400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

«Жаңа-жылым қош келдің төріме!»

Материал туралы қысқаша түсінік
Тәрбиешіге арналған дайын сценарий
Материалдың қысқаша нұсқасы

КМҚК №5 «Арай» балабақша-бөбекжайы













Ертеңгілік

«Жаңа-жылым қош келдің

төріме!»








Дайындаған тәрбиешілер:

Тенкебаева А.Н

Қалымова А.С






Өскемен қаласы, 2019 ж.


Балаларға мерекелік көңіл күй тудыру. Шыршаның қалай әдемі де сәнді безендірілгеніне, балалардың Аязатаның, Ақшақардың, Қыс патшайымының, доңыз, тышқанның карнавалдық киімдеріне назар аударту;көңілді ойындар ойнату, достық қарым-қатынас ояту, бірлескен ойындар ойнату.

Залдың іші жаңа жыл мерекесіне сай безендірілген. Әдемі сазды әуен ойналып тұрады, балалар тәрбиешімен бірге билей келе музыка залының ортасына жарты шеңберге тұрады. Сол кезде көңілді күймен «Көрікті шыршамыз» әні орындалады.Ән біткен соң балалар орындыққа отырады.

Жүргізуші: 

Армысыздар ағайын! Сәлеметсіздерме,қадірлі қонақтар!

Қағып тұр жаңа жыл кеп есігіңді

Болмайды той-думанның кеші мұңды

Жаратқан түгел қылып берсін бізге

Бақыт пен ырыс, несібені!

Осы кезде әуен ойнайды. Музыка әуенімен қаһарлы Қыс патшайымы кіреді. Қолында сыйқырлы таяқшасы бар.
Қыс патшайымы: Бұнда не болып жатыр, неге менің мазамды аласыңдар?

Балалар:Біз жаңа жыл мерекесін тойлайық деп жатырмыз.

Қыс патшайымы: Жаңа жыл мерекесін тойлауға Аязата мен Ақшақар керек қой. Мен оларды сендерге жібермеймін

Жүргізуші: біздің мереке Аязата мен Ақшақарсыз қызықсыз болады. Қыс патшайымы сен біздің балаларымызға көмектесіңізші.

Қыс патшайымы: олай болса менің талаптарымды орындаңдар. Мен қыс туралы тақпақтар естігім келіп тұр.

Жүргізуші:Балалар олай болса Қыс патшайымына арнап тақпақтарымызды айтып берейік.

Данияр: Аяз Ата ойды қырды

Аралап жүр түгел шолып

Қарсы алғалы жаңа жылды

Олда көптің бірі болып.

Қайда қызық думан болса

Аяз Ата сонда болды

Күндіз үйде онап бізбен

Балалармен бірге болды.


Т.Айзере Сымбат түрін сақтайды,

Жолда, тауда тұрсада.

Аязыңда батпайды,

Мынау жасыл шыршаға.

Безеніпті шыршада,

Әр түрлі алқа тақандай,

Көз тартатын ортада,

Ойыншықтары көп қандай.



Нұралы Әкем таңдап әкелді,

Ең үлпілдек шыршаны,

Иісі аңқыған шыршаны

Жарқыраған шыршаны

Жұпар иісі аңқыды

Апамдыда риза етті.


Аңсар Жаңа жыл – жаңа қадам, жаңа бағыт,
Болашақ сыйлайтындай жаңа бақыт.
Жақсылықтың белгісі, жаңа уақыт,
Келіп, міне, жатырмыз, қауқылдасып...
Бірге соғып бар әлемнің сағаттары,
Он екіні күтер, қалмай, тағаттары,-

Құтты болсын Жаңа жыл, барша қауым,
Құтқа орансын кең байтақ дархан елім.

Тахмина   Дала қандай тамаша

Ақ мамыққа оранған.

Ақ дастархан жапқандай

Көз тоймайды қарасаң.


Ерасыл Жауып тұр қар себелеп,
Көкке толды, жерге қонды
Сансыз аппақ көбелек.
Тым алыстан, Марстан.
Келіп Аяз атамыз.
Жылды тойлап,
Билеп-ойнап,
Көп қызыққа батамыз!

Қыс патшайымы: Өте жақсы балалар тақпақты жақсы айтады екенсіңдер, ал енді менімен бірге ойын ойнаңдар!

Ойын: «Тентектер»

(музыка қосылып тұрады, балалар билейді, музыка тоқтағанда Қыс патшайымы жан-жанурлрдың даусын салады.)

Доңыздың даусын салғанда ортаға қолында үлкен қорабы бар доңыз кіреді.

Жүргізуші: Доңыз сен қайдан жүрсің?

Доңыз: Мен сендердің дауыстарыңды естіп, мені шақырып жатыр ма деп келдім. Мен өзіммен бірге жаңа жылға сыйлық ала келдім.

(Қорапты ашады, ішінен шиқылдап секіріп тышқан шығады.)

Доңыз: келген жыл елімізге бейбітшілік, тыныштық, бірлік, татулық, ырыс, бақыт, береке, байлық әкелсін! Әр шаңырақтан шаттық кетпесін!Сәбилердің шат күлкісі үзілмесін!Еліміз тыныш, халқымыз аман болсын!Жаңа жылға тапсырып доңыз шығып кетеді. Музыка қосылады доңыз кетеді.

Тышқан: мен жыл басы тышқанмын. Мен енді сендермен бір жыл бойы біргемін. Сендерге жақсылық әкелемін деп ойлаймын.

Қыс патшайымы: иә-ә-ә, Тышқан биылғы жыл басысың, барлығына тек жақсылық әкел, денсаулықтрын мықты қыл.Олай болса тышқан сен енді менің қасымда тұр, балалардың өнерін тамашалайық. Тышқан өзіңнің қандай өнерің бар?

Тышқан: мен орманда қоян достарыммен түрлі ойындар ойнап, би билеп,ән саламыз. Мен қоян достарымды ерте келдім.

Қыс патшайымы: олай болса қоян достарыңның өнерін тамашалайық.

Би: «Қояндар»

Жүргізуші: ал енді біздің балалардың тақпақтарын да тыңдап көр.

Кәусар Жаңа жылда жаңаша

Тақпақ айтамыз,

Болсын риза балаша,

Аппақ Аяз Атамыз.

Аппақ тоңға оранып,

Базарлықты мол алып.

Келді алыс сапардан.

Аяз Ата оралып.


Адель Тілеймін мен бар әлемге,

Дос көп болсын жаңа жыл.

Ата-әже, аке-шеше.

Құтты болсын жаңа жыл.

Жылдың әнін бастайын.

Аяз Ата кеп қалды.

Майысады жас қайың,

Көтере алмай көп қарды.


Шырын   Қонақтайды бақтарға

Ақ көбелек, ақ мамық.

Аунап таза ақ қарға

Балалар жүр мақтанып.

Тазартып бар, кір – шаңын

Қыс өнерін бастады.

Терезеге қыраудан

Сурет салып тастады.


Ғани Сақалы аппақ күмістей

Тістері аппақ күріштей

Қызыл ала шапаны,

Сағындым Аяз атаны

Шаттық жыр, шаттық жыр,

Дидарыңда шаттық нұр.

Аяз Ата ортада

Арқасында қапшық жүр.

Жүргізуші: Балалар, бізде шыршамыз бар, әдемі киінген балаларымыз бар, ата - аналарымыз, көрермендеріміз де бар екен, енді, біздің жаңа жылдық мерекемізге кім жетпейді?

Балалар: Аязата, Ақшақар

Қыс патшайымы: мен бағанадан сендердің өнерлеріңді көріп көңілім ауланды, енді сендерге көмектесіп, өз мейірімділігімді төгейін.

Менің қолымдағы сиқырлы таяқшаммен орманның жолын ашып, күнді жылытайын.

Мызыка әуені: қоңыру сылдырлайды.

Ақшақар Аязатаны шанамен сүйреп келе жатады.

Қыс патшайымы: Қыздар ақшақарға көмектесіңдер!

(аязата ақ матаның астында отырады)

Ақшақар: Орманда қатты боран соғып, Аязатадан адасып қалдым. Жел басылғанда Аязатаны бір ағаштың қасынан тауып алдым. Қатты тоңып қалыпты, балалар Аязтаны жылытуға көмектесіңдерші.

(Балалар қолдрыңмен жылуларыңды шашып, жылытып Аязатаны оятып көрейікші.

Ақшқар: ой, балалар Аязатамыз оянбады, кәне Аязата деп айқайлап көрейікші, оянар ма екен.

Аязата: шошып ойанып, Ой, балалар мен қайдамын, Ақшақар мені тауып алғаның қандай жақсы болды. Мен қатты тоңдым, жылынып алу үшін сендермен бір ойын ойнағым келіп тұр.

Ойын: Аязата хоровод (өлең)

Аязата: Ой, Балалар сендердің шыршаларыңның шамы да жағылмапты ғой. Қане балалар менің сиқырлы таяғымның көмегімен барлығымыз бірге шырша шамын жағайық.

«Қуант бізді таңырқат, шамдарыңды жарқырат» 2 рет

Қыс патшайымы: Балалар сендерге Аязата мен Ақшақарды да шақырдым, шыршаларыңның шамын да жақтырттым енді бізге ән айтып беріңдер.

Хоровод «Жаңа жыл»

Жүргізуші: балалардың сендерге арнаған ағылшын тілінде көрінісіміз бар. «Hare». Ая, Ж.Айзере, Алинур, Арлан,Абай

Ая Хеллоу френдз! Хәппи нью иәр!

Ай уиш ю е стронг хелс,

Уоли хәппинесс енд гуд!


Ж Айзере хеллоу май френдз!

Тудей из фан дей!

Бат, уерриз санта клаус?

Арлан Ай хәвс гуд айде!

Летс синг сонг ебаут

Санта клаус!

Алинур Өу, итс грит айдеа!

Санта клус лавс ту лисн ту мюзик.

Летс синк жингл белз!


Абай өу френдз! Итс май фейворит

Сонг. Ю а уол бютифул тудей

Летс гоу май дмәрр

Ән: «Джингл белс»

Жүргізуші: Аязата, Ақшақар,Қыс патшайымы, тышқан балалардың тақпақтарына кезек берсек.

Аслан: Көңіліміз қаласа

Сыртқа шығып таласа.

Қар атысып ойнаймыз

Қыстың күні тамаша.

Жылда осылай келеді

Көп қуаныш береді.

Шашу етіп біздерге

Ақ күмісін төгеді.

Айлин: Жасыл шырша орманнан,

Бізге арнайы келіпті.

Ойыншығын балалар,

Шыршаға әсем іліпті.

Әсем шырша сәнденген,

Өз аңдарын күтеді.

Жаңа жылмен бірге біз,

Орманға кеп жетеді.

Ислам: Аппақ тонға оранып,

Базарлықты мол алып.

Келді алыс сапардан

Аяз Ата оралып.

Інжу Аспанды бұлт тұмшалап,

Жер ақ тонын киеді.

Шұнақ аяз шымшылап,

Ақ бетімнен сүйеді.

Құлақтарын үсіткен

Шынықпаған қай бала?

Осы болар қыс деген

Айтсақ жауап жай ғана.


Абай Өткен жылға ризамыз,

Өсе түсті бойымыз.

Талай қызық көріп біз.

Шарықтады ойымыз.

Жасыл жаңа жыл келді,

Асқар таумен тұлғалас.

Біз осылай жылда енді,

Қарсы аламыз, ән салып.

Жүргізуші: Аязата біздің балалар орыс тілінде де тақпақтар біледі. Алана,Альтайыр, Алихан, Темирлан.

Аязата: өте жақсы балалар өнерлі екенсіңдер, біз өзімізбен бірге сыйлықтар ала келдік. Ақшақар біздің сыйлықтарымыз қайда? (жан-жақтарын қарайды) –Ой біз оны орманда адасып жүріп, ұмытып кетіппіз.Енді не істейміз?

Қыс патшайымы:Мен қазір сыйқырлы таяқшаммен сендердің сыйлықтарыңның қайда екенін табайын (шырша түбінде ақ бұлмен көмкерген дорба жатады) Бұл Аязатаның дорбасы ғой.

Жүргізуші: ал, енді балалар Аязата әкелген сыйлықтарды көрейік

(жүргізуші барып дорбаның ішіндегі сыйлықтарды ашып көріп, тізілген қолғаптарды алып шығады. Бір ұшын қыс патшайымына ұстатып қояды.)

Қыс патшайымы: балалар бұл ғажайып қолғаптар.( бір қолғаптың ішіндегі конфетті алып шығып көрсетеді.)

Аязата: -

Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
1 ұстаз жүктеп алған
27 желтоқсан
415
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі