жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
"Жаңа жылдық шыршамыз" мерекелік іс шара
Жоғары
топқа арналған жаңа жылдық ертеңгілік
Жүргізуші:
Амансын ба халайық?
Жаңа жылды
тойлайық
Ән салайық, билейік
Көңілімізді көтерейік
Құрметті
ата-аналар, әріптестер жоғары топтың
балаларының Жаңа жылға арналған
ертеңгілігін бірге тойлайық!
(балалар билеп кіреді)
Жүргізуші:
Жасыл желек жамылған,
Асыл моншақ
тағылған.
Міне, сұлу шыршамыз
Көптен күткен,
сағынған!
- Балалар, біздің
шыршамыздың шамдары жағылмаған ғой.
Ендеше,
Кел, балалар, келіңдер!
Тамашаны
көріңдер.
Бірге үріп шыршаның
Шамдарын
жағып көріңдер!
- Қане,
бәріміз бірге үріп шыршаның шамдарын
жағайық!
Бір, екі, үш!(үш шапалақ)
Шырша
жарқырай түс!(қолдарымен фонарик
жасайды)
(Бірнеше рет қайталайды,
шыршаның шамдары жанады)
(Ду қол
шапалақ!!!!)
Жүргізуші:
Балалар қарандаршы шыршаның шамдары
жарқырай түсті, қандай әдемі.
Кәне шыршамызға арнап
ән айтайық.
Ән:
«Шырша
жыры»
Жүргізуші: Жарайсыңдар қандай жақсы өлең! Балалар бізге қандай жыл келе жатыр?
Балалар Тышқан жылы
Жүргізуші:
Дұрыс айтасындар тышқан жылы.(шыршаның
жанына жақындап келіп) Бәрекелді,
қараңдар балалар, шыршаның қасында
үлкен жәшік тұр. Мүмкін мұнда сыйлықтар
бар шығар ашып көрейік. (көңілді муз.
Ойнайды, қорапты ашады, оның ішінен
тышқан атып шығады)
Тышқан:
Мәссаған! ( Таңырқап, жан – жағына қарап)
Жүргізуші: Балалар қараңдар тышқаннын өзіде келіп шықты.
Тышқан: Сәлеметсіздерме балалар№Сәлеметсіздерме ата-аналар!Жаңа жыл құтты болсын ! ( балалармен қол алысып амандасады). Келе жатқан жыл менің жылым Тышқан жылы Мені мынау қораптан босатқандарыңа көп рахмет.Әйтпесе мен мында жаңа жыл шыршасы болады деген соң асығып келе жатқанда мыстан кемпір сен бармайсын ол мерекеге мен барамын деп мына жәшікке қамап қойды. Кәзір өзі де келіп қалатын шығар.
Жүргізуші:Көңіліңді бұзба Тышқан. Қарашы , мына бөлмеде қаншама қыздар мен ұлдар.
Тышқан:: Иә, қыздар көп екен, бірақ ұлдар одан да көп! ( жүргізуші екеуі айтысады жүргізуші қыздар көп, ал Тышқан ұлдар көп деп).
Жүргізуші: Тышқан былай біз ештеңе бітірмейміз, одан да былай жасайық. Мен қыздармен амандасамын сен ұлдармен, кімдердің дауысы қатты шықса солар көп болады. Келісесің бе (иә).
Күлдіргіш: Қане, ұлдар Сәлеметсіңдерме ұлдар! ( Тышқанға ұнамайды ол балаларды мазақ қылады).
Жүргізуші: Сәлеметсіңдерме қыздар! Көрдің бе қыздар көп.
Тышқан: Қане ұлдар көрсетіңдер өздеріңді. Сәлеметсіңдерме ұлдар! Міне естідің бе енді сіздер естідіңіздерме? (қонақтарға қарап).
Жүргізуші: Жарайды, енді қане қонақтармен де амандасайық бәріміз.
(Сәлеметсіңдер ме құрметті қонақтар).
Тышқан:: Жаңа жылымыз қызықты өту үшін мен сендермен «Поровоз» деген ойынын ойнағым келіп тұр.
Тышқан:Ал балалар сендер не білесіңдер?
Жүргізуші:Тышқан біздің балалар саған арнап «Ақұлпа» биін билеп береді.
Тышқан::Тамаша менде биді жақсы көремін, менде сендермен билеймін.
«Ақұлпа»
биі
Жүргізуші:
Балалар, бізде шыршамыз бар, әдемі
киінген балаларымыз бар,
Ата-аналарымыз,
көрермендеріміз де бар екен, енді, біздің
жаңажылдық мерекемізге кім
жетіспейді?
Балалар:
Аязата, Ақшақар.
Жүргізуші:
Қәне,
онда Аязатаны шақырайық. Бар дауыспен
айқайлайық.
Балалар:
Аязата, Аязата (деп 2 рет айтқанда, есік
ашылады да, сыпырғышына мінген Жалмауыз
кемпір жүгіріп кіреді.)
Жалмауыз
кемпір:
Ойбай түрлерін қара! Неге тамақтарыңды
жыртып жатырсыңдар?!
Жүргізуші:
Ал, сен неге амандаспайсың? Әдепті адам
алдымен амандасып алады дегенді білмейсің
бе?
Жалмауыз
кемпір:
Білсем бұйырмасын!
Жүргізуші:
Сен өзі қайдан шықтың? Біз Аязатаны
шақырып едік қой?!
Жалмауыз
кемпір:
Ал, мені мерекеге неге шақырмайсыңдар?
Менде аяз- ата бола алам менде сыйлық
әкеле алам, міне қараңдар (қапшығынын
ішінен рогатка, таба керек емес
ойыншықтарды көрсетеді).
Жүргізуші:Балалар мұндай сыйлықтар болама?
Балалар:Жоқ
Жалмауыз кемпір: Аязата сендерге бәрібір келмейді, өйткені мен ормандағы жол көрсететін белгіні алып тастадым, енді ол жол таба алмайды ха-ха-ха(деп секіреді).
Енді,
сендерді мен оқытамын! Қазір денешынықтыру
сабағы болады. Бүгінгі сабақта, біз
бет-аузымызды қисаңдатып үйренеміз.(көңілді
музыкамен «Айна»
ойыны
ойналады.
Ойын ойналып болған соң). Ал музыка
сабағында ламбада билейміз «Ламбада»
(балаларға
қарап: Балалар шырша әдемі болып жану
керек қой иә?)
Балалар:
Иә!
Жалмауыз
кемпір:
Онда, кәне жағып жіберейік! (қолына
сіріңкесін алып, жаға бастайды)
Жүргізуші:
Жоқ!
Жоқ! Мына Жалмауыз кемпірден құтыла
алмадық қой!
Күлдіргіш:Балалар
жалауыз кемпірден қалай құтылатынымызды
білем. Мен казір сиқырлы сөздермен боран
шақырамын, ал бораннан жалмауыз кемпір
тонып қашып кетеді.Ал бораннын соңынан
аяз-ата мен ақшақарда келеді.Сим
саладин-деп 3 рет сиқырлы сөздер
айтады.
(осы кезде боранның гуілдеген
дыбысы естіледі. Жалмауыз кемпір тоңа
бастайды да, біреулердің киімдерінің
астына кіріп, ата-аналарға тығылып,
соңында шыршаның астына тығыла бастайды)
. - Мына көлігімде оталмай жатыр. Еее,
жарайды осыны қойшы! (сыпырғышты лақтыра
салады.) Мұнымен іс әлі біткен жоқ!
(шығып кетеді).
Алыстан Аязатаның
дауысы естіледі.
Жүргізуші:
Аязата, Ақшақар келе жатыр ғой деймін,
шақырайық, қол соғайық, болған қиындықтарды
ұмытайық!
Балалар:
Аязата, Ақшақар!
Аяз Ата: Естіп жатырмын, естіп жатырмын,
Келе жатырмын, келе жатырмын.
Амансың ба ұлдарым,
Аппақ ару қыздарым!
Мен сендерге әкелген,
Құтты болсын жылдарың!
Ақшақар: Сәлеметсіздерме ата-аналар сәлеметсіздерме балғын достарым. Бізге әзірлеген өнерлерің болса көрсетіп, әсем ән айтып, би билеңдер, таңдайларыңды тақылдатып тақпақ айтып беріңдер. Аяз-атаның дорбасында бәріңе жететін сыйлық бар. Менің сіңілдерім де осында екен кәнекей маған жақындап шыр айнала билеңдер!.
Би «Ақшақарлар»биі
Жүргізуші: Ақшақар, біздің балалар саған арнап әнде дайындап қойды.
(ақшақарды ортаға алып айналып ән айтылады)
Аяз Ата: Сендер балалар өте өнерлі екенсіңдер! Ал сендер мыстан кемпір сияқты суықтан қорқпайсындар ма? Казыр мен тексерейін казыр қолдарынды тондырамын, құлақтарынды тондырамын т.б. Балалар мен жолдан қатты шаршадым, отырып дем алайын балалардың дайындаған тақпақтарын тыңдайын.
Балалар
тақпағы
Аяз
ата:
Жаңа жыл шаттықа қызыққа толы. Қанеки
тағы қандай өнерлерің бар.
Жүргізуші:Аяз ата біздің балалар сізбен бірге шыршаны айналып шырша әнін айтқысы келіп тұр.
«Шыршаға бардық» әні
Жүргізуші:Аяз ата біздің ұлдар сізге арнап аяз аталар биін дайындап қойды.
«Аяз-ата»
биі
Аяз Ата:
- Балалар, тақпақтарды да, әнді бидіде
өте тамаша орындап шықтыңдар. Бүгінгі
кеш өте көңілді болғандықтан, мен
сендермен ойын ойнағым келіп тұр.
Ойын:
«
Пима», «Қар лақтыру»
Ақшақар.:
Ата балаларға сыйлық тарататын кез
келді.
Аяз-ата: Дұрыс айтасын қызымау, бүлдіршіндерді қуантатын уақыт келді.
Бір, екі, үш. Сыйлық мұнда түс.
(Қой шанамен сүйреп залға сыйлықтарды кіргізеді)
(Аяз
атамен Ақшақар сыйлықтарды үлестіреді)
Аяз
ата:
Өнерлі екен ұлдарың,
Өнерлі ару қыздарың,
Жарқын, жарқын
жүздерің,
Жайнап өссін, гүлдерің.
Күнбағыстай жайқалып,
Биіктердер
өздерің.
Ақ көрпемді жамылып,
Мұздан алқа тағынып,
Әр жыл сайын
сендерге,
Келіп тұрамын сағынып.
Мен енді
өздеріңмен қоштасып, келесі бақшаға
барайын. Онда да өздерің секілді кішкентай
балалар күтіп отыр. Қош сау болындар,
балалар!
Балалар:
Қош сау болыңыздар Аяз ата мен Ақшақар!

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген