400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Жаңа оқу рбағдарламасы жайлы

Материал туралы қысқаша түсінік
мұғалімдер мен оқушылар
Материалдың қысқаша нұсқасы

Қазіргі таңда елімізде білім берудің мазмұны жаңарып, жаңаша көзқарас пайда болғаны белгілі. Осыған байланысты ұстаздар алдында оқытудың әдіс-тәсілдерін үнемі жаңартып отыру және технологияларды меңгеру, оны тиімді қолдана білу міндеті тұр. Мемлекетіміздің білім беру үдерісіне енген жаңартылған білім беру бағдарламасы - заман талабына сай келешек ұрпақтың сұранысын  қанағаттандыратын тың бағдарлама.

Қай елдін болсын өсіп-өркендеуі, халықаралық аренада өзіндік орын алуы оның ұлттық білім жүйесінің деңгейіне, даму бағытына байланысты. «Білімді ұрпақ-ұлт болашағы » дегендей, жас ұрпаққа сапалы, мән-мағыналы, өнегелі тәрбие мен білім беру-бүгінгі күннің басты талабы.

Шындығында мұғалімнің алдында оқушыларға білім мен тәрбие беруде үлкен жауапкершілік тұр.Жан –жақты ,сан қырлы ұстаз бала тәрбиесінің бағбаны екенін әлімсақтан белгілі. Белгілі қазақ ағартушысы Ахмет Байтұрсынов « Бала оқытатындар бала оқытуын жақсы білерге керек.Бала оқытуын жақсы білейін деген адам,әуелі басқаларға үйретпекші нәрселерін өзі жақсы білерге керек,екінші баланың табиғатын біліп,көңіл сарайын танитын адам боларға керек » деп оқытушы ,мұғалімдерге талаптар қояды . Оқушылардың мектепте табысты оқуы ғана емес, өмірде де табысты болуы  мұғалімнің  қабілетіне, оның құзыреттілігіне байланысты екенін терең түсіндік.  Мұғалім оқушылар үшін қандай да бір пән бойынша білім беретін адам ғана емес, сондай-ақ олардың оқудағы еңбегін қызықты, тиімді ұйымдастыра  алатын, оларға үлгі болатын ерекше тұлға болуы керек. Жаңа заман мұғалімнен күнделікті оқушылармен  қарым-қатынас барысында әрбір жағдаят үстінде ерекше білім деңгейін көрсетуді және шығармашыл шешім қабылдай алуын талап  етіп отыр. 

Оқытудың заманауи технологиясын жете меңгеріп, оны оқушылардың жас және психологиялық ерекшелігіне қарай таңдап пайдаланудың маңызы зор. Педагогикалық инновациялық технологиялар іс-әрекетке, оқыту барысында жүзеге асатын педагогикалық жүйе. Педагогикалық жүйе-жеке, дара тұлғаны жетілдірге, қалыптастыруға бағыттау мен белгілі бір мақсатқа жету жолындаы арнайы педагогикалық ықпалды ұйымдастыруға қажетті өзара байланысқан әдістердің, құралдардың жиынтығы.
Оқыту барысында жаңа технологиялық әдістерді пайдалану шәкірттердің ойлана білу қабілеттерін дамытады, олардың білім сапасын жақсартады, ой өрісін кеңейтеді, есте сақтау қабілеттерін өсіреді. Оқыту мен дамыту әдістерінің екеуі де жеке тұлғаның қалыптасуына үлкен ықпал ететін маңызды айғақтар болып саналады.
Мектепте оқытуды ұйымдастыратын бірден - бір нұсқа сабақ болса, сабақтың нәтижелі болына ықпал ететін нұсқа  сол  сабақты өткізудің әртүрлі әдіс-тәсілдері, яғни жаңашыл сабақ. Қазіргі кезде шығармашылықпен жұмыс істейтін мұғалімдердің тынымсыз ізденуі нәтижесінде оқу-тәрбие жұмысының тиімділігін арттырудың жаңа технологиялары өмірге  келді.
Қазіргі білім беру саласында оқытудың жаңа технологияларын меңгермейінше сауатты, жан-жақты маман болуы мүмкін емес.
Жаңа технологияны меңгеру мұғалімнің кәсіптік, адамгершілік, рухани және де көптеген адами келбетінің қалыптасуына әсерін тигізеді. Өзін-өзі дамытып, оқу-тәрбие үрдісін ұйымдастыруына көмектеді. Жаңа технологияларды күнделікті сабақ үрдісінде  пайдалану үшін әр мұғалім өзінің алдында отырған оқушыларының  жас ерекшеліктерін ескере отырып, педагогикалық мақсат-мүддесіне  байланысты өзінің шеберлігіне байланысты таңдап алады. Жаңа технологияны жүзеге асыруда мұғалім белсенділігі, шығармашылық ізденісі, өз мамандығына  деген сүйіспеншілігі, алдындағы шәкірттерін бағалауы ерекше орын алады. Жаңа техногияның өзі әр түрлі атқарушылардың шеберлігіне байланысты әр қилы жүзеге асырылуы мүмкін. Мұғалімдерге шығармашылық еркіндік берілуі. Әр сабақтың сапалы болып, оның тиімділігін арттыру-ізденімпаз, шығармашылығы шыңдалған ұстаздың қолында.
Осындай оқытудың жаңа технологияларының біріне-сабақты, дәрісті өткізуді «Сыни тұрғыдан  ойлау бағдарламасы» бойынша ұйымдастыру жатқызылады. Бұл әдісте талданып отырған мәселе бойынша әр бір оқушы өз топшылауын, өз пайымын білдіреді, өзіндік дәлелдер келтіреді, басқалардың ой түйіндерін сынайды, олардың мәнді, мағыналы жақтары жөнінде өз пікірін, өз тоқтамын жасайды. Бұл әдіс шәкірттерге де, оқытушыларға да үлкен жауапкершілікті жүктейді. Оқуыту әдістерін жетілдіруге, дамытуға олардың тиімділігін арттыруға көмектеседі.
Тарих - мектептегі оқу пәні ретінде жалпы негізгі білім беретін барлық гуманитарлық және қоғамтанушылық курстардың негізін құрайды. Тарих ұлттық өзіндік сана - сезімді және адамгершілік этикалық нормаларды қалыптастыра отырып, оқытудың дүниетанымдық негізін қалыптастырады. Тарихтың басқа пәндермен өзара байланысы талдау, жинақтау сияқты ортақ логикалық таным - әдістерін қолдануға мүмкіндік береді. Мысалы, гуманитарлық циклдағы пәндермен байланысы картамен, мәтінмен жұмыс істеу, оқиғалармен құбылыстардың ерекшеліктерін айқындау сияқты ортақ әдіс - тәсілдері негізінде іске асады. Тарихқа деген қызығушылығын арттыру үшін сапалы білім берудің тиімді жолдарын таңдау, тарихи және мәдени мұралармен таныстыру, қосымша элементтерді пайдалану мен тарихи деректерді оқып білім алып шығармашылықпен айналысуына жағдай жасау сияқты жаңа педагогикалық технологиялармен инновациялық бағыттарды, әдістер мен тәсілдерді енгізу. Бүгінгі таңда сабақ өткізудің түрлері өте көп.



Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
29 сәуір
592
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі