400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Жаңа жылға арналған іс шаралар

Материал туралы қысқаша түсінік
Жаңа жылды концерттік бағдарлама түрінде ұйымдастыру.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Тыңдаңыздар, тыңдаңыздар,  Құрметті ата-аналар, ұстаздар, қонақтар! З.Жиенәлиев атындағы бастауыш мектебінің оқушыларының дайындаған «Жаңа жылдық» бағдарламасын бастауға рұқсат етіңіздер.

Би флешмоб

Армысыздар құрметті ұстаздар, ата-аналар, оқушылар! Барлығыңызды келе жатқан Жаңа жылыңызбен құттықтаймыз. Сіздерге осы жаңа жыл жаңа бақыт, үлкен табыс, мықты денсаулық сыйласын!

Ал енді бүгінгі Жаңа жыл мерекесіне арналған «Жарылқа, Жаңа жыл» атты кешімізді бастауға рұқсат етіңіздер!
Құрметті жамағат жүрекке жылылық ұялатар алғашқы жаңа жылдық құттықтау сөзді білім ұясының меңгерушісі Мейрамгүл Махамбетқызына береміз.


Мейрамгүл Махамбетқызына көп рақмет. Ал енді барлық назарымызды сахналық көрініске назар аударайық.


Көрініс:

Диана

Мында халық жиналып қалыпты ғой, бастамаймыз ба, қайда бәрі?

Кофе

Сценарий

Тайман

Ашық, ашық

Диана

Түсінбедім, бірдеңе ашық тұрма?

Тайман

Жо-жоқ, ашықпен кіреміз, ашықпен

Диана

Айналайын, бүгінгі жаңа жылдық кешті атқарушы продюсермен сөйлесіп тұрғанынды білесің бе?

Тайман

Ой, кешіріңіз, сіз маған ұялы телефоныңызды беріңіз, өзім реттеймін ғой бәрін.

Бахар

Жыныма тиіп әрқайсысы, тұрындаршы былай, алыңдаршы мынаны, шапкасыда құлап.

Диана

Оооооо, Бахаржан, Бахаржан...

Бахар

Оооооо, Бахаржан, Бахаржан демеші маған.

Диана

Не болды?

Бахар

Былтыр күзетшіні ойнаттыңдар, биыл аяз ата, түсірмеші мені, басқа жігіт жоқ па аяз ата ойнайтын?

Диана

Бахар, сценарийді өзіңізге бердік, өзіңіздің қолыңызда, жазбайсызба енді?

Бахар

Міне, міне жаздым

Тайман

Жаздым (осы жерде күледі), жаздым сценарийді.

Бахар

Сен маған күлме, мені не сауатсыз деп тұрсыңба?

Диана

Ой, Бахар, сценарий деген сөзден 8 қате

(қыздар күледі)

Бахар

Эй, сендер кімсіңдер маған күлетін? Күлмеңдер!

Диана

Қойындаршы, бүгін жаңа жыл емеспе, Бахаржан, оданда бүгінгі күнді ШОУ ЖАСАЙЫҚ (асты сызылған сөзді Диана мен Бахар бірге айтады)


Ән: « Жарылқа, Жаңа жыл»


Көрініс: «Аязата-Ақшақар»

Ақшақарлар шығады

Айсезім

Қыздар, кішкентай аяз аталарды көрдіңіздер ме?

Ақ жүніс

Жоқ, көрмедік.

Айжұлдыз

Мен көрдім, олар бірнәрсеге дайындалып жүргендей болды.

Айзере

Қызық екен, сонда олар неге дайындалып жатыр екен?

Әлішер сыйлық алып келіп, Гүлсезімнің қолына ұстатады.

Әлішер

Қыздар, кішкентай аяз аталар сендерге сыйлық беріп жіберді.

"Оо қандай күшті" деп қуанады бәрі.

Жайна

Қыздар, бұл сыйлықтан не шықсада тең бөліп аламыз, қане бәріміз көзімізді жұмып тұрайық.

Барлығы көзін жұмып тұрып, 5ке дейін санайды.

Ұлжан сыйлықты ашып, алып қашып кетеді.

Барлығы сыйлық қайда, сыйлық қайда дейді.

Барлығы «Ұлжан........» деп айқайлады.


Ән: «Қош келдің аяз ата» (кішкентай Аяз аталардан ән)


Жүргізуші:

2023 жыл, қоян жылы біздің елімізге, халқымызға қуаныштар мен ірі - ірі тарихи оқиғаларды сыйға тартты. Оның барін біз, әрине, көзімізбен көріп, құлағымызбен естідік. Қуандық, шаттандық.

Алдымыздағы 2024жыл, ұлу жылы жаңа бақыт, үлкен табыс, мықты денсаулық сыйласын дей отырып
Қоян жылы мен Ұлу жылынан шағын көрініске назар аударайық.



Көрініс: «Қоян жылы мен Ұлу жылы»

Тайман

Қайырлы кеш, қымбатты жиналған қауым, біз жаңа жыл ұлулармыз.

Айсезім

Ал сіздер кімсіздер?

Айназ

Ақ қояндардан екеу

Арай

Батыр қояннан біреу

Тимур

Біз Нұрәлі екеуміз қазақпыз

Нұрәлі

Біз мыңбыз

Диана

Болды, болды, дұрыстап айтпайсыздар ма?

Бахар

Жақсы, танысқанымызға қуаныштымыз.

Айтайын дегеніміз, бүгінгі кеш мықты өту керек. Бетіміз жерге қарап қалмасын.

Диана

Ха, ойбай, осыны ойлауға басымыз жетпей тұр еді.

Айсезім

Жоқ, әсіресе, сендер ескі жыл, өз міндеттерінді дұрыстап орындап, бізді дұрыстап қарсы алсаңыздар болды.

Арай

Жоқ, әсіресе, сен мүлдем үндеме. Сонда сендер бізді не?...

Бахар

Сонда не?

Диана

Не?

Арай

Не?

Тайман не?

(Барлық қоян не дейді)

Арай

Есіне түсіре алмай тұр деп тұрсың ба?

Бахар

Қой, бұларға сеніп қажет емес екен, барлығын өз қолымызға алайық, кеттік.

Диана

Ойпырмай, мыналардай

Тимур

Кеттік деп бізді қорқытпай-ақ қойындар

Диана

Эй, олар бізді қорқытып тұрған жоқ

Тимур

Меееен, мен неге қорқып тұрмын?

Диана

Қойындаршы, қай-қайдағыны шығармай, қорықпандар, бізде,3 кеттік.

Тимур

Үйге ме?

Қайдағы үйге, аяз атаны қарсы алуға



Жүргізуші: Балалар, шыршаға қараңыздаршы, қандай әдемі. Бізде шырша бар, енді кім жетіспей тұр?

Дұрыс айтасыздар, бізге Аяз ата мен Ақшақар жетіспей тұр. Ендеше Аяз ата мен ақшақарды әндетіп қарсы алайық.


Ән: Шырша


Аяз ата мен Ақшақар келеді


Аяз ата: Уа, жұртым, жиналған.

Көңілдерің дүр маржан

Айналайын ұлдардан

Айналайын қыздардан

Аяз ата, Ақшақар

Жетті жолдан қиналған

Ақшақар: Амансыздар ма, балалар, ұстаздар, ата - аналар! Өздеріңді сағынып келдік. Жаңа жылдарың құтты болсын!

0 сынып тақпақ айтады

1 мен 2 ән айтады

3 пен 4 би билейді


Аяз ата:Жарайсың балаларым!Мені бүгін бір қуантып,алыс жерден шаршап келгенде көңілімді көтердіңдер.Барлықтарың да ақылды,білімді де өнерлі екенсіңдер.

Киген киімдерің қандай әдемі!Солай емеспе қызым?Біздің сыйлығымызға риза болыңдар. Ал енді біз жолға шығайық.Басқа да балалардың өнерін тамашалайық.Ал,балаларым,сендер өсе беріңдер,өркендей беріңдер.Аспандарың ашық болсын!Қош болыңдар!



Жүргізуші:Құрметті, ата-аналар, ұстаздар жаңа жылға арналған мерекеміз аяқталып қалды.Көріп тамашалағандарыңызға рахмет.Жаңа жыл құтты болсын!Отбасыларыңа тек бақыт пен қуаныш әкелсін!!!



Барлық кейіпкерлер сахнада Жаңа жыл әнін орындайды.

«З.Жиенәлиев атындағы бастауыш мектебі» комуналдық мемлекеттік мекемесі
















Тәрбие сағаты




Тақырыбы: «Жарылқа, Жаңа жыл»














Өткізген: Куатова С.Б.






2023-2024 оқу жылы


Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
3 ұстаз жүктеп алған
30 қараша
137
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі