Материалдар / Жаңа жылым қош келдің!

Жаңа жылым қош келдің!

Материал туралы қысқаша түсінік
Балалардың қызығушылығын ояту мақсатында шығармашылыққа дамыту
ЖИ арқылы жасау
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады

«Бекітемін»

«ФаиЗаман» ЖШС-гі

«Күншуақ» бөбекжай-бақшасының

МДҰ-жетекшісі ___________ Г.К Нұртаза



Мерекелік ертеңгілік «Қош келдің, Жаңа Жыл»

Мақсаты: балаларға мерекелік көңіл күй тудыру; шыршаның қалай әдемі де сәнді безендірілгеніне, балалардың Аязатаның, Ақшақардың, Қоянның карнавалдық киімдеріне назар аударту; көңілді ойындар ойнату, достық қарым - қатынас ояту, бірлескен ойындар ойнату.

(жай әуен ойналып тұрады )

Би: «Гномдар биі» Айшуақ мектепалды даярлық тобы

(бимен балалар мерекені ашады)

Құрметті ата - аналар, қонақтар, «Күншуақ» бөбекжай-бақшасы ұжымы мен кішкентай бүлдіршіндеріміз, сіздерді келе жатқан Жаңа жыл мерекесімен шын жүрегімізден құттықтаймыз! Жаңа жыл әр отбасыңызға жаңа нұр, жаңа шуақ, табыс пен береке, қуаныш пен мереке алып келсін дейміз.

Жүргізуші: (Тәрбиеші Салтанат апай) Балалар қараңдаршы біздер ертегі әлеміне келіп қалыппыз ғой, қараңдаршы мына жерден нені көріп тұрсыңдар?
Ендеше біз осы жерде Жаңа- жыл мерекесін тойлайық.
Жүргізуші: (Тәрбиеші Салтанат апай) Ой балалар, мында кім жүр?


Бауырсақ: (Батырхан) Мен бауырсақпын, балалар, аяз – ата балаларға апара жатқан сыйлықтар салынған қоржынды жоғалтып алыпты, сендер көрген жоқсыңдарма? Мен басқа жерлерден іздеп келейін.


Жүргізуші: (Тәрбиеші Салтанат апай) Балалар, біздің мерекеге кімдер жетіспейді. Қанекей бәріміз бірге дауыспен Аязата мен Ақшақарды шақырайық.
1, 2, 3 Аязата, Аязата, Аязата Ақшақар, Ақшақар, Ақшақар!!!


Аязата: (көмекші тәрбиеші Шолпан апай) Сәлеметсізбе, балаларым,
Балаларым балғыным.
Өміргүлім, шалғыным.
Тілейтінім жылбойы,
Сендердің денсаулығың,


Ақшақар: (Аружан) Сәлеметсіздерме? Балалар! Шыршаның шамы жанбапты гой,
Шыршаның шамын жағып алайық, қанекей бірге.....
Бәрі -бірге: «Қуант бізді таңырқат, Шамдарыңды жарқырат!»


Аязата: (көмекші тәрбиеші Шолпан апай) Мені көп күткен шығарсыңдар, мен алыс – алыс жолдардан келемін. Балалар мен сендерге әкеле жатқан сыйлығымды жоғалтып алдым.


Жүргізуші: (Тәрбиеші Салтанат апай) Аязата, сіз қамжемеңіз, біздің балалар бар, жиналғанаңдар бар, сізге көмектеседі.

Қоян: (Айым)
Мен қоянмын қорқақтау,
Кішкене тілім шорқақтау.
Балалар, сендер Бауырсақты көрдіңдерме?
Жүргізуші: (Тәрбиеші Салтанат апай) Ой, қоян, сен бауырсақты іздеп жүргенше, бізбен бірге Жаңа жылды қарсы ал. Біздің балалар жақсы өнерлерін көрсетеді.
Қоян: (Айым)
Әнді сүйіп тыңдаймын
Бірге айтсақ шыңдаймын.


Ән: «Жаңа жылды қарсы алайық» Балшуақ кіші тобы


Жүргізуші: (Тәрбиеші Салтанат апай)
Мынау кім екен?
Қасқыр: (Жасұлан) Кім дегенің қалай? Ол ең әдемі, ең батыл, ең мықты, ең шапшаң, ол мен - қасқыр.
Жүргізуші: (Тәрбиеші Салтанат апай) А...... солайма? Осында қалай келіп қалдың?
Қасқыр: (Жасұлан) Мен жай жүрмін, сендердің мерекелеріңе әдейілеп келдім. Ал сендер бауырсақты көрген жоқсыңдарма?
Жүргізуші: (Тәрбиеші Салтанат апай) Ал сен оны қайтейін деп едің?
Қасқыр: (Жасұлан) Жай, менің қарным ашты, ой айтып қойдым ғой.
Жүргізуші: (Тәрбиеші Салтанат апай) Қасқыр, саған ұят емеспе? Сен неге оны қуалайсың.
Қасқыр: (Жасұлан) Мен бәрібір оны жеймін.
Жүргізуші: (Тәрбиеші Салтанат апай) Сен оданда бізбен бірге Жаңажылды тойла. Балалар, сендер қасқырға өнерлеріңді көретсеңдерші кәне?

Би: «Санта Клаус» Балшуақ кіші тобы

Ойын: «Қар лақтыру » Балшуақ кіші тобы


Аю: (Бекарыс) Балалар қыста жейтін азығым таусылып қалды. Сендер бауырсақты көрген жоқсыңдарма? Сендер неге әдемі болып киініп алғансыңдар?
Жүргізуші: (Тәрбиеші Салтанат апай) Ооооооой аю, қараңызшы біздің балалар әп – әдемі киініп алған, себебі олар Жаңажыл мерекесін тойлап жатыр. Келіңіз, төрлетіңіз.
Балалармен әдемі ән айтып көңіліңізді көтеріңіз.

Ән: «Жаңа-жыл» « Айшуақ» мектепалды даярлық тобы


Тақпақтар! (барлық балалар тақпақтарын айтады)


Түлкі:
(Амина А)


Ойын: «Шыршаны әсемдейік» «Айшуақ» мектепалды даярлық тобы
Жаңажыл: (Аяна)

Мен жаңа жылмын
Мен жаңа нұрмын
Жүргізуші: (Тәрбиеші Салтанат апай) Балалар, Жаңа-жылымыз ортамызға аман – есен келді. Ендеше Жаңа –жылымызға ән орындап берейік.

Ән: «Шырша» «Айшуақ» мектепалды даярлық тобы

Би: Елшуақ мектепалды даярлық тобы

Ойын: «Өз орныңды тап» Айшуақ мектепалды даярлық тобы
Би:
«Көңілді қыздар» Айшуақ мектепалды даярлық тобы


(Бауырсақ Аязатаның қоржынын тауып келеді.)
Аязата:
(көмекші тәрбиеші Шолпан апай) Балақандар, өздерің қандай өнерлі, ақылды, тәртіпті баласыңдар! Әрқашан езулеріңнен күлкі кетпесін, өмірлерің ұзақ болсын, болашақтарың жарқын болсын, денсаулықтарың мықты болсын! Бауырсақ менің қоржынымды тауып әкеліпті. Қоржының ішіндегі сыйлықтарды тәрбиеші апайларыңа беремін. Топқа барғасын апай өзі сендерге береді балалар! Бізді басқа да балалар күтіп отыр, енді кетуіміз керек. Келесі жыл айналып келгенше сау болыңдар!

Жүргізуші: (Тәрбиеші Салтанат апай) Құрметті ата – аналар! Уақыттарыңызды бөліп келгендеріңізге көп – көп рақмет! Жаңа – жыл сіздерге тек қуаныш, бақыт, денсаулық алып келсін!


«Күншуақ» бөбекжай-бақшасы


«Айшуақ», «Балшуақ» топтары!

2022жыл





ЖИ арқылы жасау
30 Қараша 2023
181
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі