сыйын қабыл алыңдар

ӘН: немесе би

1-жүргізуші: Ой, жарайсындар, балалар.

2-жүргізуші: Ортамыз нұрға толып, 
                 Төрт құбыламыз түгел болсын,
ортаға - Жаңа жыл – жаңа қадам, жаңа бақыт әкелетін, Тышқан жылын шақырамын!

Тышқан: Армысыздар!!!

Жаңа жылда жаңа бақыт тыныштық,
Жаса, жаса достық бірлік туыстық.
Құттықтайық жаңа жылды өнермен,
Қуаныштың әр минуты тым ыстық.

Сіздердің мерекелеріңізге қатты асыға келдім. Жаңа жыл мерекесі құтты болсын. Осы жыл біздің елімізге құт-береке алып келсін!

Аяз ата: Бәрекелді , Жаңа Жыл Келген қадамыңа нұр бітсін! Мынау менің  ұлдарым мен қыздарым, бір өзіңе аманат. Жақсы жыл бол, дария нұр бол.
Жаңа Жыл доңыз : Жарайды аяз ата
2-жүргізуші:Кешімізді әнмен сүймелдей отырып, бәріміз ортаға шығып би билеп, көңілімізді бір сергітіп алайық.

Ән:

2-жүргізуші:

Жаңа жылда алдағы 
Көңіл өсіп кеңейсің.
Ортақ ойы, арманы
Жақсы дәстүр көбейсін- дегендей Аяз ата, Ақшақар достарымыздың сіздерге арнап дайындаған өнерлерін бар. Сол өнерлерін көрсетуді 9-сыныптардан бастайық.
( ортаға 9 сынып оқушылары шығады. Одан кейін 10-11) 
1-жүргізуші: Балалар барлығыңызда өнерлі екенсіздер. Ендеше бізбен бірге әсем шыршамызды айнала би билейік.
Ақшақар: Балалар барлығыңызда өнерлі екенсіздер. Әттең уақыттың тапшылығы,бізді басқа балалар да күтіп қалды біздің сонда баруымыз керек. Солайғой ата

Аяз ата: Иә,балаларым ,бізді сендер сияқты басқа балалар күтуде,бірақ менің бұл жерден кеткім келмей тұр, маған бұл жер қатты ұнап қалды.

1-жүргізуші: Кәнекей балалар, Аяз атамыз бен Ақшақарды шығарып салайық, олар басқа балалардың мерекесіне кетеді.
2-жүргізуші : Ия, Расында да Аяз ата мен Ақшақарды күтіп отырғандар қаншама.? Олай болса Аяз ата мен қызы Ақшақарды шығарып салайық. Аяз ата сізге көп рахмет,сау болыңыз.(Аяз ата мен Ақшақар шығып кетеді)


1-жүргізуші: Енді кешіміз әрі қарай көңілді болуы үшін, ойын ойнайық. 
(Селфи ойыны.)
(Ойын біткен соң)

2-жүргізуші:  Рахмет достар. Орындарыңызға жайғасыңыздар.  
1-жүргізуші: Көңілді кешімізді әрі қарай қызықты ойынмен жалғастырайық.

Қазақша орысша санау. Ойын

2-жүргізуші:  Рахмет достар. Орындарыңызға жайғасыңыздар.  

1-жүргізуші: (Мен қалаймын ойыны)

2-жүргізуші: Кешімізді әнмен сүймелдей отырып, бәріміз ортаға шығып би билеп, көңілімізді бір сергітіп алайық.

(2 би болад)

2-жүргізуші:Рахмет достар. Орындарыңызға жайғасыңыздар.

1-жүргізуші: Бейне Ойын

1-жүргізуші: Жеңімпаздарымызға қане қошемет білдірейік.
2-жүргізуші: До свиданья друзья,
И до встречи через год,
Пусть же нам сияют звёзды,
В светлый праздник Новый год!

1-жүргізуші: Жаңа жыл әр біріңіздің отбасыңызға жаңа нұр, жаңа шуақ, табыс пен береке, қуаныш пен мереке алып келсін. Жаңа жыл баршамыз үшін берекелі, мерекелі жыл болсын.
ЖАҢА ЖЫЛ ҚҰТТЫ БОЛСЫН !

1-жүргізуші: Жүздерің әрқашан жарқын, көңілдерің шат, өмірлерің думанға толы болсын. Жаңа жыл шаттығы мәңгілік тарқамасын! Осымен думанды кешімізді тәмамдап, әрі қарай би кешімізбен жалғастырайық!

Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!