Материалдар / жаңа жылдық сенари
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

жаңа жылдық сенари

Материал туралы қысқаша түсінік
балаларға көңіл күй сыйлау үшін жаңа жыл мерекесін ұйымдастыру.
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Жаңа жыл “Төрле, төрле Жаңа жыл”

Жүргізуші-1: Амансыңбы халайық?

Жаңа – жылды тойлайық

Ән алайық билейік

Көңілімізді көтерейік

Жүргізуші-2: Кел, Жаа –жыл , жаңа – жыл

Төрле, төрле жеріме

Құт береке болып келгейсін еліме

Үміт артып армандарға аялы

Шаттығына бөлегенсін бізді де.

Жүргізуші-1: Құрметті ата-аналар, ұстаздар, балалар! Қызғалдақ тобының “Төрле, төрле Жаңа жыл!” атты ертеңгілігін бірге тойлайық.

Жүргізуші-2: Еңдеше достарымызды қарсы алайық!

Балалар ортаға шығады.(жылтырақ таяқшаларымен)

Тақпақ:

Қарақат:

Аппақ аппақ жапалақтап,
Қар жауады тынбастан.
Қалың орман, қар жамылған,
Маужырайды түнгі аспан.
Кең пейілді, мол мейірлі,
Сағынышпен табысқан.

Бағжан:

О, алақай, Аяз ата,
Келе жатыр алыстан!
Кел билейік, үйренейік,
Ол келгенше жаңа жыр.
Құтты болсын, құтты болсын,
Құтты болсын жаңа жыл!

Айару:

Жаңа жыл жаңа қадам, жаңа бағыт,
Болашақ сыйлайтындай жаңа бақыт.
Жақсылықтың белгісі, жаңа уақыт,
Келіп, міне, жатырмыз, қауқылдасып...
Бірге соғып бар әлемнің сағаттары,
Он екіні күтер, қалмай, тағаттары,-
Ғасырдың он екінші жылы келді,
Құстай ұшып, қырау шалған қанаттары!
Құтты болсын Жаңа жыл, барша қауым,
Құтқа орансын кең байтақ дархан елім.
Қазақтың пейіліне тарту етсін,
Табиғат ашық аспан, таң шапағын!

Нұрдәулет:

Жылдың әнін бастайын,
Аяз - Ата кеп қалды.
Майысады жас қайың,
Көтере алмай көп қарды.

Айзере:

Бақша іші мереке,
Ойын күлкі асқақ ән.
Жақсы әпкелер жаңа кеп,
Мерекені бастаған.

Ән:Жаңа жыл

Балалар орындарына жайғасады.

Жүргізуші-1: Балалар мына бздің әдемі шыршамыз неге жанбай тұр?

Жүргізуші-2: Ендеше бәріміз бірге “Әсем шырша жарқыра деп айтсақ жанатын шығар.

Балалар: “Әсем шырша жарқыра” (3-рет)

Сиқыршылар келеді:

  1. Әсем шырша жарқыра дейді, әсем әндерімен, билерінде шыршаға арнайды, ал шыршалары жанбайды, жарқырамайды.

  2. Иә, иә біздің жұлдызымыз жарқырайтын сәт келген сияқты. Олай болса сиқыршы достарым жаңа жыл ғажайыптар уақыты бұл біз үшін шаруа ғой жай ғана, біздің күшіміз жарап қалар пайдаға. Мен барлық шыршалармен сөйлесе аламын, қанекей тындайық бұл әсем шырша бізге не дер екен, құлағымды тосып тыңдайын (екеуі құлақтарын тосып тыңдайды)

Шырша:

Орманнан мені келді,

Ойыншықтармен көмкерді

Кішкентай шырша достарым,

Сол қалды келмеді.

Бізбенен бірге тойласа,

Балалармен ойнаса

Сәнденіп алса ойыншықпен

Жарасар еді оларға да

Солай міне мына мерекеге кішкентай шырша достарым келмей қамығып тұрмын.

Сиқыршы 1: Менің сиқырлы күнім баратын алыс жерлерге тез тез барып келемін, кішкентай екі шыршаны әп сәтте алып келемін, ал мен кеттім күтіндер.

Сиқыршы 2: Міне сенің достарын

Кішкентай шырша жастарын

Ортаға әкеп қояйық

Балалармен ойын ойнайық

Ойыншықтарға толтырып

Екі шыршаны сәндеп қояйық.

Ал, қанекей балалар екі топқа бөлінейік.

Сиқыршы: Таяқ жерге тасталды,

Ойынымыз басталды.

Ойын: “Шыршаны сәндеу”

Жүргізуші-1: Сиқыршылар енді біздің балалардың шыршаға арналған тақпақтарын тыңдаңыздар.

Жүргізуші-2: Қане балалар ортаға шығып тақпақтарынды айтып беріндерші.

Тақпақ:

Ернұр:

Жаңа жылды қарсы алдың,
Мініп алып күймеге.
Мен де бүгін ән салдым,
Араластым биге де.

Іңкәр:

Оралдың өлкеме,
Жаңа жыл армысың.
Оранды ақ көрпеге,
Асқар тау, қарлы шың.

Асылжан:

Ақ қырауға малынған
Сақалы да мұрты да.
Аяз ата сағынған,
Сәлем бepді жұртына.

Ханали:

Безендіріп шыршаны
Жыл қуантты баршаны.
Той - маскарад басталды,
Аяз оны басқарды.

Сардар:

Аппақ тонға оранып,
Базарлықты мол алып.
Келді алыс сапардан,
Аяз ата оралып.

Жүргізуші-2: Мұныен балалардың өнерлері біткен жоқ, қыздарымыз медуза биін билеп береді.

Би: “Медуза”

Жүргізуші-1: Сиқыршылар сіздер ендеше біздің әсем шыршамыздың шамдарын, сиқырлы сөздеріңізді айтып жағып берсеніздер.

Сиқыршы-1: Ахалай, махалай суф

Шырша жанбайды.

Ой балалар ренжімеңіздер, бұл шыршаның шамдарын тек Аяз атаның сиқырлы таяғымен ғана жаға алатын сияқты.

Сиқыршы-2: Балалар ендеше біз сендерге Аяз атаны жіберейік. Аяз ата сендерге шыршаның шамдарын сиқырлы таяғының көмегімен жағып беретін болады. Сау болыңдар!

Жүргізуші-2: Ой балалар біреу келе жатқан сияқты, Аяз ата болар.

Ақшақар келеді: Құттықтау сөз

Сәлеметсіңдер ме балалар!

Сүйсіндірер маңайды,

Ақшақармын арайлы.

Жалт-жұлт еткен жүзінен,

Күміс сәуле тарайды.

Ақшақармын әппақпын,

Қалай тыныш жатпақпын

Менсіз қыстын сәні жоқ

Әнмін , жырмын, тақпақпын.

Жүргізуші-1: Сәлеметсіз бе Ақшақар

Жүргізуші-2: Жолдан Аяз атаны көрмедіңіз бе?

Ақшақар: Көрмедім, ұзақ жолдан жете алмай келе жатқан болар. Сендер екеуі балалармен бірге отырындар Аяз ата келгенше бәріміз бірге мерекені жалғастыра берейік. Сендердің жаңа жылға арналған тақпақтарын бар ма?

Тақпақ:
Ақсұлтан:

<

Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!