Назар аударыңыз. Бұл материалды сайт қолданушысы жариялаған. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзса, осында жазыңыз. Біз ең жылдам уақытта материалды сайттан өшіреміз
Жақын арада сайт әкімшілігі сізбен хабарласады
Бонусты жинап картаңызға (kaspi Gold, Halyk bank) шығарып аласыз
Жаңа жылдық сценарий "Ғажайып қарлы жидек"
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады
«Ғажайып қарлы жидек»
ортаңғы тобы
Мақсаты: Жаңа жыл туралы ұғым беріп, жаңа жылды татулықпен, достық-пен, бірлікпен өткізуге баулу.Балалардың тақпақты мәнерлеп оқуы, әнмен биді нақышына келтіріп орындау қабілеттерін арттыру және әсемдікке, ұйымшылдыққа тәрбиелеу.
Кейіпкерлер: Аяз ата- ересек адам
Ақшақар – ересек адам
Қыс ханшайымы – ересек адам
Буратино - ересек адам
Қарабас-барабас – ересек адам
Қызыл телпек – ересек адам
Қасқыр ересек адам
Гномдар - балалар
Балалар көңілді музыкамен залға кіріп, шыршаны айналып тұрады.
Жүргізуші: Армысыңдар, халайық!
Бармысыңдар, балалық.
Жаңа жылды жұп жазбай!
Бірге қарсы алайық.
1-бала: Міне, тағы келіп тұр
Жаңа бір жыл балалар
Жадыратып жер үстін
Төрімізге ол шыққан
2-бала: Жаңа жылмен,жаңа жылмен
Құттықтаймыз әрине
Әкемізді,анамызды !
Қонақтардың бәрін де!
3-бала: В небесах она сверкает,
Нашу елку украшает,
Не померкнет никогда
В новогодний день звезда
4-бала: Жаңа жылым жол болсын
Басқан қадам оң болсын
Төрлет,төрлет Жаңа жыл
Бізге құтты жыл болсын
5-бала: A happy New
Year!
The day is so
clear,
The snow is so
white,
The sky is so
bright,
Бәрі қосылып: Жаңа жыл,жаңа жыл!
Жаңа жылда,жаңа жыр
Ән «Шыршаға бардық»
Отырып, шыршаны тамашалайды.
Жүргізуші: Өседі шырша орманда,
Орманда мәңгі тұрады,
Түп-түзу боп қысы – жазы
Жап-жасыл күйде тұрады.
Моншақтар оған қыстырып,
Әнімен шеңбер құрамыз.
Көңілді күймен мәз болып
Жаңа жылды қарсы аламыз
Музыка сүемелдуімен залға Қыс ханшайымы кіреді
Қыс ханшайымы: Келді менің мезгілім
Қуантумен сіздерді.
Құтты болсын қуаныш,
Құттықтаймын сіздерді!
6-бала: Тоғай да, баулар да
Ақ күміс жамылды,
Бала да, далада
Өзіңді сағынды.
Қыс ханшайымы: Жайғасып отырыңдар,
Ертегімді тыңдаңдар.
Ертегімде сан қилы
Қызық-қызық сырлар бар:
Жазда түрлі жидектер
Өседі екен орманда,
Бірақ дәмін білмеймін-
Шыдамаймын ыстыққа.
Сол себептен аяздан
Қарлы жидек сұрадым!
Бұл жидек тегін емес-
Ауызға бір апарсаң
Мейрімді боласың,
Бәрін жақсы көресің,
Ашуды да ұмытасың.
Жаңа жылдың кешінде әр қилы ертегі кейіпкерлерін кездестіруіміз мүмкін: ақылды,зұлымды,мейірімді не ашулы.Ал,біздің қарлы жидек дос табуға әзір
(Шыршаның артына қарай кетеді.Оның алдынан Буратино шығады)
Буратино: Мерекеге келдік-ау,
Қыс мезгілін көрдік –ау.
Шыршамыз тұр жараса,
Көз тоймайды қараса!
Жүргізуші: -Қараңдар! Бұл Буратино ғой!
Балалар: -Буратино?!...
Жүргізуші: -Мүмкін емес?! Буратиноның өзі ме?Біз өте қуаныштымыз!!!
Би «»
Карабас-барабастың жуан дауысы естіледі
Карабас-Барабас:-Қайда,қайда жүр екен тентек Буратино?! Қазір мен оған көрсетемін!Мен сондай құбыжықпын,өте тойымсызбын,барлықтарыңа таныс - Карабас-барабаспын! Театрда мен қуыршақтарды жаттықтырамын, тыңдамаса қораға қамап,аштан қатырамын. Шық, Буратино, сені пешке салайын!
Буратино: (тізерлеп отырады)-Құрметті Карабас, мені отқа тастамаңыз. Мен отқа түссем - жанып кетем ғой!
Қыс ханшайымы: -Ай тойымсыз зұлым! Кішкентайларды неге ренжітесің? Мен де сені жазалаушы едім, бірақ мен ешкімді ренжітпеймін. Мына жидекке қарашы – ғажайып, әдемі. Дәмін татып көрші...(біреуін жұлып береді)
Карабас тыжырынып, тартыншақтайды
Қыс ханшайымы: Көрсеңші
Карабас:(дәмін көреді)-О-О ! қандай дәмді! Қанша жыл өмір сүрсем де-бұндай дәмді татпаппын, достар!Не? Не болды менімен, өзгеріп барамын ба? Қандай ғажайып!
Бұл мен бе,әлде мен емес пе?
Ең мейірімді мен болам!
Зұлымдықты мен қоям!
Балалармен достасып
Ойнаймын көңіл көтеріп.
Ойын «Орындық»
Шарты: Бала санынан бір орындық кем болады. Музыка әуенімен балалар билеп жүреді, музыка тоқтағанда орындыққа отырулары керек.
Карабас қоштасасып кетеді.
Қызыл Телпек әндетіп шығады
Шыршаның артынан Қасқыр : «Ку-ку! Ку-ку!»
Қызыл Телпек: -Ку-ку! Көкек, көкек, қане айтшы, жаңа жылға қанша уақыт
қалды?
Қасқыр: «ку-ку», «ку-ку»
Қызыл Телпек: Ой, бар жоғы екі ақ сағат қалды ма ? Әжем мені күтіп қалды, тезірек асығайын!
Қасқыр: Жуан дауыспен «КУ-КУ»
Қызыл Телпек: -Ой кім мені мен ойнап тұрғаны?
Қане, шық бері қарай!
Қасқыр жайлап шыршаның артынан шығады ,искелеп қызыл телпекке жақындайды. Қыз қорқып бетін жабады.
Қасқыр:Ку-ку! Қызыл телпек!Жаңа жылыңмен ! Қайда асығып барасың?
Қызыл Телпек: Мен мерекеге асығып барамын. Тиіспе маған. Қане, жол бер!
(шыршаның артына жүгіріп кетеді)
Қасқыр: Қарашы-ей өзін! Қазір мен әжесіе де, өзін де жеп қоямын
«Гномдар» биі
1.Гном: Көңілді қыдырдық,
Шаршамай биледік.
2.Гном: Ағайындар,жұмысқа кірісейік,
Ағаштар жарайық!
3.Гном:(бір адым алға шығып)
Ағайындар, әрі қарай тұрыңдар,
Үлкендерің мен болам!
4.Гном: Бойың сәл өспеген,
Тұр менің артымнан!
Қасқыр: (ашуланып)О, гномиктер!.. Мұнда не істеп жүрсіңдер? Басында қызыл телпегі бар қызды көрдіңдер ме?
5.Гном:-Не үшін керек?
Қасқыр:-Ойнайын деп едім.
Бәрі: Бізді сен алдама,
Саған бізден көмек жоқ!
Қасқыр: Қараңдаршы! Қандай өздері мейірімді!
Өзім-ақ қазір тауып аламын
Ызалы қасқырдан сақтан
Алдынан Қыс ханшайымы шығады
Қыс ханшайымы: Қасқыржан, өтінемін, ашуыңды басшы.
Мына жидекті сен жесең,
Ашу қашар өзіңнен.
Қасқыр: Сондай ғажайып,дәмді шипалы ма? Ол рас па?
Қыс ханшайымы: Ия, дұрыс, шипалы, дәмді...
Қасқыр: Олай болса жеп көрейін (қасқыр тамсанып жейді)
Қандай тәтті! Керемет.
