жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
Жаңа технологияларды қолдану арқылы оқушылардың шығармашылық қабілеттерін әлеуметтендіру"
«Қосымша білім беру жүйесінде жаңа технологияларды қолдану арқылы оқушылардың шығармашылық қабілеттерін әлеуметтендіру процесін қамтамасыз ету жолдары»
Диярова Жұлдыз Мұқанбетқалиқызы
директордың оқу-тәрбие ісі жөніндегі орынбасары
МКҚК «Ақ желкен» аула клубы
Ақтөбе қаласы
Қазіргі таңда білім беру жүйесінде қосымша білім беру мектептен тыс ұйымдардың бірегей жүйесін сақтау және дамыту, жеке тұлғаны тәрбиелеу, оқыту және шығармашылық дамытуда олардлың рөлін арттыру мақсатында ұйымдастырылады. Балаларға қосымша білім беру мазмұны, оны ұйымдастыру түрі, әдістері мен технологиялары сапасын көтеру, педагогикалық шығармашылық жұмысты бағдарлы түрде ұйымдастыру көзделген. Қазақстандағы қосымша білім беру жүйесі білім беру кеңістігінің ең динамикалық және дамушы құрамды бөлігі болып табылады, ол стандартты жүйеге қарағанда ерекше ашық және еркін дамуды қалыптастырады (үнемі балалармен жұмыс істеу мазмұны, әдісі мен формалары өзгерісте болады), педагогтық авторлық шығармашылығы позициясын дамытуда жаңа технологияларды қолдану.
Балаларға қосымша білім беру-білім алушылардың білім алу қажеттіліктерін жан-жақты қанағаттандыру мақсатында жүзеге асырылатын тәрбиелеу мен оқыту процесі, үздіксіз білім жүйесінің ажырамас бөлігі. Балалардың қосымша білім беру жүйесі-салауатты өмір салтын қалыптастыру, жеке тұлғаны өздігінен дамыту, шығармашыл дарынды балаларды іздеу, қолдау көрсету және дамыту, өскелең ұрпақ тәрбиесіне және олардың дарындылығын дамытуға,балалардың құқықтарын қорғауға назар аударуды күшейтуге бағыттауға негізделген.
Қосымша білім беру ұйымдары кез-келген әлеуметтік топта балалардың қарым-қатынасты реттей алатын және қосымша білім беру ұйымдарындағы қызметте өзін өзіндік тұлға ретінде көрсетуге қалыптастыратын қабілеттерін дамытатын ашық ақпараттық, білім беру, қызметтік және коммуникативтік әлеуметтік кеңістігін құруда оқушының жеке танымдық мүмкіндіктері мен қабілеттерін ескере отырып, жеке тұлға ретінде дамуына, әлеуметтік бағдар алуына тиімді жағдай жасаушы жүйені дамыту.
Баланың тұлғалық дамуы тәрбиеге тікелей байланысты. Қосымша білім беру ұйымдарындағы тәрбиеленушілердің тұлғалық-білімдік және бос уақытты тиімді ұйымдастыру және қызығушылықтарын тануға, білім бағдарламаларының шеңберінде өздерін дамытуға және бағдарлы кәсіби тұрғыда білім алуларына мүмкіндік туғызады. Оқушыны шығармашылық жұмысқа тарту арқылы танымдық қабілеттерін, қызығушылығын арттыру, жетістіктерін бағалап көсету, белсенділігін қалыптастыру,өздігінен еңбек етуге дайындау, іскерлігін дамыту.Оқушыларды шығармашылыққа тарта отырып, он саусағынан өнері тамған дарынды баланы тәрбиелеу. Шәкірттердің шеберлігін, білім мен еңбегін көрсету. Іскерлік, икемділік қабілеттерін арттыру. Тәрбиелік дағдысын жеткізіп, еңбектену жұмысына төзімділігін жеткізу. Жастарымыздың өнерлі болуы қоғамдық өмірімізге үлкен әсерін тигізеді. Бейнелеу үйірмесі өнер мен білім беру ісін бір-бірімен ұштастырып, бала санасына ұялатуда үлкен жүрек , мол мейірімділікпен қоса кәсіби дарын, іздемпаздық, іскерлік екендігі адамның адамгерщілік дүние танымын қалыптастырып үйретті. Жоспарланған жұмыстың түрлері: әңгімелесу, талдау, теориялық, машықтық, жеке, топтық, техногиялық нұсқау карталар, үлгі суреттер арқылы орындалуы жүзеге асырылады. Күтілетін нәтижелер: оқушылар өздерінің бағдарламаға сай жасаған туындыларының нәтижесін мактепішілік, аудандық, облыстық байқауларда, көрмелерде көруі. Бағдарламаны жүзеге асырудың қорытынды түрі мектепішілік аудандық облыстық байқауларда, көрмелерде жұмыстарын шығару арқылы. Әрбір жетекші оқушыны үйірмеге қызықтыру үшін үнемі ізденіс үстінде болу керек, жұмыс жасауға қажетті материалдарды көркем әдебиеттерден, баспа сөз беттерден, ақпарат құралдарынан іздестіре отырып, тақырыпқа байланысты элементтерін, дайын бұйым түрлерін, слайд – фильмдерді, әсіресе компьютер арқылы фото туындылары т.б.с.с. көрнекі көрнекі материалдарды барынша пайдаланып, көп еңбектенуге тура келеді. Қазір оқушыларымыз өнердің барлық түрлерін, бейнелеуге икемділіктерін үйірме жұмыстарымен айналыса отырып толық меңгеруге тәрбие берудің деңгейін көтеріп, мақсатқа жету үшін түрлі әдіс-тәсілдер қажеттілігінің туындауын шығармашылық іс-әрекеттерімен көрсетуде, сол арқылы өз қызығушылықтарын арттырып келеді.
Бос уақытын тиімді ұйыдастыру.
Әр адам бс уақытын өзінше бір нәрсеге арнайды. Бірақ, бос уақытты ұтымды етіп өткізу әлдеқайда тиімді. Дұрыс тиімді ұйымдастырылған бос уақыт-олардың рухани өмірін, көзқарасын толықтырылуын қамтамасыз етеді. Баланың бос уақытын оның өз қалауымен өткізуге атсалысу, оған аса мән беру-қазіргі таңның басты мақсаты саналуы тиіс. Бүгінгі таңда жаңа білімді адамды қалыптастыру барысында қосымша білімдердегі үйірме жұмыстары күннен-күнге ұлғая түсуде. Мектептен тыс орталықтарда жүргізілетін тәрбие жұмыстары, сабақ үстінде жүзеге асыратын тәрбие жұмысын толықтара және тереңдете отырып, ең алдымен балалардың таланттары мен қабілеттерін неғұрлым толық ашудың, олардың бір нәрсеге қызығушылығы мен ынтасын оятудың құралы ретінде қызмет атқарады, ол оқушылардың бос уақытын ұйымдастырудың және олардың адамгершілік мінез құлыққа жаттығуын ұйымдастырудың формасы болып табылады.
Біріншіден, оқудан тыс әр тарапты әрекет баланың сабақта мүмкін болмайтын жан-жақты дара қабілетін ашуға ықпал етеді.
Екіншіден, сыныптан тыс әр түрлі үйірме жұмысының түрімен айналысу баланың жеке әлеуметтік тәжірибесін жандандырып, жетілдіреді, оның адамзат құндылықтарына негізделген білімдерін байытып, қажетті практикалық іскерлігі мен дағдысын қалыптастырады.
Үшіншіден, сыныптан тыс түрлі тәрбие жұмысы оқушыларда әрекеттің әртүріне қатысты қызығушылығының дамуына, оған белсенді қатысуға деген құлшынысын тәрбиелеуге нәтижелі ықпал етеді. Егерде балада еңбекке деген тұрақты қызығушылық және белгілі бір практикалық дағды қалыптасқан болса,онда ол өз бетінше тапсырманы нәтижелі орындауды қамтамасыз ете алады.
Бейнелеу арқылы оқушыларға көркемдік білім беру мен эстетикалық тәрбие, әсемдік сезім мен дамыту, жоғарғы эстетикалық талғам, өнер шығармаларын, тарих пен қолөнерді, туған табиғаттың сұлулығы мен байлығын түсініп, бағалай білу қасиетін қалыптастыру. Оқушының ізденімпаздық ойлау қабілетін дамытатын жолдарғасыныптық кезеңдер, сурет салу мен сызба жұмыстарын орындаудың бірізділік кезеңдері,оқыту саласының қажеттілігі педагогикалық сурет, тақырып бойынша сурет салу болып табылады. Сонымен бірге оқушылардың шығармаларымен таныстыру формалары, үйірмелер ішілік байқаулар, көрмелер ұйымдастыру және мектептен тыс мұражайларға , өнер мекемелеріне саяхат түрлері оқушылардың бейнелеу өнеріне деген қызығушылықтарын қалыптастыруда және бейнелеу өнерін өз деңгейінде қабылдауда маңызы зор. Осындай іс-шаралар барысында оқушының өнерге деген ынтасы мен талабы және оқушы мен оқытушының қарым-қатынасы арта түседі. Ал сабақ үстіндегі оқытушымен оқушы арасындағы қарым-қатынас оқушының іс-әрекетіндегі эмоциялық көңіл-күй арқылы пайда болады. Сондықтан оқытушы оқушылардың бос уақытын тиімді ұйымдастыра білу қажет.
Бағдарлы кәсіби тұрғыда үйірмеде жаңа технологиямен білім беру.
Қазіргі кезеңде Республикамызда қосымша білім берудің жаңа жүйесі жасалып, Қазакстандық білім беру жүйесі әлемдік білім беру кеңістігіне енуге бағыт алуда. Білім беру саласы қызметкерлерінің алдында қойылып отырған басты міндеттердің бірі-оқытудың әдіс-тәсілдерін үнемі жетілдіріп отыру және қазіргі заманғы педагогикалық технологияларды меңгеру. Қазіргі білім беру саласындағы оқытудың озық технлогияларын меңгермейінше сауатты, жан-жақты маман болу мүмкін емес. Жаңа технологияны меңгеру мұғалімнің интеллектуалдық,кәсіптік,адамгершілік,рухани, азаматтық және басқа да көптеген адами келбетінің қалыптасуына игі әсерін тигізеді, өзін-өзі дамытып, оқу-тәрбие үрдісін тиімді ұйымдастыруына көмектеседі. Бейнелеу өнері –қоғамдық сананың айшықты жемісі. Бейнелеу өнерінің сыршырай, мүсін, графика, сәндік қолданбалы өнер және дизайн өнері сияқты түрлерінің көркемдік тілін игерудің әрі шығармашылыққа баулудың негізі-сурет, сурет салудың жолдары мен тәсілдерін оқып үйренуден басталады. Атақты Микеланжело «Сурет-түрлі ғылымдардың қайнар көзі және нәр беретін тамыры» деген еді. Сурет-туа біткен, жүре дамыта білген адамдардың бойынан шыққан бейне. Сурет-тарих, болашаққа көз жүгірту. Сурет-фантазия құралы. Сурет-көзбен қолдың шеберлігінен шыққан жазықтықтағы бейне. Қазіргі білім беру саласындағы оқытудың озық технологияларын меңгермейінше сауатты, жан-жақты маман болу мүмкін емес. Жаңа технологияны меңгеру мұғалімнің интеллектуалдық,кәсіптік,адамгершілік,рухани, азаматтық және басқа да көптеген адами келбетінің қалыптасуына игі әсерін тигізеді, өзін-өзі дамытып, оқу-тәрбие үрдісін тиімді ұйымдастыруына көмектеседі. Ғылым мен техниканың дамыған заманында озық ойлы, шығармашылығы жоғары оқушы тәрбиелеу әр ұстаздың басты міндеті. Оқушылардың шығармашылық іскеліктерін арттырып, заман талабын ескере отырып, әрбір кезеңде жаңашыл педагогтардың әдіс-тәсілдерін, озық технологиясын басшылыққа алып, оқыту үрдісінде СТО, кіріктірілген сабақ түрлерін көп қолданып, сабақтар өткізу қажет. Сыни тұрғыдан ойлау мен сабақ үдерісінде ақпараттық-коммуникативтік технологияны қолдану оқушылардың тәуелсіз ойлауына, ой қорытуына, қабілетіне,визуалды және ауызша түрдегі ақпарат алуына, өз бетімен ізденуіне ықпалын тигізеді. Сыни тұрғысынан ойлауды қалыптастырып, балалардың өз білімдерімен жаңа білімдерін ұштастыра отырып тақырыпты түсінуге бағыт беріледі. Сыни тұрғыдан ойлаудың стратегиялары өте көп. Ол іс-әрекеттер оқушыларға еркін ойлауға мүмкіндік береді, ақыл-ойын дамытады, ұжымдық іс-әрекетке тәрбиелейді, тіл байлығы жетіледі, жан-жақты ізденеді,өз ойын жеткізеді. Бұл технологияның ішкі құрылымында ерекшелік бар. Үйренгенін қабылдайды, іштей ойлануға үйренеді, ой алмасады. Белсенді түрде өз білімін нақтылау жолын қайта қарап, өзгерістер енгізеді. Сол білім арқылы өзінің өзгергенін сезеді. Кейінгі жылдары компьютерлік технологияны қолданып, оқыту педагогика ғылымның келелі мәселесіне айналды. Қазіргі уақытта кез келген мұғалімнің мақсаты-оқу үрдісінде компьютерлік технологияны енгізу арқылы білім сапасын жақсарту болып табылады. Бұл мақсатты жүзеге асыру үшін компьютерлік компоненттерді бейнелеу өнерін білім жүйесіне қосу қажет, себебі бейнелеу өнерін оқыту барысында компьютерді қолдану біршама маңыздылыққа негіз болады. Бейнелеу өнері сабағында компьютерлік технологияларды қолданатын мұғалім жетекші, кеңес беруші, үйлестіруші, сарапшы, тіпті өзекті ақпарат көзі бола алады. Мұғалім компьютерлік технологияларды кез келген сабақта және оның түрлі кезеңдерінде қолдануына болады. Ақпараттық технологияны пайдаланып оқыту төмендегідей мақсаттарды көздейді.
1.Ақпараттық технологияны білім деңгейін тексеру бағытында қолдану.
2.Мұғалімнің оқытушылық мақсатында қолдануы.
3.Компьютерді мультимедиялық мүмкіндіктер арқылы көрнекі құрал ретінде пайдалану.
4.Электрондық оқулықтармен интернетті пайдалану.
Оқу үрдісінде компьютерде пайдалану оқушылардың өзіндік жұмыстарын ақпараттық-әдістемелік тұрғыдан қамтамасыз етуге, елеулі өзгерістер енгізуге мүмкіндік береді. Олардың баяндама, реферат жазғанынан презентация жасағаны тиімді, себебі, презентация жасау барысында олар алған материалдарын жүйелеп, негізгісін, тақырыптың өзекті жерлерін бөліп алады. Бұл дағды оқушының логикалық ойлауын, шығармашылықпен, ақпаратпен жұмыс жасауын қалыптастырады. Оқушылардың шығармашылық жоба жазуына да ақпаратпен жұмыс жасауына көмегін тигізеді.
Оқушылардың шығармашылық қабілеттерін бейнелеу арқылы әлеуметтендіру.Бейнелеу өнері-түрлі ұлттың халықтарына сияқты қазақ халықтарына сияқты қазақ еліне де тегіс тараған өнер. Әр ұлттың өзіне тән ерекшеліктері бар. Бейнелеу өнері сонымен қатар математикалық ойдың, есептің, бұрыштар өлшемдерінің, өң-түс, сабақтастығы жан-жақты шығармашылықпен ойландыратын тәрбие құралы. Өнерге тән ерекшеліктер айналадағы ортамен, өмірмен, еңбекпен тығыз байланыста болумен анықталады. Қосымша үйірмеде бейнелеу өнерін оқытудың басты мақсаты- тек қана өмірдің және өнердің әсемдігін көркемдеп қабылдай алу ғана емес, сонымен қатар белсенді, шығармашылық еңбек ете алатын жан-жақты үйлесімді дамыған адамды қалыптастыру керек. Оқушылардың эстетикалық және адамгершілікті көзқарастарын дамыта отырып, өнер арқылы аймақтардағы еңбек қызметіне қажетті пайдалы білімдерге және дағдыларға оқытады. Бейнелеу өнері сабағында балалар бейнелеу өнерінің негіздерімен танысып оқытылады, түрлі дәуір мен замандардың және әртүрлі халықтардың ең жақсы өнер үлгілерімен танысады, айқындық пен шынайылықтың көркемдік құралдарын тануға мүмкіншілік алады. Оқушылар тікелей заттың өзіне қарап графика және кескіндеме құралдарымен оңай қойылымдарды орындай алуды білу керек: сәндік композицияларды құрастыру, материялда қиын емес бұйымдарды орындау және т.б. Оқушылар ойша немесе елестете отырып өз түсініктері бойынша тақырыптық композицияларды сала білулері қажет. Айқын бейнелеудің заңдылықтарын меңгерудің арқасында шыншылдығын шынайы көрсете және өзінің қоршаған ортаға әсерлі қатынастарын білдіре алады. Көзбен шолып ойлаудың дамуы- бейнелеудің ең басты міндеттерінің бірі. Көзбен көру ақпараттың үлкен ағым арасында оқушы көркем шығармашылық тапсырмаларды шешуде ең бастысын, ерекшесін таңдап алуды үйрену қажет және көретін формаларды пайдалана алуы қажет. Көркем әрекетшіл қабілеттердің дамуы туралы әңгіме жүргенде , ең алдымен шығармашылық елестеу мен ойлаудың дамуы ойда тұрады. Оларсыз шындықтың қайта ойлануы және өзінің пікірін бейнелі формада жеткізе білу мүмкін емес. Көркем қабілеттер санына көз қапері және өмірі мен өнер құбылыстарына деген қызба қатынасы қатысты. Көркем қабілеттердің байқалуы бейнелі ойлану, ондағы бастысын белгілей отырып бейнені тұтастай қабылдау, затты дәлме-дәл жеткізе білу болып табылады. Шығармашылық қабілеттер тәсілдердің тез және оңай меңгеруінде сурет салудың дағдылары байқалады. Оқушылардың көркем шығармашылық қабілеттерін дамытуға бағытталған жұмыс нұсқадағы және оны бейнелеуді оқыту қабілеттерін меңгеруімен тығыз байланысты. Осы байланыстар көп қырлы. Елестету тек қана өмірлік байқаудың негізінде ғана дами алады. Сол уақытты бейнелі ойлаудың дамуы бейнелеу сауаттылығы негіздеріне оқытудың нәтижелігі көмектеседі. Оқушылардың бейнелі ойлай білуі олардың жұмыстарының мәнерлігінде байқалады.

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген