«Жаңа технологияларды
математика пәнінде қолданудың
тиімділігі»
Қазақстандық білім беру
жағдайында Бағдарламаның тұжырымдамалық негіздерінің іс жүзінде
ойдағыдай жүзеге асырылуын және мұғалімнің өз бойында
дағдылардың қалыптасқандығын көрсетуін қамтамасыз ету. Қазақстандық
мұғалімдерді кәсіби қоғамдастығы аясында белсенді жұмыс
істеуге дайындау.Мұғалімнің педагогикалық біліктіліктілігін көтеру
үрдісіне педагогикалық құндылықтарды, жаңа технологияларды
шығармашылық іс-тәжірибелерді, ақпараттық мультимедиялық
техникаларды пайдалану білім берудің тиімді, нәтижелі үрдістеріне
жатады. Мұғалімнің өздігінен білім көтеру және бос уақытын дұрыс
ұйымдастыру дербес жұмыс жоспарына сай іске асыру тікелей
шығармашылыққа байланысты. Қазіргі даму кезеңі білім беру жүйесінің
алдында оқыту үрдісінің технологияландыру мәселесін басты орынға
қойылып отыр. Жаһандану үрдісінде, шығармашылық ізденістегі, әр
баланың ақыл-ой еңбегінің дамуына ықпал жасайтын негізгі тұлғаның
бірі – оқушының ұстазы. Математика пәнінен сабақ беру барысында
жаңа әдіс тәсілдерді сабақ барысында жүйелі қолданып
келемін.
Жаңа технологияны меңгеру мұғалімнің оқу –
тәрбие үрдісін жүйелі ұйымдастыруына көмектеседі. Сонымен қатар
мұғалімнің интеллектуалдық, кәсіптік, адамгершілік, рухани,
азаматтық және басқа көптеген адами қабілеттерінің қалыптасуына игі
әсерін тигізеді.
Мұғалімдердің пайымдауынша инетрактивті
бағдарлама олардың жартылай жұмысын атқарады. Мысалы, белгілі бір
материалды интерактивті тақтада орындау арқылы файлдағы белгілермен
өзгерістерді сақтап қалуға, оны сабақта болмай қалған оқушыларды
қайта түсіндіруге немесе келесі жолы тағы да қолдануға
болады.
Мұғалім оқытудың жаңа ақпараттық
технологияларын меңгеріп, оны пайдалану арқылы өзінің материалдық
базасын толықтырып, әрі уақытты
үнемдейді.
Қазіргі білім беру саласындағы оқытудың озық
технологияларын меңгермейінше жан-жақты сауатты маман болу мүмкін
емес. Өзін-өзі дамытып, оқу-тәрбие үрдісін тиімді ұйымдастыруына
көмектеседі. Оқыту мен тәрбиелеуге тың әдіс-тәсілдер енгізілді.
Нәтижесінде тұтас педагогикалық үрдістер өзгертіліп, білім берудің
тиімді деп танылған жаңа технологиялары дүниеге келеді. Кез-келген
оқыту технологиясы мұғалімнен терең теориялық, психологиялық,
педагогикалық, әдістемелік білімді, үлкен педагогикалық шеберлікті,
шәкірттердің жан дүниесіне терең үңіліп, оны ұғына білуді талап
етеді. Сондықтан оқушының рухани өсуіне жағдай туғыза алатын,
жаңалықтарды қабылдауға даяр, өз әрекетіне өзгеріс енгізе алатын
педагогтар ғана бүгінгі қоғамның мүддесі мен әр баланың үрдісінен
шыға алады. Ойы жүйрік, ақылы жетік, бәсекеге қабілетті,
өзгерістерге бейім, жеке тұлғаны тек қана педагог қалыптастыра
алады.
Түркістан облысы Қазығұрт
ауданы Т.Рысқұлов атындағы мектеп-лицейінің математика пәні
мұғалімі Қолдасов Ербол
Бүркітбайұлы