400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

"Жаңа технологияларды қолдану арқылы оқушылардың сөздік қорын байыту" педагогикалық тәжірбиені жинақтау

Материал туралы қысқаша түсінік
инновациондық технологияларды қолдану арқылы оқушылардың сөздік қорын байытуға арналған әдіс-тәсілдер қарастырылған. Қазақ тілі мен әдебиеті пәні – бұл әрі күрделі, әрі қызықты пән болып табылады. Оның табысты және нәтижелі болуы мұғалімнің педагогикалық шеберлігі мен әдістемелік дайындығына байланысты.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Эссе

Жаңа технологияларды қолдану арқылы

оқушылардың сөздік қорын байыту


Қазіргі таңда білімге ерекше көңіл бөлінгендігі белгілі. Ол бүгінгі өмірдің талаптарына сай маңыздылығымен ерекшеленеді. Қазақ халқының көрнекті ақыны

Сұлтанмахмұт Торайғыров айтқандай

«Сүйемін туған тілді анам тілін,
Бесікте жатқанымда-ақ берген білім.
Шыр етіп жерге түскен кезімнен,
Құлағыма сіңірген таныс үнін»

«Халықтың кемеліне келіп өркендеуі үшін, ең алдымен азаттық пен білім керек» деп көрегендікпен Шоқан Уәлиханов айтқандай, халқымызды кемеліне келтіру үшін жастарымызды білімді, мәдениетті, Отанын, тілін шексіз сүйетіндей етіп дайындауға - әрбір ұстаз міндетті. Елбасы жүргізіп отырған парасатты саясаттың арқасында мемлекеттік тіл – қазақ тілі де елімен бірге өзінің қайта өрлеуінің әрбір күні ғасыр жүгін арқалаған ауыр болса да – абыройлы, күрделі кезеңін жүріп өтті. Ендігі мақсат тәуелсіз Қазақстанның өсіп келе жатқан жас ұрпағын өз Отанының мемлекеттігінің кепілі – мемлекеттік тілді құрметтеуге баулу, оны оқып үйренуге деген қызығушылықтарын арттыру болмақ.

Әдістемелік тақырыбым – «Жаңа технологияларды қолдану арқылы оқушылардың сөздік қорын байыту»

Тілдің негізгі өлшемі - сөздік қор. Ал сөздік қор дегеніміз - тілдің құрамының ең тұрақты, талай ғасырлар бойы өмір сүріп келе жатқан, жалпы күнделікті өмірде кеңінен қолданылатын халыққа ортақ сөздер жиынтығы.

Тілдің негізгі сөздік қоры - тілдің сөздік құрамының ең тұрақты бөлігі. Сөздік қор тілдегі сөздерді ғасырлар бойы сақтап отырып, тілдегі жаңа, туынды сөздер мен жаңа мағынаның жасалуына ұйытқы болады.

Оқушының сөздік қорын байыту мәселесі сөздік жұмысын жүргізу арқылы жүзеге асады. Өйткені осы сөздік жұмысы арқылы оқушының тілі дамып, тілдесімге түсу белсенділігі артады. Сөздік жұмысын жүргізгенде жаңа сөзді меңгерту үшін мына мәселелерге назар аударамын:

- жаңа сөздерді жаттату;

- үйренген сөздің аудармасын білу;

- үйренген сөзді сөйлеу тілінде белсенді қолдану;

- үйренген сөзді жазу тілінде белсенді қолдану;

- үйренген сөзбен сөйлем құрату;

- үйренген сөзді формалық жағынан түрлендіріп қолдана алу;

- жаңа сөздерді қатыстырып сөздік диктант жаздыру;

- жаңа сөдерді тірек ретінде беріп мәтін құрату.

Инновациялық технологиялардың көптеген түрлерін жұмыс барысында қолданамын. Атап айтсақ, модульдік технология, сын тұрғысынан ойлау, тірек-сызба технологиясы, дамыта оқыту, проблемалық оқыту, деңгейлеп-саралап оқыту технологиясы және т.б. Қазақ тілін оқыту – қиын жұмыс деп ойлаймын. Қазақ тілі пәні сабағын оқытуда жаңаша технологиялардың элементерін қолдана отырып, деңгейлеп оқыту технологиясына ерекше көңіл бөлемін.

Өйткені бұл технология баланың жеке мүмкіндігіне, жеке тұлғаның жан-жақты дамуына бағытталған. Ол халықаралық білім стандартының шарттарымен үндес келеді. Американдық гуманитарлық психология қауымдастығының өкілі К.Роджерс жасаған әдістеменің төмендегідей бағыттары жаңа педагогикалық технологияда көрініс тапқан.

Яғни олар:
1. Оқушының дайындық деңгейін бақылай алу;
2. Оқу материалын сұрыптап ұсына алу;
3. Оқу әрекетін ұйымдастыра алу;
4. Диалог жүргізе алу;
5. Сабақ барысында жағымды эмоция сезімдерімен қанықтыра алу;
6. Мақсаттың нәтижеге ұласуын жоспарлау, жүзеге асыра алу.

Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінен оқытуға жаңа технологиялық әдістерді қолдана отырып, сапалы білім беруге тырысамын. Олардың ойлау, есте сақтау, көру қабілеттерін жетілдіре отырып, оны танымдық күшін қалыптастыруға жағдай жасау, оқытушының жеке басының интелектісін, оқу әрекетін, өтетін тақырып мазмұнын аша білу. Білім негізінен пән арқылы берілгендіктен, әр пәнді заман талабына сай өз деңгейінде игерту, қай кезде болмасын, ең маңызды мәселе болып келгені даусыз. Әрине терең білім де, материалдың игеруге қолайлығы да, оқулық деңгейімен шектелу де мүлде нәтижесіз болды деп айта алмаймын.

А. Андреева пікірі бойынша деңгейлеп оқытудағы диалогтық қарым-қатынас 2 сипатқа ие.

1. Коммуникативтік (оқушылардың бір-бірімен ақпарат алмасуы)

2. Интерактивтік (оқушылар білімдерімен ғана емес, сонымен бірге оқу әрекеттерімен де өзара алмасуы)

Оқушының жан-жақты дамып, жетілуіне, шығармашылықта жұмыс істеуге бейімделуіне, топта, жұпта жұмыс істей алу қажеттілігіне жетелейтін бірден-бір әдістер қолданамын.

Мәселен: 9 – сынып оқулығында «Абай әндеріне шолу» тақырыбын өту кезінде топпен жұмыс, баяндау, тыңдау, сұрақ – жауап әдістерді қолдандық.
Деңгейі жоғары оқушыға берілген көркем шығармадан (Абай өлеңдерінен) бастауыштарды тауып, олардың қай сөз табынан жасалып тұрғанын анықтауға ұсынылады.

Сабақта оқушылардың тілін,  диалог, монолог дамытуға болады. Диалогтық, монологтық сөйлеу барысында туындайтын қиыншылықтар да бар:

  • Диалогтық сөйлеуде қабылдаушы  баяндаушының айтқан ойын, көзқарасын  бірден түсінуі қажет. 

  • Қабылдаушы бірден аяқ  асты жауап беруі тиіс.

  • Сөйлеу барысында қабылдаушы  тыңдалым мен айтылым әрекетін  бір-бірімен сабақтастыра меңгеру  керек. 

Монологтық сөйлесу барысында  қабылдаушы баяндаушының айтқан  ойын, көзқарасын саналы түрде  ұғынып, оны логикалық жүйеікпен  айтуы керек.

Монолог арқылы оқушылардың  мынадай іскерліктері қалыптасады:

  • белгілі бір тақырыпқа  өз көзқарасын білдіреді 

  • белгілі бір тақырып  бойынша ақпарат береді

  • сөз тіркесі мен сөйлем  құрай білу дағдылары қалыптасады 

  • сөйлеу тілін байтады 

  • сөздік қорын байытады 

  • нақты, дәл, анық жауап  беруге үйретеді 

  • әдеби тіл нормасында  сөйлеуге дағдыландырады.

Сыни тұрғыдан ойлау еліміздегі білім беру беруді дамыту үшін маңызды болып табылатын қазіргі ең басты педагогикалық түсінік. Өйткені «ойлау үшін ойлау» дегенді сипаттайды. Бақылаудың, тәжірибенің, ойлау мен талқылаудың нәтижесінде алынған ақпаратты ойлауға, бағалауға, талдауға және синтездеуге бағытталғын пәндік шешім.

1. «Ассоциация және болжам». Оқушылар топпен, жұппен немесе жеке тапсырма алады. Мәтіннің тақырыбын естігеннен кейін қандай ассоциация пайда болды? Мәтін не туралы болады деп ойлайсыз?

2. «Сұрақ-жауап». Мәтінді тыңдатып, бір біріне сұрақ қояды. өздерінің жауаптарынан мәтін құрады. Құрастырған мәтіндері мен аудиомәтінді қайта тыңдап,салыстырады.

3. «Мәтінді тыңдап, аяқта». Келесі мәтіннің басын тыңдап, аяғын өзі құрастырып,аяқтайды.

4. «Мен диктормын». Аудиомәтінді бірнеше рет тыңдап, диктор рөліне еніп,сөйлейді.

5. «Мен музыкамен көркемдеушімін». Мәтінді тыңдап, мәтін мазмұнына сай әуен таңдайды. Бұл әуенді неге таңдағанын түсіндіреді.

6. «Мен көркемдік жетекшімін». Мәтіннің мазмұны мен әуеніне сай әр түрлі слайдтар дайындайды және бұл слайдтарды неге таңдағанын түсіндіреді.

Мәселен: 11- сыныптың зерттеу сабағында оқушылар топқа бөлу үшін «Ыстық алақан» стратегиясын қолданамын. Бірінші топ Сұлтанмахмұт Торайғыровтың өлеңдерін аударма түрінді оқып, композициялық желісіндегі ерекшеліктерін анықтап, тақырыбы мен идеясын айқындайды, осы шығармадағы мәтіннен көркемдегіш құралдарды табады. Екінші топ Сұлтанмахмұт Торайғыровтың берілген шығармасын оқып, оқиға желісіне, жазылу тәсіліне талдау жасап алдынғы өлеңмен салыстырып, ұқсастығы мен айырмашылығын ажыратады.

Қазіргі кезде ғылым мен техниканың даму деңгейі әрбір оқушыға сапалы және терең білім беруіне жағдай жасап отыр. Мұғалім әңгімелейді, түсіндіреді, ал оқушы тыңдайды, қабылдайды, ойлайды, т.б. таным әрекеттерін жасайды.
“Жүз рет естігеннен, бір рет көрген артық” деген сөздерді ескере отырып, сабақтарымызда мүмкіншілігіне қарай мультимедиялық проекторды пайдаланып отырсақ оқушылардың сөздік қоры молайады. (Қосымша А)

Яғни, әр қазақ тілі мен әдебиеті пән сабақтарын слайдтар қолдану арқылы өткізсек, әр сабағымыздың өзінде оқушыларды тілге деген қызығушылығымызбен баурап алатынымыз сөзсіз.

Инновациялық технологияда бұрынғы білім мен жаңа ұғым ұштастырылады. Ал, соңғы кезеңде оқушы өз шығармашылығынан қабілетін таныта алады. Мұнда оқушыға ойланып-толғануға уақыт берілуі керек, ойын айтуға оқушы шығармашылығын қалыптастыратынын атап өту керек.

Сабақтың қай құрылымында болмасын оқушы осындай стратегияларды қолданғаны дұрыс “Мен не ұқтым?” және “Мен нені білгім келеді?” деген сұрақтарды есінен шығармауы керек. “Мағынананы тану” кезеңінде оқушыларды топқа бөлу арқылы сұрақтар дайындап, оны мазмұны, стратегиясы арқылы жүзеге асыруға болады. Сұрақтар үш деңгейде әзірленеді. Дайындалған сұрақтарға оқушылар өз ойларымен жауап бере отырып, бұл сұрақтар оқушылардың деңгейіне сай топтастырылады немесе сұрақтардың өзін сұрыптауда “Жуан және жіңішке сұрақтар” стратегиясын мұғалім жүзеге асырады. Осы кезең бойынша жұмыстану арқылы қорытынды шығаруға болады. Бұл технологияның келесі бір кезеңі – ой-толғаныс. Мұнда “Венн” диаграммасын қолдану арқылы тақырыптардың ұқсастығы мен айырмашылығын көрсетуге болады. Осы кезеңде оқушылардың тілдік дағдыларын қалыптастыру мақсатында сабақ тақырыбына байланысты яғни, пікір-сайыс өткізуге немес “5 жолдық өлең” жаздыруға болады. Мұндағы мақсат – оқушылардың өзіндік көзқарасын қалыптастыру. Сол 5 жолдық өлеңді жазғанда сабаққа қабілеті төмен деген оқушылардың өзі 3,4 сөз тіркестерін құрастырып өз ойын жазса, соның өзі оқушыны сабаққа тарта білгеніміз деп білемін.
Инновациялық білім беру – іскерліктің жаңа түрі. Инновациялық қызмет оқу ісін дамытуға, пәндердің мәнін тереңдетуге, мұғалімнің кәсіптік шеберлігін арттыруға басқа жаңа технологияларды енгізуге, пайдалануға және шығармашылық жұмыстар жүргізуге бағытталған. Мұндай технологияларды қолдану - оқытушы ұтады, яғни ол сабақты тиімді ұйымдастыруға көмектеседі, оқушының пәнге деген қызығушылығы артады және сөздік қорын байытады.

Өз эссемді сараптай отырып жұмысымнің тиімділігі зор екендігіне көзім жетті. Мұғалімнің көшбасшылығы бұрыннан белгілі, «дәстүрлі» оқытуда мұғалім сабақ үдерісінде де көшбасшы болып қала беретін. Бұл бағдарламадағы мұғалімнің көшбасшылық қызметі де өзгерді. Мұғалімнің көшбасшылығы сабақты жоспарлау, құрудан бастап, сабақ соңына дейін сақталғанымен, сабақ барысындағы мұғалімнің көшбасшылығы «менеджерлік» қызметке ауысады. Мұғалімнің оқытудағы менеджерлік қызметі ұйымдастыру, жоспарды орындау, қадағалау, тексеру әрекеттерінен көрінеді.

Әр сабақтан соң, оқушылардың кері байланысымен бірге өзіме - өзім кері байланыс жасап, іс-әрекетімді сараладым. Іс-әрекеттен кейінгі толғаныс өз ісіңе жауапкершілікті арттырып, өзіңді реттеуіңе, бақылауыңа жол ашатынына көзім жетті. Өз қателіктерінен сабақ алып, өз әрекеттерінен үйренуге берілген бұл толғаныс жүйелі жүргізілетін болса шын мәнінде «мұғалім – дамыту жұмысының көшбасшысына» айналады деген сенімдемін.

Біз, ұстаздар, алдымызға жаңа формация мұғалімі болуды мақсат етіп қойдық, оқушылар да өздеріне осындай «жаңа формация оқушысы» деген мақсат қойса өркеніміз өсіп, биікке жететініміз анық. Табысты ұстаз және болашағы зор оқушы – осы бағдарламаның мәні деп ойлаймын. Сондықтан табысты оқу, кемел білімге қол жеткізу мақсатында сапалы даму жұмыстарын, тәжірибені жақсарту жұмыстарын жүйелі жүргізіп, өзімді үнемі дамыта отырып, кәсіби шеберлікке ұмтылу арқылы бағдарламаның ғұмыры ұзақ болуына өз үлесімді қосамын.

Өз сабақтарымда инновациндық технологияларды қолдану арқылы оқушылардың сөздік қорын байытамын.



Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
17 қаңтар
389
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі