Материалдар / Жаңа технологиялардың түрлері және оны қолдану астарлары
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Жаңа технологиялардың түрлері және оны қолдану астарлары

Материал туралы қысқаша түсінік
Дүниежүзілік озық тәжірибелерге сүйеніп, жаңа типті оқыту, яғни әр баланың табиғи қабілетін дамыту үшін қолайлы жағдайлар жасай отырып, оны жан-жақты дамыту керек. Қазіргі білім беру мазмұны жаңарып, жаңа көзқарас пайда болып, оқытудың жаңа технологиясы өмірге келді
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
28 Желтоқсан 2021
1393
1 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Дәріс№

Тақырып: Жаңа технологиялардың түрлері және оны қолдану астарлары

«Келер ұрпақ алдында зор жауапкершілік жүгін арқалап келеміз» деген Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың сөзі ұстаз қауымына үлкен тапсырыстарды артып отыр. Еліміздің болашағы көркейіп, өркениетті елдер қатарына қосылуы, бүгінгі ұрпақ бейнесімен көрінеді.

 Дүниежүзілік озық тәжірибелерге сүйеніп, жаңа типті оқыту, яғни әр баланың табиғи қабілетін дамыту үшін қолайлы жағдайлар жасай отырып, оны жан-жақты дамыту керек. Қазіргі білім беру мазмұны жаңарып, жаңа көзқарас пайда болып, оқытудың жаңа технологиясы өмірге келді. Яғни педагогикалық технология ұғымы іс-әрекетімізге кеңінен еніп, қолданылуда.

В.Кларин технология сөзінен қандайда болсын істегі шеберлікті, оқыту-үйретудегі амалдардың жиынтығы, ал педагогикалық технология (тәрбие технологиясы, қарым-қатынас технологиясы, оқыту технологиясы) « педагогикалық мақсатқа қол жеткізу жолындағы барлық қисынды ілім амалдары мен әдіснамалық құралдардың жүйелі жиынтығымен жұмыс істеудің реті» – деп түсінік берді. Педагогикалық жаңа технология – іс- әрекетке, оқыту барысында жүзеге асатын педагогикалық жүйе. Ол даратұлғаны жетілдіруге, белгілі бір мақсатқа жету жолында арнайы ықпалды ұйғаруға қажетті байланысқан әдіс-тәсілдер. Ендеше педагогикалық технология - оқу-тәрбие үрдісінің шығармашылықпен оқытумен тәрбиенің тиімділігін қамтамасыз ететін жанды құрамдас бөлігі, технология - ақырғы мақсатқа жететін әрекеттер жүйесі. Жаңа педагогикалық технология баланың жетілген тұлға ретінде дамуы үшін маңызы зор.

Қазіргі уақытта педагогика ғылымының бір ерекшілігі - баланың тұлғалық дамуына бағытталған жаңа оқыту техно логияларын өмірге енгізуге ұмтылуы. «Педагогикалық технологиялар - бұл білімнің басымды мақсаттарымен біріктірілген пәндер мен әдістемелердің : оқу-тәрбие процессін ұйымдастырудың өзара ортақ тұжырымдамамен байланысқан міндеттерінің, мазмұнының, тұрпаттары мен әдістерінің күрделі және ашық жүйелері, мұнда әрбір құрамның басқаларына әсер етіп, ақыр аяғында оқушының дамуына жағымды жағдайлар жиынтығын құрайды»

Жаңа технология түрлерін информатика пәнінің кіріктірілген сабақтарында пайдалану, оқушының шығармашылык, интеллектік қабілетінің дамуына, өз білімін өмірде пайдалана білу дағдыларының қалыптасуына әкеледі.

Жаңа технологияны қолдану мына кезеңдер арқылы іске ас ады :

  1. кезең: оқып-үйрену;

  2. кезең: меңгеру;

  3. кезең: өмірге ендіру;

  4. кезең: дамыту.

Жаңа педагогикалық технология мақсаты - оқытуды ізгілендіруі, яғни оқу құралдары оқушылардың өздігінен танымдық іс -әрекетін жүргізе алатындай болуы керек. Жаңа педагогикалық технология түрлері өте көп. Оларды информатиканы оқытуда тиімді етіп пайдалану ұстаз білімділігіне байланысты.

Информатиканы оқытуда жаңа технология түр лерінің міндеті және қолдану мақсаттары төмендегідей ұсынылады: Ойын технологиясы. Педагогикалық ойындар технологиясы дегеніміз педагогикалық жұмысты ойын түрінде ұйымдастырудың әдістері мен тәсілдерінің жиыны. Ойын түріндегі жұмыстар сабақ үстіндегі қолайлы деген жағдайларда пайда болып, оқушыларды қызықтырушы құрал ретінде қолданылады. Проблемалы оқыту технологиясы. Проблемалы оқыту - мұғалім басшылығы мен қиын мәселелерді туғызу және оқушылардың белсенді түрде өз беттерімен мәселелерді шешу. Қорытындысында олардың ойлау қабілеттері дамып, шығармашылық іскерліктері мен дағдылары қалыптасуына жағдай жас айды .

Сын тұрғысынан ойлау технологиясы. Информатиканы оқытуда тәжірибені шыңдай түсуде көп жеңілдік ашқан техно логиялардың бірі - осы технология. Мақсат пен міндеттердің о рындалуы мынадай ұзақ жоспарлар арқылы іске асады:

  • ассоциация;

  • бірлестік қызмет;

  • көзқарасын талдау мен дәлелдеу түрінде қорғау. Бұл технология бойынша:

  • оқу үрдісінде қызығушылық артады;

  • оқушының өз бетімен білім алуына мүмкіндік беруі туады;

  • оқушының ақпараттық тіл байлығы жетіледі.

Түсіндіре баяндау арқылы тірек желілерін келешекті оза оқыту. Бұл технологияда С.Н.Лысенкова бойынша материалды меңгеру үш кезеңнен тұрады:- алдынала даярлық;- жаңа ұғымдарды дәлелдеу, оларды жинақтау, қолдану;- оқу іс-әрекеті және ойлау әдістерін дамыту.Оқу материалдарын осылайша деңгейлеу білімді ұзақ уақыт есте с ақтауға мүмкіндік береді.

Деңгейлік саралау технологиясы. Саралап оқыту технологиясы, оқыту процесінің белгілі бөлігін қамтып, ұйымдастырудың шешімдері, оны оқыту құралдарының жиынтығы түрінде көрінеді. Сыныпты, топтарды оқытуға әртүрлі қолайлы жағдай туғызуды қажет етеді; әдістемелік педагогикалық-психологиялық және ұйымдастыру-басқару шаралары біріктіріледі.

Деңгейлеп оқыту технологиясының мақсаты: әрбір оқушы өзінің даму деңгейінде оқу материалын меңгергенін қамтамасыз етеді.

  1. Деңгейлеп оқыту әр оқушыға өз мүмкіндіктерін пайдалана отырып, білім алуына жағдай жасауға мүмкіндік береді;

  2. Деңгейлеп оқыту әр түрлі категориядағы балаларға, олармен саралай жұмыс істеуге мүмкіндік береді.

  3. Деңгейлеп-саралап оқыту құрылымында білімді игерудің бірнеше деңгейі қарастырылады: ең төменгі деңгей (базалық), бағдарламалық, күрделенген деңгей сондықтан әрбір оқушы меңгеруі тиіс.

Жекелеп оқыту т ехнологиясы . Жекелеп оқыту – оқу процесін ұйымдастырудың мына түрлері мен үлгілерін қарастырады.


  • мұғалім бір ғана оқушымен жұмыс істейді;

  • оқушы тек оқу құралдары мен өзара қатынаста (оқулықтар, компьютер, т.б) болады. Жекелік оқудың басты жетістігі баланың қабілетімен оқу қызметінің желісін әдісі мен мазмұнын өз қабілетіне қарай бейімдеуіне мүмкіндік береді.

