жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
Жаңа жылдық кеш.
Жаңа жылым, армысың!
Фан-фары
(ортада шыршаны айналып, ақшақарлар би билейді, ақшақардар биі)
(Музыка әуенімен ортаға Әли мен Айя шығады)
Айя:
Жаңа жыл – жаңа қадам, жаңа бағыт,
Болашақ сыйлайтындай жаңа бақыт.
Ит жылы келіп қалды ортамызға,
Жақсылықпен жалғассын жаңа уақыт.
Әли:
Құтты болсын жаңа жыл, барша халық.
Қуанышқа, шаттыққа тамсанайық.
Бәрімізге шынайы тілек тілеп,
Бар әлемге бақытпен жар салайық!
Айя:
Жаңа жыл
- қайсарлық пен жүректілік,
Баратын болашаққа білек түріп.
Әдемі тілектерге қол соғамыз,
Әлемге жақсылықтар тілеп тұрып.
Әли:
Жаңа күнде ән қылып,
Тек жүреміз сән құрып.
Көңілдердей қартаймай,
Шырша тұрар мәңгілік!
Айя: Сәлеметсіңдерме балақайлар! Көңіл күйлерің қалай?
Әли: Балалар сендер біздермен бірге жаңа жыл мерекесін қарсалуға дайынсындарма?
(Осы кезде музыка әуенімен ортаға Маша шығады)
Маша:
Ау, жараңдар, ал, қараңдар
Жауып тұр қар себелеп,
Көкке толды, жерге қонды
Сансыз аппақ көбелек
Тым алыстан, күн марстан
Келіп аяз атамыз,
Жылды тойлап, билеп ойнап
Көп қызыққа батамыз.
Маша: АА-А-А-А-А
- Мәссаған, мына жер қандай әдемі
-Балалар мынаның бәрі менікі ме?
Айя:-Сәлеметсізбе, Маша. Бұл әдемі сарай мерекеге сай безендірілген.Сондықтан бұның бәрі балалардікі.
Маша: (Қабағын түйіп) ЖОООҚҚҚ! Бермеймін. Мұның бәрі менікі. Әли:Жоқ, жоқ Маша оданда біз мына балалармен бірігіп Аяз ата мен Ақшақарды қарсы алайықшы.
Маша: ЖОООҚҚҚ! (бар даусымен залды басына көтеріп жылайды)
(Осы кезде музыка әуенімен ортаға аю келеді)
(Маша қолын шапалақтап қатты қуанады)
Аю ойыны.
Маша: Тағы аю, тағы ойнайықшы
Аю: қатты ашуланады. Басын шайқайды.
Айя: Балалар қалай көңілдерің көтерілді ме? Рахмет аюжан! Біз одан әрі мерекемізді жалғастырайық. - Балалар біз сендерге жұмбақ жасырғымыз келіп тұр.
Әли:
Ақ таяғы қасында
Ойын күлкі жанында
Күтеді оны шартарап
Сый дорбасын арқалап
Жаңа жыл сайын келетін
Ол кім?
Балалар: Аяз ата
Айя : жарайсыңдар балалар олай болса Аяз ата мен Ақшақарды шақырайық.
Аппақ тонға оранып,
Базарлықты мол алып
Келеді алыс сапардан
Аяз ата оралып.
Балалар:Аяз ата ! Аяз ата!
(Осы жерде қорқынышты музка ойнайды. Ортаға мыстан кемпір шығады)
Залға мыстан кемпір кіреді қолында аяз атаның қолғабы, басында аяз атаның бас киімі және таяғы бар
Мыстан кемпір:
Асау желмен алысқан
Аяз әжелерің асығып
Шаршап келді алыстан
Төрге мені отырғыз!
Уф белім-ай
Әли:
-балалар мынау кім?
-Мыстан кемпір
Айя:
-Мыстан әже! Сіз неге Аяз атаның қолғабын, бас киімін киіп алғансыз?Неге өзіңізді Аяз әже дейсіз! Аяз әже болушы ма еді.
Мыстан кемпір:Неге осы, сол бір кәрі шалды жыл сайын барлықтарыңыз құрметтеп осындай тамаша мерекеге шақырасыз.Ол келсе қуанасыңдар.Оны 1 жыл бойы күтесіздер а! Неге бір рет болсын мені шақырмайсыңдар! Мен де ол сияқты кәрімін,жасым үлкен міне биыл240-қа келем, мен де сыйлы, құрметті болғым келеді. Мерекеге келгім келеді.Сендер мені шақырмасаңдар да мен өзім келдім. Көрдіңдер ме менің ол сияқты таяғым да, қолғабым да, тымағым да бар. Енді бұдан былай менің атым Аяз әже болады.Ал кәне , менің сол жаман шалдан қай жерім кем.Мен одан әлдеқайда артықпын.кәне балақан айтшы мені Аяз әже деп (осылай бірнеше балаға жақындап айтқызады)
Мыстан кемпір:
-О. Енді бұл менің мерекем.Жылда өзім келем.
Әли:
-Мыстан әже Сізде Аяз атаның барлық заты бар екен.Сіз оларды қайдан алдыңыз?Ал Аяз атаның кәмпитке толы қапшығы қайда?
Осы кезде залға жылап Ақша қар келеді.
Мыстан кемпір тығылып қалады.
Айя:
-Ой мынау біздің Ақша қар ғой!Ақша қар салеметсіз бе.Сізге не болды?
Ақша қар:Менің Атам осы мерекеге келе жатқан.Жолда мыстан кемпір мен оның жаман достары ұстап алып жолда байлап оның заттарын тартып алды.
Енді ол өзінің қабынсыз, таяқсыз келе алмай отыр.Мені іздеуге жіберді.Мен барлық жерді іздеп таппадым. Ой енді не болар екен? Енді сіздерге Аяз ата келе алмай ма?! (жылайды)
Әли : Жылама ақша қар Аяз атаның заттары осында.Тек қапшығы жоқ.
Ақшақар:Қалайша жоқ.Заттары кәне?
Айя:
-Мыстан әже! Кәне бері келіңізші?
Мыстан әже: Жоқ-жоқ.Мен ештеңе бермеймін.Мен енді осы мерекенің басты кейіпкері болам Мен Аяз Әже болам
Әли:
-Енді не істейміз
Ақша қар тағы жылайды.
Айя: Машам өтініш бізге көмектесіңізші. Сізге де сиымыз бар.
Маша:
Жарайды
-Жылама Ақша қар.Қазір мен мыстан кемпірді ұстап алып бәрін алып беремін.
Барлығы мыстан әжені қуады. Ол қашады.
Сосын ұстап алады да бәрі жабылып мыстан кемпірді алып келеді
Маша: -Кәне мыстан әже Ақша қарға Аяз атаның заттарын қайтар.Әйтпесе мен сені Аюға айиамын,
Мыстан к:
Ойбай жоқ аюға айтпашы,Мә-мә алшы осыны
(Ашуланып бәрін шешіп бере салады.)
Ақша қар:Ал кәмпиттері бар қапшық қайда?
Мыстан кемпір :
-Ол менде жоқ,-деп тағы қашады.
-Ұстаңдар Ол өтірік айтады Көмектесіңдер балалар.–деп тағы қуады
Барлық балалар көмектеседі.Ұстап әкеледі.
Маша: Мыстан әже сен не қалған өміріңді аюдың қасында өткізгің келе ме?Тез айт Аяз атаның қабы қайда?
Мыстан к:
-Түу жарайды.Болмадыңдар ғой Мен оы бір жерге тығып кеткем Мерекеден соң шай ішіп, кәмпитке бір тояйыншы деп едім.
Маша: Қазір сендерАқша қармен бірге барыңдар. Мына мыстан кемпірмен тыққан жерін көрсетсін де қапшықты берсін.Ал кәне тезірек.
Мен оған дейін мына балалардың көңілдерін көтере тұрайын.
Шырша жыры әні
Айя:
-Ал енді кәне аяз атаны шақырайық.
-Аяз ата.Аяз ата.
Аяз ата мен Ақша қар келеді.
Аяз ата:
Аяулы аналарға, ардақты
ұл-қыздарға
Бүлдіршін балаларға бip сәлем!
Қандай жарқын жүздерін,
Қандай әсем жырларың
Асулармен алысқан,
Асау желмен жарысқан
Аталарың сендерге
Келіп жетті алыстан
Ақша қар:
Аяз ата
қарашы, балалардың киімi қандай әдемі. Шырша да әсем безендірілген екен. Бәрі де сұлуланып
кетіпті.
Шырша шамын жағайық,
Жаңа жыл тойын ашайық.
Барлығымыз бірге
Кәне шырша таңырқат
Шамдарыңды жарқырат
деп айтайық.
(барлығы айқайлайды, шырша шамдары жағылады).Шыршаны жағатын бала дайындау
Аяз ата:
Бәрекелді балалар! Шыршамыз жарқырап, айналаға қуаныш сыйлауда. Шыршаның құрметіне , шыршаны айналып ән шырқайық.
Хор
Аяз ата:
-Ал енді ескі жыл өз орнын жаңа жылға берсін.
Тауық жылы (ескі жыл):
Жасампаз заман бұл заман,
Бүгіннен ертең ғаламат.
Алдыңғы сапта боларсың,
Келер жыл саған аманат.
(Қол алысып құшақтасады.)
Ит жылы: Аман болсын халқымыз,
Арта берсін даңқымыз.
Дами берсін үздіксіз,
Жаңа дәстүр – салтымыз.
Тауық жылы: Аяз ата, Ақшақар, балалар мен енді барайын. 12-
жылдан кейін қайта кездесерміз. Хош сау болыңдар, балалар!
Жай музыка әуенімен ортаны бір айналып балалрмен қоштасыр шығып кетеді.
Ақшақар:
Кәне, балалар енді бар өнерлерінді ортаға салындар, Аяз ата шаршағанын бассын.
Аяз ата: Әкелген базарлығым бар, сендердің өнерлеріңді тамашалап, бір дем алайын. Уф, шаршағаным-ай!
Әли: Иә, иә, демалыңыз, ортаға отырып, балаларыңыздың өнерін көріп, базарлығыңызды да дайындап қойыңыз. Ал балалар, егер сендердің ән мен билерің болса, көрсетіңдер.
Әндер билер.өнерлерін көрсетеді
Аяз ата: өнерлерің керемет екен.
Ақша қар: Мен балалармен ойын өткізгім келіп тұр.балар менімен ойнайсыңдар ма
Қазір менің артымнан қайталайсыңдар
-Біз көңілді балақаймыз
Ойынға да біз тоймаймыз.
Шапалақ та ұрамыз
Аяқпен де соғамыз.
Құлақты да қалқитып,
Басымызды шайқаймыз.
Ұртымызды үрлейміз
Ұялуды білмейміз.
Он, жиырма ,қырық
Түріміз біздің қызық-дегенде бәріміз қызықты түрге еніп қатып қалуларың керек.
Ең қызықты түрге енген баланы таңдап оған Аяз ата кәмпит береді.
Бірнеше рет ойнау.
Аяз Ата:
-Мына балалар тамаша ойнайды екен.Менің шаршағаным басылып өзімнің ойнағым кеп кетті.Кәне менімен ойнайсыңдар ма?
Төрт қадам алға Би ойыны ойналады.
Аяз Ата:
-әрине ойна.
Аяз ата:
-Ал енді маған арнап дайындаған өлеңдерің мен тақпақтарың бар шығар. Мен тыңдап, кәмпитімнен берейін.
Балалар тақпақтарын айтады.
Аяз ата: Ал енді бүгінгі мерекеге баршаңыз тамаша киіммен келіпсіңдер.Сол үшін беретін сыйлығым бар
Ата-аналар дайындаған қорап кәмпиттерді тарату.
Аяз Ата:
-Қазіргі мына жаңа заманда енді әрине бәріміз фотоға түспейміз бе.Кәне менің жаныма жиналып естелікке суретке түсейік ия қызым. – деп немересіне бұрылады.
Ақша қар:
-Ия ата Бұл балалармен суретке түсіп қалайық.
Аяз ата: Балалар, өнерлерің тамаша екен, Бәрің бір-бір талант иесі екенсіңдер.Өнерлерің әрі қарай шыңдала берсін. Менің әлі баратын жерім көп, басқа да ауылдар мен қалаларда сендер сияқты балалар тосып отыр. Ақшақар екеуіміз қайтайық. Келесі жаңа жылда жолыққанша сау болыңдар!
Айя:Ақылға келген мыстан әжейдің құрметіне мыстан әженің өзін ортаға алып бір билейік.
Әли:
Біз тілейміз жаңа жылдың шаттығын
Біз тілейміз Ақшақардың пәктігін.
Ардақтаймыз ақ армандай ойларды,
Аялаймыз ару құстың ақ таңын.
Айя:Өтсін солай жаңа өмірдің күндері
Шарпылмасын жүректердің мұң лебі,
Жарқылдасын жаңа жылдың оттары
Таусылмасын жаңа жылдың дүрмегі.
-деп ертеңгілігімізді аяқтаймыз.
шағым қалдыра аласыз



Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген