400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

«Жаңа мектепте – жаңашыл ұстаз» тақырыбында эссе

Материал туралы қысқаша түсінік
Материал жас мамандарға қажет
Материалдың қысқаша нұсқасы

№50 А.Байтұрсынов атындағы мектеп-гимназия

















ЭССЕ

Тақырыбы: «Жаңа мектепте – жаңашыл ұстаз»







Орындаған: №50 А.Байтұрсынов

атындағы мектеп-гимназиясының

информатика пәні мұғалімі

Өтебаева А.Қ.












Шымкент 2020

Жаңа мектептегі - жаңашыл ұстаз


«Мектеп үшін ең керегі – жаңашыл мұғалім» 

Ы. Алтынсарин.


Мемлекетіміздің өсіп, өркендеуіне байланысты орта білім беру мазмұнын жаңарту шеңберінде білім беру үдерісінің құрылымы мен мазмұнында көптеген өзгерістер енгізілуде. Осыған орай ұстаздарға көптеген талаптар қойылуда.

Заман талабына сай жаңашыл ұстаз қандай болу керек? Сапалы білім беріп, өз пәніне оқушылардың қызығушылығын тудыру үшін қандай қасиеттерге ие болу керек? Осы және өзге де өзекті мәселелерді осы эссе мазмұнында баяндауға тырыстым.

Әрқашан ұстаз жан-жақты білімділікті, ерекше шәкіртжандылықты, мейірімділікті, икемділікті, шеберлікті қажет ететін. Бұл қасиеттер жаңашыл ұстазға да қажет екендігі сөзсіз.

Бүгінгі таңда ұстаз оқушыларға ғылым негіздерінде білім беріп қана қоймай, заман талабына сай бәсекеге қабілетті болуға дағдыландыру керек деп ойлаймын.

Елбасымыз Н.Ә. Назарбаев «Еліміздің ертеңі бүгінгі жас ұрпақтың қолында, ал жас ұрпақтың тағдыры ұстаздардың қолында» екендігін атап өткен. Осыған орай ұстаз тұлғасын жас ұрпақтың жан-дүниесін танып-білуші әрі оны жеке тұлға ретінде қалыптастырушы, жалпы айтқанда ел болашағының мүсіншісі деп атасақ болады. Сондықтан оқушының жаңаша ойлау қабілетін, белсенділігін арттыру, білімге деген құштарлығын оятып, алған білімін өмірінде пайдалануды үйрету жаңашыл ұстаздың басты міндеттерінің бірі деп есептеймін.

Жаңашыл ұстаз оқушының ізденуі мен зерттеу дағдыларын қалыптастырып, пәнге деген қызығушылығын арттыруы тиіс. Бұл мақсатқа қол жеткізу үшін сабақ барысында әр түрлі әдіс-тәсілдерді жан-жақты тиімді пайдалану керек. Қазіргі таңда жаңартылған білім беру бағдарламасына сәйкес қолданылатын әдіс-тәсілдер оқушылардың ойын еркін жеткізуге көмектесіп, шығармашылық қабілетін дамытатындығына мен сабақтар барысында көз жеткіздім.

Әл-Фарабидің «Тәрбиесіз берілген білім-адамзаттың қас жауы» деген нақыл сөзіне сүйене отырып, білім беруде тәрбиенің маңызды рөл атқаратындығын байқасақ болады. Менің ойымша, мектептегі барлық пәндердің бір үндестігі, ынтымақтастығы тәрбиеге келіп тіреледі. Сондықтан ұстаз тәрбиеші – тәлімгер ретінде оқушыларымыздың жан-жақты білім алуы мен мәдени дамуына, өнерлерін шыңдауға көп көңіл бөлу керек.

Әрине ұстаз өзінің жеке тұлғалық қасиеттерін қалыптастырмай, мұндай зор мақсатқа жетуі мүмкін емес. Сондықтан ұстаз әрдайым ізденісте болып, өзінің тұлғалық қасиеттерін шыңдап отыруы тиіс.


Жаңашыл ұстаз өз пәнін, мектебін, оқушыларын жан-тәнімен сүюі керек. Осы арқылы ол қадір-қасиет пен құрметке бөленеді деп ойлаймын. Ал өз ісіне деген қызығушылық пен сүйіспеншілік оның алдынан кездесетін сынақтардан өтуіне, өз ісінің нағыз маманы болуына септігін тигізеді.

Жаңашыл ұстаз өзін баланың ата-анасы, болашаққа айқын жол сілтер ақылшысы ретінде өз ісіне үлкен жауапкершілікпен қарауы тиіс. Осыған байланысты Абайдың келесі өлең шумақтары ұстазға айтылған керемет өсиет секілді:

Ақырын жүріп, анық бас,

Еңбегің кетпес далаға.

Ұстаздық еткен жалықпас,

Үйретуден балаға.

Ұстаздың сыртқы бет-әлпеті, сыпайы киім киісі, әдепті жүріс-тұрысы, мәдениеттілігі, жинақы іс-әрекеті де өте маңызды. Себебі бұл мұғалімге деген мәртебені жоғарылатады.

Сонымен қатар білім беру жүйесі жаңашыл ұстаздардан кәсіби икемділік пен ұтқырлықты, шығармашылықты, педагогикалық шеберлік пен біліктілікті қажет етеді. Ізденіс пен тәжірибенің нәтижесінде оған қол жеткізуге болады.

Қорыта келгенде, жаңа мектептегі жаңашыл ұстаз өз кәсібінің майталманы, осы мақсатқа рухани күш-жігерін, парасат-қуатын сала білетін, ерекше талантты, шығармашыл, шәкіртжанды, мәдениетті болуы тиіс. Осы қасиеттерге ие бола тұра, заман талабына сай интеллектуалды, дені сау, ой-өрісі жоғары дамыған, халықаралық деңгейге сәйкес білімі бар азаматты тәрбиелеуге талпынуы керек.





Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
11 мамыр
441
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі