Материалдар / Жаңа жылдық кештің сценарийі
2023-2024 оқу жылына арналған

қысқа мерзімді сабақ жоспарларын

жүктеп алғыңыз келеді ма?
ҚР Білім және Ғылым министірлігінің стандартымен 2022-2023 оқу жылына арналған 472-бұйрыққа сай жасалған

Жаңа жылдық кештің сценарийі

Материал туралы қысқаша түсінік
Ертегі кейіпкерлерімен жаңартылған үлгідегі жаңа жылдық кешке арналған сценарий
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады.
Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
13 Қазан 2023
183
0 рет жүктелген
Бүгін алсаңыз 25% жеңілдік
беріледі
700 тг 525 тг
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Жаңа жылдық кештің сценарийі

Аяз-Ата: Аян Файзуллаевич

Ақшақар: Дария

Аққала: Сезім

Барыс: Ибраһим

Қоян: Қымбат

Тышқан: Назерке Темирболатовна

Медбике кейіпкер: Біржан

Жануарлар: жылқы, жылан, мешін, сиыр, қой, тауық, ұлу, доңыз, ит. (4 сын оқушылары)


Жаңа жылдық поппури ән. (Әннің ортасында сахнаға Ақшақар гироскутермен үйреніп жүргендей болып шығады, Аяз ата демеп жүреді)

(Әншімен бірге Аяз Ата мен Ақшақар да шығып кетеді. Іле екеуі қайта оралып, Аяз Атаның ұялы телефонын іздейді. Тышқан шығып, не іздегендерін сұрайды, бірге іздесіп кетеді. Тышқан ұялы телефонын тауып алады.)

1 сахна

Ақшақар: Ата, Сізге хабарлама келіпті!

Аяз-Ата: Балалардан болар.

Ақшақар: Жоооқ! Бұл жолы балалар емес... Осы жолы жыл иесі Барыстан екен.

Аяз-Ата: Рас па?! Қане оқы.

Ақшақар: (оқиды, шақыру хабарламасы проектормен көрсетіліп тұрады.)

Құрметті, Аяз-Ата мен Ақшақар!

Сіздерді, Жыл иелерінің міндеттерін тапсыру рәсіміне шақырамын.

Жиын орны: «Орман» алаңы

Уақыты: сағ. 19.00


Музыкалық номер

1. 3сынып ән

2. 4сынып ертегісі

2 сахна

Жануарлар жиналып отыр, барлығы көңілсіз, ит табанын жалап, маймыл банан жеп, әтеш шемішке шағып ....

Аяз-Ата: Уа, Қымбаттыларым! Неге көңілсізсіңдер?

Барыс: Келесі жылдың иесі, Қоян қарындасым, келмей жатыр.

(Проектормен Қоянның ауырып жатқанын көрсетіледі,

қасында екі кейіпкер жүреді)

Аққала: (ентігіп келіп) Қоян ауырып, қалды, ауырып жатыр....

Аяз-Ата: Не дейді? (шошып) Қоянсыз Жаңа Жылды қалай тойламақпыз?)

Ақшақар: Қояндар үй және жабайы өмір жағдайларына тез бейімделеді. Өте төзімді, сабырлы жануар. Қашанда көңіл күйіне қарай әрекет ететін тіршілік иесі. Сондықтан менің ойымша оған әуен керек!!!

Аққала: Жәй әуен емес, Мерекелік көңіл күй сыйлайтын әуен...


Музыкалық номер

  1. 9сынып ән

  2. 5,6,7сыныптар биі



3 сахна

Сахнада Қоян көрпе оранып отырады, айналасында барлық кейіпкерлер.

Қоян: Мынау неткен әуен, дауыстары неткен әдемі...

Аққала: Бұл Сізге деген сый сияпатымыз!

Жануарлар кезектесіп саулық тілейді: Сауығып кетіңіз, Ауырмасаңыз болды, Қоян Ханым, Шипасын берсін, ....

Қоян: Рахмет, Рахмет! Дауыстарыңды естіп, тілектеріңді тыңдап бір марқайып қалдым!

Менің көжектерімнің де өнерлерін тамашалаңыздар!


Музыкалық номер

  1. 2сынып биі

  2. 1сынып, д\с

  3. 8сынып биі

  4. 9сынып биі


4 сахна

Ақшақар: Ата, балалардың дарынды екенін көрдіңіз, Қоян Ханымның көңілінен шығамыз деп бар өнерлерін паш етуде. Сіз де ұмытпай оларға сыйлықтарыңызды үлестіріңіз.

Аяз-Ата: Әрине, Ақшақарым. Сыйлықсыз ешкім қалмайды.


Қаршақыз бен Ақшақар сыйлықтарды тарата бастайды, сол уақытта мектеп директорының құттықтау сөзі мен қай сыйлыққа кім демеушілік еткені туралы айтып өтеді.

Бүгінгі күннің демеушілері:

Шағын орталық бүлдіршіндерінен бастап 9 сынып оқушыларына дейін, жалпы есеппен 69 оқушыға тәттілер толы қорапшаларын жеткізген қалалық маслихат депутаты, «Табыс» ШҚ басшысы Манат Қажыбекұлы Алғамбаровқа алғысымызды білдіреміз.


Сонымен қоса, әр сыныпқа сыйлықтар толы себеттерін үлестірген ауылымыздың басқа да шаруа қожалықтарына алғысымызды білдіреміз, атап өтсек:

дайындық сыныбы мен 1-сыныпқа – «Шідерті» ШҚ, басшысы Қуандық Ғалымбекович Айтымаев,

2 және 9-сыныптарға – «Бәйретек» ШҚ, басшысы Манарбек Касенов,

3-сыныпқа – «Дәурен» ШҚ, басшысы Дәурен Исакаримович Шманов,

4-сыныпқа – «Егінбай» ШҚ, басшысы Марат Егінбаевич Акишев,

5,6,7-сыныптарға – «Астра» ШҚ, басшысы Жомарт Оразалиевич Сарсекеев,

8-сыныпқа – «Айдар» ШҚ, басшысы Сәдібек Жаңбыртаевич Қабылтаевқа.


Сиқыр күткен бала көңіліне жасаған жақсылықтарыңыз қуаныш пен үміт сыйлағаны сөзсіз. Игі істеріңіз елеусіз қалмайды. Мейіріміңіз бен жомарттығыңыз жүз еселеніп қайтсын.



Соңынан Барыс пен Қоян ортаға шығады.


Барыс: Ескі жылдың қайғы мұңын, өкпе назын өзіммен алып қаламын.

Мен иелік еткен жылдан жақсы естеліктер ғана алып қалыңыздар.

Қимас шақтың бірі болып қала берсін!


Қоян: Құт береке әкелемін, баршаңызға,

Аңсаған армандарыңызды орындаймын,

Өмірлеріңізді бақ пен нұрға толтырамын,

Береке, мол ырыс дәулет әкелемін!

Жылымды жақсы өзгерістерге, қуанышты кездесулерге, бақытты оқиғаларға толтырамын!

Аяз-Ата: Бәкерелді, Қоян балам, ойың дұрыс екен.

Тышқан: Әлемді сиқыр мен ғажайыпқа бөлейтін, Жаңа Жыл, ең алдымен балалар мерекесі. Бала көңілдері, алып ұшып, жыл он екі айда келетін осы бір мерекені асыға күтеді.

Аққала: Жаңа жылға деген ақ армандарын қағазға түсіріп, жастық астына жасырылған сыйлықтарын алуға асығады. Міне, Жаңа жыл осындай сиқырға толы ертегі әлеміне жетелейтін мереке.


«Қош келдің, Жаңа жылым, қазағыма» әні, Сезім

Барлығы: ЖАҢА ЖЫЛ ҚҰТТЫ БОЛСЫН!



Жауапты: Аяулым Муратбаевна Рыспекова

Материал жариялап тегін сертификат алыңыз!
Бұл сертификат «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жарияланғанын растайды. Журнал Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінің №KZ09VPY00029937 куәлігін алған. Сондықтан аттестацияға жарамды
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!