Материалдар / Жаңа жылдық кеш

Жаңа жылдық кеш

Материал туралы қысқаша түсінік
Жаңа жылдық кеш
Авторы:
19 Сәуір 2023
230
1 рет жүктелген
Материал тегін
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

«Қош келдің жаңа жыл»

Тәрбиеші:

Жаңа жылдың таңы неткен арайлы,

Ақ мамыққа бөлеп алды маңайды.

«Жаңа жылмен құттықтаймыз!»деген үн

Әр қанаттан кең алқапқа тарайды.

Балалар хормен: Жаңа жыл құтты болсын!

Тәрбиеші:-Құрметті ата-аналар,сіздерді келе жатқан Жаңа жыл мерекесімен шын жүректен құттықтаймын!

(Осы кезде шыршаның артынан аю шығады.)

Аю: -Кім мені қысқы ұйқымнан оятты?Кім менің тыныштығымды бұзды?Мұнда не жиын?Қандай мереке?

Тәрбиеші: -Аюжан,біз балалармен сиқырлы орманға Жаңа жыл мерекесіне келдік.Бізді кешірші,ренжіме!

Аю:-Ооо!Жаңа жыл мерекесіме?Алақай,қандай тамаша!Қайта сендерге рахмет айтамын,әйтпесе жаңа жыл мерекесін ұйықтап қалып өткізіп алатын едім.

Тәрбиеші:-Аю жаңа жылға шырша алып дайындалдың ба?

Аю:-Жоқ,жоқ.Былтыр жаңа жылдық шыршаны безендіріп отырғанда Маша бәрін бүлдірді.Маша үйде салют атып шыршамды өртеп жіберді.Шырша іздеп жолға шыққанда Аяз Ата мен Ақшақардың жолын кесіп,құлатты.Биыл Маша қайда жүр екен?

Тәрбиеші: Олай болса,аюжан бізбен бірге Жаңа жыл мерекесін тойла.Балалар сенің көңіл-күйіңді көтеру үшін ән шырқап береді.

Ән: «Жасыл шырша жанында»

Аю:-Әндерің өте тамаша!Бірақ та,жаңа жылда Аяз ата мен Ақшақар келу керек емес пе?Мен де сыйлық алғым келеді АязАтадан.

Тәрбиеші:-Әрине, Аяз ата мен Ақшақар міндетті түрде келеді.Ол үшін бәріміз бірге дауыстап Аяз ата мен Ақшақарды шақырайық!

Бәрі бірге: -Аяз ата!Ақшақар!

Музыка әуенімен Маша кіреді.

Маша:-Бұл қандай жиын?Менсіз бәрі өтіп жатыр ма?Ооо,менің аюым да осында жүр ғой.Аю,аю (секіріп,аюдың қолынан қағып )мұнда шырша бар екен,қарашы әдемі.Жүр осыны алайық.(шыршаны тартады )

Тәрбиеші:-Маша,шыршаға тиме,балалар Жаңа жылды сондай дайындалып күтті.Шыршасыз қалай қарсы аламыз?Маша одан да сен бізбен жаңа жылды бірге қарсы ал!

Маша:(Маша қуанып секіреді)-Алақай,алақай!Мен осында қаламын!

Тәрбиеші:-Маша сен келе жатқанда жолда Аяз атамен Ақшақарды көрген жоқсың ба?

Маша:-Түлкіні көрдім,қасырды көрдім,бірақ Аяз ата мен Ақшақарды көрген жоқпын.

Тәрбиеші:-Қайда жүр екен олар?Мүмкін,жаңа жыл туралы тақпақтар айтып,ән шырқасақ даусымызды есітіп келіп қалар.

Айжан: Тамаша,тамаша!

Шыршамыз тұр жараса.

Басында әсем жұлдызы

Көз тоймайды қараса.

Алинур: Жаңа жыл,жаңа жыл!

Жаңа жылда жаңа жыр

Жасыл шырша жанында

Билеп барлық бала жүр.

Насрулла Бағдаулет:

Көңілсіз бір бала жоқ,

Ойын-күлкі таралсын.

Құтты болсын,құтты болсын,

Құтты болсын жаңа жыл!

Ботакөз: Той,мереке ,салтанат

Думандатты шартарап

Келді міне, Аяз ата,

Сыйлықтарын арқалап

Аяулым: Ортамызда шыршамыз,

Би билейміз баршамыз.

Сондай әсем,сондай бай

Ағаш бар ма шыршадай?!

Аю: Қандай ақылды балалар!Бірақ,Аяз ата мен Ақшақар әлі келмеді.

Маша: Мишка,Мишка ал мынау кімнің ізі?Мүмкін Аяз атанің ізі шығар!

Аю: Бұл Аяз атаның ізі емес,қасқырдың ізі.

Маша: Жоқ,жоқ.Бұл қасқырдың емес қоянның ізі.

Аю:Маша, бұл қасқырдың ізі,қоянның ізі емес.

Музыка ойнап ортаға қасқыр келеді.

Аю: Мінекей,қасқыр деп айтпадым ба!

Қасқыр: Сәлеметсіздер ме! Мен қоянды іздеп жүр едім,барлықтарың осында екенсіңдер ғой!

Тәрбиеші:-Сәлеметсің бе қасқыр!Біз жаңа жыл мерекесін тойлап жатырмыз.Қасқыр,жолда Аяз ата мен Ақшақарды көрген жоқсың ба?

Қасқыр:(басын қасып )Аяз ата,Ақшақарды?Жоқ,көрген жоқпын.

Әуен ойналып Түлкі келеді.

Түлкі: Мен түлкімін,түлкімін

Тұнып тұрған күлкімін

Бұлғаң,бұлғаң құйрығым

Текке өтпейді бір күнім

Аяз ата мұнда келмейді,

Сендерге сыйлық бермейді!

Тәрбиеші:Қалай келмейді?Не себепті келмейді?

Түлкі:Ал,мені неге мерекеге шақырмайсыңдар?Мен Аяз аталарыңды Ақшақар мен бірге алдап арбап үйшікке қамап қойдым.Сондықтан олар келе алмайды.-ха,ха,ха(түлкі секіреді)

Тәрбиеші: Аяз атасыз біз жаңа жылды қалай қарсы аламыз?Түлкі,түлкі оларды босатшы,өтінеміз.

Түлкі:Мына балалар жұмбақ жасырсам жауабын таба алама?Егер дәл тапса Аяз атаны босатамын.

Тәрбиеші:Әрине,біздің балалар өте ақылды.Балалар,мұқият жұмбақты тыңдап,жауабын тауып Аяз ата мен Ақшақарды құтқарайық,жарайма!

Балалар:-Ия

Түлкі жұмбақ жасырады.

1.Қыста ғана болады,

Ұстасаң қолың тоңады. (қар)

2.Бір ақсақал жылына

Бір-ақ рет келеді.

Көп қызы мен ұлына

Сыйлық әкеп береді.

3.

Тәрбиеші:Көрдің бе түлкі біздің балалар жауабын тапты,енді тез барып Аяз ата мен Ақшақарды босат.

Түлкі: Жоқ,босатпаймын!Барлық сыйлық тек менікі болады.

Тәрбиеші:Түлкі өзің айттың емес пе,босатамын деп.Уәде бергесін орындау керек.Балалар, алдауға болады ма?

Балалар: Жоқ!

Түлкі: Жарайды,мен кетейін.Ал,сендер болса жаңа жылды Аяз атасыз қарсы алыңдар.Сау болыңдар!

Түлкі кетеді

Тәрбиеші: Енді не істесек болады?Балалар сыйлықсыз қалатын болды ма?

Аю: Маша,сен дереу түлкінің ізіне түс.Аяз ата мен Ақшақарды құтқар!

Маша: Жақсы,мен сендерге уәде беремін,Аяз ата мен Ақшақарды қу түлкіден құтқарып мерекеге алып келемін!

Маша түлкінің соңынан кетеді.

Тәрбиеші:Балалар Маша келгенше аю мен қасқырға би билеп берейік.

Би: «Көңілді би»

Осы кезде алыстан Аяз атаның дауысы естіледі.

Әуен ойналып ортаға Аяз ата мен Ақшақар,Маша және Жаңа жыл келеді.

Аяз Ата:

Амансың ба,ұлдарым,

Амансың ба қыздарым

Қандай жарқын жүздерің

Қандай әсем жырларың

Асулармен алысқан

Асау желмен жарысқан

Аталарың сендерге

Шаршап келді алыстан.

Ақшақар: Сәлеметсізде ме,балалар.Жаңа жылдарың құтты болсын!

Ақшақармын арайлы,

Сүйсіндірер маңайды.

Жалт-жұлт еткен жүзімнен

Күміс сәуле тарайды.

Ақшақармын аппақпын

Қалай тыныш жатпақпын

Менсіз қыстың сәні жоқ

Әнмін, жырмын,тақпақпын,

Жаңа жыл:

Сәлеметсіздер ме,қонақтар

Сәлеметсіздер ме балалар!

Мен тұрмын қуанып,

Шаттыққа бөленіп.

Бір жыл бойы сіздермен

Дос болайық шаттанып.

Тәрбиеші: Сәлеметсіздер ме,қош келдіңіздер!Төрге шығып мерекені

тамашалаңыздар!

Аяз ата: Балалар,мына шыршаның шамын жағайық.Кәне ,сиқырлы сөздерді бірге айтамыз.

Қуант,бізді таңырқат

Шамдарыңды жарқырат!

Тәрбиеші: Балалар,шырша шамдары жанбай жатыр.Тағы бір рет айтамыз.

Қуант, бізді таңырқат,

Шамдарыңды жарқырат!

Шырша шамы жанады.

Маша: Алақай,алақай!Шырша шамдары жанды!Алақай!

Аяз ата:Бәрекелді,Маша жарайсың!Маша болмағанда біз мерекеге келе алмайтын едік.Маша саған көп рахмет!Саған сыйлық берейін келе гой.(Маша сыйлық алады)

Тәрбиеші: Балалар,Аяз атаға ән айтып берейік.

Ән: «Тамаша,тамаша»

Ернар:

Жаңа жылым мол болсын!

Басқан қадам оң болсын!

Төрле,төрле жаңа жыл,

Бізге құтты жыл болсын!

Айтбек Бағдаулет :

Аппақ тонға оранып

Базарлықты мол алып.

Келді алыс сапардан

Аяз ата оралып.

Мейіржан:

Безендіріп шыршаны

Жыл қуантты баршаны.

Той маскарад басталды

Аяз оны басқарды.

Арнат: Ал,балалар тұрмайық

Би билейік ойнайық

Аяз ата қуансын

Дөңгелене зырлайық.

Би: «Ұлпақарлар»

Аяз ата:-Балалар,жаңа жылдарың тағы да құтты болсын!Жаңа жыл шаттық,бақыт алып келсін!Мені тағы басқа балабақшалар күтіп отыр.Сау болыңыздар!(Сыйлықтарын таратып Аяз ата мен Ақшақар шығып ктеді.)

Тәрбиеші:-Жаңа жылдық құттықтау сөзді «Күншуақ»шағын орталығының

Әдіскері Турбекова Анар Бақытқызына береміз.

Тәрбиеші: Осымен ертеңгілігіміз аяқталды.Жаңа жыл жаңа табыс,жаңа бақыт әкелсін!













Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!
Осы аптаның ең үздік материалдары
Педагогтардың біліктілігін арттыру курстары
Аттестацияда (ПББ) 100% келетін
тақырыптармен дайындаймыз
Аттестацияда (ПББ) келетін тақырыптар бойынша жасалған тесттермен дайындалып, бізбен бірге тестілеуден оңай өтесіз
Өткен жылы бізбен дайындалған ұстаздар 50/50 жинап рекорд жасады
Толығырақ