400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Жаңа жылға арналған ертеңгілік

Материал туралы қысқаша түсінік
ересек, даярлық топтарға арналған
Материалдың қысқаша нұсқасы

Ересектер тобына арналған Жаңа жыл ертеңгілігі

Мақсаты: Балаларға мерекелік көңіл-күй сыйлау, олардың шығармашылыққа деген қызығушылығын арттыру.

Әуен репертуары:

«Шырша жыры»

«Шыршаға бардық»

«Жаңа жыл»

Ағылшын тілінде ән

Би «Чунга-чанга»

Ұлдар биі

Қатысушылар: Бауырсақ, Түлкі, Қоян, Қасқыр, қой, мешін, Аяз ата, Ақша қар.

Балалар коңілді әуенге кіреді. Әннен кейн жүргізуші шығады.

Жүргізуші: Армысыңдар, ағайын!

Бармысыздар,ағайын!

Сіздерді жаңа 2016-шы мешін жылымен кұттықтаймыз, жаңа жыл тек қана жаңа табыс, береке бақыт әкелсін!

Ақ көңілмен айналды аппақ қарға,

Көңілдене қосыл сен ән мен жырға.

Қыс қызығы басылмай ұласады.

Сол кезде «Бауырсақ» жүгіріп кіріп, шыршаны айнала қашады.
Артынан түлкі қуа жөнеледі.

Бауырсақ: Тимеші мені,

Жемеші мені.

Жаңа жылды тойлауға барамын.

Асыр салып, би билеп,

Қошеметке мен қаламын.

Түлкі: Жоқ, жоқ. Мен сені жеп қоямын, бауырсақ.

Жүргізуші: Қой, түлкі, тиме бауырсаққа. Оданда бізбен бірге

шырша мерекесін тойлауға қал да, қызықты тамашала.

«Шыршаға бардық» әні

Түлкі:Өте керемет ән. Ал, менің орманға баруым керек. Жарайды онда, кетейін. Сау болыңдар,балақайлар! (шығып кетеді).

Артынан жүгіріп қоян кіреді, шыршаны айнала «Құтқарындар,
қүтқарыңдар!» деп жүгіреді.

Жүргізуші: Қоян-ау, саған не болды?

Қоян: Қасқыр қуып келе жатыр. Біз Аяз атаны қарсы алуға шығып
едік. Жолда түлкі мен қасқыр бізді куды. Әне қасқыр келе жатыр. Аааа!
Қүтқарыңдар! (қасқыр кіре қоянға ұмтылады, жүргізуші оны
тығады).

Жүргізуші: Батырым-ау, бүл қай басынғаның! Токтат енді. Көк
жалды, айбарлы, кулағаның «қасқыр» деген даңқына сай емес кой. Ал
айт жөніңді мына қоян саған неге қажет болды?

Қасқыр: Түлкі ғой, ұста деген.

Жүргізуші: Неге? Өзі қайда?

Қасқыр: Өзі Аяз атаны балабакшаға келтірмей адастыруға
кетті. Ал мен қояндарды жегім кеп, осы жерге жеттім.

Жүргізуші: О, қу түлкі, жүрген жері айқай шу, түлкі! Орманға баруым керек деп еді.Бауырсақты бір қуып, қояндарды үркітіп, бір шатақты ұйымдастырмаса жүре

алмайды-ау.

Қаскыр, сен қазір балаларға қонақ болып осында қаласың. Ал қоян мына жедел хатты ормандағы Аяз атаға жеткізсін. (Қояндар хатты алып шығып кетеді).

Қасқыр отырады.

Жүргізуші: Балалар, Аяз ата жоқ қой әлі. Мүмкін бір дауыспен Аяз атаны шақырамыз?

- Аяз Ата, Аяз Ата!

Есік ашылып Ақшақарын ертіп Аяз ата кіреді.

Аяз ата: - Сәлеметсіңдерме балалар! Жаңа жылдарың құтты болсын! Алыс жолдан Ақшақарымды ертіп алып, қандай өнерлерің бар екенін тамашалауға алып келдім. Кімнің өлең тақпағы бар, мен соны тамашалауға келдім.

Жүргізуші: Әсем ән де, би де бар.

Отыр, Ата, сәл демал!

Біздің балалар сіздерге өз өнерлерін көрсетеді.

Тақпақтар

Ақшақар: Балалар, өте өнершіл екенсіңдер. Рахмет сендерге.

Ойын

Балалар, біз сендерге арнап ойын алып келдік. Кәне, сол ойынды ойнаймыз ба? Маған керек бас киім, колғап, шарф. Балаларды аналары киіндіру керек.

Ойын ойналады.

Ақшақар:Жарайсыңдар, балалар. Жақсы ойнадық.

Жүргізуші: Аяз ата, Ақшақар, біздің балаларымыздың биін кабыл алыңыз.

Би орындалады:Ұлдар биі

Жүргізуші: Аяз ата, бимен катар біздің балалардың жаңа жылға, сізге, Ақшақарға арнап ағылшын және орыс тілінде дайындаған тақпақтары да бар, соларды қабыл алыңыздар.

Тақпақтар (ағылшын, орыс тілінде)

Ән: ағылшын тілінде


Аяз ата: Өте жақсы балалар. Балалар, осы біздің шыршамыздың шамдары неге жанбайды? Барлығымыз бірге Аяз атаға көмектесейікші.

Аяз ата балалармен бірге:

Қуант бізді, таңырқат,

Шамдарыңды жарқырат!

Ән: «Шырша жыры»

Аяз ата: Бәрекелді балалар. Барлығыңда мерекеге жақсы дайындалыпсыңдар. Жарайсыңдар!

Ақшақар: Балалар, мен сендерге ойын алып келдім! Сендерге сұрақтар қоям, сендер «иә» немесе «жоқ» деп айтасыңдар. Келістік па?

Ойын «Сұрақ-жауап»

1.аяз ата көңілді?

2.Ұнатады әзілді?

3.Ұнатады ән-биді?

4.-Ол жағады шыршаны?

5.Таратады сыйлықты?

6.Қасқыр оның баласы?

7.Аю оның ағасы?

8 Келеді Аяз жазда?

9.Күзде келеді бақшаға?

11. Өзі джинсы киеді?

12. Сыйлық береді балаға?

Ақшақар: Жарайсыңдар, балалар!

Жүргізуші: Ал, құрметті Аяз ата, Ақшақар осындай ақылды балаларға сіздің сыйлықтарыңыз бар ма?

Аяз ата: Әрине бар ғой. Бағана түлкі алып қалып еді, көмектесемін деп. Түлкі, әй түлкі, қайдасың өзін?

Ортаға қобдишамен түлкі келеді.

Түлкі: - Ха,ха,ха! Алдап қойдым, алдап қойдым.

Аяз ата: Түлкі жылдам айт, сыйлықты қайда жібердің?

Осы кезде шананы сүйретіп бауырсақ пен қоян кіреді.

Бауырсақ: Аяз ата, ренжіме, түлкі мен қасқырдан құтқардыңдар. Рахмет! Міне сендердің сыйлықтарың! - дегенде, касқыр кіріп келеді:

Қасқыр: Сендер менсіз балаларға сыйлық таратып жатсыңдар ма? Мен де сыйлық бергім келеді. - деп, бірге Аяз атамен сыйлықтарды таратады, соған қызыға қарап, барлығы достасып сыйлық таратады.

Жүргізуші: Ал, енді біздің биімізді қабыл алыңыз.

«Чунга-чанга» биі

Аяз ата: Рахмет сендерге балалар, біз енді қайтайық, басқа топтарды аралап, жаңа жылдарымен құттықтайық.

Осы кезде Мешін мен қой кіріп келеді.

Мешін мен қой бірге:Тоқтаңыздар, тоқтаңыздар. Бізді, ең басты қонақтарыңызды қарсы алмайсыңдар ма?

Қой: Мешін, қарашы, олар мерекені тойлап жатыр. Бізді шақырмапты да.

Аяз ата:Достарым, олай болса кешіріңдер. Сендерді шақырмаған себебім, қой (қойға қарап), сен осы жылы көөөп жұмыс істедің. Мешін (мешінге қарап), сенің жұмыстарың әлі алда. Сондықтан демалсын деген ойда болдым ғой. Ал келгендеріңіз жақсы болды. Біз өте қуаныштымыз. Сола ма, балалар?

Мешін шыршаға қарап: Ооо, мынау не деген керемет ағаш! Пальма! Жо-Жоқ! Пальмаға ұқсамайды ғой. Ал мынау ілініп тұрған не нәрсе? Бананға ұқсамайтын сияқты.

Аяз ата: Балалар, кәне, мешіннің сұрақтарына жауап берейікші. Бұл қандай ағаш?

Балалар:шырша.

Мешін: Ааа, шырша ма, өте әдемі ағаш екен. Бәсе, әйтпесе пальмаға ұқсамайды.

Қой: Ал үстінде мерекелік ойыншықтар ілініп тұр. Менің жылымды қарсы алғанда да осы әдемілік болды. Уақыт зымырап бара жатыр. Сағат 12.00 соққан соң сен осы жылдың патшасы боласын, мешін. Мынау тәжіні саған сыйлаймын, сенің жылын байлық, молшылық әкелсін.

Мешін: Ой, рахмет қой. Саған өте ризамын. Жарайды, қоштасайық. Сау болыңыз Аяз ата. Сау бол, Ақшақар. Сау болыңдар,балалар.

Артынан Қоян, Қасқыр, Түлкі, Бауырсақ рахметтерін айтып қол ұстасып шығып кетуге дайындалады: Біздің да кететін уақытымыз келіп қалды.

Барлығы:Келесі кездескенше!

Аяз ата:Тоқтаңдар, достарым.Сендерге да сыйлық дайындап қойдым. Бірге кетейік. Ал, балалар, мерекелерін жақсы өтті. Мен сендерге ризамын.

Ақша қар: Иә, Аяз ата, дұрыс айтасыз, бізді балалар бүгін қуантты. Рахмет, өте өнерлі, шеберлі екенсіңдер.

Жүргізуші:Тыңдаңдаршы. Кетпей, тұра тұрындар. Сендерге бір өтінішіміз бар. Қазір балалармен бірге шыршаны айналып, ән айтайықшы.

Барлығы келіседі.

«Жаңа жыл» әні орындалады.

Ақшақар:Қуанатын шақ болсын, дастарханға ақ толсын! Бізге келген жаңа жылда құт-береке, бақ болсын. Сау болыңдар.

Кейіпкерлердің барлығы қоштасып кетеді.

Балалар: Сау болыңыз!

Жүргізуші:

Әкелді жыл тыныштық,

Жарқын өмір жаңаша!

Жаңа жыл тамаша!

Құрметті қонақтар! Осымен біздің жаңа жыл мерекесіне арналған концерттік бағдарламамыз аяқталды. Назарларыңызға рахмет.





















Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
1 ұстаз жүктеп алған
31 қазан
449
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі