жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
Жаңа жылдық ойындар
Әліппе
Жүргізуші:
«Бәріміз
сауаттымыз, дегенмен әліппені
білеміз бе?» - дейді. Ойыншы «А» әрпінен
бастап, әліппе
бойынша әрі
қарай
қысқа
құттықтау
тіркестер айтады. Мысалы, А – Ақшақардай
сұлу
болайық.
Ә
– Әрбір
үйге
Жаңа
жыл қуаныш
әкелсін.
Б – Бақыт
тілеймін. Ең
күлкілі
тіркес айтқан
ойыншы жеңімпаз
атанады.
«Қар
қызын/еркегін
жасаймыз»
Егер жаңа
жыл түні
жерде қар
жатса, қонақтарға
сыртта ойын ойнауды ұсынуға
болады. Барлық
ойыншылар (ер адамдар болғаны
жақсы)
бірнеше топқа
бөлініп,
әрбірі
Қар
қызын
жасауға
тапсырма алады. Әдеттегі
қардан
жасалған
мүсін
емес, әдемі
қыз
бейнесі болуы шарт. Сұлу
қыз
дене пішінін келтірген топ жеңеді.
Мысалы, Қар
қызын
жасау үшін
әйел
киімін де қолдануға
болады, т.с.с. Дәл
осылай әйел
адамдар да ойнай алады. Бірақ
олар жаңа
жылда кездестіргісі келетін
арманындағы
жігітті жасауы қажет.
Сыйлықтарға
толы қорап
Жаңа
жылға
мынадай кішігірім әзіл
ұйымдастыруға
болады. Жаңа
жылды тойлайтын бөлменің
бұрышына
үстіңгі
беті бар, түбі
жоқ
қорап
қойып
қойыңыз.
Оны әдемі
лентамен байлап, «Мерекеңізбен»
деп жазып қойсаңыз
да болады. Ал ішіне кәмпитті
толтырып салыңыз.
Ең
бастысы, қорапты
жоғары
бір жерге қойыңыз,
шкафтың
үстіне
болса тіпті жақсы.
Алдайтын адамыңыз
бөлмеге
кіргенде, оған
арналған
сыйлық
шкафтың
үстінде
екенін айтыңыз.
Әрине,
ол бірден барып, қорапты
ала бергенде, үстіне
кәмпит
төгіледі.
«Шыршаны безендір» сайысы
Ойын
үшін
бірнеше лента, жылтырақ
пен ойыншықтар
(ойыншы санына қарай)
қажет.
Шырша ретінде әйелдер
ойнайды. Олар бір қолына
лентаның
бір ұшын
ұстап
тұрады.
Ал ер адамдар қолдарын
тигізбей, еріндерімен басқа
шетін қысып,
өз
ханымын безендіреді. Қай
жұптың
«шыршасы» әдемірек
болса немесе қайсысы
бірінші бітірсе, сол жұп
жеңеді.
«Түйреуіш»
Бұл
жаңажылдық
әзіл
үшін
бірнеше жұп
керек, ерлі-зайыптылар болса жақсы.
Барлығының
көздерін
байлап қойып,
олардың
киімдеріне бес-бестен түйреуіш
тағасыз.
Бір-бірінің
үстіндегі
барлық
түйреуішті
бірінші болып жинаған
жұп
жеңеді.
Мұның
бәрі
баяу әдемі
әннің
әуенімен
өтуі
тиіс. Алайда, ойында бір сыр болады:
қыздың
киіміне 5 түйреуіш
тағылса,
жігіттің
үстіне
төрт
түйреуіштен
ілінеді. Демек, жеңіске
бұл
сырды бірінші болып түсінген
жұп
жетеді. Ал оған
дейін екінші жартысының
үстінен
соңғы
түйреуішті
ұзақ
іздегенін сыртынан тамашалау - өте
қызық
көрініс.
«Қолғап
пен түйме»
Бірнеше жұп
ортаға
шақырылады.
Ер адамдарға
қалың
қысқы
қолғаптар
беріледі. Ал қыздардың
киімінің
үстінен
көйлек
немесе халат кигізіледі. Ер адамдар
серіктес әйелінің
үстіндегі
түймелерді
қолғаппен
тез тағып
шығуы
тиіс.
Жаңажылдық
тілектер сайысы
5
қатысушыны
ортаға
шақырамыз.
Олардың
әрбіреуі
кезекпен бір жаңажылдық
тілек айтуы тиіс. Бес секундтан артық
ойланған
ойыншы ойыннан шығарылады.
Соңына
дейін жеткен адам жеңеді.
«Күлдіргіш»
Әрбір
ойыншы бір есімнен алады, мысалы, мұз,
ойыншық,
қар,
шырша т.б. Жүргізуші
барлығын
айналып жүріп,
түрлі
сұрақтар
қояды:
«- Сен кімсің?
- Шырша. - Бүгін
қандай
мейрам? - Мұз.
- Мынауың
не? (мұрнын
көрсетіп)
– Ойыншық.
Әрбір
ойыншы барлық
сұраққа
өзіне
берілген «есіммен» жауап беруі тиіс,
және
де ол сөзді
қажетінше
септеуіне болады. Оған
қоса,
жауап бергенде, күлуге
тыйым салынады. Кім күліп
жіберсе, ойыннан шығады.
Жеңілгендерге
түрлі
жаза тағайындалады:
өнер
көрсетеді,
бір нәрсе
алып келеді, жасап береді т.с.с.
1) Шырша ойыны. Біз әр сыныптан бір ұл бір қыз шығарып, қандай сұрақ қойсақ та, сіздер шырша деп жауап бересіздер. Жауаптан жаңылыспау керек. Және сөзімізге күлмей, әдеппен жауап береміз. Ойын шартын бұзған оқушылар болса, ойын тәртібін бұзды деген сөз ол бала ойыннан шығады. Сонымен сұрақ ойнымызға көшеміз.
1. Атың кім?
2. Нешедесің?
3. Сынып жетекшің бар ма?
4. Қасыңдағы мұғалімің кім?
5. Қай мектепте оқисың?
6. Жаңа жыл мерекесі ұнай ма?
7. Досың кім?
8. Жалғыздықтан қорқасың ба?
9. Сабақта үлгерімің қандай?
10. Көзіңнің түсі қандай?
11. Тұратын қалаңның аты қандай?
12. Киіміңнің түсі қандай?
13. Аяғыңа не киесің?
14. Қыста тонасың ба?
15. Бас не үшін қажет?
Өте жақсы балалар Жеңімпазды марапаттау
«Жақсылықпен жайлылық сыйла – Жаңа жыл»атты жаңа жылдық ойын сауық кешінің сценарийі.
Сахна көрініспен ашылады фанфар беріледі.
Көрермен залында оң және сол қанаттан кейіпкерлер жүгіріп шығады.
-Уақыт
-дайындық
-Жаңа жыл, жаңа жыл жаңа жыл!!!
Кейіпкерлер сахнаға шығып сахна пердесін ашады. Барлығы қолдарын шапалақтап мизацена ұстап тұрды. Ортаға екі жүргізуші шығады.
1-жүргізуші: Ассалаумағаликум! Құрметті қонақтар!
2-Жүргізуші: Армасыздар құрметті ауыл тұрғындары!
1-жүргізіуші:
Бүгін сізге жырдан алқа тағайын,
Шат
күлкіге толы болсын маңайың.
Көргендер
де көрмегенде арманда.
Жаңа жылың
құтты болсын ағайын
2-Жүргізуші:
Зеңгір көкте жұлдыз болып жанайын,
Ай
жүзіндей айшықтанып, арайың.
Жанға
шуақ, бойға қуат әкелген.
Жаңа жылың
құтты болсын ағайын.
1-Жүргізуші: Жаңа жыл – әлемдегі қуанышқа толы ең ғажайып мерекелердің бірі. Жаңа жыл сиқырлы, әрі қайталанбас таңғажайып мереке.
2-Жүргізуші: Санаулы минуттардан кейін есігімізді қаққалы тұрған Жаңа -2015ші Қой жылы баршамызға құтты болсын!
1-Жүргізуші: Олай болса, көңіліміздің керегесін кеңейтіп, баршамызға береке сыйлар мерекелі кешіміздің шымылдығын ашу үшін ауыл әкімі Қанатов Серікбай ағайды ортаға шақырамыз.
2-Жүргізуші: Бүгінгі бізбен қоштасқалы отырған жылқы жылы біз үшін табысты жыл болды. Жетістіктерге тоқтала кетсек:
*Ақтан батыр ауыл клубы – тамыз айынан 1жұлдызынан бастап Мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны болып бекітілді.
2-Жүргізуші: Жылқы жылы білім ордасы үшінде олжалы жыл бола білді:
Республикалық олимпиаданың ІІ кезеңінде ауданнан
Физика пәнінен Нәден Райса ІІорын,
Химия пәнінен Тілеген Ақмарал ІІорын,
Химия пәнінен Күнеке Гүлназым ІІІорын
Қазақ тілімен әдебиеті пәнінен Уайсбай Айфара ІІІ орын
Қазақ тілімен әдебиеті пәнінен:Теңізбай Гүлбақыт
Қазақстан тарихы пәнінен: Жақасай Жайықбай ІІІорын
Ағылшын тілінен Қасым Рита ІІІорын иеленді.
1-Жүргізуші: Білімнің додасында олжа салып,
Ақтадыңдар ұжымның үміттерін
Мерейлі мерекеге тарту болды
Құтты болсын бүгінгі жеңістерің!
(Шыршаның жанында жылқы мұңайып отырады)
2-Жүргізуші: Көңіл күйінің болмағанына қарағанда жылқы жылы бізбен қоштасқысы келмей отырған сияқты сірә.
Жылқы: Ия, уақытта таяп келеді қоштаспасқа амал жоқ. Жақсылы, жаманды жыл болдым. Қолымнан келген біраз шаруаны атқардым білем. Әлі де болса атқарылар істер көп. Соның бәрін жаңа 2015 жылға аманат қылып қалдырамын.
2-жүргізуші: Өткен жылға өкпеміз жоқ жылқы жылына айтар алғысымыз шексіз.
Жылқы:
Жаңа жылды қарсы алуға дайынсыңдар ма?
Менің жаңа жыл досым қайда екен, әлі
келмей жатыр ғо. Телефон соғып
көрейінші.
– Алло, Қой жылы!
Қайдасың?
Дауыс: – Бармын, бауырым,
бармын! Міне келіпте қалдым.
Ал
құрметті балалар келесі кездескенше
еліміз аман –жұртымыз тыныш
болғай!
1-Жүргізуші: Ескі жыл жылқы
жылын құрметпен шығарып салайық ағайын.
(Есік жақтан Аяз ата мен ақша қар қой келіп сахнаға шығады)
2-Жүргізуші:
Армысың, аманбысың Жаңа жылың.
Жаңа
жылым! О, менің Жаңа жырым!
Қой жылы
келгенде, сый ғып тартып,
Ақтарайық
әнменен көңіл сырын.
(Аяз атамен ақша қарлар орынға кеп отырады)
«Гномдар» биі орындайтын Ғидаят би тобы
Қой жылы: Жыл иесі Қой деген мен болам,
Амансың ба, барша халық, бар ғалам.
Бақыт,байлық, молшылықты сыйлауға,
Төрлетейін, құшағыңды аш маған
1-Жүргізуші: Жаңа жыл мерекесін әр елде әртүрлі тойды:
Гвинеяда көшеге піл жетектеп шығады екен. Жұрт осы пілдерді айнала би билеп, ән салатын көрінеді.
2-жүргізуші: Ал,Кубада сағат 12-ні соққан кезде, әркім 12 түйір жүзім жейді екен
1-жүргізуші: Францияда адамдар Жаңа жыл кешінде жомарт болуға құмар келеді екен. Бұл күні мейрамханалар адамдарды тегін тамақтандырып қана қоймай кетерінде сыйлықтар береді екен.
2-Жүргізуші: Ал, Қазақстада соның ішінде Ақтан шаһарында «Аяз аталар мен Ақшаларлар» шеруі ұйымдастырылып, мекемелер арасында сайыс өтпекші.
1-Жүргізуші: сайыс 4 шарттан тұрады:
1-өз өнері,
2-Жаңа жылдық лебіз
3-аяз ата дорбасы
4-Жаңа жылдық әзілдер деп аталады.
2-Жүргізуші: Бүгінгі доданы алғашқы болып Құрман Тасболат ағай басшылық ететін емхана ұжымының атынан әзірленген «Аяз ата мен ақша қар»бастамақшы олай болса қарсы алайық ағайын.
Ән: ————————————- орындайтын:———————————–
1-жүргізуші: Келесі болып ортаға «Сыр маржаны» ЖШС-і ұжымынан дайындалған «Аяз ата мен ақша қарды»шақырамыз.
Ән:———————————-орындайтын—————————————–
(Жаңа жылдық лотерея ойнатылады.)
2-Жүргізуші: Келесі болып ортаға Айтмамбет Дәлдабек ағай басшылық ететін ұжымның аманатын арқалай келген №190орта мектептен әзірленген Аяз ата мен Ақша қарды шақырамыз.
Бүгінгі сайысқа түскен мекеме ұжымдарын марапаттау үшін
Ауыл әкімі Қанатов Серікбай ағайды,
«Аталар» ансамблінің мүшесі ———–
————————————————————–
ортаға шақырамыз!
1-жүргізуші: Аудандық Қарттардыңда бар өнерге таласы атты байқауға ауыл ақсақалдарынан құралған «Ғибрат» ансамбліне ұжым атынан алғыс білдіреміз.
Ән: ————————- «Ғибрат» аталар ансамблі
Көрермендермен ойын:
1.«Аяз ата мен Ақша қар»ойыны
Шартты: 1,2,2 дегенде Аяз ата көрермендер арасынан ақша қар тауып әкелу керек.
Жеңген топ өз өнерлерін көрсетеді.
«кім жылдам»ойыны
Шарты: 6ойыншы шығап жұптасады. Шарды арқаларына байлайды. Музыкага билеп жүріп бір-бірінің артындағы шарды жаруы керек. Жеңілпаз өз өнерлерін көрсетеді.
3 «Көңілді бишелер» ойыны
Шарты: халықты күлдіру 4ойыншы шығады. Көздерін ормалмен байлайды. Музыкаға жұптасып билейді.
Концерттік нөмерлер:
1.Жүсіпбек Қалдан «Мерекем» әні
2.Қожамжаров Байқоңыр «Жанымда бол»
«Корей биі» «Ғидаят» би тобы
(Өнерпаздар барлығы сахнаға шығып қолдарын шапалақтап тұрады.)
1-Жүргізуші: «Жаңа жыл баршамызға құтты болсын»- дей келе біз сіздермен қоштасамыз келесі жүздескенше күн нұрлы болғай!
2-Жүргізуші: Жаңа жыл баршамызға құт әкелсін

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген