Тақырыбы: «Төрле, төрле жаңа жыл!»
Мақсаты: Балалардың жаңа жыл мерекесі туралы түсініктерін қалыптастыру. Мерекелік көңіл-күй ортасын ұйымдастыру. Кейіпкерлермен жақын танысып, ертегі бойынша білімдерін бекіту. Хормен ән айту шеберліктерін арттыру. Би қимылдарын қызығушылықпен, ырғақты сақтай орындауға төселдіру. Эстетикалық тәрбие беру.
Кейіпкерлер: Әже мен ата, қоян, қасқыр, аю, түлкі, перизат, бауырсақ, тауық, Аяз ата мен Ақшақар.
Қажетті құралдар: Теледидар, кейіпкерлер костюмдері, ойын атрибуттары, ұялы телефон /ойыншық/, бауырсақ, биге жаңғақтар /орындық/
Әуенмен балалар залға кіреді, дөңгелене жүріп келіп, билейді, орындарына отырады.
Тәрбиеші: Құрметті ұстаздар,ата-аналар! Сіздерді келе жатқан Жаңа жыл мерекелеріңізбен шын жүректен құттықтаймыз! Дендеріңізге саулық, отбасыларыңызға бақыт, еңбектеріңізге табыстар тілейміз! Жаңа жыл қарсаңына орай өткізгелі отырған бүгінгі тобымыздың «Төрле, төрле Жаңа жыл!» атты мерекелік ертеңгілігімізге қош келдіңіздер!
–Балалар, бүгін бізде қандай мейрам?
Балалар: Жаңа жыл мерекесі
Тәрбиеші: Дұрыс айтасыңдар! Ендеше жаңа жылға сыйлық ретінде мен сендерге қызықты ертегі айтып берейін, тыңдаймыз ба?!
Балалар: Иә
Тәрбиеші: Жарайды, ендеше мұқият тыңдаймыз.
- Ерте,ерте ертеде, бір кемпір мен шал болыпты....
Теледидар артында кемпір мен шал әңгімелесіп отырады.
Шал: Кемпір, бүгін маған дәмді етіп, бауырсақ пісіріп берші?
Кемпір: Үйде бауырсақ пісіретін ұн жоқ, бауырсақты неден жасаймын?
Шал: Каптың түбін қағып, орнын сыпырсаң, біраз ұн да жиналып қалар.!
Тәрбиеші: Кемпір бауырсақты пісіріп, терезенің алдына суытып қойып қояды,
терезе алдында тұрған бауырсақ бір уақытта жерге домалап, түсіп кетеді.
Бауырсақ домалап әуенмен залға кіреді
Бауырсақ: Сәлеметсіздер ме, балалар?! Мені таныдыңдар ма? Мен бауырсақпын. Мұнда не болып жатыр?!
Балалар: Жаңа жыл мерекесі
Бауырсақ: Қандай тамаша!!!
Залға әуенмен қоян келеді.
Қоян: Бауырсақ, бауырсақ мен сені жеймін.
Бауырсақ: Жеме, мен саған өлең айтып беремін.
Мен атамнан қаштым,
Мен әжемнен қаштым
Енді сенен қашамын.
Қоян: жо жоқ, бұл аз, сенің тағы қандай өнерің бар?
Тәрбиеші: Балалар, кәне бауырсаққа көмектесеміз бе? Олай болса біздің балалар көп тақпақтар біледі. Тақпақтарын айтып берсін.
Әмір
Қандай суық қыс деген?
Қалтырайды құс деген
Құлақ шынды кимесең,
Құлағыңды тістеген.
Кәусар:
Қандай қызық қыс деген
Бәрін шебер істеген,
Бақша–бауды, тауды да,
Бояған ақ түспенен
Айзере:
Жаңа жыл келгенде,
Қуанып қарсы аламыз.
Аяз ата келгенде,
Би билейміз ән саламыз.
Айсұлтан:
Жапалақтап ақшақар,
Жауды күнде қайталап,
Қырға шықты балалар,
Шаңғыларын арқалап.
Айғаным:
Жасыл желек жамылған,
Асыл моншақ тағылған
Міне, сұлу шыршамыз
Көптен күтіп сағынған.
Айым:
Тілеймін мен бар әлемге,
Дос көп болсын жанашыр,
Ата-әже, ата-әже
Құтты болсын Жаңа жыл!
Қоян: Жарайсыңдар! Мен ендеше өз жолыммен кетейін.
Бауырсақ: Алақай, кетіп қалды. Рахмет сендерге балалар! Балалар ендеше менімен бірге би билегілеріңіз келе ме?
Әуенмен залға қасқыр келеді.
Қасқыр: Бауырсақ, бауырсақ мен сені жеймін.

Мен әжемнен қаштым;
Мен қояннан қаштым,
Енді сенен қашамын.
Қасқыр: Жоқ, жоқ, бұның жарамайды. Мен сені жеймін.
Тәрбиеші: Қасқыр тұра тұр бізде бүгін мереке, жаңа жылды тойлаудамыз. Сен біздің балаларды қарашы барлығы әдемі боп кеткен. Біздің әдемі балалармен сен ойын ойнағың келе ме?
Қасқыр: Жарайды.
Ойын: "Шарды жар"
Қасқыр: Маған ойындарыңыз да, әдемі балалар да ұнады. Мен өз жолыммен кетейін.
Бауырсақ: Балалар сендерге тағы да көп рахмет, мені бұл жолы да аман алып қалдыңыздар!
Тәрбиеші: Балалардың тақпақтарына кезек берейік:
Айарыс:
Жылдың
әнін бастайын,
Аяз- Ата кеп қалды.
Майысады жас қайың,
Көтере алмай көп қарды.
Нұрмұхаммед:
Бақша іші мереке,
Ойын күлкі асқақ ән.
Жақсы әпкелер жаңа кеп,
Тәрбиеші: Олай болса балалар кәне бәріміз орнымыздан тұрып бірге ән айтайық.
Ән: "Құтты болсын, Жаңа жыл!"
Әуенмен залға аю келеді.
Аю: Ой, Бауырсақ, сен мұнда жүрмісің, бауырсақ мен сені жеймін.

Мен қояннан қаштым
Мен қасқырдан қаштым
Енді сенен қашамын.
Аю: Жоқ, жоқ, бұның жарамайды. Мен сені жеймін.
Бауырсақ: Сәл тұра тұр (қалтасынан ұялы телефонын шығарып аяз атаға телефон шалады, телефонның арғы жағынан дауыс: «Аяз ата абоненті өшірулі немесе желіні қамту аясынан тыс жерде.... )
Бауырсақ: Қазір ендеше (телефонды қайта тереді, телефонның арғы жағынан дауыс: «ақшақар абоненті желіде тіркелмеген..)
Бауырсақ: Е-е-е ендеше тағы да-а-а тұра тұ-ұ-р (даусы дірілдеп тағы да телефонын тереді, байланыс барып тұрады, телефонның арғы жағынан әуен естіледі. Әуен дауысы біртіндеп қатты естіліп, Аяз ата телефонды көтереді.Аяз ата :Қазір-Қазір мен келемін,аю сен бауырсақты жемей қоя тұр
Әуенмен залға түлкі келеді
Аю: Жарайды мен Аяз атаны күтейін,-деп үйдің жанына жайғасады.
(Сол кезде залға түлкі кіреді).
Түлкі: Ой, Бауырсақ, сен мұнда жүрмісің, бауырсақ мен сені жеймін.

Мен аюдан қаштым
Енді сенен қашамын.
Түлкі: жоқ, жоқ, бұның жарамайды. Менің құлағым естімейді, сен менің тұмсығыма отырып айтшы.
ауырсақ жақындап айтпақшы еді алыстан шана мен қоңырау даусы естіліп, қатты салқын боп кетеді.
.(Аяз ата келіп түлкіге дорбасынан сыйлық береді)
Бауырсақ: Ой, рахмет,Аяз ата!
Аяз ата: Оқасы жоқ, бауырсақ, олай болса!
Тәрбиеші: Ой, балалар, бізге күткен қонағымыз Аяз ата мен ақшақар кеп қалған екен ,онда онымен амандасайық.
Балалар: Қош келдің Аяз ата, ақшақар!
Аяз ата: Сәлеметсіздер ме балалар! Жаңа жыл мерекесі құтты болсын! Неге барлықтарың көңілсізсіңдер? Мұнда не болған?
Тәрбиеші: Түлкі келіп бауырсақты жемекші болды.
Аяз ата: Бүгін үлкен мереке. Жаңа жыл келе жатыр. Бауырсақта тойламақ болған екен. Сен қу түлкі неге мерекенің шырқын бұзып жүрсің? Мұндай өзімшіл болуға бола ма екен? Арамдық пен қулық жақсылыққа апармайды. Сен жаман қасиеттеріңді жойып, жақсы қасиеттерді үйреніп жаңа жылда жаңа өмір баста. Және біз саған достық ұсынамыз,сол үшін мен саған сыйлық бердім.Қулығынды қоймасан сыйлығынды сиқырлап жоқ қыламын. Барлығымыз дос болып жаңа жылды тойлайық.
Түлкі: Кешіріңіз, аяз ата, енді жақсы болуға тырысамын. Ендеше ормандағы достарымды да шақырсақ рұқсат па?
Аяз ата: Әрине, шақыр, шақыр барлығын.
Залға әуенмен аңдар (қоян, қасқыр, аю) шығады.
Аяз ата: Жарайсыңдар балалар. Бұл жерде бір нәрсе жетіспей тұрған сияқты. Мен сиқырлы таяғыммен шырша шамдарын жақпаппын. Кәне бәріміз бірге шырша шамдарын жағайық!
Қуант бізді таңырқат,
Шамдарыңды жарқырат! (Шыршаның шамын жағу).
Ән: « Жаңа жыл »
Тәрбиеші: Аяз ата ақшақар ендеше біздің балалардың өзіңізге арнап жаттаған тақпақтарын қабыл алыңыздар!
Т.Аяулым:
Жасыл желек жамылған,
Асыл моншақ тағылған,
Miнe, сұлу шыршамыз.
Көптен күтіп, сағынған,
Аяз ата: Жарайсыңдар!!!
Аяз ата: Бәрекелді!Келе жатқан Жаңа жылдарың құтты болсын! Әрқашан осылай жүздеріңнен күлкі кетпесін!
(Балаларға сыйлықтарды тарату.)
Тәрбиеші: Құрметті қонақтар, ата-аналар, балалар! 2025 жылға арналған мерекеміз аяқталып қалды. Көріп тамашалағандарыңызға рахмет! Келе жатқан Жаңа жыл отбасыларыңызға тек бақыт пен қуаныш әкелсін!!!
Абай атындағы ЖББМ қарасты «Балауса» шағын орталығы
«Төрле,төрле жаңа жыл!»
(ертеңгілік)
Дайындаған: музыка жетекшісі,тәрбиешілер
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
Жаңа жылға разработка

шағым қалдыра аласыз