Материалдар / Жаңа жылым, қош келдің
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Жаңа жылым, қош келдің

Материал туралы қысқаша түсінік
тәрбиешілерге
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
15 Қараша 2018
556
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

«Жаңа жыл 2018»


Мақсаты: Жасыл шырша жанындағы мерекені сиқырлы, ғажайып етіп өткізу. Балалар көңілінде ерекше естелік қалдыру. Ән мен бидің, аттракциондық ойындардың көңілді өтуін ұйымдастыру.


Залдың іші әсем безендірілген. Ортада шырша. Сиқыршы қыз шыршаны айналып жүріп былай дейді:


Жаңа жылдың таңы неткен арайлы,

Ақ мамыққа бөлеп апты маңайды.

Жаңа жылмен құттықтаймын деген үн,

Қанаттанып кең алқапқа тарайды.

Жаңа жыл да келіп қалды, ал балалар болса әлі жоқ. (Айналасына қарайды)


Көңілді әуенмен балалар залға кіреді.


Сиқыршы қыз: Менің қонақтарым түгел жиналып қалған сияқты. Қош келдіңдер, балалар. Сіздерді Жаңа жыл мерекесімен құттықтауға келген қонақтарымызға сөз берейік.

Құттықтау сөз мектеп директоры: Канатбаева Г.К

  • Балалар, қараңдаршы, шыршамыз қандай әдемі?!

Балалар: Ия, өте әдемі.

Сиқыршы қыз: Олай болса балалар, әдемі шыршамыз туралы ән айтайық.


Хоровод айналу.

Сиқыршы қыз: Сонымен балалар, бізде бүгін қандай мереке? Бұл мерекенің басты кейіпкерлері кім?

Балалар: Жаңа жыл. Аяз ата мен Ақшақар

(сиқыршы қыз қорапқа жантайып отырады. Қораптың ішінен дыбыс шығып, жыбырлайды)

Сиқыршы қыз: Балалар, сендер дыбысты естідіңдер ме? Балалар, мен қорқамын. Кім батыр? Кім келіп қорапты ашып көреді?

(сол кезде қорап Сиқыршы қызды қуады. Сиқыршы қыз қашады. Балалармен бірге қорапты ашу)

Губка Боб: Сәлем бәріңе. Қандай әсем зал. Балалар, қандай мейрам тойлап жатырсыңдар?

Сиқыршы қыз: Балалар, бізге келген кім? Таныдыңдар ма?

Балалар: Ия, бұл Губка боб.

Сиқыршы қыз: Әрине, біз сенің мультфильмдеріңді жақсы көреміз. Бізбен бірге мейрамды тойла.

Губка Боб: Алақай, алақай.

Сиқыршы қыз: Қане, Губка боб, Жаңа жыл әнін балалармен бірге шырқайық.

Ән: «Жаңа жыл»

Сиқыршы қыз: Балалар, біз шыршаны айналып жүрміз, шыршамыз бірақ жанбай тұр. Бұл қиын іс емес. Қане, балалар, көздеріңді жұма қойыңдар.

Жасыл шыршаның

Жайнат мың шамын,

Сөнбесін!

Бір,екі,үш!

Шырша жарқырай түс!

(Балалар көзерін ашады. Шырша шамын көріп қуанып, қол шапалақтайды).


Сиқышы қыз: Келіңдер, достарым. Жарқыраған шырша айналып ән салайық.


Хоровод: «Маленькая елочка»


Губка Боб: Ал сенднр не ғып тұрсыңдар? Жаңа жылда көңіл көтермейсіңдер ме? О... Мында ұлдар көп пе, қыздар көп пе? Қане, тексеріп қарайықшы. Мен қыздар дегенде, қыздар а..., деп айқайлайды. Мен ұлдар дегенде, ұлдар у..., деп айқайлайды.


Ойын: «Ұл көп пе, қыз көп пе?»


Губка боб: Ой, жарайсыңдар.

Сиқыршы қыз: Қандай керемет! Балалар, біз Аяз атаны дауыстап шақырайық. Дауысымызды естіп, бізді тез тапсын.

Балалар: Аяз ата, а – у....

Аяз ата: Амансыңдар ма, балаларым!

Мен сендерді сағынып келдім.

Әкелген сыйлықтарым көп.

Кімнің қандай өнері бар?

Ақшақар: Сәлеметсіздер ме балалар. Алыс-алыс жол жүріп, сіздерге де жеттік. Ата екеуміз шаршадық. Бірақ сендердің өнерлеріңді көрсек біз демалып қаламыз.

Ит: Гаф гаф гаф

Мен – жаңа жылмын

Мен – жаңа нұрмын

Жырымды да, себейін.

Нұрымды да төгейін. Сіздермен бірге болуға келген Жаңа жыл Ит мен боламын.

Губка боб: Балалар, Атамыз алыс жолдан шаршап келген шығар, Аяз атаны дем алтып өнерімізді көрсетейік.


Ән: «Сәлеметсіз бе,Аяз ата»


Ақшақар: Аяз ата, менің жұлдыздарым қайда?

Аяз ата: Менің қолғабымның ішінде.

Ақшақар: Ал, қолғабың қайда?

Аяз ата: Ал қолғабымның біреуі жоқ, жұлдыз соның ішінде.

Ақшақар. Балалар, Аяз атаның қолғабын табуға көмектесіңдерші.

(Балалар қолғапты іздеп тауып алады. Қолғап ішінен жұлдыздадыр шығады.)

Балалар жұлдыздар биін билеп береді.


Би: Жұлдыздар

Аяз ата: Қандай керемет. Әдемі билеріңе рахмет балаларым.

Сиқыршы қыз: Балалар атамен бірге шырша айналып ән айтып берейік.

Ән: «В лесу родилась елочка»

Губка боб: Балалар, Жаңа жыл ғажайып мереке. Ертегі кейіпкерлері де жаңа жылды жақсы көреді. Бізге ертегі кейіпкерлері де келе жатыр деп еді Сиқыршы қыз. Келді ме?

Сиқыршы қыз: ия келді.

Ертегі: «Жеті лақ пен қасқыр»

Хоровод айналу


Сиқыршы қыз: балалар, біздерге Аяз атаның кішкентай достары келіп қапты.

Би: «Санта»

Аяз ата: Жарайсыңдар балаларым. Енді менің силықтарым бар. Тақпақ айтайық.

Балалардың тақпағы


Аяз ата балаларға сыйлық үлестіреді.


Хоровод

Сиқыршы қыз: Балалар, Аяз ата сендерге риза болып отыр. Ол енді кері қайту керек. Басқа да балаларға силықтарын жеткізу керек.

Ақшақар: Балалар, керемет өнер көрсеттіңдер. Бірақ біз сіздермен қоштасамыз.

Ит: Ал, мен балалар, сіздермен бірге қаламын. Бір жыл бірге боламын.

Шырша айналып ән айтады.

Балалар: Аяз ата сау болыңыз. Рахмет.

Сиқыршы қыз: Құрметті балалар, қонақтар осымен біздің сиқырлар әлеміндегі ертіңгілігіміз аяқталды.

Губка Боб: Көңіл қойып тыңдағандарыңызға рахмет. Келесі жылға аман жетейік. Сау болыңыздар!







Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!