Келдім мен бір шешімге-
Тиіспеймін мен ешкімге.
Рұқсат болса сізбенен
Айналайын вальспенен.
Маэстро ,музыка!
Қасқыр Қыс ханшайымын биге шақырады.
Қыс ханшайымы: Ертегі әлемі қандай өзі әдемі!
Жасыл шырша жанында
Барлық достар жиналды.
Қане, балақай, қараңдар,
Кім тағы жетіспейді?
Балалар:
А-яз а-та, А-яз а-та, ке-ліңіз 3-рет)
Музыка әуенімен залға Аяз ата мен Ақшақар кіреді
Балалар: Сәлеметсіз бе! Аяз ата, Ақшақар
Ақшақар: Жылға шашу шашайық
Тойлап көңіл ашайық
Тұрып шеңбер құрайық
Шыршамызды жағайық.
(Шырша шамдары жанады)
Жүргізуші: Аяз ата,Ақшақар. Ұзақ жолдан шаршаған шығарсыздар. Төрге шығып, біздің балалардың өнерлерін тамашалаңыздар.
Ән: «Аяз Ата»
Қыс ханшайымы: Балалар, шеңберді қымтап ұстайық,Аяз атаны шығармайық
Ойын: «Шығармаймыз»
Қыс ханшайымы: Аяз Ата, жалықпа
Балаларға қосылып
Би биле мына халыққа
Сонда ғана шығарамыз. (Аяз ата келіседі)
Би «Санта Клаус»
Аяз Ата: Бәрекелді, көп жасаңдар!
Енді зейінділіктеріңді тексерейік
Ойнаймыз ба?
Балалар: Иә!
Аяз ата: Ән шырқаймыз ба?
Балалар:Иә!
Аяз ата: Тентек болып шулаймыз ба?
Балалар:Жоқ!
Аяз ата: Жалқауланып жатамыз ба?
Балалар: Жоқ!
Аяз ата: Бәрекелді, бөбектерім,
Сендерменен көңілдендім.
Ал,балалар, келіңдер,
Тақпақ айтып беріңдер.
Жолдан келген алыс тым
Үсті қырау,қар ұшқын
Жылда бізбен жүздескен
Бұл атамен таныспын
Қолда таяқ-сырығы
Қалың екен тұлыбы,
Екі беті алаулап,
Қызарыпты мұрыны.
7-бала: Аппақ тонға оранып
Базарлықты мол алып,
Келді алыс сапардан
Аяз ата оралып
Бізбен бірге ойнайды,
Жаңа жылды тойлайды
Барлық бала бақытты
Болса екен деп ойлайды
Сылдырлайды моншағы,
Шыршамыздың мол шамы
Бізбен бірге жайдары
Жарқырады,
жайнады
8-бала: A new year for trying,
And never for sighing,
A new year to live in,
Oh! hold it most dear!
9-бала: Жаңа жылды біз тойлап
Шаттанамыз бәріміз.
Кел, Жаңа жыл біздерге,
Кел, Жаңа жыл, Жаңа жыл!
10-бала: Если нам на Новый год,
Елку дед Мороз несет.
Значит, к нам пришла сама
В гости Зимушка-Зима
Ән «Шырша шамы жарқыра» (үш тілде)
Қыс ханшайымы: Бізбен бірге жайдары
Аяз ата,жайнадық
Ал балалар күтуде
Сыйлық берер қай кезде?
Аяз ата: Аспан жерге төгеді
Ақ күмісін уыстап.
Мен де сыйлық беремін
Отырсаңдар сәл шыдап.
Маған қазір қазан керек
Алып келіңдер суы мен шелек (қақпағын ашып құяды)
Тұз,мұз,қант,қар (Салады)
Бәрін қосып сапырып
Сәл күте тұрыңдар- бір минут
Жидек қарды ғажайып
Ұмытпайық, қосайық
Енді сөздер сиқырлы:
Қар!Қар! Ұлпақар!
Көмегіңді беріп қал!
Мереке-жаңа жылда
Айналдыр бәрін сыйлыққа.
Аяз ата мен Қыс ханшайымы қазанның ішінен сыйлықтарды алып балаларға таратады.
Аяз ата қонақтарды,ата-аналарды,балаларды Жаңа жыл мерекесімен құттықтап шығып кетеді.