400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Жаңа леп- жасанды интеллект

Материал туралы қысқаша түсінік
Мақалада білім беру саласындағы жаңа леп – жасанды интеллект туралы жазылған. Жасанды интеллекті туралы отандық және шетелдік ғалымдар пікірлері ұсынылып, білім беру саласындағы жасанды интеллектінің оңтайлы тұстарын жіктелген.
Материалдың қысқаша нұсқасы

ЖShape1

«М.Жұмабаев атындағы № 19 орта

мектеп-гимназиясы мектепке дейінгі

шағын орталығымен»

коммуналдық мемлекеттік мекемесі

директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары

Шаужанова Н.Б.

АҢА ЛЕП – ЖАСАНДЫ ИНТЕЛЛЕКТ










Аннотация: Мақалада білім беру саласындағы жаңа леп – жасанды интеллект туралы жазылған. Жасанды интеллекті туралы отандық және шетелдік ғалымдар пікірлері ұсынылып, білім беру саласындағы жасанды интеллектінің оңтайлы тұстарын жіктелген.

Тірек сөздер: жасанды интеллект, интерактивті және бейімделген оқыту.


Аннотация: В статье рассказывается о новом восклицательном искусственном интеллекте в области образования. Были представлены мнения отечественных и зарубежных ученых об искусственном интеллекте и классифицированы оптимальные моменты искусственного интеллекта в сфере образования.

Ключевые слова:

Ключевые слова: искусственный интеллект, интерактивное и адаптивное обучение.


Жасанды интеллект технологиясы өмірдің әртүрлі салаларына, соның ішінде білім беру үдерісіне белсенді түрде ене бастады. Қазақстанда да білім беру процесінде жасанды интеллекті пайдалануға деген қызығушылық артып келеді. Бұл оқу процесін заманауи талаптарға сай жаңғыртуға, оқушылар мен мұғалімдердің жұмысын жеңілдетуге және білім сапасын арттыруға мүмкіндік береді.

Жасанды интеллект – бұл компьютерді, роботтық техниканы, аналитикалық жүйені адам ретінде ақылмен ойлауға үйрету жолдарын зерттейтін технология.

Отандық Ж.А.Қараев, Г.К.Нургалиева, А.И.Тажигулова сияқты ғалымдар ЖИ технологияларын білім беру процесіне енгізудің маңызын атап өтеді. Олардың пайымдауынша: «Жасанды интеллект – цифрлық білім беру ортасының негізі. Ол оқушының функционалдық сауаттылығын, зерттеушілік қабілетін және дербес ойлау дағдыларын дамытады».

Білім мен шығармашылық туралы әйгілі спикер және зерттеуші Ken Robinson «Жасанды интеллект білім беруде стандартталған оқытудан бас тартып, шығармашылық пен сыни ойлауға басымдық береді.» деп есептесе, білім беру технологияларын зерттеуші Андреа Кучер «Жасанды интеллект мұғалімнің орнын баспайды, бірақ ол мұғалімге оқушылардың үлгерімін терең талдауға және жеке көмек көрсетуге мүмкіндік береді.» деп тұжырымдайды.

MIT профессоры, конструктивизм теориясының негізін қалаушы, ғалым С. Паперт оқушылардың өз бетінше зерттеу және тәжірибе арқылы үйренуін қолдаған. «Жасанды интеллект – оқушыға дайын ақпарат беретін құрал емес, ол оның ойлауын дамытатын серіктес болуы керек.» деп есептейді.

Жасанды интеллектінің оңтайлы тұстарын төмендегідей жіктеуге болады:

1. Жеке білім беру траекториясын құрушы – жасанды интеллект әр оқушының қабілетін, оқу қарқынын және қызығушылығын талдай отырып, оған жеке оқу жоспарын құра алады. Бұл арқылы оқушының әлсіз және күшті жақтарын анықтауға, қажетті оқу материалдарын автоматты түрде таңдауға және тапсырмаларды жеке деңгейде ұсынуға болады.

2. Мұғалім жұмысына көмекші – интеллект мұғалімнің жұмысын жеңілдетіп, уақытты үнемдеуге мүмкіндік береді. Осы тұста жасанды инетеллектінің көмегімен бағалау мен тестілеуді автоматтандыруға, оқушылардың үлгерімін бақылауға және оған талдау жасауға болады. Білім беру процесінің негізгі құжаты сабақ жоспарларын дайындауға көмек үлкен көмегін тигізеді.

3. Интерактивті және бейімделген оқыту – жасанды интеллектінің негізіндегі платформалар мен қосымшалар оқу материалын түсінуді жеңілдетеді. Чат-боттар арқылы сұрақтарға жауап алып, интерактивті ойындар мен симуляциялар ұйымдастыруға болады. Мұғалім өзіне көмекші ретінде виртуалды оқыту ассистенттерін жабдықтай алады.

4. Білім сапасын талдау – үлкен көлемдегі мәліметті өңдеп, мектеп пен мұғалім жұмысының тиімділігін бағалай алады. Әр пән бойынша үлгерім динамикасын бақылауға және оқу нәтижелерін талдауды жеңілдетеді.

5. Қолжетімді білім –сапалы білімді қашықтан алу мүмкіндігі артады. Coursera, Khan Academy арқылы онлайн курстардан өту. Duolingo, ChatGPT платформалары арқылы тіл үйрену және тілдік қабілеттерін машықтандыру.

Қорытындылай келе, жасанды интеллект пен цифрлық желілерді білім беру процесінде пайдалану оқыту тиімділігінің айтарлықтай жақсаруына, білім алушылардың цифрлық және ақпараттық мәдениетін қалыптастыруға, оқу процесін жекелендіруге үлкен мүмкіндік береді. Әр оқушының қажеттіліктері мен ерекшеліктеріне байланысты оқыту тәсілдерін оңтайландыруға ықпал етеді.


ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ:


1. Искусственный интеллект [Электронный ресурс]// Режим доступа: https://www.calltouch.ru/glossary/iskusstvennyy-intellekt/

2. Искусственный интеллект в образовании: проблемы и возможности для устойчивого развития [Электронный ресурс]// Режим доступа: https://roscongress.org/materials/iskusstvennyy-intellekt-v-obrazovanii-problemy-i-vozmozhnosti-dlya-ustoychivogo-razvitiya

3. Искусственный интеллект станет основой образования будущего// Режим доступа: https://hightech.fm/2016/12/27/online-tutors-and-ai

4. Ж.А.Қараев, Г.К.Нургалиева, А.И.Тажигулова https://ru.scribd.com/document/684977574/


Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
12.03.2026
2
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген курс саны 12