400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Жаңа технологиялар. Қос нүкте. Сабақ жоспары. ҚМЖ

Материал туралы қысқаша түсінік
"Мектеп" баспасы
Материалдың қысқаша нұсқасы

Қысқа мерзімді жоспар

Пән: Қазақ тілі Т1

Күні:

Сынып: 6

Педагогтің аты-жөні:

Қатысқандар саны: Қатыспағандар саны:

Сабақ тақырыбы

Жаңа технологиялар. Қос нүкте.

Оқу бағдарламасына сәйкес оқу мақсаттары

6.3.3.1- ұсынылған тақырып бойынша деректер жинақтай отырып, графиктік мәтін (диаграмма, кесте, сызба) түрінде құрастыру;

6.4.5.1- қазақ тіліндегі тыныс белгілерінің түрлері мен қызметін (даралаушы) түсіну, дұрыс қолдану.

Сабақ мақсаттары

- ұсынылған тақырып бойынша деректер жинақтай отырып, графиктік мәтін (диаграмма, кесте, сызба) түрінде құрастырады;

- қазақ тіліндегі тыныс белгілерінің түрлері мен қызметін (даралаушы) түсіну, дұрыс қолданады.

Сабақтың барысы:

Сабақ кезеңі

Педагогтің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

Бағалау

Ресурстар


Психологиялық ахуал

Оқушыларды түгелдейді,













Үй тапсырмасы сұралады.

Мен –ғажаппын!”

Әр адам өзіне қаншалықты баға берсе, соған соншалықты лайықты болады. Тұлға ретінде қалыптасуың үшін өзіңді, өмірлік іс-әрекетіңді лайықты бағалай білуің керек. Өзіңе арнап неғұрлым жақсы, жағымды, жылы сөздерді көбірек айту керек. Өзіңді-өзің дұрыс бағалағаның жөн.

Әр адамның өзіне арнаған жақсы, жағымды қолдау, мадақтау, мақтау сөздері болуы тиіс.

 Мысалы: 

- Мен осы өмірге келуіммен кереметпін.

- Мен сияқты бұл өмірде ешкім де болған емес, болмайды да.

- Мен ғажаппын, мен кереметпін, т.б.


Мұғалімнің кері байланысы

Оқу құралдары

Жаңа сабаққа кіріспе

Ойқозғау

1-тапсырма









.



3 топ суретке қарап қандай ой түйгендерін айтады.

Ынталандыру стикерлері беріледі

Суреттер

Сабақтың ортасы












7-тапсырма Ж

Жұптық жұмыс







7а-тапсырма

Топтық жұмыс




Мәтінді оқып, үтірлердің қойылуына назар аударыңдар, себебін түсіндіріңдер.


Тыныс белгісі

Мысал

Қойылу себебі








«Ойқозғау» суреттерін және мәтіндегі деректерді пайдаланып, «Ғаламтордың пайдасы мен зияны» тақырыбы бойынша деректер жинақтай отырып, графиктік мәтін немесе диаграмма құрастырыңдар.


Дескриптор:

ұсынылған тақырып бойынша деректер жинақтай отырып, графиктік мәтін (диаграмма, кесте, сызба) түрінде құрастырады

Интерактивті тақта


Кесте, диаграмма




Сергіту сәті «Арқаға жазылған комплименттер»


Әр оқушының арқасына түйрегішпен (немесе скотчпен) А-4 форматындағы қағаз бекітіледі. Оқушылар сынып ішін аралап жүріп, бір-бірінің арқаларындағы қағаздарға жылы, жұмсақ сөздер жазып, бірін-бірі мақтайды. 2-3 минуттан кейін олар қағаздарын алып, шағын топ ішінде бір-біріне жазылған комплименттерді оқып береді.





8-тапсырма.

Жеке жұмыс

Қанатты сөздерді оқып, тыныс белгілерінің қойылу себебін түсіндіріңдер.

  1. Адамның басшысы – ақыл, шолушысы - ой, жетекшісі - талап, қорғаушысы - сабыр, сынаушысы - халық, таусылмайтыны - арман, ең қымбаттысы - ар сақтау, бәрінен ардақтысы - өмір сүру, соның ішінде ең тәттісі - сыйластық.

  2. Адам ата-анадан туғанда есті болмайды: естіп, көріп, ұстап, татып ескерсе, дүниедегі жақсы, жаманды таниды дағы, сондайдан білгені, көргені көп болған адам білімді болады. 

  3. Адам әрекетін ақыл, сана, сезім, жүрек билейді, сондықтан адам бойынан алдымен мейірім, рақым, әділет, шапағат, ар-ұят табылуы керек.​

Дескриптор:

-қанатты сөздердегі тыныс белгілерінің қойылуын түсіндіреді.



Сабақты бекіту

Жеке жұмыс

https://wordwall.net/resource/56472736


Берілген сілтеме арқылы кіріп, тест сұрақтарына жауап беру.




Үй жұмысы:

10-тапсырма. Орбита жолының 5-тапсырмасын орындаңдар.

Ғылым мен техниканың кез келген саласы бойынша жаңалық ашқан ғалым туралы ақпарат жинаңдар.




Кері байланыс

3 минут

Рефлексия

Әлеуметтік желілер

Балалар инстаграм, тик-ток, ватсап желісі түріндегі қалташаларға кері байланыстарын жазып салады.
















Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
5 ұстаз жүктеп алған
12.05.2024
296
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі