Назар аударыңыз. Бұл материалды сайт қолданушысы жариялаған. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзса, осында жазыңыз. Біз ең жылдам уақытта материалды сайттан өшіреміз
Жақын арада сайт әкімшілігі сізбен хабарласады
Бонусты жинап картаңызға (kaspi Gold, Halyk bank) шығарып аласыз
жаңа жылдық сценари
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады
Мектепалды даярлық тобының
жаңа жылдық сценариі
Жетекшісі: О. Тәттібаева
Тақырыбы: «Төрле, төрле Жаңа жыл!»
Мақсаты:балаларға мерекелік көңіл-күй тудыру, шыршаның қалай әдемі де сәнді безендірілгеніне, балалардың, Аяз Атаның, Ақшақардың, Қоянның карнавалдық киімдеріне назар аударту; көңілді ойындар ойнату, достық қарым-қатынас ояту; бірлескен ойындар ойнату.
Қатысушылар: Жүргізуші, Аяз Ата, Ақшақар, Қоян, балалар, ата-аналар, ұстаздар.
Музыка ойнап тұрады.
Мұғалім: Шырша тойына келген балғындарды қарсы алайық!
(қол шапалақтау, балалар қол ұстасып кіреді).
Мұғалім: Армысыздар, аяулы ұстаздар, ата-аналар! Сендер бүгін сәнді киініп, әдемі болып кетіпсіңдер.
Ал, бүгін балалар, қандай мерекеге жиналып отырмыз?
Балалар:Жаңа жылды қарсы алуға!
Мұғалім: Жаңа жылдық ертеңгілігімізді ашудағы құттықтау сөзін мектеп -----------------------------------------------------------------------------------ағайға береміз.
Мұғалім: Балалар бүгін біз Жаңа жылды қарсы алуға жиналдық.
Келіңдер, сән құрып тұрып, қол ұстасып жүріп, ән салайық.
Ән:Аққала. (Мәдина Рысовамен бірге хор орындалады.)
Екі жүргізуші шығады:
Ғаламат: Армысыздар, Құрметті ата-аналар, ұстаздар!
Самал: Жаңа жыл Мерекелеріңіз құтты болсын!
Ғаламат: Жаңа жыл
барлығыңызға бақыт пен қуаныш,
Самал: денсаулық пен табыс әкелсін.
-Мерекелік көңіл күйді биімізбен көрсетейікші қане!
Музыка: Келді , міне , Жаңа жыл! (билейді)
Мұғалім: Балалар, бізде шыршамыз бар, әдемі киінген балаларымыз бар, ата-аналарымыз, көрермендеріміз де бар екен, енді біздің жаңа жылдық мерекемізге кім жетпейді?
Балалар:Аяз ата, Ақшақар.
Мұғалім: :Кәне, онда Аяз атаны шақырайық. Бар дауыспен айқайлайық.
Балалар:Аяз ата. Аяз ата.
(деп 2 рет айтқанда, есік ашыладыда Қоян кіріп келеді.)
Қоян: Ойбай түрлерін қара! Неге тамақтарыңды жыртып жатырсыңдар?!
Мұғалім: :Ал, сен неге амандаспайсың? Әдепті адам алдымен амандасып алады дегенді білмейсің бе?
Қоян:Білсем бұйырмасын?
Мұғалім: :Мұны тіпті мына бүлдіршіндерімізде біледі. Ал,саған тіпті ұят. Саған ешкім үйреткен жоқ па?
Қоян:Жоқ.
Мұғалім: :Сен өзі қайдан шықтың? Біз Аяз атаны шақырып едік қой?!
Қоян: Ал, мені мерекеге неге шақырмайсыңдар? Аяз ата сендерге бәрібір келмейді, өйткені мен ормандағы жол көрсететін белгіні алып тастадым. Енді ол жол таба алмайды ха-ха-ха.
Мұғалім: Сен неге олай еттің? Аяз ата, Ақшақарсыз қандай жаңа жыл келмек?
Қоян:Ә, бәлем солай ме екен?
(осы кезде боранның гуілдеген дыбысы естіледі. Қоян тоңа бастайды да, бірдеңенің астына кіріп, ата-аналарға тығылып, соңында шыршаның артына тығыла бастайды.)
Алыстан Аяз атаның дауысы естіледі.
Мұғалім: Аяз ата, Ақшақар келе жатыр ғой деймін, шақырайық, қол соғайық, болған қиындықтарды ұмытайық.
Балалар:Аяз ата, Ақшақар!
Аяз Ата: Амансыңдар ма, балаларым! Жаңа жылдарың құтты болсын!
Балаларым балғыным,
Өмір гүлі шалғыным.
Тілегенім жыл бойы
Сендердің денсаулығың.
Жолда басқа балалаларға кіріп, сыйлықтарын беріп, сендерді күтіп алуға кешігіп қалыппын ғой.
Сендерді көргеніме сондай бақыттымын!
Самал: Аяз ата, Ақшақар, қош келіпсіздер!
Ғаламат: Сіздер біздің достарымыздың өнерін тамашалаңыздар!
Аяз ата: Балалар, мына шыршамыз көңілсіз тұрған сияқты ғой. Кәне, сиқырлы сөздерімізбен оның шамдарын жарқыратайық!
Қуант бізді, таңырқат шамдарыңды жарқырат. (3 рет айту керек).
Шырша жарқырайды.
Ән: Шырша ( хор)
Аяз ата: Қандай тамаша! Шыршамызда әр түрлі шамдар жанып тұр, балаларымыз өте көңілді.
Балалар сонда менің қарша қызым қайда жүр екен. Ол әлі бізге келмеді ма? Кім тауып береді екен маған?
Балалардың керемет тақпақтарын есітіп келіп қалатын шығар, балалар тағы тақпақтарың бар ма?
Қарақат: Жаңа жылым жол болсын,
Басқа қадам оң болсын.
Төрле, төрле жаңа жыл,
Бізге құтты жыл болсын.
Шерхан: Өлең де әзір, ән әзір,
Ойын да әзір, бәрі әзір,
Кел, Жаңа жыл біздерге
Кел Жаңа жыл, Жаңа жыл.
Інжу:Тамаша, тамаша,
Шыршамыз тұр жараса.
Басында әсем жұлдызы
Көз тоймайды қараса.
Ринат: Жүзімізге күлкі ойнап,
Қанаттанды жанымыз
Жаңа жылды біз тойлап
Шаттанамыз бәріміз
Аяз ата:Бәрекелді, бәрекелді. Менің Ақшақарым қазір келіп қалар, мынадай тақпақтардан кейін кідірмес.
(музыкамен Ақшақар келеді.)
Аяз ата: Міне, балалар бізге қонаққа Ақшақарда келді.
Ақшақар:Сәлеметсіңдер ме, менің сүйікті достарым! Орманда адасып әрең жеттім-ау сендерге.
Қандай әдемі, неткен сұлу шырша. Жаңа жыл құтты болсын!
- Мен шырша тойына келе жатыр едім. Аяқ астынан қатты жел соғып, аздап адасып қалдым.
Бәріміз бірге қыздардың биін тамашалайықшы!
Би: Қыздар биі Елочке не холодно зимой
Айзере Жасыл желек жамылған,
Асыл моншақ тағылған
Міне, сұлу шыршамыз
Көптен күтіп сағыгған.
А.Нұрхан: Аппақ тонға оранып,
Базарлықты мол алып.
Келді алыс сапардан
Аяз ата оралып.
Фаиза : Оралдың өлкеме,
Жаңа жыл армысың.
Оранды ақ көрпеге,
Асқар тау, қарлы шың.
Жамалхан Н. Келді міне, жаңа жыл,
Қарсы алайық бәріміз.
Күліп, ойнап, би билеп
Ән салайық бәріміз.
Аяз ата: Жарайсыңдар,қандай жақсы тақпақтар!
Ән: Жаңа жыл Орындайтын: Олжас
Ақшақар:Ия, аяз ата, біздің балалар
шетінен өнерлі. Солай ғой , балалар.
Аяз ата: Бәрекелді, балалар! Шыршамыз жарқырап, айналаға қуаныш сыйлауда.
Ақшақар екеуміз сіздерге Жаңа жылды ала келдік.
Ақшақар :Жаңа жылды қарсы алмай тұрып, ескі жылмен қоштасайық.
Тауық жылы:
Менің жылым сіздерге молшылық, бақыт әкелді, бейбіт жыл болды.
Балалар, менің жылым сендерге де жаман болған жоқ. Жаңа жыл да елімізде тыныштық пен бейбітшілік, мол табыс әкелсін. Мен өз кезегімді Ит жылына берейін
Барлығы: Қош бол, қош бол.
Ғаламат:Тауық жылы біз
мектепке келдік. Жақсы оқушы болуға дайындалып
жүрміз.
Жаңа жыл: Сәлеметсіздер ме, кешіккен жоқпын ба?! Мен сондай асықтым, сондай жүгірдім, кешігем деп қатты қорықтым. Уақытында жеттім бе?
Кім десеңдер,мен жаңа жылмын. Мен әкелген жаңа жыл сендерге үлкен табыс, денсаулық ала келдім.
Аяз ата: Ал, айналайын Жаңа жыл, келген қадамыңа нұр бітсін. Мынау менің ұлдарым мен қыздарым, мынау халқым саған аманат. Он екі ай бойы бағып қағу сенің мойныңда. Жақсы жыл бол жаңа жыл.
Ақшақар:Қош келдің, Жаңа жыл! (Жаңа жыл келеді.)
Жаңа жыл: Құрметтеріңізге рахмет.Шын көңілмен жаңа жылдарыңызбен құттықтаймын.
Байқаймын барлықтарыңыз да мерекеге жақсы дайындалыпсыздар.
Ит жылы: Менің жылым Қазақ еліне құтты, бақытты, табысты жыл болсын!
Самал: Ал енді келе жатқан
жаңа жыл, ит жылы біз 1 ші сыныпқа өтіп, сауатты нағыз оқушы
боламыз.
Ғаламат: Достарымызға жақсы оқып, дендері сау болсын
деймін.
Аяулым: Жаңа жыл, жаңа жыл,
Жаңа жылда жаңа жыр.
Жасыл шырша жанында
Билеп барлық бала жүр.
Медет:Тамаша сый алып,
Келді Аяз атамыз
Шаттанып, қуанып
Шырқап ән айтамыз.
Әлихан: Жаңа жылмен,жаңа жылмен,
Құттықтаймыз бәрінде.
Әкемізді,анамызды,
Қонақтардың бәрінде.
Асел:Әкелсін жыл, ырыс құт,
Әлемде болсын тыныштық.
Ән салайық тамаша
Би билейік жаңаша.
Жаңа жылдық би: Аяз ата биі. ұлдар
Ақшақар:Мен білемін бір ойын,
Үйретейін сендерге
Мен бастайын ал, сендер аяқтаңдар ойынды. Хормен жауап беріңдер!
Қарға мүлгіп дала тұр, келе жатыр...
Балалар:Жаңа жыл!
Ақшақар:Қызыл мұрын, ақ мұртты, ақ сақалды білсең атын тез ата, келеді бізге...
Балалар:Аяз ата!
Ақшақар:Шырша бүгін кәделі! Сендер әрі ...
Балалар:Әдемі!
Ақшақар:Көңілсіз бір бала жоқ, ойын-күлкі таралсын.
Құтты болсын ...
Балалар:Жаңа жыл (3 рет)
Нұрислам Т: Бізбен бірге жайдары
Аяз ата жайнайды,
Жарқырайды шыршамыз
Ән айтамыз баршамыз.
Жасұзақ:
Қайда қызық болса
думан,
Аяз Ата сонда
болды.
Күндіз үйде ойнап
бізбен,
Балалармен бірге
болды.
Би: Модники-
Ән: Шыршаға бардық
Керімбек Н: Басталды қызық тамаша,
Шыршамыз тұр жараса
Жаңа жылда ертегі
Ортамызға келсе еді.
Дархан: Уа, жарандар, қараңдар,
Қызықтаңдар, санаңдар.
Келді бізге қонаққа
Ормандағы бар аңдар.
Ақшақар ----------Ал, енді балалар ендігі кезекті ертегілер елінен келген қонақтарға беріп, соларды тамашалайық.
«Қасқыр мен егінші» ертегісі.
Қасқыр: Ғаламат
Егінші: Әлихан
Түлкі
: Қарақат
Аңшылар: Нұрислам мен
Медет
Ата анаға ойын:
Шарты: Қалпаққа бір-бір сөзден жазылған кішкентай қағаздар салынады.
Мысалы:шырша, мұз, қар, Аяз Ата, т.б. Әрбір ойыншы кезекпен қағазды алып, сонда жазылған сөз кездесетін өлең не ән айтуы керек.
Ән: В лесу родилась елочка Орындайтын:Самал мен Гүлім
Ақшақар :Міне, қымбатты балалар, бірлесіп, достасып өткізген мереке қашанда қуанышты өтеді, достық, бірлік бәрін де жеңеді. Аспанымызды бұлт торламасын. Көктегі күніміз сөнбесін.
Аяз ата:Жарайсыңдар, балаларым! Мені бүгін алыс жерден шаршап келкелгенде бір қуантып, көңілімді көтердіңдер. Барлықтарың да ақылды, білімді де өнерлі екенсіңдер. Киген киімдерің қандай әдемі! Солай емес пе, қызым?!
Ақшақар:Әрине, қандай сүйкімді балғындар.
Аяз ата: Жаңа жылда бақыт, мол болсын,
Уайым-қайғың жоқ болсын,
Ұлың назарлы, қызың ажарлы болсын! Әумин.
Жүргізуші:Міне, біздің мереке аяқталуға таяп қалды. Кәне, балалар ортаға шығыңдар.
Барлығы:Жаңа жыл құтты болсын!
Аяз ата:Ақылды, өнерлі болыңдар. Ал, Ақшақар қызым, біз жолға шығайық.
Ақшақар:Кездескенше, балалар!
Аяз ата:Сау болыңдар, қарақтарым!
Балалар:Сау болыңыздар!
Жүргізуші:Осымен жаңажылдық ертеңгілігіміз аяқталды.
Жаңа жылдарыңыз құтты болсын! Сау болыңыздар!