Оқытудың ұжымдық әдісі (ОҰӘ). ОҰӘ - оқу процесінде адамдарды өзара және жұптық еңбек әрекеттерін орындауы.

ОҰӘ принциптері:- жоғары жетістікке талпыну;

  • алынған мәліметті бір-біріне лезде кідір іс с із жеткізу;

  • оқушылар арасындағы өзара көмек және ынтымақтастық;

  • әр түрлі деңгейлік; тақырып пен тапсырмалардың әр түрлілігі;

Топтық технология Бұл сыныпта оқу жұмысын ұйымдастырудың үшінші және төртінші деңгейі. Бұндай жұмыс белгілі-бір тапсырманы бірлесіп шешуі үшін сыныпты уақытша топтарға бөлуді қажет етеді. Оқушылардың өзіндік ерекшеліктерін ескеріп, бірлесіп үйренуге мүмкіндік береді.

Оқытудың компьютерлік технологиясы. Бұл технология – оқытудың бағдарламалық көзқарастарын дамытады, мүлдем жаңа технологиялық жолдар ашады.

Оқытудың компьютерлік технологиясы – мәліметтерді компьютер көмегімен даярлау және беру әрекеттері. Бұл технология материал мазмұнын кейбір үлгілерді пайдалануға негізделеді.

Қазіргі кезде компьютердің көмегімен тек белгілі бір аудиторияларда ғана емес, сонымен бірге қашықтан оқыту үрдісі де дамып отыр. Ол үшін Интернет желісіне қосылған компьютер керек. Қашықтан оқыту кезінде тапсырманы және онымен бірге ұсынылған оқулықтарды қарап отырып білім алғысы келетін адам өзі ізденіп, жауаптарын салып жібереді. Немесе бірлескен телеконференцияларға қатысады. Оқытудың бұл түрі анағұрлым арзан, әрі қалаған уақытыңда оқуыңа, тапсырмаларды орындауыңа мүмкіндік береді.


Презентациялар технологиясы.Бұл технология, бір жағынан, оқушыларға информатика сабағынан жаңа материалды (бейнелеулер, фотографиялар, дидактикалық материалдар, т.с.с.) көрнекі көрсету құралы болатын болса, екінші жағынан, мұғалімдерге осы материалды дайындауды және оны қолдану процесін де жеңілдетеді. Алдынала жүргізілген тәжірибелер, презентациялар технологиясын информатика сабағында пайдалану балалардың оқуға деген ынталылығын арттырып, сабақтың қызғылықты өтуін қамтамасыз етіп, оған дайындалу мерзімін қысқартады, ең бастысы – мұғалімдерді жаңа ақпараттық желілік технологияларды пайдалануға дағдыландырады.

Егер біз барлық мүмкіндіктерімізді толық пайдалана алатын болсақ, онда біздің келешек ұрпағымыз компьютерлік техн ологиямен білім ала алады. Оқу материалдарын дидактикалық жетілдіру негізіндегі педагогикалық техно логиялар:

  1. Мәдени кезек сөз – оқу процесінің екі негізгі бөлігі арасында кезексөз түрінде құрылады.

Оқу-негізгі «таңдану нүктесі» айналасына о рналасқан ішкі кезексөзге негізделіп құрылады.

  1. Дидактикалық бірлікті ірілендіру (ДБІ)Әдістемелік құрылымның түзгіші негізіне мұғалім мен оқушы қызметін байланыстырушы ретінде математикалық жаттығу ұғымы алынған, әрі тұра, кері ұғымдары мен қағидалары бір кезде оқытылады.

ДБІ технологиясының ашушы түзгіші – жаттығу – үшен сабақтардың бірінде қаралады:

  • қазіргі тапсырма;- кімге арналғандығы;

  • жинақтау. Технология мазмұнының басты ерекшелігі пән оқу материалдарының дәстүрлі дидактикалық құрылымын қайта құру.

Кезеңдеп оқыту технологиясы.3. Ойлау қызметін кезеңдер бойынша қалыптастыру, мақсаттың бағытталу технологиясы – бағдарлық білім, шеберлік және дағдыны әсерлі меңгеру. Бұл технология әрбір оқушының жұмыстарды, әрбір қадамын мұғалімнің бақылауын қажет етеді. Сабақмеңгерудің барлық кезеңдерінде бақылап отыру – техноло гияның ең маңызды құраушыларының бірі болады. Ол оқушыны қателесуден сақтандыруға бағытталады.

Жеке пәндік педагогикалық т ехнология. 1. Ерте және ыждағатты сауаттылыққа оқыту технологиясы.Технология мазмұны оқу процесі бала миының танымдық қуатын жан-жақты жандандыра отыра, қызметі мен қатынастары арқылы баланың табиғи ойлауына негізделген.

2. Әсерлі сабақтар жүйесіне негізделген технология.

Мақсаттық бағыттары:

  • қалыпты білім, шеберлік дағдыны меңгеру;

  • ойлау қызметіне математикалық тәсілдерді меңгеру;

  • қабілетті балаларды дамыту;

Альтернативті технологиялар. Вольдорф педагогикасы «гуманистік педагогика» мен «еркін тәрбие» идеяларын іске асырудағы әр түрдің біреуі болып табылады. Ол мұғаліммен одақтасуда жекеліктің өз бетінше таңдауы мен тануы жүйесінде көрінуі мүмкін.

Өзіндік дамыту технологиясы (М. Монтессори)Мақсаттық бағыты:

  • жан-жақты дамыту;

  • жекелікті тәрбиелеу;

  • бала санасында ойлау қызметі мен пәндер түз гіштерін біріктіру.

Басты мақсаты – оқыту дағдысы: қолдағы ұсақ моторлар, есті дамыту.

Дамыта оқыту технологиялары. 1. Л.В. Занковтың дамыта оқу жүйесі. Оқыту қызметінің негізгі мотивациясы танымдық қызығушылық. Занков әдісі әртүрлі қызметтерге тарту, дискуссия, дидактикалық ойындарда оқытуда, пайдалану, сол сияқты есті, ойлауды, елестетуді, сөйлеуді байыту бағытындағы оқыту әдісі.

  1. Д.Элькони – В.Давыдовтардың дамыта оқыту технологиясы. Элькони – Давыдов техноло-гияларындағы дамыта оқыту ең алдымен оның мазмұны, теориялық білімге негізделе о тырақұрылған. Білімнің теориялық негізі терең түрдегі жинақтаудан тұрады. Дәстүрлі технологиялардан өзгешелігі дамыта оқыту оқу қызметін басқаша бағалайды. Оқушының орындаған жұмыстары мен сапасы оқушыға білімнің жетімділігі мен қабілетінің жететіндігін мұғалімнің көзқарасы бойынша бағаланбай, оқушының өз мүмкіндігі тұрғысынан қаралады.

  2. Жеке бас шығармашылығын дамытуға бағытталған дамыта оқыту жүйесі. Іздену, ойлап табу қызметтері процестері оқытудың негізгі мазмұны болады.

Дамыту мазмұны жақыннан орташаға, сонан кейін қашықтағы мақсаттық келешекке көшуден тұрады.

Бұл технологияда ұжымдық жұмыс әдісі кеңінен қолданылады; ойға шабуыл, ұйымдастыру – қызмет ойыны, еркін шығармашылық пікірталасы.

Авторлық мектептер педагогикалық технологиялары. Мектеп – парк (М.Балабан) – түрлі жастағы балалар бірлестігіне негізделген – ашық студиялар. Ашық студияның сыныптан айырмашылығы, сабаққа келген бір топ оқушылар емес, немесе бір деңгейдегі даярлығы барға жататын оқушылар тобы емес. Ашық студияда топ басында тұратын лидер – мұғалімі бар аға және кіші оқушылардың құрылымы.

Оқытудың негізгі әдісі – одақтасудың сөзбен қарым-қатынасы, кезексөз. Нәтижесін бағалау - өзіндік бағалау деңгейінде әркімнің қалыпты өсуін сезінуді қамтамасыз ету.

Модул ь дік оқыту технологиясы. Модуль дегеніміз – қандайда бір жүйенің, ұғымның нақтылатын, біршама дербес бөлігі.

Оқу модулі қайта жаңғыртушы оқу циклі ретінде үш құрылымды бөліктен тұрады. кіріспеден, сөйлесу бөлімінен және қорытынды бөлімнен тұрады. Әр оқушы оқу модулінде сағат саны әртүрлі болады. Бұл оқу бағдарламасы бойынша сол тақырыпқа, тақырыптар тобына немесе тарауға бөлінген сағат санына байланысты.

Ойын әдісін оқыту үрдісінде ақпаратты технологияны қолдану ең алдымен оқушылардың ойын әдісі арқылы дене тәрбиесі пәніне деген ынтасын, қызығушылығын арттырады. Оқушылар теориялық білімін өздерін - өздері тексеру арқылы әрі қарай жандандырады. Сабақта қолданылатын жаттығулардың көлемі ұлғайып, оқушылардың ойлау, жұмыс істеу қабілеті дамиды. Ал, ақпараттық технологияны қолдану оқушыға не береді?



Оқу материалдарын жиі қайталау мүмкіндігі ойынмен қатар, спорттық шеберлігінің артуына жағдай туғызады, ойын түрлерімен шұғылдануға деген қызығушылығын арттырады, уақытында жаттығуларды орындай алады, орындаған жұмыстарының қателерін бірден көреді. Ойын әдісін үйретуде бастапқы мақсат коммуникативтік бағытта оқыту. Осылай біз оқушылардың жалпы ойларын бір жүйеге келтіріп, жақсы психологиялық жағдай жасаймыз. Осының бәрі оқушының жеке тұлға ретінде қалыптасуына әсер етеді. Оқушы үшін тіл өз ойын жеткізуде қажетті құрал болып табылады. Бұл бағытта негізгі лингвистикалық жұмысты қарым-қатынас түрінде жүргізіп, бір мезгілде іске асырамыз. Жаңа технологияларды қолдана келе сабақ бойы біз бүкіл топтың жұмыс істеуін талап етеміз, сондықтан өткізген сабағымыз мазмұнды, интенсивті болады.

Сонымен жалпылап айтқанда оқу үрдісінде оқушының тұлғасының дамуына, ықпал жасайтын жаңа технология түріндегі сабақтар үлгісінің бәріне жүктелетін міндеттер жүйесі төмендегідей:

Жаңа технологияны қолдануда оқушылардың пәнге деген қызығушылығын арттырып қана қоймай, үлкен ізденіспен, шығармашылыққа жетелеуге де болады. Нәтижесінде оқушы:

  • Компьютерде еркін жұмыс жасайды;

  • Оқыту процесінде жаңа технологияларды қолдана отырып білімін шыңдайды;

  • Жаңа оқыту үрдісін қалыптастырады;

  • Өздігінен ізденімпаздық қабілеті артады;

  • Ақпараттық сауаттылығы мен ақпараттық мәдениеті қалыптасады.

 

Әдебиет

  1. Қазақстан Республикасының білім мекемелерінде информатика пәнін оқыту. І том. Алматы, 2006.

  2. Қазақстан Республикасының білім мекемелерінде информатика пәнін оқыту. ІІ том. Алматы, 2006.

  3. С.Елубаев. Математиканы оқыту теориясы мен әдістемес і. Жалпы бөлім. А., 2006.

  4. Д.Ш.Матрос, Д.М.Полев, Н.Н.Мельникова. Управление качеством образования на основе новых информационных технологий, М.,2001.

  5. К.Ж. Бұзаубақова. Жаңа педагогикалық технология. (о қулы қ) Тараз. ТарМУ,2003ж.

  6. Қ. Өстеміров, А.Айтбаева, Қазіргі білім беру технологиялары, Алматы, 2006ж.

  7. Педагогика жаршысы №4 2010 ж.

  8. Қазақ тілі мен әдебиеті №5,6 2009 ж.


Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!