400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Жаңа жылым - құтты жылымІ

Материал туралы қысқаша түсінік
Жаңа жыл тақпақтары, әндері, көріністер берілген. Мерекелік кеш өткізуге мұғалімдерге, тәрбиешілерге көмекші құрал болары сөзсіз.
Материалдың қысқаша нұсқасы

26.12.18 ж.  Мерекелік кеш
Тақырыбы: Жаңа жылым - құтты жылым!
Балалар билеп кіреді.
 «Шырша жыры» хор 
Аппақ аппақ жапалақтап,

Қар жауады тынбастан.

Қалың орман, қар жамылған,

Маужырайды түнгі аспан.

Кең пейілді, мол мейірлі,

Сағынышпен табысқан.

 

О, алақай, Аяз ата,

Келе жатыр алыстан!

Кел билейік, үйренейік,

Ол келгенше жаңа жыр.

Құтты болсын, құтты  болсын,

Құтты болсын жаңа жыл!

Оқушы:
Тамсандырып талайды,
Шырша неге жанбайды?
Жарқыраса шамдары
Қуаныш бізге сыйлайды. Шырша шамын жағу сәті.
Жүргізуші:
Ал, балалар, балалар
Ортамызда жарқыраған шырша бар
Шыршамызға арнап өлең айтайық
Сұлу көркін мадақтайық, мақтайық.
Мұхаммедәли:
Жап-жарық қып бар маңды,
Шыршамызға шам жанды
Әніміз бен биіміз
Әрі қарай жалғанды.
Мейрамбек:
Жасыл желек жамылған
Асыл моншақ тағынған
Міне, сұлу шыршамыз
Көптен күтіп сағынған.
Аянат:
Өзгермейді қыс келсе де,
Бояуын да оңдырмайды.
Аяз шымшып тістесе де,
Жапырағын да тоңдырмайды.
Дильназ:
Көрікті шыршамыз
Шамдары самсаған
Көңілді ортамыз
Айтамыз шырқап ән.
 Ән «В лесу родилась елочка» хор
1.В лесу родилась елочка,
В лесу она росла,
Зимой и летом стройная,
Зеленая была.

2.Метель ей пела песенку:
«Спи, елочка, бай-бай!»
Мороз снежком укутывал,
«Смотри, не замерзай!»
Мороз снежком укутывал,
«Смотри, не замерзай!»

3.Трусишка зайка серенький
Под елочкой скакал,
Порою волк, сердитый волк,
Рысцою пробегал.
Порою волк, сердитый волк,
Рысцою пробегал.

Жүргізуші: Балалар, қараңдар , шыршаның астында бірдеңе тұр! Сыйлықтар! Сыйлық алу қандай тамаша» келіңдер, балалар, сыйлықты ашып көрейік. (көңілді муз. ойнайды, қорапты ашады, оның ішінен Клоун атып шығады)


Клоун: Амансыңдар ма, балалар! Иә, бұл менмін. Мені ораудан алып шыққандарың қандай жақсы болды! Ол жерде тар, әрі қап-қараңғы. Ал, мұнда сондай тамаша екен! Мен де сендермен жаңа жылды қарсы алайыншы, Сендермен бірге қызықты ойындар ойнайыншы!Бұл ойын Алдау ойыны Мен сендерді алдаймын,сендер қателеспей айтқан кезде өздеріңнің дене мүшелеріңді алданбай ұстап қалуларың керек. Алданған оқушы айыбын өтейді.

Мен мұрынды ұстадым!1,2,3 өзі құлағын ұстайды

-Мен басымды ұстадым 1,2,3 иығын ұстайды

Мен құлақты ұстадым1,2,3 бетін ұстайды

Мен құлақты жасырдым1,2,3 өзі қол соғады

Клоун: Балалар, алданғандар бар, мен оларды көріп тұрдым, кәне өздері шығып айыбын төлесін.

Жүргізуші: Олай болса, балалар, біз клоунға әсем ән орындап берейік.

Ән «Жаңа жылдың жарқырасын шамдары» Асылай мен Айым
Жүргізуші: Балалар, бәріміз бірге
Аязата, Ақшақарды шақырайық.
Жалмауыз кемпір: Ойбай түрлерін қара! Неге тамақтарыңды жыртып жатырсыңдар?!

Жүргізуші: Ал, сен неге амандаспайсың? Әдепті адам алдымен амандасып

алады дегенді білмейсің бе?

Жалмауыз кемпір: Білсем бұйырмасын!

Жүргізуші: Мұны тіпті мына бүлдіршіндеріміз біледі. Ал, сен сияқты үлкен адамға ескертудің өзі ұят. Сен не, мектепте оқымадың ба?


Жалмауыз кемпір: Оқыған жоқпын! Маған бір танысым – Орман перісі- мектепте сондай қызықты болады, бір барып көрсең, көрсең ғой деп қоймаб еді, ал, бардым .... Онда кешке дейін тақпақ-әндер, қосу кестесін жаттатады, ал мұғалімдері бұрамалы ойыншық сияқты: қанша? Неше? Қайда? Ойланыңдар, ойланыңдар дейді де жатады, не одан басқа сөз жоқ па?

Еще 40 минут партада қадалып отыру керек. Бүйткен мектебі құрысын!


Жүргізуші: Балалар, Жалмауыз кемпір шын айтып тұр ма? Мектепте көңілсіз бе? Айтыңдаршы мектепке не үшін барады?

Балалар қолдарын көтеріп:

- сауат ашу үшін

- жазу

- сызу

- санау

- кітап оқуды үйрену үшін

- сурет салу үшін

Жүргізуші: Дұрыс айтасыңдар, балалар. (Жалмауыз кемпірге қарап)

Түсіндің бе? Сен өзі қайдан шықтың? Біз Аяз атаны шақырып едік қой?!


Жалмауыз кемпір: Ал, мені мерекеге неге шақырмайсыңдар?

Аязата сендерге бәрібір келмейді, өйткені мен ормандағы жол көрсететін белгіні алып тастадым, енді ол жол таба алмайды ха-ха-ха(деп секіреді)

Жүргізуші: неге олай еттің? Аязата, Ақшақарсыз қандай жаңа жыл келмек?

Жалмауыз кемпір: ә, бәлем, солай ма екен! Әйтпесе мектеп... оқу... жазу... Енді, сендерді мен оқытамын! Қазір денешынықтыру сабағы болады. Бүгінгі сабақта, біз бет-аузымызды қисаңдатып үйренеміз.

(Көңілді музыкамен «Айна» ойыны ойналады).
Үнтаспадан аттың пысқырған дыбысы естіледі.
Жүргізуші:
 Естисіңдер ме, тықырды
Жақыннан ат пысқырды
 Иә,иә мен де естідім
Жолдан ұзақ келді кім?
Неге тұрмыз, қарсы алайық балалар
Келіп жетті көптен күткен Аяз ата,Ақшақар!
Музыка әуенімен  Аяз ата мен Ақшақар келеді.
Аяз ата: Армысыңдар, бармысыңдар, халайық
Барша жұртқа иіліп сәлем салайық.
Жаңа жылды қарсы алуға жиналған
Балалардың өнеріне қанайық.
Амансың ба, ұлдарым,
Амансың ба, қыздарым
Қандай әсем жүздерің
Қандай мөлдір көздерің
Керемет бір ән тыңдап,
Келіп тұр-ау демалғым.
Оқушы:
Аяз ата, Аяз ата
Сізді күтіп жүрдік біз.
Ақ көңілмен айтылатын
Әнге құлақ түріңіз.
Аяз ата:
  Құлағым сендерде, балаларым.
Ән «Шырша жыры» Ұлағат, Мерует, Інжу, Зере
1.Кәне достар тұрмайық
қарсы алайық жыл басын
қызықтан бос қалмайық
шырша жыры самғасын
Қайырмасы:
Ал достарым келіңдер
келді аяз атамыз
биге билеп беріңдер
шырша жырын айтамыз
шырша жырын айтамыз
2.Құтты болсын жана жыл
шыршамыз тұр жараса
жанында аяз ата жүр
қуанады балаша
Қайырмасы:
3.Аппақ қардай береке
даламызда самғасын
жаңа жылдай мереке
таба берсін жалғасын
Қайырмасы:
Аяз ата: Бәрекелді, балақандарым.Сендерді көріп қуанышым қойныма сый-май тұр.
Жолдан қатты шаршаппыз.
Демалайық бір сәт біз.
Жүргізуші:
 Аяз ата, отырып, тынығыңыз
Дайын ба бізге арнаған сыйлығыңыз
Балалар тақпақ айтып жарысады
Үлестіріп сыйлық беріп үлгеріңіз.
Аяз ата:
 Ап, бәрекелді, тыңдайық
Балалардың бал тіліне тоймайық.
Нұриман:
Таяғы бар қолында
Қар борайды соңында
Қандай сыйлық бар екен
Арқалаған қабында
Рауан:
Сақаланың ұзыны- ай
Саудыраған мұзын-ай
Жарқыраған оттары –ай
Жаңа жылдың қызығы-ай
Бекет:
Борандатып аққарлатып,
Аяз ата келіп тұр.
Ақ көңілмен, пәк көңілмен
Бізге сәлем беріп тұр.
Салтанат:
Сақалы ақ, мұрны қызыл
Жылы екен жүзі де.
Кірпігі ақ, ерні қызыл
Мейірімді екен көзі де.
Ойын: « Орындық»
Аяз ата:
 Балалар, расында да өте жылдам екен,жарысып бір-бірінен қалар емес.Сыйлық беруге де мұрша келтірмеді ғой.Жарайды, бәріңе де сыйлық жетеді.
Ақша қар:
Амансыздар ма балалар, ұстаздар, ата аналар! Өздеріңді сағынып келдік, Жаңа жылдарыңыз құтты болсын. Өтіп кеткен Ит жылымызға аман есен саулық тілеп, рақмет айтамыз. Келер жылымыз Доңыз жылына табысты жыл болсын, береке, бірлік әкелсін деймін.

Ақшақар:
 Балалар! Орманды көктей өтіп жеттім-ау сендерге! Қандай әдемі, неткен сұлу шырша!

Мен білемін бір ойын:

Үйретейін сендерге

Мен бастаймын, ал, сендер

Аяқтаңдар ойынды.

Хормен жауап айтыңдар!

Қарға мүлгіп дала тұр,

Келе жатыр....

Балалар: Жаңа жыл!

Ақшақар: Қызыл мұрын, ақ мұртты

Білсең атын тез ата,

Келеді бізге ....

Балалар: Аязата!

Ақшақар: Шырша бүгін кәделі!

Сендер әрі ......

Балалар: Әдемі!

Ақшақар: Көңілсіз бір бала жоқ,

Ойын- күлкі таралсын

Құтты болсын .....

Балалар: Жаңа жыл! (3 рет)

Ән «Шыршаға бардық» Дана, Бекет, Салтанат, Қасиет
-1-

Жаңадан тақпақ

Аламыз жаттап.

Жаңа жыл келді,

Жаңа жыл аппақ.

Қ-сы:

Шыршаға бардық

Әсем ән салдық.

Аяз атадан

Сыйлықтар алдық – 2 рет.

-2-

Қуантып елді,

Жаңа жыл келді.

Өсетін болдық,

Бір жасқа енді.

Жүргізуші: 
Думаны жаңа жылдың жалғасады
Көрсетіп өнерлерін таласады
Дөңгеленіп би билейді өнерпаздар
Мерекенің шырайын би ашады
Би «Аяз аталар»
Жүргізуші:
 
Қыс қызығы тамаша
Ойнаймыз біз таласа
Аққаланы шебер жасай біледі
Ойынпаз әншілеріміз әсем әнімен!
Ән: «Жаңа жыл» Гүлназым
Үнтаспадан түрлі дыбыстар естіледі.
Аяз ата:
 Бұл кім болды екен? Кішкентай аяқтың дыбысы естіледі ме, қалай?
(Балалар аң-таң болады)
Аяз ата:
 Оу, бұл кім десем, кішкентай гномдар екен ғой.Көңілді гномдарды   
қошеметтеп қояйық.
1: Аяз ата өзіңізді әрең таптық қой!
Аяз ата: Әй жүгірмектер сендер неғылдеп жүрсіңдер? Қайтыңдар. Қалай жеттіңдер бұл жерге.
2: Біз сіздің кәрі бұғыңызды жегіп, сонымен келдік.
3: Сіз бізді қалай қайтармақ болсаңыз да, біз қайта алмаймыз. Кәрі бұғы шаршап әлсіреп қалды. Оған демалуға уақыт керек.
Аяз ата: Тоқтаңдар! Сендер бұларың үшін әлі-ақ жауап бересіңдер.
4: Сіз жыл сайын жастардың өнерін көремін деп кетіп қаласыз да, біздің өнерімізді байқамайсыз. Бүгін ақыры сәті түсіп тұр екен, біз де осы балаларға өнерімізді көрсетейік.(Бәрі жамырай шулап биге кіріседі)

«Гномдар» биі орындалады.
Жүргізуші:
 
Күміс көмей әншілер де бізде бар
Әсем әні шыршамызға арналар
Бүгінгі күн бар өнерін салады
Алдарыңызда өнерлі әнші жұлдыздар!
Ән «Келді, міне, Жаңа жыл»
1.Келді, міне,Жаңа жыл!

Шаттық сыйлап әр үйге!

Жаңа бақыт, жаңа нұр,

Үлкен, кіші, сәбиге.


2.Жаңа жауған ақ ұлпа,

Қар жамылды даламыз.

Балаларды сағынта,

Келді Аяз атамыз.


3.Айдай ару Ақшақар,

Көмекшісі сол екен.

Аяз ата-ақсақал

Сыйлықтары мол екен!


4.Қандай сұлу шыршамыз,

Ортамызда тұр жайнап!

Жаңа жылда баршамыз,

Шаттанайық, кел, ойнап!


Сағат тырсылы естіледі.
Аяз ата:
 Уа, халайық, өткен жылмен қоштасайық,Жаңа жылмен достасайық.Ит пен доңыз келеді.
Батырхан:
Өткен жылға ырзамыз
Өсе түсті бойымыз
Қандық талай сырға біз
Ит жылына мың алғыс!

Ит жылы: Ассалаумагалейкум, ағайын! Армысыздар, Аяз ата, Ақша қар!
Ит жылы:
- Тарих қойнауына. Осы жерге доңыз бауырыма жолығып кетейін деп келдім. /осы кезде доңыз жылы келеді./
Доңыз:
- Ассалаумагалейкум, ағайын! Ассалаумагалейкум Аяз ата! Ассалаумагалейкум, ит аға! Армысың, Ақша қар.
Ит жылы:
Уагалейкумассалам, сен бала доңызбысың? 
Доңыз:
- Дәл өзімін.
Ит жылы:
- Айналайын келші, танауыңнан бір иіскейін. Ал, доңызжан! Кімдер даттап, кімдер мақтайды, өзі білсін.
Жақсылы, жаманды жыл болдым. Қолымнан келген біраз шаруаны атқардым білем. Мына тұрған халық куә, содан сұрарсың. Әлі де болса атқарылар істер көп. Соның бәрін саған аманат қылып қалдырам, қарағым.
Доңыз:
- Аманатқа адал болуға, халыққа жайлы, ел тілегіне сайлы болуға ант етемін.
Ит жылы:
- Ал, мен жылжиын, ағайын! Келген жылдарың құт береке сыйласын!
Доңыз:
Ал, Ескі жыл, аман бол

Ізбасарың мен болам
Аман болсын деп тіле
Елім, жерім, кең далам.
Ит :
Біздің елде өткен жылы
Ит жылы болды тыныштық
Алға ұмтылдық, біз есейдік
Жақсылыққа тырыстық
Жаңа жылым доңыз жылы
Қош аман бол көргенше.
Інжу:
             
Жаңа жылда алдағы
Көңіл өсіп кеңейсін
Ортақ ойы, арманы
Жақсы дәстүр көбейсін!
Бек:
Жаңа жылдың таңы неткен арайлы,
Ақ мамыққа бөлеп алды маңайды.
Бақыт, шаттық, молшылық пен тыныштық,
Бәрімізге әкелсін мына арай жыл.
Ән: «Төрлет,Жаңа жыл» Аянат

Келген қонақтармен ойын: «Жаңылтпашты қайтала» 
Құс қайтты, қыс келді
Қыс қайтты, құс келді

Шырша сынса өспейді
Сынса шырша өспейді

Қыста боран болар
Қыздар орамал оранар

Айбөбек:
Далада қар борайды,
Ақ мамыққа орайды.
Мұз болады, қатады,
Жып-жылтыр боп жатады.

Нұрдаулет:
Дала нұр, қала нұр,
Құтты болсын жаңа жыл!
Кел жаңа жыл біздерге,
Кел жаңа жыл, жаңа жыл.
Айым:
Жүзімізге күлкі ойнап
Қанаттанды жанымыз
Жаңа жылды біз тойлап
Шаттанамыз бәріміз!
Қасиет:
Әдемілеп тізілген
Ойыншықтар ілінген
Қандай жақсы шыршамыз
Ән шырқайық баршамыз
Енжарлықты тастайық,
Шырша тойын бастайық!
Зере:

Аспан жерге төгеді
Ақ күмісін уыстап
Жаңа жылда келеді
Бізге қарай жылыстап.
Көрсін біздей балғынды
Шырқатайық ән - жырды.
Мерует:
Ақшақарға малынып
Аппақ тонын жамылып
Сақалы мен мұртына 
Күміс моншақ тағынып
Аяз ата келеді
Балаларды сағынып.
Ән: Қасиет
Бақдәулет
:
Жайна шырша жарқылдап
Бейнесіндей сәбидің
Түрлене түс жасыл бақ
Қыс пен жазға бірдейсің.
Еркебұлан:

Шанамен, шаңғымен,
Мұздарды сызалық.
Елемей ызғарды
Жаңа жыл бәйгесін
Келейік біз алып.
Гүлназым:
Жаңа жылды біз тойлап
Шаттанамыз бәріміз.
Өлең де әзір, ән әзір,
Ойын да әзір, бәрі әзір.
Кел жаңа жыл біздерге,
Кел жаңа жыл, жаңа жыл.
Дана:
Әлде қарлы боранда
Тау басынан түсті ме?
Аяз ата оралды, 
Ақ тон киіп үстіне.
Ұлағат:
Аппақ тонға оранып
Базарлықты мол алып.
Келді алыс сапардан
Аяз ата оралып.
Қалып едік сағынып
Күтіп алдық жабылып.
Диас:
Әкелсін жыл ырыс-құт
Әлемде болсын тыныштық
Жаңа жылым тамаша
Ән салайық жаңаша!
Жұмбақтар шешу:
1.Қолы менен қаламы жоқ
Бірақ сурет салады көп Аяз
2. Суда қалқиды
Жылыда балқиды. Мұз
3. Қыста шыны болып қатады
Жылыда су болып жатады Мұз айдыны
4. Аспаннан ақ ұлпа борады
Қырқаны сейсепке орады Қар
5.Табаныма байладым
Қос аяқпен айдадым Шаңғы
6.Қанаты жоқ ұшады
Аяғы жоқ желеді
Аузы жоқ ұлиды Боран
7. Зулап түсті төменге
Менсіз шықпас төбеге Шана
(Ешкі шошып кетеді)
Жүргізуші: Сізге не болды? Соншама неге шошып кеттіңіз?
Ешкі: Мына үйшіктен бір  дауыс естіледі. Тыңдаңдаршы.
Жүргізуші: Иә, расымен де біреу қорылдап жатқан сияқты. Бұл өзі кімнің үйі болды екен ә? Кірген-шыққан із көрінбейді.
Ешкі: Онда жақынырақ барып көрейік, бұл үйде кім тұрады екен? (екеуі тыңдайды, қорылдаған дыбыс естіледі, олар есікті қағады)
(Үйшіктен ұйқылы-ояу аю шығады)
Ешкі: Ее, бұл аюдың үйі екен ғой.
Аю:  Бұл не қылған тыпыр-тыпыр, не шу?  Мені ұйқымнан ояттыңдар ғой.
Жүргізуші: Сені ұйқыңнан оятып жіберсек ренжіме.  Біз шырша тойын  тойлатып отырмыз.
Аю: Жаңа жыл дейсіңдер ме, жаңа жыл деген не? Аяз ата деген кім?
Ешкі: Балалар, аю  жаңа жылдың не екенін білмейді екен.
Жүргізуші: Әрине, ол қайдан білсін? Үнемі қыста тәтті ұйқыда жатады ғой.
Жүргізуші: Онда мен айтып түсіндірейін. Аю аға! Жаңа жылда балалар бір жасқа өседі, ал біз ортамызға сәнді шырша құрып оны безендіреміз. Осы шырша мерекесіне аяз ата м
ен ақшақар келеді. Өнер көрсеткен балаларға сыйлық береді. Жаңа жыл деген осы аюжан.
Аю: Мен қысқы ұйқыда жатқанда сендер керемет мерекені тойлайды екенсіңдер ғой.
Жүргізуші: Аю ағасы! Сен оған ренжіме. Аюлар қыстың ұзақ күндерін ұйқыда өткізеді емес пе, ақыры оянып кеткен екенсің, кел мерекені бірге тойлайық.
Аю: Мен әлі ұйқымды аша алмай тұрмын.
Жүргізуші: Кәне, балалар аюдың ұйқысын ашып онымен ойын ойнайық.
Жаңа жылды тойлайық
Ойнап асыр салайық
Атамыздың сиқырлы
Қолғабымен ойнайық.
Қолғаптардың сыңарын табу. «Қолғап» ойыны ойналады.
Аю: Ооо, міне енді ұйқым шайдай ашылды. Ал енді маған аяз атаны көрсетіңдер, ол қайды өзі? Аяз ата деген өзі қандай болады?
Аю: Жаңа жыл деген керемет мереке екен ғой. Балалардың өнерін көріп өте риза болдым. Мен де өзімнің кішкентай достарыммен би билеп берейін.
Би  «Қонжықтар»
Аю: Ой, билеймін деп шаршап қалдым. Рұқсат болса мен кетейін. Әйтпесе, ұйқым кеп барады  (есінейді) Жылы үйіме барып ұйқымды жалғастырайын.
Аю: Рахмет аяз ата. Сау болыңдар, балалар!  (Аю кетеді)
Аяз ата:  Ой, бәрекелді, балақайлар. Мен сендерге ризамын. Мені сен-дер сияқты басқа да балалар күтуде.Жаңа жылдарыңыз құтты болсын! Келесі жылға дейін көріскенше, аман сау болыңдар!
Балалар:
 Сау болыңдар!
Жүргізуші:
 
Жаңа Жыл Сіздер үшін зор жетістіктерге қол жететін, ой - мақсаттар жүзеге асатын, арман - үміттер ақталатын Жыл болсын. Сіздерге зор денсаулық, молшылық пен бақыт тілеймін.

Келді, міне, Жаңа Жыл ортамызға,

Құт - береке әкелсін баршаңызға.
Аңсаған арманыңыз орындалып,
Өміріңіз бақыт пен толсын нұрға.

Жаңа жыл – жаңа қадам, жаңа бағыт,
Болашақ сыйлайтындай жаңа бақыт.
Жақсылықтың белгісі, жаңа уақыт,
Келіп, міне, жатырмыз, қауқылдасып...

Құтты болсын Жаңа жыл, барша қауым,

Құтқа орансын кең байтақ дархан елім.

Қазақтың пейіліне тарту етсін,

Табиғат ашық аспан, таң шапағын!



 

 

Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
22 қаңтар
358
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі