400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 18 материал табылды

"Жаңа жылым төрле!" Мерекелік іс-шара.

Материал туралы қысқаша түсінік
"Жаңа жылым төрле!" Мерекелік іс-шара.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Ерейментау ауданы Еркіншілік «Еркетай» бөбекжай бақшасы

мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны













Shape1

Ертеңгілік



Тақырыбы: «Жаңа жылым төрле!»









Өткізген: Оспанова Ж. А.













2016 жыл

Тақырыбы: «Жаңа жылым төрле!».

Мақсаты: Балаларды «Жаңа жыл» мерекесімен таныстыру;орман аңдарының және дүние жүзінің адамдары шырша тойын қалай түсінетіні және оны қалай тойлайтыны жайында түсінік беру;балалардың көңіл-күйін көтеру;әдеби шығармалардың кейіпкерлерін танып білу;өлеңдерді,тақпақтарды еске сақтауға үйрету;балаларды достыққа үйрету.

Ертеңгілік барысы:Әдемі безендірілген зал ішінде балалар билеп жүреді.

Жүргізуші: Жаңа жылдың таңы неткен арайлы,

Ақ мамыққа бөлеп алды маңайды.

Жаңа жылмен құттықтаймын бәріңді,

Бәрімізге мына жыл арайлы.

Пусть звонко музыка играет,

Спешите к нам в нарядный зал.

Сюда, ребята! Начинаем!

Наш Новогодний карнавал!

Разноцветной каруселью

Закружился карнавал

Всех друзей и всех знакомых

К нам на праздник он позвал.

Пой, играй, танцуй, шути,

Сыпь цветное конфетти,

Лучше нету карнавала,

Краше ёлки не найти!

Балалар,шыршаға қараңдаршы ,неткен әдемі!Сендерге ол ұнады ма?

Шыршамыз сондай керемет безендірілген!

Балалар,ал шыршаны біз неге безендірдік?

Балалар: балалардың жауаптары.

Жүргізуші: Дұрыс айтасыңдар.Бүгін « Жаңа жыл» мерекесі.

Қараңдаршы,қаншама бізге қонақтар келді.

Сәлеметсіздер ме! Қош келдіңіздер!

Балалар, шырша шамдарын жағайық.

1,2,3

Шамдар жарқыра!

1,2,3

Шамдар жарқыра! (шамдар жанады).

-Ал, енді шыршаға үрлейік.(шырша сөнеді).

Ал,енді шапалақтайық.(шырша шамдарды жарқырайды).

Әкелсін жыл ырыс-құт,

Әлемде болсын тыныштық

Ән салайық жаңаша,Жаңа жылым тамаша!

Шыршамызға,ән салайық.

«Шырша» әні.

Жүргізуші:Балалар,мен сендерге жұмбақ жасырамын,ал сендер шешімін табыңдар.

Аяз қысып,өрнек сызып,

Терезені торлайды.

Қарға омбығып,бет домбығып,

Балдырғандар ойнайды.

Кейде ұлып,кейде жұлып

Ұйтқып боран соғады.

Белсеңіздер,айтыңдаршы?

Бұл қай кезде болады?

Балалар: Қыс мезгілінде.

Жүргізуші: Балалар,Жаңа жыл мерекесінде біз кімдерді асыға күтеміз сыйлықтар алу үшін?

Балалар: Аяз ата мен Ақшақарды.

Жүргізуші: Дұрыс айтасыңдар!Олай болса,Аяз ата мен Ақшақарды шақырайық.

Барлығы:Аяз ата,Ақшақар!

Аяз ата,Ақшақар!

Аяз ата,Ақшақар!

(Аяз ата мен Ақшақар келеді).

Аяз ата:Сәлеметсіңдер ме,балалар!

Сәлеметсіздер ме,қонақтар!

Жаңа жыл құтты болсын!

Здравствуйте,ребята!

Здравствуйте, зверята!

Становитесь-ка вы все

Поскорее в хоровод

Песней,пляской и весельем

Дружно встретим Новый год!

Жүргізуші: Құрметті Аяз ата мен Ақшақар және қонақтар! Біздің балаларымыз сіздерге өз өнерлерін ұсынғалы отыр.Тамашалаңыздар! «Қоянның үйі» орыс халық ертегісі (сәл өзгертілген).

Автор: Ертеде қоян мен түлкі көрші болып, өмір сүріпті.Қоянның үйі ағаштан , ал түлкінің үйі мұздан жасалған еді.Көктем келді.Түлкінің үйі еріп кетті.

Түлкі қоянға:Мені үйіңе кіргізші,бір күн түнейін.

Автор: Қоян түлкіні үйіне кіргізді.Олар бірге түнеді.

Таң атысымен түлкі қоянға: Кәне, шық үйден!Бұл енді менің үйім!-деп үйден қуып шығады.Қоян орман ішімен жылап келе жатады.Алдынан қасқыр кездеседі.

Қасқыр:У-у-у!Қоян, қоян.Сен неге жылап тұрсын?

Қоян: Менің үйімді түлкі тартып алды.Оның үйі мұздан, ал менің үйім ағаштан болды.Көктем келісімен түлкінің үйі еріп кетті.Сөйтіп, түлкі менің үйімді тартып алды.(Қоян жылайды).

Қасқыр: Қоян жылама.Жүр, мен саған көмектесемін.

Автор: Екеуі үйге жақындап келеді.

Қасқыр: Түлкі,түлкі! Қайтар қоянның үйін!

Түлкі: Кәне, қашыңдар!Қаш!!!

Автор: Қасқыр қорқып қашып кетеді.Қоян орман ішімен жылап келе жатады.Алдынан аю кездеседі.

Аю:О-о-о! Қоян, қоян.Сен неге жылап тұрсын?

Қоян: Менің үйімді түлкі тартып алды.Оның үйі мұздан, ал менің үйім ағаштан болды.Көктем келісімен түлкінің үйі еріп кетті.Сөйтіп, түлкі менің үйімді тартып алды.(Қоян жылайды).

Аю: Қоян жылама.Жүр, мен саған көмектесемін.

Автор: Екеуі үйге жақындап келеді.

Аю: Түлкі,түлкі! Қайтар қоянның үйін!

Түлкі: Кәне, қашыңдар!Қаш!!!

Автор: Аю қорқып қашып кетеді.Қоян орман ішімен жылап келе жатады.Алдынан бұқа кездеседі.

Бұқа: Қоян, қоян.Сен неге жылап тұрсын?

Қоян: Менің үйімді түлкі тартып алды.Оның үйі мұздан, ал менің үйім ағаштан болды.Көктем келісімен түлкінің үйі еріп кетті.Сөйтіп, түлкі менің үйімді тартып алды.(Қоян жылайды).

Бұқа:Му-у-у! Қоян жылама.Жүр, мен саған көмектесемін.

Автор:Екеуі үйге жақындап келеді.

Бұқа: Түлкі,түлкі! Қайтар қоянның үйін!

Түлкі: Кәне, қашыңдар!Қаш!!!

Автор: Бұқа қорқып қашып кетеді.Қоян орман ішімен жылап келе жатады.Алдынан әтеш кездеседі.

Әтеш: Қоян, қоян.Сен неге жылап тұрсын?

Қоян: Менің үйімді түлкі тартып алды.Оның үйі мұздан, ал менің үйім ағаштан болды.Көктем келісімен түлкінің үйі еріп кетті.Сөйтіп, түлкі менің үйімді тартып алды.(Қоян жылайды).

Әтеш: Қоян жылама.Жүр, мен саған көмектесемін.

Қоян: Сен маған көмектесе алмайсың.

Әтеш: Неге?

Қоян: Сенің алдыңда маған қасқыр, аю, бұқа көмектесемін деген.Бірақ олар қорқып, қашып кетті.

Әтеш: Мен саған көмектесемін.Жүр кеттік.

Автор:Екеуі үйге жақындап келеді.

Әтеш: Кукареку!Түлкі,түлкі! Қайтар қоянның үйін! Әйтпесе, мен сені орағыммен орып аламын.

Түлкі: Қазір, киімдерімді жинап алайын.

Әтеш: Кукареку!Түлкі,түлкі! Қайтар қоянның үйін! Әйтпесе, мен сені орағыммен орып аламын.

Түлкі: Қазір, киініп жатырмын.

Әтеш: Кукареку!Түлкі,түлкі! Қайтар қоянның үйін! Әйтпесе, мен сені орағыммен орып аламын.

Автор: Түлкі қорқып ,қашып кетеді.Қоян қатты қуанады.

Қоян: Алақай! Алақай!Рахмет саған әтеш.

Автор: Қоян мен әтеш бірге тұратын болды.Достық жеңді.

«В лесу родилась елочка» әні.

Балалар орындықтарға отырады.

Әуен ойнайды.

Жүргізуші.Сәлеметсіздер ме!Міне ғажап,Жаңа жылымыз да келді.Жаңа жыл құтты болсын! Төрлетіңіз! Қонақ болыңыз.

Әтеш:

Ескі жылға сәлем бердім,

Жаңа жыл мына мен келдім.

Балаларға базарлық ,

Жақсы ойын әкелдім.

Әтеш: Құрметті қонақтар!Жаңа жылымыз құтты болсын!!!Мен сендермен бір ойын ойнағым келіп тұр.Ойын «Жұмыртқаларды жина» деп аталады.Ол үшін маған екі ата-ана және екі бала керек. (алтын және ақ жұмыртқалар,себет).

«Жұмыртқаларды жина» ойыны.

Жүргізуші: Әсем кештің ажары

Әсем бисіз кірмейді.

Кіп-кішкентай бишілер

Мың бұрала билейді.

«Самбо»биі.

(Савелий-Сабрина,Даниал-Дарига,Дамир-Дина,Арсен-К.Дариға,Елдос-Виктория).

Ақшақар:

А-у,снежинки, А-у,снежинки! Слетайтесь скорей Покружимся вместе У елки своей.

«Ұлпақарлар» биі.

(Дарига,Дарига,Сабрина,Дина,Виктория,Назым).

Жүргізуші:Шетімізден шеберміз

Аяз ата өзіңізге

Ән де салып береміз

«Кішкентай шырша»әні.

Тақпақтар:

Даниал: Жаңа жыл келгенде

Қуанып қарсы аламыз.

Аяз ата келгенде

Билейміз,ән саламыз.

Айқын : Боранмен буып белді,

Жаңа жыл тағы келді.

Берекесін ала келсін,

Нұрға бөлеп біздің елді.

Сабрина: Келді тағы Жаңа жыл,

Қуантумен біздерді

Құтты болсын қуаныш,

Құттықтаймыз сіздерді.

Елдос: Жаңа жыл,жаңа жыл,

Сені күттім елеңдеп.

Өзіңменен ілесіп

Аяз ата келер деп.

Әлихан: Даламызға,қаламызға

Жаңа жыл кіріп келеді.

Дабыл соғып қағыңыздар

Шашу шаттық себеді.

Алаберген: Жасыл шырша қош келіпсің,

Сені күтіп жүрдік біз.

Көркейсін деп сенің жүзің,

Ойыншықтар ілдік біз.

Савелий: Скоро,скоро Новый год

Скоро,Дед мороз придет.

За плечами елочка

Пушистые иголочки.

Он подарки нам разносит

И стихи читать нас просит.

Мирас: Жаңа жыл,Жаңа жыл

Жаңа жалда-жаңа жыр.

Жасыл шырша жанында

Жадырап бар бала жүр.

Амир: Тамаша,тамаша!

Шыршамыз тұр жарса.

Басында әсем жұлдызы

Көз тоймайды қараса.

Бегарыс: Жасыл көйлек жамылған,

Асыл моншақ тағылған,

Міне сулу шыршамыз.

Көптен күтіп сағынған,

Кел,балалар,келіңдер,

Тамашаны көріңдер

Арсен: Оралдың өлкеме

Жаңа жыл армысың

Оранды ақ көрпеге,

Асқартау,қарлы шың

Мансұр: Ақ қырауға малынған

Сақалы да мұрты да.

Аяз ата сағынған,

Сәлем берді жұртына.

Назым: Безендіріп шыршаны

Жыл қуантты баршаны.

Той-маскарад басталды,

Аяз оны басқарды.

Дина: Аппақ тонға оранып

Базарлықты мол алып.

Келді алыс сапардан,

Аяз ата оралып.

Дарига: Жаға жылым мол болсын

Басқан қадам оң болсын.

Төрле, төрле Жаңа жыл

Бізге құтты жыл болсын!

Ақарыс: Ән саламыз, би билеп.

Жырдан шашу төгілді.

Бүгінгі біздің Жаңа жыл

Қандай қызық, көңілді.

Виктория: Вот и елка нарядилась

В сказочную превратилась

Детский сад украшен весь,

Невозможно глаз отвесть.

Дамир: Жаңа жыл,Жаңа жыл

Төгілсін жаңа нұр

Сыйлығын сүйретіп,

Келді міне, Жаңа жыл!

Аяжан: Тістері аппақ күріштей,

Сақалы аппақ күмістей.

Қызыл ала шапаны,

Сағындым аяз атаны.

Балаларға сыйлықтар таратылады.

Ақшақар:Барлықтарың білімді де,ақылды екесіңдер.Біздің сыйлықтарымызға риза болыңдар.Басқа да балалардың өнерін тамашалайық.Енді біз жолға шығайық .Сау болыңыздар!

Аяз ата:Сау болыңыздар!

Барлығы:Сау болыңыздар!

Жүргізуші: Жаңа жылдың шырақтары тұр жанып,

Бара жатыр қараңғы түн нұрланып.

Шырқай берсе таусыла ма әніміз,

Біз тарқайық үймізге қуанып.















Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
21.12.2017
513
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі