Ақтөбе
облысы, Шалқар қаласы «№ 1 мектеп-гимназиясы»
КММ
Мунайтбасова
Жулдыз Темирхановна
Мектеп
тәлімгері
«Жаңа
қоғамның жасампаз ұландары»
Тәуелсіздігіміздің
әр жылы ғасырға бергісіз тарихи кезеңдер.
Себебі, өткен кезеңнің әр жылында, әр
күнінде еліміз үшін, оның болашағы үшін
аса маңызды қаншама шешімдер қабылданып,
қаншама айтулы оқиғалар жүзеге асты.
Бабалардан
мұраға қалған жердің иесі, егеменді
елдің ертеңі- жастар осы қол жеткізген
табыстар мен жетістіктерімізді, әрине,
тек мақтан тұтамыз. Біз, жастар
қазақстандықтардың азаттық рухында
тәрбиеленген, болашағына нық сеніммен
қарайтын жаңа буынын құраймыз. Және
бүгінгі тәуелсіз, бейбіт елдің ұландары
– мына біздер жан – жақты білім алып,
мамандық иесі атанып, жұмысқа орналасып,
ғашық болып, отбасын құрып, болашаққа
жоспарлар құрудамыз.
Қазіргі
таңда және болашақта еліміз бағындыратын
талай асулар бар. Міне, осындай биік
мақсаттар бізді тек алға жетелеуде.
Мұны халқымыздың сан ғасырлар аңсаған
арманының, қазақ арманының орындалғаны
деп білемін. Сан ғасырлар аңсаған қазақ
арманының шындыққа айналуына елбасымыз
Н.Ә.Назарбаев кепіл болды және мызғымас
мемлекет қана емес, түбірімен жаңарған
демократиялық қоғам құрды. Бүгінде
әлемнің озық елдерінің үлгілеріне,
тәжірибелеріне сүйене отырып, өзіндік
жолын таба білген Қазақстан қоғамының
қарыштап дамуының басты ерекшелігіде
осында. Елбасымыз ел тәуелсіздігінің
алғашқы жылдарында орын алған қиын
қыстау кезеңдерге қарамастан, барша
қазақстандықтарға, әсіресе, жастарға
барлық мүмкіндіктерді жасады. Мұның
айқын айғағы- ешбір елде болмаған
«Болашақ» бағдарламасымен жастарымыз
шет елдердің озық жоғары оқу орындарында
білім алуы және кәсіби оқу орындары
«Назарбаев зияткерлік мектебі» тәрізді
жаңа үлгідегі оқу орындарының ашылуы.
Бұл тұстағы басты мақсат: сапалы білім
– болашаққа салынатын инвестиция.
Қазіргі
таңда баршаның назарындағы, қоғамдық
мәртебеге көтерілген, жастар арасында
ең көп талқыланып жатқан Мемлекеттік
жастар саясаты туралы тұжырымдамада
баланың дүниеге келген күннен бастап
өмір бойы өсіп, жетіліп, дамуына қажетті
инфрақұрылымдарды қалыптастыру, жас
ұрпақ бойында патриоттық құндылықтарды
үздіксіз сіңіру жүйесін жасау сияқты
міндеттерді атқару белгіленген.
Тұжырымдамада жастардың әлеуметтік
қорғалуы көбірек қамтылған. Десек те,
егер біз XXI ғасырда бар біліміміз бен
күшімізді ел өркендеуіне жұмсайтын ел
құрамыз десек, қазірден өскелең ұрпақтың
бойында рухани, адамдық, ізгілік,
парасаттылық, еңбексүйгіштік қасиеттерді
қалыптастыру қажет. Сонымен қатар,
кадрлық өсу мәселесіде ерекше назарда
тұрғаны абзал.
Жас
ұрпақтың тәрбие мәселесі Елбасы
Н.Ә.Назарбаевтың ерекше назарында. 2011
жылғы 11 ақпанда өткен «Нұр отан» ХДП
XIII съезінде Елбасы Н.Ә.Назарбаев
Қазақстанның жас азаматтарының басын
біріктіретін «Жас ұлан» бірыңғай
қозғалысы «Жас қыран» балалар ұйымдарының
жаңа жүйесін құру керектігін атап өткен
болатын. Айтылған сөзі араға жыл салмай
бес ай ішінде іске асырылды. 2011ж 6
шілдесінде, яғни елорда күнінде «Жас
ұлан» біріңғай балалар мен жасөспірімдер
ұйымы құрылды. «Жас ұлан» ұйымының
мақсаты- өскелең жас ұрпақтың бойында
патриоттық, білім мен өзін-өзі жетілдіруге
деген құштарлық, беріктік. Отан тарихына,
Тәуелсіз Қазақстанның бүгінгі мен
болашағына деген жауапкершілікті
қалыптастыру.
Қазақстан
халқының тілін, мәдениетін, тарихын
білу негізінде өскелең жас ұрпақтың
бойында рухани –адамгершілік әлеуметті
қалыптастыру, балалар мен жасөспірімдердің
зияткерлік, шығармашылық және әлеуметтік
дамуы үшін қолайлы жағдайлар жасау;
жауапкершілік пен еңбексүйгіштігі
қалыптастыруға, көшбасшылық және
ұйымдастырушылық қабілеттерін дамытуға
бағытталған баланың жеке тұлғалық
қасиеттерін дамыту.
Әр
өңірде «Жас ұлан» ұйымының бөлімдері
құрылып, жұмысы жандана бастады. Жоспар
біреу, ой ортақ болғандықтан, іс нәтижесін
бере бастады. 2011жылы 1 қыркүйекте Астана
қаласындағы №66 мектепте Елбасы
Н.Ә.Назарбаев «Жас ұлан» біріңғай
балалар мен жасөспірімдер ұйымының
алғашқы мүшелерін салтанатты түрде
қабылдады. Осы сәттен кейін ұйым қатарында
700000-нан аса оқушы бар.
Өскелең
жас ұрпақтың бойында патриоттық, білім
мен өзін-өзі жетілдіруге деген құштарлық,
беріктік, Отан тарихына, Тәуелсіз
Қазақстанның бүгіні мен болашағына
деген жауапкершілікті қалыптастыру
мақсатында құрылған «Бірыңғай «Жас
Ұлан» балалар мен жасөспірімдер ұйымы»
«№1 мектеп-гимназиясында» танымдық,
зияткерлік, шығармашылық , еңбексүйгіштік
бағытта өз жұмыстарын жоспарлы түрде
үздіксіз жүргізіп келеді.
Ел
ертеңі – өскелең ұрпақ осылайша мақсат
қойып, алға ұмтылады. Жас ұландар
болашағын құруды бүгіннен бастап кетті.