Назар аударыңыз. Бұл материалды сайт қолданушысы жариялаған. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзса, осында жазыңыз. Біз ең жылдам уақытта материалды сайттан өшіреміз
Жақын арада сайт әкімшілігі сізбен хабарласады
Бонусты жинап картаңызға (kaspi Gold, Halyk bank) шығарып аласыз
жаңа технологияны пайдалану жолдары
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады
ЖАҢА ТЕХНОЛОГИЯНЫ ПАЙДАЛАНУ ЖОЛДАРЫ
БИРЖАНОВА ЗАМЗАГУЛЬ МУХАМБЕТКАЛИЕВНА
ҚЫЗЫЛСУ ОРТА МЕКТЕБІ
«Мен еш уақытта өз оқушыларыма еш нәрсе
үйретпеймін - тек қана олардың оқуы үшін жағдай
жаратамын»
Альберт Эйнштейн
Егеменді еліміздің еңсесі көтеріліп,тәуелсіз ел атанып,әлемге атымызды танытып жатқан кезеңде ұлттың,елдің болашағы-жас ұрпақ тәрбиесіне де мықты көңіл бөлінуі қажет-ақ.Өркениетке бастар жолдың бастауы мектеп десек, мектептің басты тұлғасы,жүрегі-мұғалім.Мектеп жұмысы мен оқушы жетістіктерін дамытудағы негізгі тұлға ұстаз болғандықтан,сол ұстаз заман талабына сай болуы үшін әрқашан ізденуді,білімдерін жетілдіруді жан-жақты білікті болуды талап етеді.
Жаңа технологияны меңгеру мұғалімнің зияткерлік,кәсіптік,адамгершілік,рухани және де басқа көптеген адами келбетінің қалыптасуына игі әсерін тигізеді,өзін-өзі дамытып,оқу-тәрбие үрдісін тиімді ұйымдастыруына көмектеседі.
Бүгінгі оқыту жүйесінде әр түрлі жаңа технологиялар пайдалану тәжірибелеріне еніп,нәтижелер беруде.
«Сыни тұрғыдан ойлау», «Эвристикалық технологиясы», «Дебат», «Ұжымдық оқыту әдісі», «Жобалау технологиясы», «Дамыта оқыту технологиясы» -мектеп практикасына кең тараған тәсілдер.
Сыни тұрғыдан ойлауға үйрету-оқушылардың да,мұғалімдердің де білім алу және білім беру үдерісінде кез-келген мәселені талқылай алуы,басқалардың идеяларын ой елегінен өткізіп,сыни тұрғыдан қарау.Сыни тұрғыдан ойлау бақылау мен тыңдау арқылы дәлелдер жинастыру,шешім қабылдамас бұрын саналы оймен қорытындылау дағдыларын дамытуды қарастырады.Сыни тұрғыдан ойлау көбінесе қарсы пікір айтуға,баламалы шешімдерді қабылдауға,ойлау және іс-әрекетімізге жаңа немесе түрлендірілген тәсілдерді енгізуге дайын болуға,ұйымдастырылған қоғамдық әрекеттерге және басқаларды сыни тұрғыдан ойлауға баулуды білдіреді.
Баланың әлеуметтік және шығармашылық қабілеттерін
ашуға, дамытуға елеулі ықпал ететін инновациялық оқыту
технологиясының бірі – дебат бағдарламасы.
Ендеше мектеп мұғалімдерінің иығындағы жүк те
біршама ауырлай түспек. Қазір «жаңаша оқыту», «оқытудағы жаңа
бетбұрыс» деген сөздер жиі айтылып жүр. Ал оның барлығы бұрынғыны
мүлде жоққа шығару емес, бұрынғыға жаңаша көзқарас, жаңаша баға
беру деп түсінемін. Осы тұрғыдан алғанда «дебат» - қазақ әдебиеті
пәні үшін өте тиімді әдіс. Әрине, мұнан әдебиеттің кез келген
сабағында осы әдісті пайдалануға болады деген ой тумауы
керек.
К. Поппердің «Дебат бағдарламасы», - жаңа оқыту
технологиясы. Ол мына қарым-қатынасқа негізделеді: мұғалім – оқушы
бағыты және өте қажеттісі оқушы – оқушы. Бұл оқу әдісінде әр
оқушының іс-әрекеті, білімі топтың басқа мүшелеріне біліміне тығыз
байланысты. Оқытудың бұл түрі шығармашылық ойды, оқушы мен ұстаз
арасындағы қарым – қатынасты қалыптастырады.
Дамыта оқыту жүйесінде мұғалім
мен оқушы арасындағы қарым-қатынас жаңа қағидаларға
негізделеді.Олар-ынтымақтастық,өзара сыйластық,түсіністік сияқты
қасиеттер.Бұл технологияның маңызды тағы бір ерекшелігі:сынып
оқушыларын жақсы,жаман оқушылар деп бөлмей,барлық баланың дамуы
үшін қолайлы жағдайлар туғызуды мақсат етеді.Нашар оқушының да өз
шамасы келгенінше,қабілеті жеткен жерге дейін еңбек етуі
ойластырылған.Сол арқылы ол да өзін мүмкін дәрежеге дейін дамыта
алады.
Педагогика ғылымдарының докторы,профессор Жауынбай Караевтың деңгейлеп оқыту педагогикалық технологиясының мақсаты- жан-жақты дамыған тұлғаны қалыптастыру. Балалардың таным қабілеттеріне сай төрт деңгейлік тапсырмалар даярлауда жеке тұлғаны жаңалыққа ұмтылуға итермелейтін жаңа қабілеттерінашуға болатындығы ескеріледі. Бұл технологияның ерекшелігі: әр тұлға өз бетінше жұмыс жүргізуге дағдыланады. Тапсырманың күрделену деңгейіне сәйкес ойлау қабілеті артады, жасқаншақтықтан арылады. Білім берудің жаңа мазмұны тұлғаның білімін,білігін, дағдысын емес, оның білім алу арқылы дамуына ерекше көңіл бөлудіталап етеді. Деңгейлік тапсырмаларда 1) жаңа өтілген тақырыпты қайталап пысықтау, ереже жаттау ,2) ойлау қабілетін жетілдіру , 3) танамдық іздену ( эвристикалық), 4) ұғым түсінік,қиялын тәжірибеде қолдану талаптарын қояды.
Келесі бір жаңа технология- модульдік оқыту технологиясы. Білім саласында үнемі ізденіс және білім мазмұның өмір талабына сай өзгерту, жаңашалау, оқытудың тиімді әдістері шығуда.
Соның бірі-модульмен оқыту жүйесі.Қазір дүние жүзінде модульді оқытудың 4түрі бар: 1) Американдық модуль; 2) Сковиннің модулі; 3) Неміс модулі; 4) Алексюк пен Фурманың украйна модулі.
Шығармашылық қабілетті ұштап дамытатын тиімді технологияның бірі-жобалау технологиясын қолданудағы негізгі мақсат:оқушылардың қызығушылық ынтасын дамыту,өз бетімен жұмыстарын жүргізу арқылы білімдерін жетілдіру,ақпараттық бағдарлау біліктілігін қалыптастыру және сыни тұрғыдан ойлау қабілетін арттыру арқылы оқушыны болашаққа әр түрлі жағдаяттарда,әр түрлі қоғамдық ортада өзін-өзі көрсете білуге бейімдеу.
Жобаның тиімділігі-көзбен көріп,құлақпен естіп,есте сақтай отырып,оқушыны ізденіске,іскерлік пен танымдық ынтаға,шығармашылық қабілетті жетілдіру арқылы түрлі мәселелерді шеше білуге,тапқырлыққа,жаңа ғылыми ізденіске жетелеуде.Жобалау технологиясының негізінде оқушының жұппен немесе топпен бірігіп дайындайтын шығармашылық жұмыстары жатыр.Жоба қорғауға баулу оқушыларды өздік жұмысына бағыттаудың бірден-бір тиімді жолы болып табылады.Жоба қорғау үшін ұсынылатын тақырыптар зерттеуге,ізленіске бағыттайтындай,пән негізіндегі талдау түрлерін қамтитындай сипатта болу керек.Жоба тақырыбының бірнеше нұсқалылығы оқушы таңдауына мүмкіндік туғызады және қандай түрде қорғайтыны оқушылардың өзінің қалауына қалдырылатын болғандықтан қызығушылығын арттырады.Осы тұста айта кететіні,оқушыдан тақырып негізінде жоба тақырыбының мақсат-міндетін анықтау,болжамын қоя білу талап етіледі.Жобаны әзірлеу барысындағы оқушының өзіндік ізденісі мен еңбектенуі аса маңызды.Бұл оқушылардың ғылыми ізденімпаздық қабілетін арттырады әрі шығармашылыққа баулиды.Ал жоба қорғау сабағында оқушылардың өз жұмысына және өзгенің жұмысына сараптама жасауы жауапкершіліктерін арттырады.Жоба қорғау юарысында оқушылардың өзара қойған сұрақтары да,мұғалім тарапынан қойылған бағыттаушы сұрақтар да аса маңызды.Жобалау технологиясы негізінде өткізілген сабақтар оқушы тұлғасының іс-әрекет барысында қалыптасуына жағдай жасайды.Білім мазмұны да оқушылардан өз бетінше білім алуға,оны практида қолдана білу қажеттілігін тәрбиелеуге бағытталған,яғни,оқушыларды зерттеу мен жоба жасауға мақсатты әрі жүйелі түрде бағытталуы керек.
Жаңа технологияны пайдаланған кезде оқушылардың пәнге қызығушылығын,болжау қабілетін арттыруға,жаңалықты тез қабылдауға,өз бетінше шығармашылықпен ізденуге бейімделгенін байқадым.
Болашақ өмірде қиындықтар мен проблемалардың қандай болатындығы туралы ешкімнің де дерегі жоқ,қазіргі күнде өзгеріп отырған дүниеде олар жайлы болжам жасаудың өзі неғайбыл,қажеті шамалы.Оқыту мен үйрену кезінде оқушы тек белсенді түрде ғана меңгерген білім маңызды әрі тиімді.
Әрбір ұстаз өз Отанын шексіз сүйетін,білімді,іскер,адамгершілігі мол,парасатты,мәдениетті жан-жақты жетілген ұрпақ дайындауға міндетті.Сабақта түрлі әдіс-тәсілдерді пайдалану,оқушының жеке басын құрметтей отырып,білім беру-қазіргі оқытудың негізгі талабы,өйткені оқушылардың бәрінің ойлау қабілеті бірдей емес.Сондықтан бұл мәселеге психологиялық тұрғыдан қарап,педагогикалық әрекет,әдістемелік шеберлікпенн келу керек.
Халқымыздың рухани көсемі Ахмет Байтұрсынұлы «Мұғалім әдісті көп білуге тырысу керек,оларды өзіне сүйеніш,қолғабыс нәрсе есебінде қолдану керек » дегені маманның жадында болуы тиіс.
Пайдаланылған әдебиеттер:
1. Ұ.Мырзагелдиева. «Жаңа технологияларды пайдалану жолдары». // Білім. Алматы, № 11, 2012ж., (26-27б.).
2. А.Дәулетиярқызы. «Оқытудың әлемдік деңгейдегі инновациялық әдіс-тәсілдері». Алматы, 2013ж., (18-20 б.).
3. Ж.Садуова «Инновациялқ технологияларды білім беруде қолдану».// Білім. Алматы, № 5, 2006ж., (22-24).
4. Г. Такишева. « Модулдік оқыту технологиясын пайдаланудың тиімділігі», // Білім. Алматы, № 4, 2009ж., (14-17б.).