Материалдар / Жаңа оқу бағдарламасына бағалаудың тиімділігі
2023-2024 оқу жылына арналған

қысқа мерзімді сабақ жоспарларын

жүктеп алғыңыз келеді ма?
ҚР Білім және Ғылым министірлігінің стандартымен 2022-2023 оқу жылына арналған 472-бұйрыққа сай жасалған

Жаңа оқу бағдарламасына бағалаудың тиімділігі

Материал туралы қысқаша түсінік
жаңартылған білім бойынша оқушыларға арналған ақпарат
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады.
Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
18 Желтоқсан 2017
432
0 рет жүктелген
Бүгін алсаңыз 25% жеңілдік
беріледі
770 тг 578 тг
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Тақырыбы:Жаңа оқу бағдарламасында қалыптастырушы бағалаудың жүргізілуі.Критериалды бағалау- оқушының  оқу жетістігін бағалау. Бұл бүгінгі оқыту жүйесінде өзекті талаптардың бірі  болып отыр. Енді осы бағалауды қалайша қолданып келеміз.Бастапқыда кезеңде нақты түсіне алмағанымыз рас. Әйтсе де, сабақ жоспарын жоспарланған сәтте оны оқыту мақсатына сай  жүзеге асыруға жұмыстана бастадық. Күнделікті кұрылған сабақтарда қолданылған стратегиялар нәтижесінде  оқушының оқу жетістігі мен оқыту үшін  бағалауды қолдану мүмкіндігіне жеттік. Бұл — сабақта күтілетін нәтижеге бағыттайтын баспалдақ.Оқуды тиімді бағалау —  білім беру мен оқытудағы ең негізгі кезең. Өйткені, ол оқыту барысында оқушыны алға ілгерлеу қадамдарын айқын жасауына және нәтижеге жетуіне ықпал ететін күш. Бүгінгі  саналы ұрпақты жаңа тәсілдермен оқыта отырып, бағалау немесе өздеріне бағалату мұғалім  үшін де, оқушылар үшін де жауаптылықты қажет етеді.Күнделікті сабақта білім алушылар  топтық жұмыста өздерін бағалай алады. Олар әр жұмыстың өзінше критерийі барын түсіне келе, оны салыстыра отырып, шынайы бағаға талаптана алады. Бұдан мұғалім мен оқушы арасындағы байланыс нығайып, сабақтың деңгейі артады. Бағалау парақшасына зейін қоя отырып, оны қолдануға бейімделе бастайды. Әр оқушы өзін көшбасшы ретінде қатарға қоя алады. Бұл  да еркіндік, бұл да жаңаға ұмтылыс.Негізінде, баға қою — оқушыны оқуға міндеттейтіні белгілі. Кейде бұл кері әсер беретін тұстары да болады. Жақсы оқитын оқушы нашар баға алмауы керек секілді ой туындайтынын ескерсек, бағаны қоюда оны қалай тиімді қолдануға болады? Қандай жағдайда оқушының оқуға қызығушылығын туғызуға  және білімді меңгертуге болады? Осы тұста бүгінгі білім додасында бағалаудың қандай түрлері бар және оларды қалай пайдалануға болады деген сауал көкірегімізге ұялайды. Ол үшін  Блумның «Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау» теориясын әбден түсіне отырып, сабақта қолдана білу керек.Сабақ жоспары оқыту мақсатына сай жоспарланады. Ал мақсаттың толық жүзеге асуы үшін бірізділік принципі сақталады. Қолданылған стратегиялар мен тәсілдер негізінде  сабақта күтілетін нәтижеге жету қарастырылады.Енді бағалауға келсек,  қалыптастырушы бағалау, бұны күнделікті сабақта қолданып жүрміз. Оқушы топтық, жұптық, жеке жұмыстарда белгілі дағдыларға арналған тапсырмалар арқылы қалыптастырушы бағалауға жетсе, мұғалімнің пікірі арқылы «жеттімен»  тағы бағаланады. Ал тоқсан соңында ішкі жиынтық бағалау тапсырмалары арқылы  нақты бағалау нәтижесіне қол жеткізеді.Оқушының сабаққа ынтасын арттыруда алдымен психологиялық  тренингтер жүргізу керек секілді. Өйткені,  сабаққа зейіні ауған оқушының білімге деген құштарлығын қызықтырғыш элементтер арқылы артатыны белгілі. Ол үшін сыныпта «Бәрімізге бақыт сыйлайық»  сәтін  жиі ұйымдастырған дұрыс. Осы кезде оқушылардың бойына  мейірім мен  шынайылылық қалыптаса бастайды.Осындай жылы  сезімдермен  бір- бірінің қолдарынан ұстап ізгі ниет білдіреді.Топқа бөлу үшін берілген суреттерде  жарқын тұрмыс, не тәтті тағам  немесе жылы шырайлы келбет беретін гүл суреттерін,  болмаса жандарына  жылылық ұялататын жақын адамдардың келбетін ұсынған дұрыс.Ол да сабақтың нәтижелі өтуіне ықпал етеді. Сабақ басталарда жағымды ахуал туғызу мақсатында тақырыпқа сай «Сөйлемді аяқтай сал» әдісі, көп нүктенің орнына қажетті тиісті ақпаратты жазу ұсынылады. Оқыту үшін бағалау, бағалау арқылы оқытуды жақсарту, сыни көзқарас танытаотырып, топтасып жұмыстануға ынталандырады. Міне, бұлардың барлығы сабақ процесінде үнемі дағдыға айналған жұмыс.Мұғалім өзінің күнделікті жоспарын құрған кезде оқыту үшін бағалау әдісін  енгізеді. Сөйте тұра, ол бағалаудың не үшін қажет екендігіне ойлана отырып, сол арқылы оқушыдан күтілетін нәтижеге жұмысын бағыттайды. Мұғалім  алдымен сабақта нені мақсат етіп алды, оған жетудің қандай жолдары барын жүйелей отырып, жоспар құратыны анық. Алдында айтып кеткенімдей, оқыту үдерісінде жетістікке жету үшін оқытушы мен оқушы белгілі бір критерий арқылы білім нәтижесіне жетеді.Бағалау міне, осы тұста керек.Ол үшін мақсат пен нәтиже арасындағы сәйкестікті анықтайтын тапсырмалар мен жаттығулар жүйесіне, яғни мұғалімдердің сыни тұрғыдан ойлануға қолдау көрсететін әдіс-тәсілдері алынады.Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау модулі бойынша  бірнеше  қадам жасалатынын білеміз. Мысалы: қарапайым сұрақ қою, сұраққа дәл жауап беру, теориялық сілтеме жасау, теория мен практиканы байланыстыру, тапсырма (ойын еркін жеткізе білу,ойын әрі қарай дамыту), жаттығу (жазбаша түрде болса  өз көзқарасыңды білдіріп көр, ойыңды өмірмен байланыстыра отырып, нақты баяндап, ойыңды түйіндеп жазып шық т.б.).Бұл көбіне  жеке жұмыс жасаған тұста  керек. Ал топтық жұмыста бағалау парақтарын дайындау бойынша постер дайындап, белгілі критерий  арқылы жоба қорғайды. Оқушы бұны көбіне тыңдалым не айтылым дағдысында атқара алады. Планшетте «Екі жұлдыз, бір тілек» бойынша топ бірін-біріне бағалау жүргізеді.Бағалауда топ спикерінің міндеті зор болады. Әрі шынайылық басым болады.Қорғайтын жобаны топ дайындай отырып, уақыт мөлшеріне бағына отырып қорғайды. Осы тұста өзгелер комментарий айта отырып, жетістік критерийімен бағалайды.Бағалауда күмәнді ой туғызатын сәттері де бар. Оқушылардың өзін-өзі бағалауы кейде шындыққа жетпей ме деп қаласың. Дегенмен бұндайда оқушының әрекетінен сол сәтте тіпті жақсы қадамға бару мүмкіндігі де туып жатады. Сыныптастарын бағалау оқушылар арасында маңызды рөл атқарады, себебі ол ынталандыру деңгейін көтереді, сынды қабылдауға ықпал етеді, өзіне және мұғаліммен пікірталасқа түсуіне сенімділігін арттырады, сондай-ақ мұғалімдерге үдерістен  шығуға мүмкіндік береді. Сондықтан «Екі жұлдыз, бір тілек» және «Мадақтау сэндвичі», тіпті кейде сабақ үрдісінде «Керемет», «Тамаша», «Ризамын саған»  сияқты мадақтаулармен де бағалауды қолданамыз.Қалыптастырушы бағалау: оқыту үшін бағалау, ынталандыру, жетелеу, критерийлерді айқындау арқылы жүргізіледі,  нақтылық осы «жетті» не «талпынадымен» бағаланады. Ал ішкі жиынтық бағалау: оқуды бағалау, жиынтық баға. Оқушы жұмысы ұпаймен  бағаланып деңгейі салыстырылады. Бағалау ұқсастығы: мақсат айқындалады және нәтижесі шығарыладыҚалыптастырушы бағалау күнделікті оқу үрдесінде оқушылардың ағымдағы білім деңгейлерін анықтау үшін және мұғалім мен оқушы арасында өзара байланысты орнату үшін қолданылады.Ол бағалау күнделікті оқу үрдісі кезінде жүргізіледі, оқушыға өз жұмыстарын өңдеуге және жоғары нәтижеге жетуге көмектеседі.Қалыптастырушы бағалау басқа бағалау әдістерімен салыстырғанда оқушыға материалды тереңірек түсінуіне көмектеседі, сонымен қатар сол материалды сараптап, өмірде қалай қолдануға болатындығы туралы ойлануын оятады.Қалыптастырушы бағалау жиынтық бағалаумен салыстырғанда оқушы мен мұғалім арасындағы кері байланысты қамтамасыз етеді.Алматы облысы Жамбыл ауданы Ұзынағаш ауылыС.Бердіқұлов орта мектептің оқу ісі жөніндегі орынбасары Бақтыбаева Мақпал Сериковна
Материал жариялап тегін сертификат алыңыз!
Бұл сертификат «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жарияланғанын растайды. Журнал Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінің №KZ09VPY00029937 куәлігін алған. Сондықтан аттестацияға жарамды
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!