Материалдарды шектеусіз жүктеңіз ҚМЖ, ашық сабақтар, презентациялар, көрнекіліктер, дидактикалық материалдар, авторлық бағдарламалар және тағы басқа 400 000-астам материалды шексіз жүктеп алғыңыз келе ме?
Толығырақ
Толығырақ
Тақырып бойынша 12 материал табылды

Жаңа сабақ. Бұрыш. ҚМЖ 5 сынып матем 4 тоқсан

Материал туралы қысқаша түсінік
5.3.1.4 бұрыш және оның градустық өлшемі ұғымдарын меңгеру, бұрыштарды белгілеу және салыстыру
Материалдың қысқаша нұсқасы

Таныстым:


Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігі

Момынай жалпы орта білім беретін мектебі

Қысқа мерзімді (сабақ) жоспары

Пәні: Математика

Тақырыбы: Бұрыш.


Бөлім:

5.4B Бұрыштар. Көпбұрыштар

Педагогтің Т.А.Ә.

Алиева Гүлжан Аманкулкызы

Күні:

17.04.2024ж

Сынып: 5 «Ә»

Қатысушылар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақтың тақырыбы

Бұрыш.

Оқу бағдарламасына сәйкес оқыту мақсаттары

5.3.1.4 бұрыш және оның градустық өлшемі ұғымдарын меңгеру, бұрыштарды белгілеу және салыстыру

Сабақтың мақсаты

Бұрыш және оның градустық өлшемі ұғымдарын меңгеру, бұрыштарды белгілеу және салыстыру

Сабақтың барысы

Сабақтың кезеңі/ уақыт

Педагогтің әрекеті

Оқушының әрекеті

Бағалау

Ресурс

тар


Сабақтың басы

Оқушылармен амандасу, түгендеу, назарын сабаққа аудару
Жағымды психологиялық ахуал орнату.

Оқу мақсаттарымен таныстыру.

Үй тапсырмасын тексеру.

Белсенді оқудың «Серпілген сауал» әдісі арқылы әр топ бір-біріне сұрақ қою арқылы үй тапсырмасына берілген ережелер сұралады.Диалогқа тарту.

  1. Берілген санның пайызын қалай табамыз?

  2. Пайызды табудың негізгі формуласы

  3. Пайызы бойынша санды қалай табамыз?

  4. Бөлігі бойынша санды қалай табамыз?

  5. Пайызды бөлшекпен қалай өрнектейміз?

  6. Бөлшекті немесе натурал санды пайызбен қалай жазады?

Жинақтала

ды,сабаққа ынталанады. Сұрақтарға жауап береді.




«Бас бармақ» әдісімен

бағаланады.








Сабақтың ортасы

Жаңа сабақ түсіндіру. Бір нүктеден шыққан екі сәуледен құралған фигура бұрыш деп аталады. Бұрышты құрайтын сәулелерді осы бұрыштың қабырғалары, ал сәулелер басталатын нүктені бұрыштың төбесі деп атайды. Бұрыш  таңбасымен және қабырғалары мен төбесіне жазылған әріптермен белгіленеді.

Мысалы, берілген бұрышты  A немесе  BACCAB белгілеуге болады.

Бұрышты бір немесе үш әріппен белгілейді.

1 ) Егер бұрыш бір әріппен белгіленсе, онда сол әріп бұрыштың төбесі деп аталады.

2) Егер бұрыш үш әріппен белгіленсе, онда ортаңғы әріп бұрыштың төбесі, ал шеткі әріптер қабырғаларындағы нүктелер болады. Мысалы, егер бұрыш AOB деп белгіленсе, онда A және B нүктелері бұрыштың қабырғаларында, ал O нүктесі – бұрыштың төбесі болады.

Бұрыш градуспен өлшенеді. Егер қабырғалары бір түзудің бойында жатқан бұрышты өзара тең 180 бөлікке бөлсек, онда осы әр бұрыштың өлшемін градус деп аламыз (° деп белгіленеді).

Сонымен, бұрыштың бірлік өлшемі – градус, ол сәуленің қандай да бір бұрышқа айналымы. Сәуленің толық айналымы 360°-қа тең. Бір градус 60 минутқа (′ деп белгіленеді); бір минут – 60 секундқа (″ деп белгіленеді) тең.

Деңгейлік тапсырмалар орындау:

А-деңгей тапсырмасы

Суреттегі әр бұрыштың атауын, төбелерін және қабырғаларын жазыңдар.







Дескриптор:

- Бұрышты атап жазды

- Төбелерін анықтайды

-Қабырғаларын анықтайды


В деңгей тапсырмасы

Берілген бұрыштардың түрлерін анықтаңдар:

а) MNP бұрышы AOB бұрышының 1/3і;
б) FCK бұрышы AOB бұрышының 1/2і
в) TEX бұрышы AOB бұрышының 2/3і



Дескриптор:

  • Бұрыштың бөлігін есептеп табады

  • Бұрыштың түрін анықтайды


Рисунок 21


С деңгей тапсырмасы

АВС бұрышы – тік бұрыш, DEK бұрышы АВС бұрышының 20% құрайды, ал MON бұрышы АВС бұрышымен DEK бұрыштарының арифметикалық ортасына тең. Әр бұрыштың өлшемін есептеп табыңдар.

Дескриптор:

  • АВС бұрышының градустық өлшемін анықтайды;

  • DEK бұрышының градустық өлшемін табады;

  • MON бұрышының градустық өлшемін есептейді.



Қосымша тапсырмалар:

1. ОС сәулесі – АОВ жазыңқы бұрышының биссектрисасы.

EОF бұрышы – тік бұрыш. EОС = 250

АОЕ, СОF және FОВ бұрыштарының градустық өлшемдерін табыңдар және градустық өлшемдерін салыстырыңдар.

Дескриптор:

  • Бұрыштардың градустық өлшемін табады.

  • Бұрыштардың градустық өлшемдерін салыстырады..

2. Сағаттың минуттық тілі мен сағаттық тілі қандай бұрыш жасайды: сағат 3-те; 4-те; 6-да ? бұрыштардың қайсысы үлкен, қайсысы кіші?

Дескриптор:

  • Бұрыш түрлерін біледі

  • Бұрышты анықтай алады.

  • Бұрыштарды салыстыра алады.

Шешуі:

1) 3:00 де Тік бұрыш жасайды

2) 4:00 де Доғал бұрыш

3) 6:00 де Жазыңқы бұрыш

Жаңа сабақты меңгереді.




























Деңгейлік тапсырмалар орындайды.







































Тапсырмаларды өз беттерінше орындайды.

















































Тапсырма деңгейіне қарай бағаланады.







































Әрбір дұрыс жауапқа 2 балл беріледі.




















Сабақтың соңы

Үй жұмысы:

есеп


Рефлексия: БББ кестесінің білемін, білгім келеді деген бағандарын толтырады

осыдан сабақтың мақсатын оқушылар айтады. Мұғалім жинақтайды

Білемін

Білгім келеді

Білдім











Үй жұмысын алады.

Рефлексияны ауызша орындайды.


БББ кестесі




















Таныстым:


Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігі

Момынай жалпы орта білім беретін мектебі

Қысқа мерзімді (сабақ) жоспары

Пәні: Математика

Тақырыбы: Мәтінді есептерді шығару


Бөлім:

5.4А Пайыз

Педагогтің Т.А.Ә.

Алиева Гүлжан Аманкулкызы

Күні:

17.04.2024ж

Сынып: 5 «А»

Қатысушылар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақтың тақырыбы

Мәтінді есептерді шығару

Оқу бағдарламасына сәйкес оқыту мақсаттары

5.5.1.6

Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
17.04.2024
256
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курс саны 12