Тақырып бойынша 11 материал табылды

Жаңа технология әдістерін қолданып ата-ана жиналысын өткізу

Материал туралы қысқаша түсінік
Ата-ана жиналысының өту тәсілдерін ұсынып отырмын. Жаңа технология әдістерін қолданып ата-ана жиналысын өткізу өте тиімді.Ұстаз,оқушы,ата-ана байланысы нығаяды. Жас мамандарға үлгі болар деген мақсатта ұсынып отырмын..
Материалдың қысқаша нұсқасы



БҚО,Орал қаласы №50ЖОББМ-нің бастауыш сынып мұғалімі Ниязгалиева Орынганым Аккереевна

Жаңа технология әдістерін қолданып ата-ана жиналысын өткізу

Күн тартібінде:

1. Психологиялық «Байланыс» тренингі.

2. ІІ-тоқсан қорытындысы./сынып жетекші:О.А.Ниязгалиева/

3.Топтық жұмыс. «Білім сапасының көтерілуіне мұғалім,ата-ана,оқушының ықпалы»

4. Бейнетаспа: "Шегенің ізі"

Жиналыстың тақырыбы: Білім сапасының көтерілуіне мұғалім,ата-ана,оқушының ықпалы.

Мақсаты: Ата - ана, оқушы, мұғалім үштігінің ынтымақтастықта жұмыс жасауын дамыту,бала тәрбиесінің бағбаны-ата-ана мен мұғалім екенін ұғындыру. Оқушы мен ата - ана, мұғалім арасындағы кикілжіңді болдырмайтын қарым - қатынас орнату бір бірінің жан дүниесіне үңіліп, түсіне білуге, сыйластық, мейірімділік, әділдік пен адалдыққа шақыру.
Көрнекігі: Интерактивті тақта, постер,ресурстар мен стикерлер.

Жүрісі:

-Салеметсіздер ме,құрметті қонақтар?! Сіздерге ата - ана, оқушы, мұғалім үштігінің ынтымақтастықта жұмыс жасауын дамыту үшін қолдануға болатын тренинг көрсетемін. Барлығымыз ортаға шығып айнала шеңбер құрып тұрайық.
Қазір мен сіздермен танысу және алдағы жұмыстарымызды жасауға психологиялық дайындық мақсатында

1.«Байланыс» тренингін өткіземін.
Әр қатысушы өзін таныстырып, жіпті қолдарына бір орап келесі адамға береді, ол адам тура осылай қайталайды. Барлығы орап болған соң Қараңыздаршы мына жібіміз неге ұқсап тұр. Бұл адамдардың бір – бірімен қарым - қатынасы. Біздің мысалымызда бұл ата - ана, оқушы, мұғалім, үштігінің байланысы. Ал енді осы
байланыс бір жерден босап шығып кететін болса, не болар еді? Қалай ойлайсыздар?

Жақсы барлықтарыңызға рахмет, орындарыңызға бара берулеріңізге болады.
Бұл жұмыс адамдардың арасындағы байланыстың жіптей жұқа, жіңішке екенін көрсетеді.

Үштік одақ жұмысымен өзектілігімен таныстырайын.
Үштік одаққа тапсырмалар беріліп, плакат таратылады:
Бұл тапсырманың мақсаты -Мұғалім ата - ана оқушы үштіктігін әр қырынан талдап, бір – бірінен не талап етілетінін анықтап алу үшін қолданылады.

2. ІІ-тоқсан қорытындысы./сынып жетекші:О.А.Ниязгалиева/

3.Топпен жұмыс. /әр топ постер қорғау/

І-топ: Мұғалім

ІІ-топ: Ата-ана

ІІІ-топ: Оқушы

4.Бейнетаспа: "Шегенің ізі"
Мінезі жаман бір жас жігіт болса керек. Ешкім оны түзей алмапты, қателігін айтқан сайын ызалана түсіпті. Бір күні әкесі оған іші шегеге толы бір жәшік беріп: (қалай ойлайсыздар ары қарай не болады?)
«Маңайындағылармен әр жанжалдасып қалған сайын тақтайға бір – бір шегеден қағып отыр», - деп табыстапты. Алғашқы күні – ақ баласы тақтайға көп шеге қағып, табыстапты. Келесі күндері де аз болмапты. Осы қарқынымен, әлгі тақтайды толтыруға аса көп уақыт жұмсамапты. (енді не болды, кім қалай ойлайды?)Тақтайдың толғанын көргенде әкесі оған:

«Енді сол кісілермен жеке – жеке татулас. Әр татуласқан сайын бір шегеден суырып отыр», - дейді. ( сіздердің ойыңызша бала не істер еді?) Біраз күндер өтіпті. Бір күні қараса, қағылған бар шеге суырылып біткен екен. Сонда оны сырттай бақылап жүрген әкесі баласын тақтайдың алдына ертіп әкеліп: (Әкесі не айтады?)«Балам, жарайсың, жарадың, - депті, - алайда мына тақтайға жақсылап тұрып қарашы? Шегелерді суырғанда қалып қойған орындарын, қарайған көп тесікті көріп тұрсың. Тақта әуелгісіндей таза қалпында, әдемі болып қалмады. Адамдармен қарым - қатынасыңды бұзған сайын арада жаман сөздер айтылады. Әр реніш сөз көңілде мына шегенің орны тәрізді бір – бір дақ қалдырып отырады, сондықтан ешкімнің көңіліне кірбің ұялатпағайсың, балам», - деген екен ұлын сабырға шақырып, өмірлік ұмытылмас сабақ ұқтырып.
Қандай әсер алдыңыздар?
Бұл тапсырманың мақсаты: Оқушы мен ата - ана, мұғалім арасындағы кикілжіңді болдырмайтын қарым - қатынас орнату бір бірінің жан дүниесіне үңіліп, түсіне білуге, сыйластық, мейірімділік, әділдік пен адалдыққа шақыру.

Қорытынды сөз: Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаев «Сіздер мен біздер тек болашақ буынды ғана емес жалпы адамзаттық қадір-қасиеттердің мән- маңызын түсінетін жаны да, тәні де таза білімді патриот азаматтар буынын тәрбиелеуге міндеттіміз» дейді. Ендеше бала тәрбиесіне тобасы ,мектеп,оның араласатын ортасы әсерін тигізбек. Жалпы бала тәрбиесі назардан тыс түспейтін ең маңызды да өзекті мәселе. Сондықтан да, мұғалім – оқушы - ата-ана тығыз байланыста жұмыс жасау керек.



Психологиялық «Байланыс» тренингі

Ата-аналардың топтық жұмысы



Постер қорғау

Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
doc
07.02.2019
1955
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курс саны 12