Жаңа жыл
мерекесі

Жаңа жыл – әлемдегі
қуанышқа толы ең ғажайып мерекелердің бірі.
Жаңа жыл сиқырлы, әрі қайталанбас таңғажайып
мереке. Бәріміз келе жатқан жаңа жылдан жарқын ертегі, жаңа бақыт
күтеміз.
Қазақтар үшін 'Жаңа жыл
мерекесін наурыздың 22-сінде, күн мен түн теңелген қасиетті
мезгілде басталған. Түрлі тарихи басылымдарда Жаңа
жылды әшекейлі шыршамен қарсы алу
дәстүрін Ресейде 1700 жылы
қаңтардың 1-інде I Петрдің енгізгені, дәл осы жылы Ресейде жаңаша
жыл санау басталғаны, I Петрдің өзі басқарған Мәскеудегі мейрамның
таңға дейін созылғаны жазылып жүргенімен, бірқатар
этнограф-тарихшылар қыпшақтардың шырша мерекесі болғанын, Жаңа
жылдың – көшпелілердің де байырғы мейрамы екенін
жазады.
Тарихи мәліметтерге сүйенсек, 1699 жылы Ресей
патшасы І Петр Григориан күнтізбесін қолданысқа енгізген. Сөйтіп,
сол бойынша жыл басы қаңтардың 1-інен басталатын болып белгіленді.
Патша қарамағандағы елге бұл күнді ерекше етіп тойлауды бұйырыпты.
«Патша жарлығымен жарияланған думанды мереке баршаға бірден ұнады»
дейді тарихшылар. Католик дінін ұстанатын Еуропа
елдерінде Жаңа Жыл мейрамының маңыздылығы желтоқсан айының 25-інде
тойланатын Рождество мерекесінің дәрежесімен салыстырғанда
әлдеқайда төмен. Қытай өзінің жаңа жылын кейінірек
тойлайды.«Наурызды да, Жаңа жылды да қарсы алатын дәстүріміз бар.
Екеуін де ерекше атап өтеміз», дейді ол.Тарихи деректер Жаңа Жыл
мерекесінің біздің заманымызға дейінгі үшінші мыңжылдықта өмір
сүрген Мессопотамия халқы арасында тойланғанын айтады.
«Жаңа Жыл, яғни, 1-ші қаңтар түні тойланатын мереке христиандардыкі
емес», - дейді мамандар. Оның тарихы осыдан бес мың жыл бұрын
басталған кезде христиан діні болмаған еді. Мұсылмандардың кейбірі
діни сеніміне байланысты Жаңа Жылды тойламайды. Сауд Арабияда
желтоқсанның 31-інен қаңтардың 1-іне қараған түні жаңа жылды
тойлайтын болса жауапқа тартылады екен. 2010 жылғы желтоқсанның
7-сі мұсылман күнтізбесі бойынша хижраның 1432 жылы мұхаррам айының
бірінші күнімен сәйкес келді. Көңілімді шаттыққа бөлеп,
жүрегіме ерекше жылулық сыйлайтын мерекелердің бірі – Жаңа жыл.
Оның әлем халықтары үшін ортақ мереке болғандығы үшін қатты
қуанамын. Жақындаған сайын қоршаған ортада өзгерістер болып жатқан
секілді көрінеді. Құдды күллі әлем ертегі әлеміне саяхат
жасайтындай.
Бұл мерекені жүрегі мен тілегі
бір үлкен отбасыммен өткізгенді жақсы көремін. Және отбасы
мүшелерінің үйде болуының маңызы зор. Бірге болған кезде жаңа
жылдық дастархан жайып, қызықты тақырыптарда әңгіме-дүкен құрамыз.
Жыл сайынғы дәстүрлі тағамдарды дайындап, бір-бірімізді сыйлықпен
қуантуға асығамыз.
Кентау көпсалалы
колледжі
Информатика пәнінің
оқытушысы
Ботабекова Асия
Ердебековна