Материалдар / “Жаңа мектепке - жаңашыл ұстаз”
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

“Жаңа мектепке - жаңашыл ұстаз”

Материал туралы қысқаша түсінік
Әр бір адама бала кезінен өмірде үлкен жетістікке жетуді армандайды және көпшілігі ерте кезден бастап-ақ белгілі бір іске қабілеттерін байқатады, сол қабілеттілікті қалыптастырып, жүйелі дамытса, бала болашақ кәсіби өміріне бағыт бағдар алады. Менің мамандық таңдауымның түпкі себебі мен сыры анық еді. Бала кезден кітапты көп оқуды ұнаттым, әдеби кейіпкерлерге еліктеп күнделік жаздым, керекті деректер мен нақыл сөздерді жинақтауды үйрендім, осы бейімделіктерімді аңғарып мамандық таңдауыма ықпал еткен ұстаздарыма алғысым шексіз. Болашаққа сенім мен арман мені ТАРМПИ-ға әкелді. Қасиетті оқу орнында ғалымдар мен білікті ұстаздардан дәріс алуымды үлкен бақыт деп санаймын, мақтан етемін
Материал тегін
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

"Тараз қаласы әкімдігінің

білім бөлімінің №47 орта мектебі"

коммуналдық мемлекеттік мекемесі

Математика пәні мұғалімі

Жамбыл Сандуғаш Жорақызы


Жаңа мектепке - жаңашыл ұстаз”


Адамның адамшылдығы жақсы ұстаздан болады

Абай Құнанбаев


Әр бір адама бала кезінен өмірде үлкен жетістікке жетуді армандайды және көпшілігі ерте кезден бастап-ақ белгілі бір іске қабілеттерін байқатады, сол қабілеттілікті қалыптастырып, жүйелі дамытса, бала болашақ кәсіби өміріне бағыт бағдар алады.

Менің мамандық таңдауымның түпкі себебі мен сыры анық еді. Бала кезден кітапты көп оқуды ұнаттым, әдеби кейіпкерлерге еліктеп күнделік жаздым, керекті деректер мен нақыл сөздерді жинақтауды үйрендім, осы бейімделіктерімді аңғарып мамандық таңдауыма ықпал еткен ұстаздарыма алғысым шексіз. Болашаққа сенім мен арман мені ТАРМПИ-ға әкелді. Қасиетті оқу орнында ғалымдар мен білікті ұстаздардан дәріс алуымды үлкен бақыт деп санаймын, мақтан етемін.

Жаңашыл ұстаз - үнемі жаңалықпен бөлісіп, жаңа мектепке жаңашылдық әкеліп отыру керек. Ұстаз болу өте жауапты мамандық. Ол – мектептің де, қоғамның да, ғылымның да, білімнің де, ұлттың да, адамгершілік пен ерліктің де, жақсы мінез бен ақындықтың да нағыз жанды өкілі болып саналады. Мектебің жаңа болған соң бәсекелес мектептер арасында алдыңғы қатарда, шәкірттеріңмен мақтана жүруің керек. Заманауи ұстаз, кез келген уақытта шәкірттің қандай да болсын сұрағына білімділікпен жауап беруге тура келеді сондықтан да іздену үстінде дамып, өркендеп отыруға тиіс екенін біліп, өз ісіне жауаппен қарап отырады. Ұстаздың әділдігі, адалдығы, батылдығы, мінез сұлулығы, іс пен сөз бірлігі, шыншылдығы, ұстамдылығы күн сайын балалар тарапынан баға алып, талқыланып отырады. Ұстаз – әрі ғалым, әрі шешен, әрі көшбасшы. Ұстаз – мейірім, махаббат, сүйіспеншілік, жанашырлық сезімдерінің көрігі. Ұстаз – білім беру сапасын арт­тыру саясатын тікелей жүзеге асыру­шы. 

Халқымыздың ұлы батыры Бауыржан Момышұлы “Ұстаздық – ұлы құрмет. Себебі, ұрпақтарды ұстаз тәрбиелейді. Болашақтың басшысын да, данасын да, ғалымын да, еңбекқор егіншісін де, кеншісін де ұстаз өсіреді... Өмірге ұрпақ берген аналарды қандай ардақтасақ, сол ұрпақты  тәрбиелейтін ұстаздарды да сондай ардақтауға міндеттіміз” Бала бойына ата-анадан кейінгі ақыл-ой, адамгершілік, әдептілік, ар-ұят, ұлттық сана-сезімді сіңіруші адам – Мұғалім.

Халқымыздың тарихында алғашқы ұстаз атымен көпшілікке есімі мәлім, қазақ бала­ларына білім берген, білім беру ісінде көп еңбек сіңірген, педагог- Ыбырай Алтынсарин да өзінің ұстазын құрмет тұтқан. Әрине алғаш тәлім берген өмір нәрін үйреткен ұстаз орны бөлек. Біз жаңашылдығымызбен, адалдығымыз бен өзімізді құрметтете алуымыз керек. «Болашақта еңбек ет­іп, өмір сүретіндер – бүгінгі мектеп оқушылары, мұғалім оларды қалай тәрбиелесе, Қазақстан сол деңгейде болады. Сондықтан ұс­тазға жүктелетін міндет ауыр» – дегеніндей. Ұрпаққа тәрбие беру, білім нәрімен сусындату – екінің бірінің қолынан да келе бермейді. Сондықтан, ұстаз болу – жүректің батырлығы деп бағалауға болады.«Қыран түлегіне қайтпас қанат сыйлайды, ұстаз шәкіртіне талмас талап сыйлайды» демекші, ұстаз қай кезде де мектептің, жүрегі, қоғамның тірегі. Қоғам тұлғаны қаншалықты жетілдірсе, жетілген тұлға соншалықты дәрежеде дамытады. Сондықтан қоғам дамуында жаңашылдықпен білім беру ең маңызды болып табылады. Әрбір тұлға өмірінде үлкен тәрбие мен таусылмас білім ошағын санасына ұялатқан ұстазын мәңгілік есінде сақтайды. Жаңа мектептің жаңашыл нағыз мұғалімі, міне, осы. Өйткені әрбір мемлекеттің өсіп өркендеуінің, бәсекеге қабілетті болуының ең маңызды ошағы – ұстаз берген білімде. Мұғалім - жас ұрпақ тәрбиешісі. «Бала жүрегі- кішкентай күй сандық. Сол сандықтың кілтін тапсаң ғана ашылады. Мұғалімнің қолында әр кезде сол кілт тұру керек» - деп, М. Шаханов ағамыз айтқандай,  әр баланың жүрегіне жол табу, бала бойындағы дарынды ашу мұғалімнің ең басты міндеті тұр. Қорыта келе, адал, еңбекқор, заманауи ұстаз болу ішін заман ағымына сай сауатты, ізденімпаз, кемел болуымыз керек. Жаңа Қазақстан құру, бүгінгі білікті де адамгершілігі мол ұстаз қолында. 

Мен өз сөзімді ағылшын ағартушысы Уильям Уордтың қаннатты сөзімен аяқтағым келіп отыр:

Жай мұғалім хабарлайды,

Жақсы мұғалім түсіндіреді,

Керемет мұғалім көрсетеді.

Ұлы мұғалім шабыттандырады.



Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!