400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Жаңа сабақ. Санды теңдіктер және олардың қасиеттері

Материал туралы қысқаша түсінік
ҚМЖ 6 сынып матем 3 тоқсан. Оқу мақсаттары: 6.2.2.1 тура санды теңдіктердің қасиеттерін білу және қолдану;
Материалдың қысқаша нұсқасы

Таныстым:


Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігі

Момынай жалпы орта білім беретін мектебі

Қысқа мерзімді (сабақ) жоспары

Пәні: Математика

Тақырыбы: Санды теңдіктер және олардың қасиеттері

Бөлім:

6.3А Бір айнымалысы бар сызықтық теңдеу

Педагогтің Т.А.Ә.

Алиева Гүлжан Аманкулкызы

Күні:

08.01.2024ж

Сынып: 6 «А»

Қатысушылар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақтың тақырыбы

Санды теңдіктер және олардың қасиеттері

Оқу бағдарламасына сәйкес оқыту мақсаттары

6.2.2.1 тура санды теңдіктердің қасиеттерін білу және қолдану;

Сабақтың мақсаты

  • тура санды теңдіктердің қасиеттері және оларды қолдану.

Сабақтың барысы

Сабақтың кезеңі/ уақыт

Педагогтің әрекеті

Оқушының әрекеті

Бағалау

Ресурс

тар


Сабақтың басы

  1. Ұйымдастыру кезеңі.

  • оқушылардың назарын жинақтау;

  • оқушылармен бірлесіп оқу мақсатын, сабақ мақсаттарын анықтау.

  • оқушылардың «жақын даму аймағын», сабақ соңында күтілетін нәтижелерді анықтау

Сабақтың мақсаттарымен, күтілетін нәтижелермен таныстыру.

Үй тапсырмасын тексеру.


Жинақтала

ды,сабаққа ынталанады





Ынталандыру сөздерін қолдану «жақсы», «жарайсың», «өте жақсы»




6 сынып оқулығы. 1-бөлім

Сабақтың ортасы

Жаңа сабақ түсіндіру.

Санды теңдік – екі жағынан сан немесе санды өрнектері бар теңдік.

  • санды теңдік сандардан, жақшалардан және теңдіктің таңбасынан тұрады;

  • санды теңдік тура және тура емес бола алады.

Санды теңдіктердің қасиеттері:

  1. Егер тура теңдіктің екі жағынан бірдей санға қоссақ, онда тура санды теңдік шығады. Әріптер арқылы келесідей жаза аламыз: егер a = b болса, мұндағы a және b кез-келген сандар, онда c кез-келген сан үшін a + c = b + c теңдігі орындалады.

  2. Егер тура теңдіктің екі жағынан нөлден өзге бірдей санға көбейтсек, онда тура санды теңдік шығады. Егер a = b болса, нөлден өзге c кез-келген сан үшін a ⋅ c = b ⋅ c теңдігі орындалады, ал егер a = b және b = c болса, онда a = c шығады

  3. Егер тура санды теңдіктердің екі жақ бөліктерін жеке-жеке қоссақ, онда тура санды теңдік шығады. Егер a = b және c = d болса, онда a, b, c және d кез келген сандары үшін a + c = b + d теңдігі орындалады.

  4. Егер тура санды теңдіктердің екі жақ бөліктерін жеке-жеке көбейтсек, онда тура санды теңдік шығады. Егер a = b, c = d, онда a ⋅ c = b ⋅ d шығады.

Тапсырмалар орындау.

№1. 5? = 15 және 3? = 6 тура теңдігі берілген.

a) екі теңдікке 2-ні қос;

b) екі теңдікті 2-ге көбейт;

c) теңдіктерді жеке-жеке қос;

d) теңдіктерді жеке-жеке көбейт.


№2. 2? = 10 және 4? = 8 тура теңдігі берілген.

a) екі теңдікке (-2)-ні қос;

b) екі теңдікті (-2)-ге көбейт;

c) теңдіктерді жеке-жеке қос;

d) теңдіктерді жеке-жеке көбейт.


№3. Айнымалылардың қандай мәндерінде теңдік дұрыс болады?

a) 0,5 + ? = + ?

b) 0,75 ∙ ? = ∙ ?


№4. 0,2 – 6 = –5,8 және 3,8 = 2 + 1,8 тура санды теңдіктерін мүшелеп қос.


№5. 14 ÷ 2 – 10 = –3 тура санды теңдіктің екі жақ бөлігіне де 3-ті қос.


№6. Көбейтуді орында.

(2 : 0,25 + 2) ∙ ( 3 : 5 – 0,4) =


№7. Cанды теңдік болатындай

(– (32) + 2) ∙ 8

өрнегінің жұбын тап.


Жаңа тақырыпты меңгереді.
























Оқушылар өз беттерінше отырып берілген тапсырмаларды орындайды. Нәтижесін тақтаға жазады.







Ынталандыру сөздерін қолдану «жақсы», «жарайсың», «өте жақсы»





















1-10 баллдық жүйеде бағаланады.
















































Сабақтың соңы

Үй жұмысы:

№ есеп

Рефлексия: Оқушылар сабақ соңында келесі сөйлемдерді толықтырады

Бүгін сабақта мен.....үйрендім

Бүгін сабақта маған....ұнады

Бүгін сабақта мен.....қайталадым

Бүгін сабақта мен өзіме....деген баға қойдым


Үй жұмысын алады.

Рефлексияны ауызша орындайды.


Формативті бағаланады.





Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
1 ұстаз жүктеп алған
31 қаңтар
196
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі