Оңтүстік
Қазақстан облысы білім басқармасының
«Шымкент
№1 саңырау балалардың мектеп-интернаты»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
6
«В» сынып оқушыларымен
қоғамға
пайдалы еңбек пәнінен
«Жаңа
жылдық құттықтау»
ашық
хатын дайындау
тақырыбы
бойынша өткізілетін
ашық
сабақтың жоспары
Мұғалім:
Құлмаханбетова
С.О.
2013-2014
оқу жылы
Сабақтың
тақырыбы:
«Жаңа жылдық құттықтау» ашық хатын
дайындау.
Сабақтың
мақсаты:
Білімділік:
Оқушыларға
ашық хаттың жасалу жолдарын түсіндіру.
Элементтерді қию барысындағы шеберлік
деңгейін арттырып, шыршаны сәндеуде
қиялдарына ерік беру.
Дамытушылық:
Оқушыларды
ойындағысын дұрыс сөйлеп жеткізуге,
есте сақтау қабілеттерін жақсартуға
және өз бетінше жұмыс істеуге дағдыландыру.
Тәрбиелік:
Оқушылардың
сабаққа деген ынтасын арттыру, балаларды
төзімділікке, еңбексүйгіштікке,
ұқыптылыққа тәрбиелеу.
Сабақтың
көрнекілігі: Дайын
үлгі, суреттер, қима қағаздар.
Қажетті
құрал-саймандар мен материалдар: Дайын
үлгі, қатырма қағаз, желім, қарындаш,
қайшы, түрлі түсті қағаз, жылтыр желім,
өшіргіш.
Сабақтың
түрі: Аралас
сабақ.
Сабақтың
әдісі: Түсіндіру,
сұрақ-жауап, сарамандық жұмыс.
Пәнаралық
байланыс: Бейнелеу
өнері, технология, тіл дамыту.
Сөздік
жаттығу: Қатырма
қағаз, желім, қайшы, сызғыш, қарындаш,
жылтыр желім.
Сабақтың
барысы:
Ұйымдастыру
кезеңі.
Саламатсыңдар
ма?
[Па-Па-Па],
дыбыс бар ма?
[...],
қазір жылдың қай мезгілі?
[...],
бүгін ауа-райы қандай?
[...],
бүгін желтоқсанның нешесі?
[...],
қазір қандай сабақ?
Өткен
сабақты қайталау.
Суретті
бояғанда қандай түстерді қолдандық?
Ашық
көк, көк, жасыл, қызыл, қоңыр, ақ түстерді
қолдандық.
Меңгерілетін
сөздер.
Ашық
хат, қатырма қағаз, шыршаның жарты
бөлігі, жылтыр желім, шыршаны безендір,
арасына сал.
Жаңа
сабақ.
Балалар,
біз бүгін жаңа жылдық ашық хатты жасап
үйренеміз.
Жұмысты
бастамас бұрын бірінші қайшымен және
желіммен жұмыс барысындағы қауіпсіздік
ережелерін қайталаймыз.
Сарамандық
жұмыс.
«Жаңа
жылдық құттықтау» ашық хатын дайындау.
Жұмыс
жоспары:
Қатырма
қағазды екіге бүкте.
Бүктелген
қағаздың бетіне шыршаның жарты бөлігінің
суретін сал.
Шыршаны
сызық бойымен қи.
Жасыл
парақты екіге бүкте.
Бүктелген
парақты қатырма қағаздың арасына сал.
Арасындағы
параққа сызық бойымен шыршаны қайталап
сал.
Салынған
шыршаны сызық бойымен қи.
Дайын
шыршаны қатырма қағаздың ортасына сол
жағын желімдеп жапсыр.
Шыршаны
безендір.
Сабақты
қорыту.
Оқушыларды
бағалау.